Материалдар / Балалардың тіл байлығын арттыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың тіл байлығын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН МОЛАЙТУ.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Балалардың тіл байлығын арттыру.





Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде өлең, тақпақтың алатын орны ерекше.

Әрине, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешінің мәнерлеп тақпақ, өлең оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялтады. Ертегі, шағын әңгіме, өлең, тақпақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі.

 Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс.          

Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балаларға өлең, тақпақ үйретуде мынадай талаптар қоюға болады:

  • Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;

  • Өлең таныс заттарға байланысты болуы керек;

  • Өлеңнің сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;

Көркем шығармаларды тыңдауға бала кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай-ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Тәрбиеші үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.

Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз ата-әжелері және әке-шешелерінен естіген өлеңді сәбилер қызықтай тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «Тоғай», «Бақа-бақа балпақ», «Қарғалар», «Санамақ» сияқты халық өлеңдерін ойнақы тілмен, қайталама сөзбен, музыкалық үнмен бөбектерді баурап сөз өрнегіне баулиды.

Баланың тілін оқытудың әдіс-тәсілдері күнделікті еңбек барысында әр түрлі болуы қажет. Тақпақ, өлең есте сақтау қабілеттерін және қызығушылықтарын арттырады. Өзімнің жұмыс тәжірибемде күнделікті балалармен тақпақ, өлең айту және ұйқастырмалы өлеңдерді тыңдап, өзіммен бірге айтады

Осы әдістерді пайдаланған кезде баланың белсенділігін, мақсатқа ұмтылуы, шапшаңдығы мен еркінділігі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезіне-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Сөйлеу тілі жетіле түседі.

Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің  дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет.

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Тақпақты дұрыс айту қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
-Өлең, тақпақ айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді.

Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі  айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында өлең жаңылтпаштар ойлап шығарған. Баланың тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Тақпақ, өлең жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.

Мысалы: «Қуырмаш» тақпағында бала тәрбиелеуге, оның тілін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған екенін білеміз.
Бас – бармақ,
Балаң – үйрек
Ортан – терек
Шылдыр – шүмек
Кішкене – бөбек.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш, — деп келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен жылқыға бар,
Сен сиырға бар
Сен қойыңа бар, — деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Балалар осындай саусақ ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

Мысалы: «Моншақ» ойыны:
Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бар бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді. Әрі оларды тізбектеп жасау бала үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшықетін дамытуға көп көмегін тигізеді.
Сол сияқты: санамақ «Саусақ ойыны» да тақпақтай отырып санауға, саусақтарымен отбасын айта білуге, сөйлеу тілін дамытуға да әсерін тигізеді.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?

Бас бармақ – бұл атам,
Сұқ саусақ — бұл әжем,
Ортан қол – әкем,
Аты жоқ – анашым,
Шынамақ – бұл мен.

Сонымен қатар саусақ қимылымен өлең, тақпақты балалардың сөздік қорын молайтуда көп көмек береді.   Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан да балалармен жүргізілетін жаттығулар түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлерін біртіндеп күрделене береді.

   Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, бала тілінің дамуына осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата-аналардың рөл зор екенін ескере отырып, баланы сөйлеуге үйретуде, тілін дамытуда көптеген мәселелерді қарастырады:

Сөздік қорды молайтуда:

                - тіл тазалығы

                               - сөздің дыбыстық құрылымын

                - мақсаттар меңгерту

                - мәнерлеп сөйлеуге үйрету

                - тіл мәдениеті

                - көркем сөз өнеріне баулу.

     «Отбасы» тақырыбы бойынша «Мынау- біздің отбасымыз», «Мынау менің анам», «Әкем, әжем, атам», «Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз», «Мен анама көмектесемін», «Бәріміз еңбек етеміз» -деп үлгі ұсынамын, мектепке даярлық топтар өз отбасылары жайындағы өлең, тақпақпен жалғастырамын. Осы кезеңде тақырыпқа байланысты тақпақ жаттауға болады.

        Қорыта келгенде, баланың сөздік қорын өлең, тақпақ айтуда түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!