Материалдар / «Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ғажайып құбылысқа қарай тұрып және ол туралы тыңдай жүріп адам дами түседі..... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден- абсолюттік сұлулыққа көшеміз». Платон.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2021
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайып құбылысқа қарай тұрып және ол туралы тыңдай жүріп адам дами түседі..... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден- абсолюттік сұлулыққа көшеміз».

Платон.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым- қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төменгі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

  • Педогогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

  • Балалардың айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата- аналарына насихаттау;

  • Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы оқу- тәрбиелік жұмыстар.

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жеті жылы оны тәрбиелеу мен оқытудың ең басты кезені болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезенде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезенде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылық пен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұнын бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Бала тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, бала соғұрлым көбірек үйренеді.

Балаланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі- «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінің сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.

Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Біз арадайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.

Осы сұлулықты іздеу барысында біз онын табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан- сөз, әуен және өнерінін сұлулығына көшеміз. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимаратта әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оны өмірімен байланысын сезіне білсе онда олар сұлулықтын барына сенеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулықтың жолында еңбектене білуге үйретудің манызы зор.

Біз табиғи факторлар- су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер мен жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Барлық жастағы топтарда табиғат бұрыштары ұйымдастырылған. Олар арқылы, балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материалдар мен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!