«Балалардың күнделікті өмірде сөздік ойындарын қолдануы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалардың күнделікті өмірде сөздік ойындарын қолдануы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балалардың күнделікті өмірде сөздік ойындарын қолдануы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалардың күнделікті өмірде сөздік ойындарын қолдануы»


Сөйлеу тілі қарым-қатынастың қажетті бөлшегі болып табылады және оның барысында қалыптасады.

Сөйлеу тілі баланың ойлау және қиялдау қабілеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты.

Ойындағы қарым-қатынас – бұл қажетті негіз, оның шеберінде баланың сөйлеу белсенділігі қалыптасып, жетіледі.

Сөйлеу белсенділігінің әр алуан түрлерін (диалог, монолог, жазбаша) дамытуға бағытталған сөздік ойындар әрбір балаға оңай және еркін түрде зияткерлік бастамасын көрсете алуға мүмкіндік туғызады.

Балалармен күнделікті жұмыстың негізгі мақсаты – күнделікті қарым-қатынаста ана тілін дамыту.

Жұмысымдағы негізгі міндеттердің бірі балаларды ана тіліне үйрету болып табылады.

Баланы қызметтің қандай да бір түріне итермелеусіз дамытуға болмайды. Сондықтан балаларды ана тіліне режимдік үдерістер барысында, ойындарда, күнделікті өмірде оқытып келеміз.

Сондай-ақ ойын қызметінің элементтерін қолдана отырып, нақты айтқанда, сөздік ойындарға сүйене отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

Алдымен балаларды есту қабілеттерін дыбыстар мен туған тілінің сөздеріне дағдыландырамыз. Ым арқылы қазақ тіліндегі өтініштерді (бер кел, отыр, бер және т.б.) түсіне білуге үйреттік. Дыбыстарды бөлек айтуға үйренген соң, сол дыбыстар бар сөздерді айтқызамыз; одан соң сол дыбыс жиі кездесетін сөздерден тұратын әндерді, өлеңдерді айтқызамыз.

Балалардың жаңа сөздерге қызығушылықтарын арттыру, оларды жылдам есте сақтауы үшін мен сиқырлы сандықша жасадым. Оның ішінде біз атауларын балалар қазақ тілінде атаған заттық, сюжеттік суреттерді жинаймыз.

Кейін ұлттық киімдегі қуыршақты пайдалана отырып, жағдаятты ойындарды қолдана бастадым. Бұл диалог арқылы сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік берді.

Сөздік ойындар сабақтарында ойын жағдаятында сөйлеу тілін дамыту бойынша арнайы сабақтар жүйесін әзірледік.

Негіз ретінде дидактикалық ойындар, хор ойындары, сюжеттік ойындар алынды.

Балалардың сөздік қорын байыту мақсатында үнемі олармен әңгіме - дүкен құраймын.

Жұмыстың жетекші түрі – бұл әңгімелесу (жеке баламен, топ бөлігімен, бүкіл топпен). Мысалы «Мен балалармен не туралы сөйлесемін?»


Жуыну кезінде:

Балалардың пайдаланатын заттарын айтқызамын (су, сабын, орамал), олардың сапасы мен қасиеттерін (суық, дымқыл, таза, кір), балалардың іс-әрекетін (жу, сабында, шай, сүрт), жасайтын іс-әрекет сапасын (таза, құрғақ, жылдам) айтқызамын.


Күлкілі өлеңдерді қолданамын:

Су – су мөлдір су

Менің бетімді сен жу

Көздерім ашылсын

Екі жағым қызарсын

Ауызым күлкімен толсын

Тістерім маржандай жарқырасын.


Жұмбақ:

Жуынып болған соң әр баланын қолында жүреді (Орамал)

Таза сөйлеу айтылымдары:

Бын – бын – бын қолымда катты сабын

Су су су қол бетімді жу

Ал ал ал қолымда таза орамал


Бос уақытта қуыршақтың «Қуыршақты жуындырамыз» тапсырмасын орындауымен дидактикалық ойынды ұйымдастыруға болады.

Балалардың таңғы қабылдануы мен серуенге шығар кезінде олардың назарын киімнің жеке бөлшектеріне аудартып, өз киімдегі дәл сондай бөлшектерді айтқызуға болады. Сөйлеу дағдыларын бекіту үшін бос уақытта «Қуыршақты киіндіру» дидактикалық ойынын өткізуге болады.

Киілген екі аяққа

Етігіміз жап – жақаң

Жолға шыққанда

Балалар жүреді

Жаңа етіктерін көрсетеді.


Міне қандай сандалигі

Кішкентай Каринаның

Бұл он аяқтікі

Ал бұл сол аяқтікі.


1 – 2 – аспазшы

3 – 4 – қарным ашты

Тез ашыңдар есікті

Жейміз – жейміз тамақты қол – бетті біз жуамыз.

Құрғақ құрғақ сүртеміз

Ас – мәзірмен танысып дастарқанға отырамыз.


Серуен кезінде «Қараторғай», «Аю тұрган орманда», «Сұр көжегім отырады» «Серуенге тауық шықты», «Себетті біз аламыз» көріністерін көрсетумен қозғалмалы сөздік ойындарын қолданамын. Құммен ойнау кезінде:

Бауырсақты пісірем, пісірем

Балаларга бір-бірден

Ал аяулы анама екі тәтті тоқаштан


Дау-дамай кезінде татуластыратын күлкілі өлеңді қолданамын:

Татуласамыз, татуласамыз.

Бүгіннен біз дос боламыз (шынашақтарымен қосыла отырып, осы сөздерді айтады, ал үшінші бала «Мен куә» сөздерімен оны бұзады).

Бала жаңа ғана сөйлей бастаған кезде, ол көбінесе өз сөйлеу тілін қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін пайдалынады. Сөз арқылы, көрнекті және әсерлі тірексіз алдыңғы және қазіргі ұрпақтың озық тәжірибесінің (білім, білік-дағдылар түрінде) болуы мүмкін емес.

Мен ТРИЗ, сипаттау әңгімелер құру сызбаларын қолданамын.

(Ойыншықтар; киім; ыдыс; жеміс-жидектер және т.б.)

Өз жұмысымды атаналармен тығыз байланыс жасау арқылы ұйымдастырамын. Оларды сабаққа шақырып отырамын. Өткен материалды үйде ата-аналарымен бірге бекітіп отыратын балалар қазақ тілін тез меңгеріп жатады.

3-4 бала бірігіп, шағын айтылымдары пайдалана отырып, үстел-баспа ойындарын ойнап жатқанын байқауға болады.

Қуыршақтар бұрышында балалар ойыншықтармен қазақ тілінде сөйлеседі, бесік жырларын, күлкілі өлеңдер айтып жатады.

Ата-аналар үшін ата-аналар бұрышында сөйлеу материалын, үйде балалармен бірге пайдалануға арналған сөздік ойындарын орналастырамыз.

Үйде ата-аналарға балаларымен бірге сурет салуды (ертегі бойынша, күлкілі өлеңге сызба құрастыру; ойыншық жасау; сөйлеу кубын дайындау), ал кейін өз суретіне, ертегісіне, күлкілі өлеңіне ат ойластыруды ұсынамыз.

Менің ойымша, бірлесіп жұмыс жасау түрлерін ұйымдастыру балаларды белсенді сөйлеу тіліне ынталандырады. Нәтижесінде әр балада сөйлеу айтылымдарын құрастыруға талпынысы пайда болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2017
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі