Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балалардың сенсорлық қабілетін дамытуға арналған ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кіші топ
«Түрлі түсті төсем»
Дидактикалық мақсаты. Түстерді ажыратуға және салыстыруға үйрету. Түстер туралы алған білімдерін машықтануда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Балалар тоғыз түсті негізгі түсіне қарай дұрыс бояу қажет.
Құралдар: Сұр түсті картон қағаз, қағазда сол жартысы жеті негізгі түстердің реңкісімен боялған. Оң жағы тоғыз түстін контурлық бейнесі.
Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға қатты сұр түсті картон қағазды көрсетеді. Балалар қағаздағы боялған сол жағындағы түстерді атайды. Тәрбиеші балалардың назарың контурлы жағына аударып: «Егерде сеңдер осы жолақшаларды дұрыс боясандар, әдемі төсемше болып шығады».
Тәрбиеші гуаштың әрбір түсін қолданып болған соң, қылқаламды дұрыстап жуу қажет, жумасандар жолақшаларын лас болып шығады. Түсті шатыстырмау үшін алдымен қағаз үстін бояп, салыстырып көріңіз. Егер түстер келіссе, түс дұрыс алынған, сол бояюмен контурлық бейнені жалғастырып бояуға болады.
Уақытты мен қайталануы. 10-15 минут, 1 рет өткізуге болады.
«Шайхана»
Ойынның мақсаты. Балаларды заттың түсін, көлемін ажыратыға, «Ыдыстар» деген ұғымның мағнасын түсінуге үйрету, ыдыс түрлерін ататып сөздік қорын байыту.
Ойынның шарты. Үстел үстінде шай құятын кеселер тұрады. Бір бала шай даяшасы, қалғандары шай ішуге келгендер.
Даяшы балаларды отырғызып, оларға кеселермен шай ұсынады. Балалардан шайдың, кесенің түсін, кесе қандай үлкен бе, немесе кішкентай ма екенін сұрайды. Шай үшіп болған балалар рахмет айтып шығады.
Нұсқау. Ойын бұрышында өткізіледі. Ойыншық ыдыстар, немесе папье-машеден жасалған ыдыс жиынтығын падалануға болады. Ойынға қатысатын бала саны 4-5 бала.
Шай ішетін ыдыстын атын, түсін көлемін айтқызуға болады. Кесе шай ішетін ыдыс, тағы қандай ыдыстардың түрлері үстел үстінде бар?. Балаларға атату. Ойынды бастағанда тәрбиеші даяшы болып көрсетеді. Ойын кезінде әр бала даяшы, әр қонақ болып үлгеруіне назар аудару керек.
«Саяхат»
Ойынның мақсаты. Балаларды пішіндерді атауға, ажыратуға үйрету.
Ойынның шарты.
- Балалар, қазір біз құрылысшылар салып бітірген үйлерге саяхатқа барамыз. Онда сеңдер үйлердің терезелерін жақсылап қарандар. Орындықтардан құрылған автобус орындарына отырып, үнтастадан автобус даусын қосып, саяхатқа кетіп бара жатады. Құрылыс алаңына келеді. Келген соң автобустан түсіп, үйлерге қарай бастайды...
- Салынған үйлер сеңдерге ұнай ма? Қане, Марат, саған қай, не себепті ұнады?
Марат: үй биік, әдемі, терезелері көп.
Тәрбиеші: үй қандай пішінге ұқсайды?
Алмат сен қалай ойлайсын үйдің терезелері қандай пішінге ұқсайды екен?
Үйдің төбесі қандай пішінге ұқсады? Салынған үй биік пе, немесе аласа ма?
«Ғажайып дорба»
Ойынның мақсаты. Геометриялық пішіндер туралы балалардың білімін бекіту, оларды бір-бірінен айра білуге жаттықтыру.
