Материалдар / БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат- жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
81
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ


Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат- жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Ендеше осы елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне, дамуына үлес қоса алатын болады.

Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдылығы қалыптасады.

Жастар тәрбиесі қай кезеңде де отбасына және білім ордасы мектепке тығыз байланысты. Жұмысының адал жемісін алдына келген көмекке мұқтаж және дәріс алған оқушының дұрыс тәрбиеленуі мен білі алуы болып саналады.

Қазақ халқы ертеден келешек ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған. Сондықтан жас жеткіншектің ойы ұшқыр, дені сау, сезімі сергек, білімі мен ақылы тепе-тең азамат болуына ыкпал ете отырып, тәрбиенің нәтижелі болуын қадағалап отырған. Қазіргі таңда қоғам өз ойын дұрыс жеткізе алатын, бойындағы шығармашылығын көрсете алатын, алған білімі мен тәрбиесін ұштастыра алатын, елін жерін көзінің қарашығындай қорғай алатын ұлтжанды, отаншыл тұлғаны қажет етеді. Ал осындай тұлғаны тәрбиелеу үшін ең алдымен сапалы білім берілуі керек. Өйткені білім мен тәрбие - егіз ұғым. Білім мен тәрбиенің қатар жүруі - «адам» атты тұлғаны жан-жақты, білімдар етіп калыптастырудың басты шарты.

Бала тәрбиені қайдан алады? Ең бірінші тәрбиеші - жанұя. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» деп үйретеді. Жанұя -бұл өз алдына шағын мемлекет, оның өзінше заңдылықтары мен принциптері бар. Яғни бала жанұяда осы белгіленген заңдылықтарға бағынып, принциптерді өмірлік ұстаным ретінде қолданады. Осыдан туындайтыны: мұғалім әрбір баланың жанұясын зерттеп, ата-анасының көзқарасын біліп, «шағын мемлекеттің» психологиялық ахуалын тексеріп, оған беріліп жатқан тәлім-тәрбие деңгейін анықтауы керек. Сонда ғана мұғалім балаға дұрыс бағыт-бағдар бере алады, егер тынбай тәрбиелеуді жан-жақты жүргізсе белгілі бір нәтижені көре алады.

Екінші тәрбиеші - ол қоғам. Қазіргі жастар қоғамдағы ғылыми -техникалық даму үрдісінің тікелей құрбаны болуда. Олай дейтінім қазақ менталитеті зорлық-зомбылық, мансапқорлық, зинақорлық деген ұғымдарды қолданыста ұстамаған. Ал қазіргі жастар жан-жақты келген ақпараттарды түйсігімен қабылдап, түсіне алмайды, ақ - қарасын ажыратуға мүмкіндігі жетпейді. Ал осы тұста сынып жетекшісінің әсері үлкен рөл атқаруы керек. Ол үшін мемлекет тұрғысынан тиянақты да жасампаз бағдарлама болуы тиіс деп ойлаймын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, отансүйгіш, отаншылдық рухта баланы тәрбиелеуде жалпы халықтық істер атқарылуы керек. Сонда ғана қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық пайда болады.

Үшінші тәрбиеші - мектеп. Осы жерде атап өткім келетіні - бала өміріндегі, оның тұлға болып қалыптасуындағы, бойындағы интелектуалды қабілеттерін паш етіп, жан-жақты дамуына бағыт -бағдар беруші бұл - мектептегі сынып жетекші.

Сынып жетекші алдындағы оқушының өз елінің болашағын жасайтын, оның рухын көтеретін азамат екенін біледі. Тәрбиені біліммен ұштастыра отырып, өмірдің қыр - сырын түсіндіріп, қиын -қыстау жағдайда бірге болатын да осы сынып жетекші.

Баланың тұлға болып қалыптасуына консервативті емес, демократиялық көзқараспен қарай отырып, оның ой-өрісінің еркін дамуына ықпал жасайды. Көп жағдайда бала сынып жетекшіге еліктеп өседі. Бұдан туындайтыны сынып жетекші тәрбиенің шыңына жеткен болу керек. Ал тәрбиенің шыңына жету үшін, озық іс-тәжірибелерді оқып үйреніп, инновациялық жобаларды жетік меңгеруі керек. Балаға тәрбие тек тәрбие сағаттарында ғана емес барлық кезде беріледі: үйге берілген тапсырма, шығармашылық жұмыс, жекелей тапсырма, топтық жұмыс белгілі бір ережелерді сақтау сөйлеу мәдениеті, жүріс-тұрысы бала тәрбиешінің назарынан тыс қалмаса, жауапкершілікті сезінсе өзіне деген сенім артушылықты түсінсе ұжымда жұмыс істеу қағидасын жетік меңгерсе - сонда барып кемеңгер, бәсекеге қабілетті, оз ойын кез-келген ортада айта білетін, ойы мен ісі сәйкес келетін тұлға қалыптасады.

