Материалдар / Балалық шағымның аспаны- біздің мақтаныш!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балалық шағымның аспаны- біздің мақтаныш!

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз үшін жасаған ерен еңбектері. Елбасымыздың елін дамыту, көркейту үшін жасаған еңбектерін жазушы барлық ізденушілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2019
1743
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалық шағымның аспаны- біздің мақтаныш!

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұрағам.

Біз енді ғана еңсемізді көтеріп, тәуелсіздіктің туын қолымызға алған, кешегі ата-бабамыздың арманы жаңа ғана орындалып, тіректі де тұғырлы болашағынан үміт күттіретін бейбіт елміз. Халқымыз  тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрғанда, ауыр да, сынағы мол жылдарды артқа тастады. Қаншама қиын  кезеңдерден өтіп, болашаққа сын көзбен қарап, бағдар құра білді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері Елбасымыз өзінің туған елін сара жолмен абыройлы бастап келеді. Тәуекелге бел буып, нық қадаммен алға ұмтылды. Елдің ауызбіршілігі, тыныштығы үшін, халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен Елбасымыздың ерлігі, атқарған елеулі  істері  қазақстандықтарға аян. Елі үшін ерен еңбек еткен, халқын ойлап қамын жеген адам ғана- міне, нағыз Елбасы. Дастандар мен жырлар жазуға, ерен еңбегін таныта отырып, құрметтеуге еліміздің тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев лайық.

Қазақтың аспанында жанған бар жұлдыздың арманы қазақ ұрпағының келешегінің жарық, айқын болуы еді. Ертеден аңсап келе жатқан рухы өр, намысы биік бабаларымыздың асқақ арманын, тұғырлы тәуесіздік пен еңселі еркіндікке қол жеткізіп, қазақ болашағын айқындаған ең басты нар тұлға­-ол біздің Елбасы емес пе? Шапса тұлпар аяғы талған, ұшса сұңқар қанаты шаршайтын ұлан ғайыр кең даламызға егемендік иісін енгізген де осы Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бодандықтан әбден шаршаған халыққа тәуелсіздік сыйлап, құйғын нөсерден кейін, шашылған күн сәулесіндей жылулық сыйлаған қайсар да жомарт елбасымыз болды. Тек азаттықты ғана емес, ардақты Елбасымыз халқымызға тәуелсіздікпен қоса қазақ тарихына, көп ұлтты дархан мемлекетке ұлы жаңалықтарды қоса алып кірді. Елбасымыз ­ ұлан ғайыр кең жері бар мемлекетті, сабырлы да еркін мемлекетті әлемдік даму жолына түсіріп, өзге де тақымы мықты мемлекеттермен бәсекелестікте дамуға жол ашты. Білім, ғылым басқа да салаларда болсын, жастардың білім алуына, шет елдерде тәжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндіктер жасады. Азаттығын біздің елімізден қаншама жылдар бұрын алған және ТМД көлеміндегі небір мықты елдерден алға озып шығып, экономикалық дамуға қол жеткізгеніміз Президентіміздің мықты саясатының жемісі екендігі бар елге аян.

«Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол»,-деп ұлы ақын Абай атамыздың

айтқанындай, отбасында туып-өскен ата-анасының ғибратын өмірлік азық қылған Елбасының ғажайып парасаты мен ақылы, ұлтжандылығы, еліне, туған жеріне деген көзқарасы мен үшін, жас ұрпақ үшін үлкен өнеге.

«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, Елбасымыздың да біз үшін, елі үшін көрсеткені мол, өзінің сан түрлі қырынан көріне білді. Сол үшін де қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады деп ойлаймын. Елінің нағыз жанашыры Елбасымыз - болашақ қазақ ұрпақтарына, қазіргі жеткіншектерге ерекше көңіл бөлді. Бас қаламыз Астананың төріне әлемдік бәсекелестікке ие, қараса көз тоймастай, шете елмен жақсы байланыс орнатқан, сан түрлі елдерден елген оқытушылармен қамтылған әдемі университет салып берді. «Назарбаев» атындағы бұл университетке қазақ жастары ғана қоймай шет елдік жас өрендер де көптеп қызығушылық танытуда. «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, өз тілдеріңде, яғни, қазақша таза әрі сауатты сөйлеңдер!»,-деп өсиет айтқан Елбасымыз қазіргі жас ұрпаққа үлкен үміт артады. 2019жылды «Жастар жылы» деп жариялауы сірә да осы үміттің ұшқынынан туған болуы керек.

Елбасымыз ежелгі қазақ даласының құндылықтарын қайта жаңғыртып, тіпті, қазақ елінің тарихын бейнелейтін асыл мұраларды көненің көзіндең сақтауға да ерекше көңіл бөлуде. Қазақ даласының тарихи мұраларына арнап не түрлі музейлер ашуда. Қазақстан қалаларының әдемілігіне де көп көңіл бөлуде. Елбасымыздың ел астанасын жапан дала Сарыарқа төсіне көщіріп, керемет, көркем қала ретінде көркейтуі көрегенділігінің арқасы. Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Қаз-қатар тізілген ғимараттардың әдемілігі сонша көзіңді ала-алмай қарайсың. Тіпті, кейбір ғимараттардың сызбасын өз көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сызғаны- Елбасымыздың архитектура саласынан да осал емес екендігінін көрсетеді. Кеше ғана мәресіне жеткен әлемдік деңгейдегі ЕХРО көрмесіне келген адамдардың барлығы дерлік бас қала Астанамыздың әдемілігіне бас иіп кетті. Кеше ғана Тәуелсіздігімізді алсақ та қазірде әлемдік деңгейдегі озық мемлекеттер ала алмаған мүмкіндікті біздің алуымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы деп білемін.

Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасымыздың шетелдерге жасаған әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екендігі даусыз. Елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында, Қазақстанды әлемдік биік белестерге көтеруге өлшеусіз әрекет етіп жатқан Елбасына ерекше ілтипатпен қараймын.

Біз жас мемлекет болсақ та көптеген, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Әрі әлі алда талай шыңдарды бағындырарымыз еліміздің ұарыштай басқан қадамынан да анфқ байқалады. Біздің еліміз-көп ұлтты, ынтымағы жарасқан мемлекет, бұл біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Еліміздегі көптеген халық этностары тұтас мемлекет болып отыр, ал оларды біріктіретін Отанымызға деген сүйіспеншілік, тарихқа деген құрмет және Президентімізге деген сенім. Жыл сайын Президентіміз халқына жолдауында еліміздің болашағына арналаған ойлары мен жоспарларымен таныстырады. Жастарға, елімізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.

Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер,төресіз ел болмайды” деген өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Елбасымыздың Қазақстан елі үшін, қазақтың ұрпағы мен келешегі үшін жасаған игі істерін санап бітпейтін шығармыз. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!