Түркістан облысы Мақтаарал
ауданы
«Абылайхан» атындағы №2
жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Ильясов Махсат
Кынабекович
«БАЛАҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ»
Отбасы – адамзат баласының түп
қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше,
оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның
бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық
тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн
сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.
Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi.
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық
деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен
көрінеді.
Қазақстан Республикасының
Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
ата-ананың құқығы әрі парызы» деп көрсетілген [1]. Сондықтан,
өнегелі ұрпақ өсуін тілеп, ұрпақ тәрбиесін отбасынан бастап, әрбір
ата- ана бала алдындағы парызын дұрыс
атқаруы қажет. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік
мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты
дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге
баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген
секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты
бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты
болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп
сыйлаған.
Балаларды имандылыққа
тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік,
қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік
сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу
адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Осы қасиеттерді балаға жасынан
бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын
қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам
баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен,
қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие
мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана
сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып
табылады [2].
Жас ұрпақты адамгершілік
рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған
мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі
дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа
бағыттап қалыптастыру. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтану
жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға
моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке
баулып, өз- өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың
іс- әрекеті мен мінез- құлқы өмір сүру салты арқылы балаға
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі
[3].
Отбасының басты қазығы, алтын
тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған,
жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін
жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал
етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын
ортасы, жолдастары, тәрбиешісі,
ұстаздары.
Жеке
баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі,
басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады.
Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Осы
ұжымның әрбір мүшесі өзара
сүйіспеншілікпен, береке-бірлікпен,
сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке
толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жеке
тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі,
тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі,
бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай
ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ
[4].
Ата-ана –
тәрбие өнегесі, сондықтан «Ата көрген-оқ жонар, ана
көрген –тон пішер» деп қазақ мақалы тегін айтылмаған.
Осы нақыл сөзден-ақ, отбасының, ата-ананың бала
тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды
екенін көреміз.
Ал, әйгілі түрік ойшылы Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білік»
шығармасындағы:
«Сәбиінде көкірекке
түйгені
Өлгенінше санасында
жүреді!
Ұяда не көрсе, соны
іледі,
Сүтпен сіңген өле-өлгенше
жүреді!» [5], - деген бәйіті «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,
«Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген мақалдармен үндес.
Яғни, Ж. Баласағұн бұл бәйіттерінде өмір есігін енді ғана ашқан жас
ұрпақты отбасында және қоғамдық ортада адамгершілікке тәрбиелеудің
орны бөлектігін атап көрсеткен. Міне, сонда ғана әрбір бала
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді, әдеп
ережелерін өз өміріне серік етіп өседі
дейді.
Отбасының негiзгi қызметі
баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе
жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың
тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып
табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие
мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді
қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал,
отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы
жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып
кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы
айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме,
жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік
пен армандау қабілетін ұштайды.
Бала тәрбиесі - қиын да
күрделі процесс. Барлық ата- ана баласының тәрбиелі де өнегелі
болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалайды. Бірақ баланы осы
мақсаттарға сай тәрбиелеу
үшін үлкен еңбек, күш -
жігер қажет екенін бәрі білсе де, бала
тәрбиесімен қажетті түрде айналыса бермейді. Кейін бала есейген
сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы былай
істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатады.
Алайда, бала неге осындай болды деп ойланып, оның
осындай болуына басты себепкер өздері екенін
мойындамайды [6].
Отбасында, балабақшада ,
қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны
қастерлеу әрбір адамнан талап
етіледі.
«Қоршаған әлеммен
байланыстыратын бар жақсылық - ол менің отбасым»,-деп ұлы Абай
айтқандай әр бала дүниеге келген сәтінен бастап ес біліп, ер
жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады. Олардан жақсы мен жаманды,
мейірімділік пен қатыгездік түсінігін үйренеді. Ал бала балабақшаға
немесе мектепке барғаннан бастап сол ортасы тәрбиеші
болады. Кейбір ата-аналар балабақшаға немесе мектепке сеніп, үйде
бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Бұл дұрыс емес. ҚР-ның «Білім
туралы» Заңында: «Ата-аналар - алғашқы педагогтар» деп жазылған
[7]. Сол үшін біздің ата-аналар мен білім беру мекемелері тығыз
қарым-қатынаста болуы керек. Мектептерде екі жақтың бірігуімен
балалар тәрбиесіне бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылғаны жөн.
Сонда ғана түрлі бағыттағы психологиялық тренингтер, педагогикалық
кеңестер мен басқа да бірлескен жұмыстар арқылы жеткіншектер
арасындағы мәселелерді оңай шешуге
болады.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық
және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда,
қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және
демографиялық өзгерістер отбасында дұрыс тәрбие беруде белгілі бір
қиыншылықтар туғызады.
Өркениетті қоғам дамыған сайын
жанұяда бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір
баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ,
ол – балалар қарым - қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша
педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-
ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен
айырып, баланың эгоистік жақтарының басым болуы байқалады. Бір
балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру
жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға,
әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын
бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта
түседі. Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанда өзінде
бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай
бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары ауылда,
мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді,
өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп
өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық сипат алуы
балалар арсында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне
негіз қалайды.
Толық емес отбасыларда, яғни
ата- анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді
шешуде кейбір адамгершілік– психологиялық ыңғайсыздықтар болуы
мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – отбасындағы шаруалардан
қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру,
ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға
мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы
ұрыс-керіске ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына,
айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс- әрекеттерге толы отбасыларда өте
маңызды тәрбие проблемалары туындайды. Жалпы, бала
тәрбиесі туралы сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға
жүктелетіні шындық. Иә, ата-ана - бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға.
Сондықтан да, ата-аналар баланың аяқ алысына, мінез-құлқына, жан
дүниесіне терең үңіліп, отбасындағы тыныштық пен мейірімділікті
сақтаулары керек.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа
Жолдауында (2009ж.): «...Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет
тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі
қалады», - деп тұжырымдағандай рухани-адамгершілік құндылықтарды
өрістетуде отбасының рөлі ерекше [8]. Отбасында тұрмыстың қалыпты
жағдайлары жасалып, адамның мінез-құлқының негізі, сондай-ақ,
еңбекке, қоғамдық ортаға, адамгершілік, идеялық және рухани
құндылықтарға деген қарым-қатынасы дамып,
жетіледі.
Демек, отбасы - адам өмірінде,
оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Ата-ана
мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара
ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің
формалары мен әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Адамгершілік
- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы
адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана
ардақталады. Ал, қоғамдағы адамгершілік тәрбиесі -
адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, парасатты
мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпыадамзаттық
құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпыадамзаттық
тәрбиенің бір бөлігі. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің
басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі
мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасының
Конституциясы.- Астана: Елорда,
2008.
2. Оразбекова К.А.
Иман және инабат.- Алматы: Ана тілі, 1993. – Б.
29.
3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар
ұжымы.- Алматы, 2003.- Б. 28.
4. Журнал «Отбасы және
балабақша». – Алматы, 2009жылы. - №2. –
Б.11.
5. Баласағұн Ж. Құтты
білік.- Алматы: Жазушы, 1986.-
175б.
6. Меңжанова А.К. Мектепке
дейінгі педагогика. - Алматы: Рауан, 1992.
-203б.
7. Қазақстан Республикасының
Білім беру туралы заңы.- Астана: Елорда,
2007.
8. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы.- Айқын,
2009. - 7 наурыз.