Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ
«ОҚУШЫЛАР ҮЙІ» КМҚК
Авторлық бағдарлама
«Өлкетану»
Қосымша білім беру мекемелерінде
Авторы: Алетаева Зульфия Бегендиковна
Мазмұны
Кіріспе
Түсінік хат.
1. «Өлкетану» бағдарламасына жалпы сипаттама.
2. Өлкетану жұмысының түрлері.
3. Күтілетін нәтижелер.
4. «Өлкетану» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстандық білім беру саясатының басты міндеті – мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейкесті мол сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балалар мен жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат Елбасы Жолдауында көрініс тапқан.
Өлкетану бағдарламасын жергілікті жермен, оның табиғатымен байланыстыра өту, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғатты аялай білуге үйрету. Өлкетану бағдарламасы арқылы оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді, балалар зерттеушілік, танымдылық қабілетін дамытып, отансүйгіштікке, мәдениетке, қайырымдылыққа, әсемдікті бағалауға үйренеді.
Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесін білу мақсатында оқушылар арасында жүргізілген сауалнама олардың табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу мәселелеріне қызығушылығын жоғары екендігін байқатты. Табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу жеке тұлғаны тәрбиелеуде маңызды орын алады.
«Өлкетану» бағдарламасының мақсаты: Оқушыларға Тереңкөл ауданының тарихын ашып көрсету, туған жер тарихымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие негізінде оқушылардың бойында жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру.
Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту. Жасөспірімдерді Отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу. Қойылған мақсатқа сәйкес ұсынылып отырған бағдарлама келесі міндеттерді шешуге арналған:
«Өлкетану» бағдарламасының міндеттері:
-
Өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен таныстыру;
-
Ақпараттық құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау;
-
Туған өлкенің мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
-
Ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру;
-
Балалардың өз кіші Отаны халқының тарихы, мәдениеті саласындағы білімдерін тереңдету;
-
«Оқушылар үйінде» өткізілетін әр түрлі іс-шараларға, сайыстарға, жобаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру.
«Өлкетану» бағдарламасының өзектілігі: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасы ұсынылған. Осыбағдарламаның жүзеге асырылуы оқушыларға туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса алатыны айқын.
Туған жеріміздің тарихын білуге құштарлықтарын оятады, өлкемізде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына балаларды қатыстыру арқылы өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырады, ауылымыздың табиғатын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Түсінік хат
«Оқушылар үйі» қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілеріне ұсынылып отырған «Өлкетану» бағдарламасы, балалардың туған жерінің тарихын білуге, зерделеуге құштарлығын оятуға әсер етеді, өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп зерттеуге мүмкіндік береді. Өз елінің патриотты азаматы болу, мәдениетін, ескерткіштерін әрбір адам баласы білу қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жері.
Бұл бағдарлама қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысына қосымша ретінде жасалған, сонымен қатар үйірме ретінде өткізуге болады.
Бағдарламада дәрістер, экскурсиялар, тарихи-географиялық ескерткіштерге саяхат, квест-ойындар, конференциялар, диспуттар, дискусиялар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, көңілді тапқыштар ойыны, танымдық ойындар, ертегілік қойылымдар, интеллектуалдық- шығармашылық ойындар, хеппинг, философиялық үстелдер, ашық кафедралар, турнирлер, пікірлер сайысы сияқты іс-шаралар өткізіледі. Болашақта «Оқушылар үйінде» шағын мұражай ашу жоспарда бар.
1. «Өлкетану» бағдарламасына жалпы сипаттама
Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ адамдар үшін туған өлке болып саналады.