Ойынның шарты. Ғажайып дорба ішіне төртбұрышты және дөнгелек, әр түрлі ойыншықтар іріктеліп салынады. Шақырылған бала дорбадан бір затты алып, оның атын атайды. Ол заттың пішіні қандай екенін айту керек. Кішкене допты алады.
-
Мынау – доп. Ол – дөнгелек. Егер білсе оның түсін айтады.
-
Тәрбиеші доп пен дөнгелекті қатар ұстап салыстырады. Балалар өздері қортынды жасайды.
Нұсқау. Дорбаның ішіне доп, тостаған, дөнгелек, алма, төртбұрыш, қорап, құрылыс материалдары т.б. салынады.
«Көрпеше құрастыру»
Ойын мақсаты: Түстеріне қарай кезекпен топтауды терендету, ұқсас түстерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Ойын шарты: Әр балаға 5-тен екі түсті ұшбұрыш беріледі. Бірін-бірі ашатын түстер алынады.
-Балалар, қарандаршы, қара түсті, ақ түс аша ма? Ал сары түсті қызыл түс аша ма? Тәрбиеші түстерді анықтайды. Әр бала берілген үш бұрыштардан көрпеше құрастыра бастайды. Тәрбиеші көмектеседі.
«Жеміс дүкені»
Ойын мақсаты: Заттардың бейнесін және пішінін ажырату, түрі-түсіне, пішініне қарай бірдей заттарды таңдап алу, талғамын дамыту, заттың қасиеттерін, өмірдегі пайдасын тереңірек талдап түсіндіру.
Ойын шарты: Сөрелердің үстіне жемістердің муляждары қойылған.
Тәрбиеші. Бүгін жеміс дүкеніне барамыз. Бірақ сатушы апай жемістер мен көкіністерді дұрыс атап, сұрақтарына жауап берген балаға береді.
Сатушы: қияр алған балаға. Бұл не?
Бала: қияр, түсі жасыл, пішіні сопақша.
Ойын барлық балалар таңдап, атап бергенше жалғасады.
Дүкенші дұрыс жауап берген балаларды атап, муляждарды әрі қарай өз беттерімен ойын жалғастыруға береді.
«Сандықтарды жина»
Ойын мақсаты: Сандықтарды көлеміне, түсіне қарай ажыратуға үйрету. Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға үлкен сандықты көрсетіп, оның түсіне, оюына назар аудартады. Сандықты сілкіп, оның ішінде бір нәрсе барына, салдырлаған дыбысына назар аударады. Сандықты ашып, балаларға оның ішіндегі кішкене сандықты көрсетеді. Балаларға өздеріне салыстыруға ұсынып сұрақтар қояды: Неше сандық бар? Түстері қандай? Көлемі қандай?
Балаларға үлестірмелі материал таратылады. (түрлі түсті, көлемі әр түрлі сандықтар) Әр бала алдында тапсырма орындайды, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
«Сақиналарды салыстыр»
Ойын мақсаты: Сақиналарды көлеміне қарай ажыратуға, оларды көлемінің кішіреюіне қарай, түсін ажыратып, ретімен орналастыра білуге үйрету. Ойын шарты: Тәрбиеші көлемі әр түрлі сақиналарды балаларға салыстырып көрсетеді. Олардың түсін ажыратады.(қызыл, көк, сары, жасыл). Ең үлкен сақинаны алады, ол көк түсті оның үстіне сәл кіші қызыл сақинаны қояды, одан көлемі кішірек сары сақинаны қойып, енді ең кішкентай жасыл сақинаны қоямыз. Әр бала өзі жинастырған сақиналардың түстерін атап, жинастырған сақиналардың ең үлкені, ең кішкентайы деп атап олардың түстерін айтып береді.
«Кім жылдам ойыншық жинайды?»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды бір түсті обьектілерді формасына, көлеміне, не үшін қажетілігіне қарай топтауға үйрету.
Құралдар: Саз балшықтан ойыншықтар (балық, шар, шырша гүл, т.б.) 6 ойыншықтан әр түрлі түске. Үлгі ретінде қағаздан төсемше (20х30 см) – қызыл, сәбіз түсті, сары, жасыл, көк, көгілдір эәне сия түсті.
Ойын шарты. Тәрбиеші үстел үстіне түрлі түстісаз балшықтан жасалған ойыншықтарды қояды, түрлі түсті төсемшелерді үлестіреді. Балалар ойыншықтар қарап, түстерін атайды. Тәрбиеші қызыл және оның реңке түсті ойыншықты қызыл төсемшенін үстіне қоюды ұсынады. Осы бағытта түстірді атап балалардың дұрыс таңдауларын қадағалайды. Балалар дұрыс таңдай білетіндеріне көзі жеткен соң, балаларға өз алдарындағы түсті төсемшегі сондай түстерді жинауды ұсынады. Кім бірінші көп ойыншық жинады, сол женеді.
Уақытты мен қайталануы. 10-12 минут, 1-2 рет өткізуге болады. Келесі ойнағанда ойыншықтарды ауыстыруға болады. Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып ойыншықтарды саның, саз балшықтан, картоннан, папье-машьеден жасалған ойыншықтарды ауыстыруға болады.
«Шеңберлермен жаттығу»
Дидактикалық мақсаты. Балаларға үш зат туралы көлеміне қарай түсінік беру; қатынастарды сөздермен ( «үлкен», «кішілеу» «ең үлкені») атату. Осы жастағы балалар екі зат арасындағы қатынасты айыра білуіне қарай (үлкен-кішкентай), үшіне затты (еңүлкен, ең кішкентай) атауға назарларын аудару.
Құралдар: Үлкеуіне қарай үш шеңберлердің жиынтығы. (бала санына қарай).
Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға шеңберлер жиынтығын үлестіреді, оларды назар аударып қарауды және үстел үстене қойып саусақтарымен контурларынан жүргізіп көруді ұсынады. Осыдан кейін тәрбиеші балаларға бір шеңбердің көлемін басқаларына қарай анықтауды ұсынады. Бала барлық шеңберлердің көлемдерін атайды. Балалар өз жұмыстарын бағалап ең үлкен немесе ең кішкентай шеңберді үш шеңбер ішінен атайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші үлгіге қарауды ұсынады.
Қайталануы. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.
Орта жас
«Шай құралы» (жапсыру)
Дидактикалық мақсаты. Балаларды жылы және суық түстермен таныстыру
Құралдар: қызыл және көк түсті қағаздар (20х34 см) шай құманның түсті бейнесімен және кеселер. Түрлі түсті дөнгелек және гүл бейнесі (жылы және суық түстері). Желім, қылқаламдар, майлықтар.
Ойын шарты. Тәрбиеші кемпірқосақтын суретін балалармен көреді. Түстерін ататады. Қандай түстер жылы, қандай түстер суық түстерге жататының атап береді. Балаларға қайталап ататып, көрсетуге ұсынады. Әр балаға бір түстен шай құман мен кесе салынған бет және түрлі түсті қағздан дөнгелектері бар конверт үлестіреді.
Бүгін біз шай құман мен кеселерді әдімі болу үшін түрлі түсті дөнгелектер жапсырып әшекелейміз. Балаларға қызыл түсті қағазда жапсырылған құман мен кеселерді әшекелеу үшін жылы түсті дөнгелектерді тандап желімдеуді ұсынады. Көк түсті қағазда жапсырылған құман мен кеселерді суық түсті дөнгелектерді желімдеп жапсыруды ұсынады. Балалар жұмыстану барысында түстерді естеріне түсіреді. Дұрыс тандап, таза жапсыруларын қадағалайды. Кейбір балаларға нұсқау беріп, көмектеседі. Сабақ сонында жасалған жұмыстарды бағалайды.
Уақытты мен қайталануы. 10-15 минут, 1-2 рет өткізуге болады.
«Балалардың ойы бойынша суды бояу»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды түстерді араластыру арқылы жаңа түс алуға жаттықтыру.
Құралдар: Әр балаға үш әнек ыдыс, үш түсті гуашь бояуы (қызыл, сары, көк), қылқалам.
Ойын шарты. Балаларға суы бар үш ыдыс, қылқалам, бояу үлестіреді.
Осы үш түсті пайдаланып жаңа түс шығаруды ұсынады. «Ойланып, түстерді араластырыныз. Алдымен қылқаламға аздап бояу алып көрініз. Асықпаныз. Боялған ыдыстағы суды мұзболу үшін қатырамыз. Қатқан мұздардан әдемі әшекей жасаймыз»
Уақытты мен қайталануы. 10-15 минут, қайталануы балалардың жаңа түстерді араластырып білуі мен олардың жаттығуға қызығуларына байланысты өткізіледі.
«Бұл не?»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды сипап сезіну арқылы таныс геометриялық фигуралады зерттеуге, танып атауға жаттықтыру. Балалар көрмей фигураларды тани білетіндерін түсіну қажет. Геометриялық фигураларды атауға жаттықтыру.
Құралдар: жазықтық геометриялық фигуралар жиынтығы: дөнгелектер, шаршылар, сопақшалар, үшбұрыштар, тікбұрыштар. Фигуралар ағаштан, пластмасстан, картоннан жасалған. Ширма.
Ойын шарты. Үстел үстіне таныс геометриялық фигураларды қояды, бір балаға қандай да болсын фигураны алып, қол саусақтарымен фигуранын контурынан жүргізіп көруді ұсынады. «Кел екеуміз фигуранын шетінен бәшпәімізбен жүргізіп, бұрышы ұшты екен, қазір бұрып бәшпәінді төменге қарай түсір. Тағы бір бұрышы бар екен... » - деп тәрбиеші балалардың фигураларды зерттегенде қандай фигура екенін түсінуін қадағалайды. «Фигура қалай аталады? –деп тәрбиеші сұрап сол сәтте анықтайды: - Дұрыс шаршы». Осыдан кейін тәрбиеші балаға фигуранын басқа да қасиеттерін анықтауды ұсынады.: «Енді бәшпәймен сипап көр, үсті қандай тегіз немесе бұдір-бұдір ме екен, бәшпәінмен басып көріп, қатты немесе жұмысақ па екенін анықта, қандай материалдан істелген». Балаларға ауызша фигуранын сипатамасын береді: «Ширма артынан мен шыршаны тауып алдым. Ол жазық, беті тегіс, қатты, ағаштан жасалған». Осыдан кейін ширманын артында орналасқан тағы екі фигураларға қосып, сипаттама берген, көрген фигураны тауып алуды ұсынады. Бала қателессе, тағы сол фигураны көріп, сипап сезіп көреді. Ойынға 5-6 бала қатысады.
Уақытты мен қайталануы. Фигураны сипап сезіп анализдеу уақыты – 2-5 минут. Ойын балалар сипап сезіп зерттеуге үйренгенше қайталанады.
«Фигуралар доминосы»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды көп фигуралардың үшінен бір фигураны тауып алуға үйрету. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту. Көп бұрышпен танысады.
Құралдар: 28 карточка, әрбір жартысында бір геометриялық фигура белгіленген (дөнгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша, көпбұрыш) Қайталанатын карточкаларда екі бірдей фигура, жетінші қайталанатын карточка екі бос жартылардан тұрады.
Ойын шарты. Ойынға 2-4 бала қатысады. Карточкалар үстел үстіне фигураларын төмен қаратып қойылады. Тәрбиеші ойын материалымен, шартымен таныстырады. Ойын бос карточканы құрастырудан басталады. Домино ойынындағыдай бала бір керек карточканы тандап, құрастырады. Ойнаушыда керек фигура болмаса, оны жалпы карточкалардыың ішінен тандайды. Егер бала фигураны атамаса, жүруге жолы болмайды. Кімде жылдам карточка бітеді сол женіп шығады. Ойын барсында тәрбиеші қосымша нұскау, түсінік беріп отырады.
Уақытты мен қайталануы. Ойын 2-3 рет қайталанады.
«Не жасырылды соны тап»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды өз бетімен затты тауын формасын атау. Ойын затты формасына қарй топтауға үйретеді.
Құралдар: Тікбұрышты форма заттар. Обруч. Ағаштан жасалған ағаштардың фигуралары (шырша, ақ қайын, ақ терек, емен).
Ойын шарты. «Қарандаршы менің қолымда обруч. Қазір ол қай жаққа домалап кетеді біз сол жаққа қарай барамыз. Домалап келіп шырша қасына келді. Неге тоқтап қалды? Бір зат жасырылып тұрған шығар?»
Балалар шырша артында жасырылған заттарды шығарып, формасын атайды.
Келесіде обруч ақ қайынның, ақ теректін, еменнін қасына тоқтайды. Балалар жасырынды заттарды тауып алып формаларын атайды. Тәрбиеші обручті тағы домалатып оның топқа қайтып келгенін айтады. «Енді біз тобымыздан ағашттардың астынан кездескен формада заттарды тауып алайық. Қандай формада зааттарды іздейміз? Дұрыс тікбұрышты». Кім көп затты атайды, сол женеді.
Келесі ойнағанда басқа формада заттарды тандайды.
«Не өзгерді»
Дидактикалық мақсаты. Балаларды геометриялық фигураларды танып, ажыратып, есте сақтауға үйрету
Құралдар: Әшекелеуге арналған бірнеше жазықтық формалар (шеңбер, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, сопақша) жиынтығы.
Ойын шарты. Ойынға барлық балалар қатысады. Жарты шеңбер болып үстел жанында отырады. Бір бала үстелге жақындап фигураларды өз ойынша қойып формалардан әшекей құрастырады. Осыдан кейін ол басқа бөлмеге шығып кетеді, тәрбиеші фигуралардың орнын ауыстырып қояды. Балалар мұқият қарап қандай өзгерістер жасағанаң байқайды. Қайтып келген бала әшкейде қандай өзгеріс болғанын анықтайды. Бала қателессе немесе қиналса басқа балалар оған қатесін табуға көмектеседі. Ойын шартын қиындатуға болады: тәрбиеші әшкейді үстел үстіне жасап қойып, қанша фигура және олардың орналасуын есте сақтауды ұсынады.
Қайталануы. Балалардың фигураларды есте сақтап, атауларына байланысты қайталанады.
«Жиhаздарды орналастыр»
Дидактикалық мақсаты. Есте сақтаған заттардың өлшемдерін анықтап, сөз арқылы сипаттап беруге үйрету.
Құралдар: Қуыршақ жиhаздарынын үш жиынтығы (екеу бірдей, үшіншісі олардан өзге): түрлі биікті және жуанды тікбұрышты шкафтар, түрлі формада және жуандығы әр түрлі үстелдер (тамақ ішітін, журнал, кітаптарға арналған), түрлі формада және көлемді орындықтар, биік және аласа балалар керуеті, сопақша және тікбұрыш, үлкен және кішкентай айна, т.б..
Ойын шарты. Қуыршақтар бұрышында қуыршақ жиhаздарынын бір жиынтығын орналастырып балаларға жиhаздарынын орындарын, пішінін және көлемін (жуандығын, ұзындығын, биіктігін, енін) есте сақтап қалуды ұсынады. Үлгі бойынша бір бала өзі керек заттарды тандап, заттарға ауызша сипаттама беріп орналастырады. Басқа балалар орындалған тапсырмаға баға беріп, қателерін түзетеді. Тәрбиеші бала қиналса салыстыру әдісін естеріне салады. Бала жиhаздарды орналастырып, сипаттама беріп болғанда аяқталады.
Қайталануы. Балаларда орналастыра білу дағдылары қалыптасуына байланысты 2-3 рет қайталанады.