Мен оз тәжірибемде «Тәрбие негізі - ата-анамен байланыста» деген қағиданы берік ұстанып жүрмін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай ата-ана тәрбиесін ешбір үздік мектеп, мықты мұғалім алмастыра алмайды.

Ата-анасын түсінбеген, танымаған бала басқаны да тыңдап жарытпайтындығы баршаңызға аян. Сондықтан да әрбір ата-ана «Баланы жастан» деген аталы сөз бен «Не ексең, соны орасың » деген халық даналығын жете түсінгендігін күнделікті бірлесе істеген жұмыстан аңғарып келемін.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар», жасөспірімдер, ата –анасы  көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға  душар болған жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, баланың өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі іске асыруын елемей тастауға болмайды, оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып келеді.

-баланың психикалық дамуының тежелуі;

-оқытудағы психологиялық және мағыналақ кедергілер;

-жаман мінездің қалыптасуы;

Педагогикалық сөздікте «құндылық – адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», – делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.

Бар қазақтың ұлы данышпаны, ақыны Абай Құнанбаев өлеңдерінің бірінде:

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек, – деген екен.

Шынымен, өзгермелі өмірдің түрлі соқпақтарынан жүріп өтіп, «адам» деген құрметті атқа кір келтермей, керісінше өзінің игі істерімен көпшілікке танылып, ақыл мен парасаттылықтың, инабаттылық пен имандылықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің, сыйластық пен достықтың асыл үлгісі болу үшін әрбір адамның жүрегіне үлкен қайраттылық керек. Жүрек қайраттылығы адам баласына көздің қызығушылығының жетегінде жаман әрекеттер жасамауына, осындай қызығушылықтарға қарсы тұрып, ізгілік қасиеттер үшін ерлік істер жасауға себеп болады. Елінің, жерінің, Отанының, туған-туыс, бауырларының амандығы үшін талай ерлік істерге барған батыр ұл-қыздарымыздың әрекеттерінен олардың қайратты жүрек иелері екеніне көз жеткізуге болады. Дегенмен, адамның барлық қылықтарын, тіпті қайратты да жүректі адамның санасын ақыл басқарады. Міне, өмірдегі адамның қолымен жасалатын барлық істердің жақсы немесе жаман болуы осы ақылдың сәулелі болуына байланысты. Сәулелі ақылдың иесі болған адам жақсылық жасасам, мейірім төксем, махаббат сепсем, әлемді танысам деген ойда болады. Осындай ғажайып ойдың иесінен барша ғаламға жақсылық нұры төгілмек.

Адамның тұлғалық қалыптасуының әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден-ақ белгілі болған. Бұл туралы ғалым Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам- әлеуметтік ортаның негізгі құрамдас бөлігі деп есептейді. Әлеуметтік орта сансыз көптеген әр түрлі қырларымен, құрамды бөліктерімен үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып отыратын динамикалық үдеріс деп тұжырымдайды.

Бұл пайымдаудан адамның ортамен қарым-қатынасы жай ғана қарым-қатынаста емес, белсенді іс-әрекетті сипатта болатындын, сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі адамның дамуына үйлесімді бола бермей, қарама қайшылықтарда да өмір сүретінін аңғаруға болады. Осыған байланысты қазіргі кезеңдегі әлеуметтік тұрақсыздық жағдайындағы орта мен адам көкейкесті меселеге айналып отыр. Сондықтан, белгілі ұлттың салт дәстүрлерді сақтап, ата-бабамыз салған жолды ардақтап-қастерлеу-болмыстың белгілі заңдарынан туындаған этикалық тұжырым. Жалпы моральдық-этикалық тыйым, тұжырымдардың бәрі де қоғамның өзін-өзі қорғау ниетінен туындап отырған.

Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ, «рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ».

Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Самопознание. - KZ. - №4. – Апрель, 2010 г.

2. Жалын. Республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журналы. -№ 7. - 2011 жыл.

3. - Қазақтың тәлім-тәрбиесі.

4. Современные способы активизации обучения. - Москва, 2007г.

5. Жарықбаев Қ. Ақылдың кені. - Алматы, 2008ж.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!