Материалдар / БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын арқылы балалардың ойлауынесте сақтауын жетілдіру.Ойын балалардың сөздік қорларын тілдерін дамытаджы.Ойын кезінде бір бірімен қарым қатынастары қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
231
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ



Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – ойын . Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңіңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. 1. Ойын туралы түсінік

Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).Сезімдерін жеткізуде немесе бастап кеткендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы мүмкін. Ойын – өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман-тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.

1.1. Ойынның түрлері және оның ерекшеліктері.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады.

а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау); ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.); б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттарт.т.). Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды.

1.2 Ойынның бала өміріндегі рөлі.

Психологтар мен педагогтардың көрсетуінше, ойында баланың танымдық үрдістері дамиды.Ойын баланың ақыл-ойы дамуы үшін ғана маңызды емес, ол оның тұтасымен тұлғасының дамуында маңызды. Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекетінің дамуына да айтарлықтай ықпал етеді. Бүдан басқа бала ойында үлкендердің өзара әрекеттері мен өзара қатынастарын жаңғырта отырып, осы өзара әрекеттердің ережелерін, тәсілдерін меңгереді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойындарда ол өзара түсіну тәжірибесін жинақтайды, басқа балалармен келісімге келуге, өз әрекеттері мен ниетін түсінуге үйренеді.Ойында бала өз қылықтарын реттеуді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында үлкендердің бақылауынсыз-ақ ұстамды болуға, ойын ережесін сақтауға үйренеді.Осы қасиеттердің баланың болашағы үшін әрине, ең әуелі, мектепте қаншалықты қажет екендігін түсіндірудің қажеті жоқ тәрізді.

Психологтардың пайымдауынша, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында жинақтаған бай тәжірибесі бар балаға салыстырғанда, балалық шақта «ойынын қандырмаған» балаға мектепте оқу және басқа адамдармен байланыс орнату аса қиынға түседі.Осы айтылғаннан ойынның баланың жалпы дамуында және тәрбиесінде айтарлықтай маңызды екендігін көруге болады.Сонымен қатар, ойын бірқатар педагогикалық міндеттерді шешуге де көмектеседі. Ойында бала өмірлік қажетті білім, іскерлік және дағдыны меңгереді. Демек, бұл балалар ойынын арнайы педагогикалық ұйымдастырудың қажеттігін көрсетеді. Оның мазмұнында баладан белгілі білім, нақты әрекеттерді орындауды талап ететін тапсырмалар орын алуы керек. Қорытындылай келе: Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсералысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы –2000жыл. 2. Журнал«Балабақша»2009 жыл. 3.Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 2011 жыл. 4. Калиева Ж.С., Костанай: "Центрально- Азиатское книжное издательство", 2007





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!