Жазғы сауықтыру кезіндегі
спорттық жарыс
Тақрыбы;Балалардың денсаулығы- ұлт
саулығы (спорттық
ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла
бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке
жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен
шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке
тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті
дамыту.
Әдіс-тәсілдері:
көрсету, түсіндіру, дәстүрден тыс
тәсілі.
Көрнекіліктер:
кішкене доптар,күректер, әуе
шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, жіптер, гүлдер,
көбелектер, қыстырғыштар,
кедергілер,кеглилер.
Жүру
барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті
апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт
саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
Ендіше спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын
әділ-қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Дилрабо
Нематқызы апай.
2. Балабақша медбикесі: Хамитова
Санобар апай.
3. Балабақша тәрбиешісі : Юлдашова
Дилрабо апай.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар»
топтарын шақырайық. Балалар алаңға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау
ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен
тансытырып өтейін:
1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Кингуру» ойыны.
4. «Абайла» ойыны.
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді
жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз.
1-ші кезең.
«Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе
шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені
айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген
шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып
өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда
тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып
қыстырғышты ашып ілу.
-Өте тамаша балалар!
3-ші
кезең. «Кингуру» ойыны. Ойын шарты:
Обручтар арасымен секіреміз.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды
берсеңіздер!
4-ші кезең.
Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп
«Абайла» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен
өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін
құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі
Күн!
5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына
қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің
ішіне түсіреміз.
-Балалар сендер бүгінгі
спорттық ойынға белсенді
атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз
берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден
көріне беріңдер.
Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт
саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз
аяқталды . Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп
тамашалағандарыңызға рахмет.