Балалардың сөйлеу тілін
дамытуда
мнемотехника әдістерін
қолдану
«Зейін есік тәріздес, ол
арқылы бәрі өтеді,
сыртқы дүниеден адамның
жан–дүниесіне жетіп отырады»
Константин Ушинский
Бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің
алдында: «Оқушыларымды қалай оқытсам? Олардың сөздік қорларын қалай
байытсам?» деген өзекті сұрақтар туындап жатыр. Атақты педагог
Константин Ушинский айтуынша: «Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі
өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан–дүниесіне жетіп отырады».
Сондықтан оқушыларымыздың зейінін сабаққа аударту, пәнге деген
қызығушылығын ояту мақсатында көп іздендім, зерттедім. Бұның
жұмыстың нәтижесінде сіздердің назарларыңызға «Қазақ тілі мен
әдебиет сабақтарындағы мнемотехниканы қолдану жолдары» тақырыбы
бойынша презентациямды ұсынып отырмын.
Мнемотехника дегеніміз не? Грек тілінен келген
сөз. Ол оқушылардың алған білімдерін тиімді есте сақтауы,
хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін
әдіс-тәсілдер жүйесі. Осындай бір тұтастық жұмыс, оқушылардың
сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге
тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді.
Мнемотехникалық әдіс –
өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді
сипаттаудың әдістемесі. Сөйлеу әрекетін жеңілдететін факторларға
назар аударыңыз. Көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту, суретін
көру арқылы баланың есінде нақты қалады.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай
құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана
мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Ең біріншісі – мнемоквадрат.
Мнемоквадрат-баланы суретте көрсетілген затты танып, сипаттап,
білгенін айтуға үйрету жұмысы. Балалар көрген зат туралы білгенін
айтады. Мысалы: «Бұл – күн. Күн жылу береді.
Бұл жаңбыр. Жаңбыр жауады тб».
Мнеможолдар-бірнеше мнемоквадратты қосып
әңгімелеуге үйретуге бағыталған жұмыс. Осы әдіс тақпақ,
мақал-мәтелдерді, өлеңді жаттатуға тиімді. Балалар мнемотақпақты
арнайы тірек суреттер арылы айтады. Тақпақ, өлеңнің жолдары әр
сөзге, сөз тіркесіне арналған карточкалар арқылы үйретіледі. Осы
жұмыста баланың зейіні, есте сақтау қабілеті
дамиды.
Әдістің келесі сатысы -
мнемокесте. Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе
жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат
құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті.
Ол-ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір
іс-әрекетінің, басты мазмұнды әңгіменің сюжетін әңгімелеп беруге
бағытталған жұмыс. Оқушылар көрген суреттерді өзара байланыстырып
әңгіме құрастырады. Мнемосуретте жыл мезгіліне, отбасы, мектеп,
түрлі тақырыптарға жасалынады. Әңгіме құрастыру барысында оқушылар
тірек сызбалаларға сүйене отыра байланыстырып сөйлем
құрастырады.
Мнемокестені қолдану 3 этаптан
тұрады:
Кестені қарап, онда не
бейнеленгенін бақылау.
Мәліметтерді кодтандыру, белгі
/символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге
көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір
тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.
Міне, өз сабақтарыңызда
осындай сияқты тіреккестені қолданып, «Қыс» тақырыбы бойынша
әңгімелеуге болады.
Немесе осындай суреттер
арқылы, сұрақтарға сүйеніп, әңгіме желісін сақтай отырып, 2 сынып
оқушысы «Тігінші мен ай» ертегісін әңгімелей
алады.
Сонымен қоса кез келген
мақал-мәтелді, тақпақтарды жаттатқызуға болады. Заттардың сынын,
күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну
үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті
көрсетуге болады. Бұл әдіс өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға
сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог
интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме
өткізіледі:
-
аударма жұмысын өткізу;
- мұғалімнің сұрақтары;
- суреттер қарау;
- қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
- сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге
келесі әдістерді қолдануға болады: бірінші жолды топпен қайталау
және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
Фонетикалық жаттығу орындау;
Әсіресе мәнерлеп оқуға талап
ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.
Алгоритмикалық жаттығулар
танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың,
дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық
сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау
сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады
және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды
орындағанда,балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда
балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын
орындауға мүмкіндік бар.
Алгоритмикалық жаттығуларды
өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады,
дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары,
жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі
дамиды.
Сонымен қоса, мнетехниканың әр
түрлі атаулары бар: қоллаж, пән-кестелік моделі,
сенсорлы-графикалық кесте.
Қоллаж күрделі әңгіме желісін
есте сақтауда көмек береді.
Неғұрлым баланың заттар мен
құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым
ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен
зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай
ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады.
Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы
бейнелерді сипаттау түрінде есінде
сақтайды.
Балаларға әңгімені мән
мағынасыз бір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің
мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп,
интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы
сақтайды.
15 слайд. Сенсорлы-графикалық
кестесі арқылы оқушы кез келген заттың қасиеттерін анықтап,
әңгімелеп бере алады.
Баяндамамды қорытыдылай
отырып, мнемоәдісін пайдалана отырып, оқушылардың келесі
нәтижелерін көруге болады: 1) сөздік қоры байыды; 2) тірек сызба
арқылы әңгіме құрастыруы; 3) сурет арқылы өз ойын білдіруі; 4)
баланың қиял мен зейінін дамуы; 5) есте сақтау қабілетінің дамуы;
6) әңгіме құрастыруға қызығушылықтың арттыруы. Яғни, оқушы ойында,
сурет салуда, құрастыруда, сурет жапсыруда, оқу және еңбек
тапсырмаларын орындауда оқушы үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана
пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып өмірінде де
пайдалана алады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы, Алматы-
1981
ж.
2. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту
әдістемесі, Алматы-1985
ж.
3. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу
бағдарламасы», Алматы-1987-89
ж.
4. Бейсенбаев Ж. «Әдептілік әлемі»,
Алматы-1987 ж.
5. Жұмағожина Р.М. «Республикалық
балабақшалардың даму тарихы», Алматы-1982
ж.