-
табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары)
-
әлеуметтік-географиялық өлкетану (халықтың тығыздығы, елді мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары);
-
әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);
-
әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы, кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);
-
аймақтың экономикалық салаларының (ауылшаруашылық, құрылыс, тау-кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері;
-
әкімшілік-саяси (өлкенің шекарасы мен аумағы, инфрақұрылымының түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы);
-
өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады. Демек, топонимдер тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді;
-
өлкетану жұмыстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
2. Өлкетану жұмысының түрлері:
-
саяхат;
-
экскурсия;
-
бақылау жүргізу;
-
кеппешөп жинау;
-
тәжірибелер жасау;
-
дәрістер,
-
тарихи-географиялық ескерткіштерге саяхат,
-
квест-ойындар,
-
конференциялар,
-
диспуттар,
-
дискусиялар,
-
дөңгелек үстелдер,
-
презентациялар,
-
көңілді тапқыштар ойыны,
-
танымдық ойындар,
-
ертегілік қойылымдар,
-
интеллектуалдық- шығармашылық ойындар,
-
хеппинг,
-
философиялық үстелдер,
-
ашық кафедралар,
-
турнирлер,
-
пікірлер
-
мамандық иелерімен кездесулер -тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.
Өлкетану жұмысында өлкені зерттеудің барлық негізгі әдістері қолданылуы мүмкін, олар:
-
әдеби;
-
далада бақылаулар жүргізу;
-
картографиялық;
-
статистикалық;
-
көзбен шолу (визуалды);
-
әңгімелесу және сауалнама жүргізу;
-
фотосуретке және бейнефильмге түсіру.
3. Күтілетін нәтижелер
-
туған өлкесінің тарихын білу;
-
өлкеміздегі тарихи ескерткіштердің тарихын зерттеу;
-
шалғын өсімдіктерінің атауларын, олардың емдік қасиетін тану;
-
жергілікті жердің ауа райына болжау жасау;
-
қосымша білім беру мекемелеріндегі өткізіліп отыратын іс-шараларға деген қызығушылықтарын арттыру;
-
Өлкемізде өткізілетін археологиялық қазба жұмыстарға қатысу;
-
Өлкеміздің жергілікті тұрғындарынан мұражайға қажетті заттарды жинақтау;
-
«Оқушылар үйінде» шағын мұражай ашу.
4. «Өлкетану» курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|||
Өлкетану курсының мақсат-міндеттерімен танысу. |
|||
|
Кіріспе. Өлкетану ұғымы, маңызы. |
1 |
|
|
Өлкеміздегі елді мекендерін зерттеу жұмыстары. |
2 |
|
І тарау. Туған өлке тарихы. |
|||
|
Өлкеміздің тарихымен танысу. |
2 |
|
|
Өлкеде өмір сүретін ұлттардың тарихы және мәдениеті. |
2 |
|
|
Өлкемізде ұстанатын салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды зерттеу жұмыстары. |
2 |
|
ІІ.Өлкедегі тарихи орындар. |
|||
|
Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу. |
2 |
|
|
Өлкемізде өткізілген археологиялық қазба жұмыстар. |
3 |
|
|
Тарихи-географиялық ескерткіштер. |
2 |
|
ІІІ. Өлкеміздің табиғаты. |
|||
|
Жергілікті жердің ауа райы және климаты. |
2 |
|
|
Өлкенің сулары және оларды пайдалану. |
4 |
|
|
Өлкенің топырағы мен емдік шөптерін зерттеу. |
3 |
|
|
Өлкенің, ауылдың шаруашылығы. Шаруа қожалықтары. |
2 |
|
IV. Мұражайтану. |
|||
|
Мұражайтану және әлем мұражайының тарихы. Мұражай құруға іздестіру жұмыстары. |
2 |
|
|
Өлкеміздің тарихы бойынша мұрағаттық құжаттармен ғылыми-ізденіс және әдістемелік жұмыстар. |
3 |
|
V. Тарихта қалған тұлағалар |
|||
|
Есімі елде қалған тұлғалар. |
3 |
|
|
Кеңес Одағы Батыры атағын алған тұлғалар. |
|
|
|
Тың ардагерлері туралы мәліметтер жинақтау. |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |