400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалар ұжымындағы оқшауланудың алдын алу және түзету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әртүрлі жас кезеңінде балалардың топтан оқшаулану себептерінің алдын алу және оларға психологиялық көмек көрсету арқылы топқа қосуға ықпал ету
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Балалар ұжымындағы оқшауланудың алдын алу және түзету»



«Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады». А.С.Макаренко

Мақсаты:

Әртүрлі жас кезеңінде балалардың топтан оқшаулану себептерінің алдын алу және оларға психологиялық көмек көрсету арқылы топқа қосуға ықпал ету

Міндеті:


  • Оқушылардың қарым–қатынасқа түсуіне көмектесу, өзара сыйластыққа бағыттау.

  • Қарым-қатынастағы кедергілерін жеңуге көмектесу, топпен жұмыс жасай білуін дамыту.

  • Қарым-қатынаста адамгершілікті болуға тәрбиелеу.



«Топқа бөлу және Сергіту»

Мақсаты: осы жаттығу арқылы топтағыларға жылы эмоционалды байланыс орнату , өзара сенімділік орнату.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бірінші түрған қатысушы келесі тұрған қатысушыға күлімсіреп қарайды.солай соңғы тұрған қатысушыға дейін жалғасады.

Сосын себеттегі түрлі түсті конфеттер (қызыл,сары,жасыл) ұсынылады. Конфеттің түсіне қарай топқа бөлінеді,арнайы дайындалған орындарға отыру ұсынылады.

Жағдаятты шешу

Топтық жұмыстың мақсаты:

Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру


«Фишбоун» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізіледі.

Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикова ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді

1. Ұжымдағы өзара сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?

 

2. Егер сыныпта бір оқушы үнемі басқаларға қосыла алмай қарап отыратын болса.......

 

3. Денешынықтыру сабағында Гаухарды барлығы өз тобына қосқысы келмей бөлектейді. Себебі ол өте ұялшақ. Бірақ ол іштей сыныптастарымен ойнағанды қалайды. Осы жағдайда қалай көмектесеміз.......

Топтық жұмыста 1топ өз жұмыстарын қорғап ватманға фишбоун әдісі арқылы қорғап шығатын болса ,ал екінші және үшінші топ осы жағдаятты ролге боліп ойнап шығады.

Кері байланыс

Қандай қиындықтар болды?


Тақырыбы: "Қолғаптар"

Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету.

Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қарандаштар. Қолғаптың саны, қатысушылардың санына тең болуы қажет. Әр пар қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың парын) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды.

Кері байланыс

Жұп болып жұмыс жасау ұнады ма?

Қандай қиындықтар болды ?


5. Жаттығу «Бос орын»
Мақсаты:бұл ойын бойдағы қиындықты (қиналуды)төмендетуге мүмкіндік береді және белсенділігін дамытады.
Нұсқау:қатысушылардың жартысы шеңбер құрып орындықтарға отырады,қалғаны олардың артқы жағында тұрады,қолдарын орындықтың арқасына қояды.Бір бос орын болуы тиіс және сол орындықтың артында тұрған қатысушы ойынды бастайды.Ол отырғандардың ішінен бос орынға біреуді шақыруы керек.Ол үшін шақыратын адамға белгі беру керек (көз алмай қарау,көз қысу т.б) бірақ сөйлеуге болмайды.Егер бос орындықтағы қатысушы оны шақырып тұрғанын байқап қалса, орнынан тез қашып шығуы тиіс.Ол шақырған «бос орынға» барады.Ал оның артында тұрған адамның міндеті оны ұстап алып, жібермеуі керек.Осылайша «бос орынға» адам отырғанша шақыра береді.Біраз уақыттан соң орындарын ауыстырады,яғни орындықта отырғандар мен орындықтың артында тұрғандар.Солай ойын әрі қарай жалғаса береді.

Кері байланыс

Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:

  • Маған ................................................оңай болған жоқ.

  • Мен .........................................................қол жеткіздім.

  • Мен ...........................................................істей алдым.

  • ..................................................болса жақсы болар еді.



Қорытындылау Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, басқалардың жан дүниесін түсінуге тырысса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір - бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады.

Қоштасу.

Барлығымыз шеңберге тұрайық та бір бірімізбен қол алысып қоштасайық. «Келесі кездескенше! Жақсы күнге, рахмет! Қызықты уақытқа рахмет!».


Барлықтарыңыз топ болып жұмыс жасауда белсенділік таныттыңыздар!

Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі