Балалар және интернет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар және интернет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға интернеттің пайдасы мен зияны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

12 бөбекжай-бақшасы













Балалар мен интернет













Тәрбиеші: Жолекенова.Л.Қ

















2018 жыл


Тақырыбы: Балалар мен интернет.

Мақсаты: Ата-аналарға интернеттің және компьютердің пайдасы мен зиянды жақтары туралы айту.

Міндеттері: Ата-аналарға интернеттің және компьютердің пайдасы мен зияны туралы толық мағлұмат беру, компьютерді пайдалану ережелерін, қауіпсіздігін , сақтық шараларын түсіндіру.


Құрметті ата-аналар, 21 ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр.үйіңізде компютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез-келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзімізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жарата береміз.Компютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжатарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансақ, біз бір сағаттың ішінде көптеген жұмыс жасай аламыз. Мысалы: дәл қазіргі уақытта кез-келген адам, оның ішінде біздер мұғалімдер жазатын құжаттарымыз таза әрі көрнекі болуын талап етеді, қолмен жазсақ қате кетуі әбден мүмкін , бұл мезетте компютердің пайдасы орасан зор.

«Компютер-уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде кез-келген адам ең бірінші компьютерді және шет тілді үйренуге талпынады. Себебі шет тілмен қоса компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген ісіміз оңай шешіледі, ғаламторға шығып материал жинаймыз, оны керегімізге жаратамыз, және басқа адамға да керек болса, оңай осы компьютер арқылы жібере аламыз.

Қазіргі заманда барлығымыз да компьютерді толықтай біліуіміз керек.Оның тағы да бір пайдасы кейбір адамдар компьютер арқылы білім алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек , ғаламтордың жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады.

Бірақ екінші жағынан біздер ұстаздар, ата-аналар, тіпті осы балалардың өздері де ескере бермейтін бір мәселе бар-ол осы ғаламтордың, компьютердің қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің адамға кері әсер етуі. Мысалы: балалар интернетті ақтарып отырып , оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналар қадағаламаса ңыздар кейбір дүниелердің адам психологиясына кері әсер тигізетін жақтары да бар. Қазіргі кезде көп аналарымыз жұмыста болғандықтан балаларымыз көбіне бос уақытын үйде, компьютердің алдында өткізеді, сондықтан да үнемі бақылап отыруымыз керек. Ғаламторға кіру үшін компьютерге отыруымыз керек, ал осы компьютерде көп уақыт отыру денсаулыққа өте зиян. Ең бірінші қан қысымын көтереді, көзіміздің алыстан, жақыннан көруін нашарлатады, құлақтың есту қабілетін төмендетеді, жаңа жетіліп келе жатқан балалардың омыртқасының қисаюына, буындарға зиянын тигізді екен. Ең бастысы қозғалысымыз азаяды екен. Күн ұзағына отырған баланың жүйкесі жұқарады, тәуелді болып кетуі әбден мүмкін. Сол уақытта балаларымыздың басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты мәліметтерге қызығушылығы болмайды, баланың көңіл- күйі бұзылады. Сөйтіп күйзеліске ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да ата-аналар, өте сақ болуымыз қажет. Балаларымыздың болашағын ойласақ, біздер ата-аналар мына ережелерді есте сақтайық: баламыздың компьютер алдында ұзақ отырмауын қадағалайық, аз уақыт отырса да дұрыс және ыңғайлы отыруға үйретуіміз керек, мектеп жасына дейінгі балалар тәулігіне жарты сағат көлемінде, мектеп оқушылары екі сағат көлемінде, үлкендер алты сағат көлемінде отыру керек.

Ең бастысы баланың бос уақытын тиімді пайдалана білейік, ол үшін кішкентай жасынан балаларымызды үйірмелерге беріп қызықтырайық, көп ертегі кітаптар алып, оқып берейік, түрлі қызықты ойындар ойнатып үйретейік.

Баламыздың болашағы өз қолымызда екенін естен шығармайық!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі