Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балаларға арналған ағылшын тілі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балаларға арналған ағылшын тілі
Көп тіл білу-заман талабы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп атап өтті еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Сол себепті балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында шетел тілін меңгеру басты мәселелердің бірі болып табылады.Шетел тілі қоғамдық өмірді қамтамасыз етудің құралы болып,ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі, міндетті компонентіне айналуда.
Қазіргі кездегі ең өзекті мәселенің бірі -бұл жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген, шығармашыл тұлға қалыптастыру.Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету талаптардың бірі. Мектепке дейінгі ұйымдарда берілген білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан-жақты дамытудың түпкі негізін қалайтын орын. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды.Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету –мұғалімнің басты мақсаты. Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сабақты ойын түрлері арқылы өткізудің маңызы зор.Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде балалар шаршағандарын сезбей, әсерлене , қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуына ерекше көңіл бөлуіміз керек.Тілдің, еріннің, тістің, жақтың атқаратын қызметін көрсетіп, түсіндіру қажет.
Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс.Балалардың ағылшын тілі сабағында қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуіне, оның ойын түрінде тартымды, қызықты өткізілуіне әрбір пән мұғалімі мұқият дайындықпен келу керек.
Қорыта келе, ағылшын тілін игерту үшін әрбір ұйымдастырылған оқу қызметін өз дәрежесінде, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізсек қана біз үлкен жетістікке жете аламыз.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі-қазақ елін әлемге
танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Сол себепті ағылшын тілін
үйренудің маңызы зор.Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану
баланың тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін
үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген
қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер
етеді.Ойын-балалардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы
факторы. Шетел тілін ерте жастан оқыту бүгінгі танда
өзекті мәселелердің бірі болып саналады, себебі Қазақстан
Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму
үстінде.
XXI ғасыр мектебі түбірлі
өзгерістерді талап етуде. Шетел тілін білмеген адамға жаңаша өмір
сүру мүмкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік
деңгейде бұл факт өзінің Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықталған.
Тұжырымдамада «Білім берудің деңгейлері мен мазмұнында орта білім
беру елдің үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде
жұмыс істейді. Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында алыңған терең білімнің кәсиби дағдылырдың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, қабілетін
дамытуға және өз бетінше дұрыс, адмгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру.»
Психолог Е. В. Жиркованың
пікірінше, шетел тілін оқыту және баланың абстрактілі ойлау
қабілетін дамытуда баланың сурет салу, сөйлеу қабілетін, есептеу
қабілеті шетел тілімен байланысты жоғарылайды. Сол жастағы
балалармен салыстырғанда шетел тілін оқыған балалардың оқу
қабілетінің деңгейі өте жоғары деген пікір айтады
ғалым.
Төменгі сатыда балалардың
түсінуі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған И. Н Борисенко, Л.
Робертс «Сөйлеу және ес механизмдері» атты еңбектерінде «тоғыз
жасқа дейінгі балалар сөйлеу шеберлігінің маманы. Баланың миы тілге
арнайы икемді болады, бірақ ол есейе келе азаяды » деген. Ал И. Н.
Борисенко оқушыларды шетел тілін оқуға үйретуді жүргізген
эксперимент нәтижесінде бұл жастағы балалар салыстыруға,
сараптауға, қорытынды жасауға, жалпы және жеке жұмыс жасауға
белсенді, қабілетті деп анықтайды.
Шетел тіліне оқыту
процесінде пәнаралық байланыстың, әсіресе шетел тілінің қазақ, орыс
тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты
мақсаты жасөспірімдерді тілге үйрету. Оқушы шетел тілдерін меңгеру
арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихы мен мәдениетімен таныса
отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең түсінетің
болады.
Шетел тілін ерте жастан
оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет
көздерінің мол екені баршамызға мәлім. Жас
өспірімдердің:
• тез
қабылдауы;
• Еліктеуге
бейімділігі;
• Қиялының
әртүрлілігі;
• Ойлау ауызша сөйлеу
іскерліктерінің дамуы;
• Танымдық
іс-әрекеттерінің басымдылығы;
• Есте
сақтауы;
• Қызығушылық қасиетінің
молдығы мен әртүрлілігі;
• Жан-жақты тәрбиелеуге
бейімділігі;
• Еліктеуіш қасиетінің
басым болуы;
• Сезімтал
болуы;
• Іс-әрекетті ойын
түріндегі тез қабылдауы;
Жоғарыда айтылған
қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш сыныптан бастап оқытуды бастау
қажеттілігі дәлелдей түседі. Шетел тілін ерте жастан оқытудың басты
мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру
және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында,
оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей
іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз
қажет.
• Тындап
түсінуді
• Сөйлеуді (монолог және
диолог түрінде)
•
Оқуды
• Жазу, хат жаза
алуды
Шетел тілін ерте жастан
оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның
дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына
негіз блып табылады.
Шетел тілін ерте жастан
оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан
анық.
Біз неліктен шетел тілін
оқытуды сыныптан бастауымыз қажет деген сұраққа жауап беруді,
бастауш оқушыларының психологиялық ерекшкліктерін қарастырудан
бастайық. Академик Л.В. Щербаның айтуы бойынша адамның көптеген
психикалық қасиеттері тап осы кезде, яғни, бастауыш сынып жасында
қалыптасады және әдетке айналады.
Кіші сынып оқушылары өте
сензитивті және сезімтал болады. Сабақтардағы «жеңістері» әсіресе
шетел тілі сабақтарындағы олардың психикасына әсерін тигізбей
қоймайды. Мысалы: шетел тілі сабағында-ақ оқушылар танысу диологы
кезінде бірнеше сөйлемдерді ағылшын тілінде айтып үйренеді. Бұл
оқушылардың бойында шетел тілін үйрену, меңгеру құштарлығын
оятады.
Белгілі ғалым Н. Д.
Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін
меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи
қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай
жасайды.
Мотивация факторлары
мыналар:
• Оқу мазмұнының
әртүрлілігі;
• Оқушы мен оқытушы
байланысының жанды интенсивті
болуы;
• Оқытушы
тұлғасы;
Шетел тілі мұғалімі
оқушылардың тіліне деген қызығушылғын арттыру үшін тек қана
оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет,
журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар
материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі
құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі
керек.Оқушылардың шетел тілі сабағына деген қызығушылығын ояту
үшін, мұғалім әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл
әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы
тиіс:
• әдіс-тәсілдер арқылы
өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы
қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген
қажеттілігін тудыру қажет.
• Оқушы тұлғасын
толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері
оның қажеттіліктерімен байланысты болуы
керек.
• Оның тілдік
шығармашылық қасиеттерін ынталандыру
керек.
• Оқушыны оқу процесінің
басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз
байланыстыру керек;
• Оқушыға өз
физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу
керек;
Түрлі жұмыс түрлерін
жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін
қолдану.
Көрнекіліктер – бұл
оқушылардың шетел тіліне деген мотивациясын арттыратын техникалық
және техникалық емес құралдар. Көрнекіліктер, яғни әдемі суреттер,
макеттер мен аппликациялар, тақырыптық альбомдар, стенддтер, магнит
тақталары, фланелографтар, техникалық құралдардың ішінен үнтаспа,
компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа сыныптары, телевизор,
бейнефильм т.б. шетел тілін оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек
көрсетеді. Мектепте шетел тілі атмосферасы болмағандықтан тек
көрнекіліктер арқылы ғана объективті әлем модельдендіріледі.
Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оқу процесінің мақсаттарына жету
үшін объективтік шындықты
модельдейді.
Шетел тілін ерте жастан
оқытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі ойын. Ойын барысында
бала өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған әлеуметтік ортадағы
нормалар мен әрекеттерді қабылдайды, яғни, ойын бала үшін
танымдылық, бағдарлық қызмет атқарады. Ойын балалардың шетел тілі
пәніне деген қызығушылығын арттырады, сабақты түрлендіреді, қызық
етеді, оқушыларды зеріктірмейді, олардың білімге деген құштарлығын,
талпынысын арттырып, яғни, қабылдау, есте сақтау және зейінін
дамытады. Ойынның келесі бір ерекшелігі, ол сабақта оқушылардың
өздерін еркін ұстауға белсендіреді, қысылмай сөйлеуіне, ойын еркін
жеткізуге жағдай туғызады, қиялын дамытады. Кіші сынып оқушыларын
ағылшын тілін оқытуда біз сабқта төмендегідей ойындар түрлерін
қолданамыз:
• Шешуін
тап! • Джунгли
шақырады,
• Топ, команда
жарасы,
• Кроссворд, ребустарды
шешу,
• Кім тез алма (жидек,
саңырау құлақ, гүл т.б.) жинайды?
• Ұшты, ұшты, не
ұшты?
• Пісті, пісті, не
пісті?
• Түлкі мен
қояндар,
• Тізбек
ойын,
• Сымсыз
телефон,
• Фишка лақтыру
ойыны,
• Өзенмен
саяхат,
• Аукцион
ойыны,
•
Тілмаш,
• «Снежный ком»
ойыны,
• «Puzzle»
ойыны,
• Сахналық қойылымдарды
көрсету,
• Гид- аудармашы
т.б.
Енді мен 2-4 сыныптарда
ағылшын тілі сабағында қолданылған кейбір ойындарға тоқталып
кетпекпін.
«Андар мен үй жануарлары»
тақырыбын өткенде «Джунгли шақырады» ойынын оқушыларға ойнатуға
болады. Оқушылар осы ойын барысында жаңа сөздерді естерінде жақсы
сақтап қалып, сөйлемдер құрап, андарды сипаттай алады, яғни, ол
андардың қайда жүретіні, немен қоректенетіні, олардың салмағы,
төзімділігі, қанша жыл өмір сүретін т.б. мәліметтерді бере
алады.
Шетел тілін ерте жаста
оқытуда біз көрнекіліктер, ойындармен ғана шектеліп қоймаймыз,
сонымен бірге тақпақтарды, жаңылтпаштарды, әндерді де сабақта
кеңінен қолданамыз. Мысал ретінде, екі жаңылтпаш, бір тақпақ беруге
болады. Бұл оқушылардың тыңдау, есте сақтау іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастырып, ары қарай
дамытады.
Шетел тілін ерте жастан
оқыту да оқушылардың бойында шетел тіліне деген қызығушылықты,
сүйіспеншілікті арттыру үшін, мұғалім қалыптасқан тұлға болып,
шығармашылықпен жұмыс істеп, әлемде болып жатқан жаңалық
элементтерін сабақ беруде енгізіп, әдіс – тәсілдерді алмастырып,
оқушыларды сөз әрекетінің әр түрін меңгеруге даярлау
керек.
Жас өспірімнің тілге
деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның
белгілі бір әрекетке, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан,
зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ
уақыт сақталады. Оқу процесінің қызықты, тартымды болуы,
эмоционалды реакциялардың көп болуы, шетел тіліне деген
қызығушылықты арттырады. Т. А. Дегтерева өз мақаласында сабақты
қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегідей факторлар әсер
ететінін көрсетеді:
• мазмұндық, машықтану
формаларының әр түрлілігі;
• оқушы мен оқытушы
байланысының белсенділігі;
• оқытушы
тұлғасы.
Шетел тілі оқытушысы
оқушылардың мотивацисын (қызығушылығын) арттыру үшін тиімді де,
уақытты үнемдейтін әдіс-тәсілдерді пайдалануы
қажет.
Ғалым-әдіскер Н.Д.
Гальскованың айтуынша шетел тілі сабағында қолданылатын
әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы
тиіс:
• оқушы қызығушылығын
арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетінде қолдану қажеттілігін
тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
• оқушы тұлғасын
толығымен оқу процесіне тарту;
• оқушының тілдік,
когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту,
ынталандыру;
• оқушының оқу процесінің
басты тұлғасы ретінде белсенділігін
арттыру;
• сабақта алуан түрлі
жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын
ұйымдастыру;
• сабақта түрлі
көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер,
бейнефильмдер ), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация,
альбомдар, сызбалар, кестелер, крассвордтар) кең
қолдану;
• әсіресе ойындар мен
ойын элементтерің жиі қолдану;
• сабақта жаңа
педогогикалық технологияларды (жоба әдісін және т.б.)
пайдалану.
Біз бастауыш сыныптың
өзінде-ақ шетел тілі сабағында оқушыларға төмендегіндей жоба
тапсырмаларын береміз. Мысалы, «Менің жанұям», «Біздің мектеп»,
«Менің күн тәртібім», «Менің досым», «Тамақ» т.с.с. тақырыптарын
өткен кезде, оқушылар сауалнама жүргізіп, коллаж даярлап, жобаларын
сабақта қорғайды.
А) Сауалнама
жүргізу
Сен сыныптасыңнан оның
жанұяы туралы сұра:
Аты-жөні жасы мамандығы
жұмыс орны,
оқу орны
қызығушылығы
Ә) Сен сыныптасыңнан оның досы туралы
сұра:
Аты-жөні жасы ата-анасы
сыныбы қызығушылығы
Психологтар балалардың есту, көру, түсіну,
қайталау қабілеттері ерте дамитындықтарын дәлелдеген. Балалар
салыстыру, сараптау, түсіну құралдарын толық меңгеретіндіктері Л.
В. Тихомирова мен А. В. Басовтың «Развитие логического мышления у
детей» еңбектерінде көрсетілген.
Жалпы отандық және шет
елдік ағартушылар өздік жұмыс мәселелеріне көп көңіл бөлген. К. Д.
Ушинский өздік жұмысты ұйымдастырудың міндеттерін белгілеп. Ес,
ойлау қабілетін ояту үшін оқушылардың әрекетін бағыттай отырып,
оқыушының жаңа танымын дамыту керектілігіне баса назар аударған.
Өздік жұмысты зерттеуші ғалымдар қатарына С.Н. Архангельский, Ю.К.
Бабанский, М.Г. Горгунов, Е.Я. Галант, С.Н. Зиновьев, А.Г. Молибог,
Н.Д. Нандров, О.А. Нильсон, И.И. Пидкасистый, Ю.А. Соломин, Т.И.
Шамоваларды жатқызамыз.
Өз бетімен оқу іс-әрекет
дағдысын, қабілетін қалыптастыруда В.А. Сухомлинский «бұл тәсіл
ақыл ойды дамыту мен тәрбиелік маңызы өте жоғары оқыту түрі» деп
пікір айтқан.
«Өздік» сөзінің мағынасын
ашсақ тәуелсіз әрекетке қабілетті болу, бөтен әсерден ерікті, бос,
еркін болу, жеке шығармашылық күшіне ие болу деген сөз. Бұл
анықтамадан жалпы, оқушының өздік әрекет етуге қабілетті болуы
қажет деген қағиданы түінеміз.
Педагогтар мен
психологтардың дәлелдеуінше өздік жұмыс балалардың ойлау
әрекеттерін белсенді ете түседі және оқудың сапасын арттырады. Т.В.
Рогованың пайымдауынша П.И. Пидкасистый ізімен түсінетін болсақ
«өздік жұмыс әрекеті кезінде баланың пәнге деген қызығушылығы арта
түседі және жеке тұлғаның мінезі қалыптасуына себеп болады ».
Өйткені әрбір оқушы өз тапсырмасын орындауда ақпарат құралдар
көздерін қолдана отырып, қажетті нәтижеге жету үшін өздігінен жұмыс
істейді, ал бұл баланы жауапкершілікке
итермелейді.
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығы мен жасапаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген атақты педагог В. А. Сухомлинский.
ІІ.Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын
дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты
да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің
жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге
көмектеседі.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім
мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен
аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді
халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы,
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
талабы.
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде
қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте
жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму
біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік
береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Мектептегі
басты тұлға – мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат
рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен
белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар
мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Еліміздің басқа
мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін
еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас
жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып
шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазақстан
Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму
жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап
етеді.
Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін
әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде
оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу
тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде
сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен
әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде
ойындарды қолданатыны сөзсіз.
Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына
дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен
ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде
ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға
болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш
рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі
келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер
ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін
күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын
ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар
оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін
жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын
арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге
үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес,
ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби
шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып,
өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес.
Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы
баланың рухани байлығы мен жасапаз өмірімен ұштасып, айналасындағы
дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық
пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген атақты педагог В. А.
Сухомлинский.
Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ
үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас
ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу
үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алады. Ол жоспар, әдістемелік
тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
• Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
• Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
• Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау
т. б. нақтылануы қажет;
• Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
• Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар
өлеңдердің таңдалынып алынуы;
• Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық
материалдардың анықталуы;
• Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Ойындар бес негізгі түрге
бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал.
Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға
болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман
қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл
ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған
тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын
дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты
да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің
жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге
көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез
ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді.
Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал
етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша
мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар
оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге
үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға
«ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар –
шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар
жатады.