Материалдар / Баланы ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланы ауызша сөйлеуге үйрету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады. «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту» мәселесі мектепалды барлық сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
710
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы жекеменшік «Еркелер» шағын орталығының тәрбиешісі Жусупова Фарида Куанышовна



Баланы ауызша сөйлеуге үйрету жолдары

Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады. «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту» мәселесі мектепалды барлық сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Мектепалды даярлықта тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,қарапайым математикада түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Сонымен қатар «Сауат ашу» деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, сөйлем, сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдарды практикалық тәсілмен меңгертіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан тәрбиешілердің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендері дұрыс. әңгімелеуге үйреткенде мыналарды ескеру қажет:

  • балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі;

  • тәрбиеші қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу;

  • өздеріне сөйлемдер құрату;

  • сөйлемге қажет сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету;

  • сөз жасау, сөзге түрлі жалғау–жұрнақтар қосып айтуға үйрету;

  • суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиғаға) әңгіме құрату.

Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі – тәрбиешінің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгімеге қатыстыра білуі. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы артады,тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

«Ойнайық та, ойлайық» бағдарламасы бойынша әр бес білім беру саласына байланысты ойындарды таңдап алуға болады.

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша: «Екі және үш» ойыны

Мақсаты: Ес, зейін, ойлау, қозғалыс белсенділігін дамыту.

Барысы: Балалар араласып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Екі!» деп белгі бергенде-жанында тұрған кез-келген баламен жұп құрайды, қолдарынан ұстап, белгіленген жерге жүгіріп барады (жалауды алады). Егер тәрбиеші «Үш» деп айтса, балалар үштік жасап, белгіленген жерге жүгіріп барады.

«Қатынас» білім беру саласы бойынша: «Сөйлемді толықтыр» ойыны

Мақсаты: ойлау жылдамдығын,сөйлеу белсенділігін дамыту.

Барысы: Балалар кілемге отырады немесе шеңбер бойына тұрады, тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.

«Мен сөйлемнің бірнеше сөздерін айтамын, ал сендер оны жаңа сөздермен толықтырыңдар, сол кезде аяқталған сөйлем шығуы тиіс». Мысалы, тәрбиеші; «Далада ....жауып тұр» деп айтады. Балалар «қар, жаңбыр, бұршақ және т.б.» толықтыруы тиіс.

«Таным» білім беру саласы бойынша: «Кім байқампаз?» ойыны

Мақсаты: Балаларда геометриялық пішіндер туралы түсініктер қалыптастыру, кеңістікте геометриялық текшелерді таба білуін дамыту.

Барысы: Балаларшеңбербойындатұрады, тәрбиеші геометриялық пішінде айтып балаға допты лақтырады, бала допты қағып алып, айтылған пішіндегі затты атайды да, допты кері лақтырады. Мысалы, тәрбиеші «тікбұрыш» деп атайды, бала сурет деп жауап береді.

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша: «Суреттерді жандандыру» ойыны

Мақсаты: қиялды, шығармашылық ойлауды, қолдың ұсақ маторикасын дамыту.

Барысы: тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндердің суреті салынған парақтарды таратады. Балалардың міндеті бөлшектерден сурет құрастырып салу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша: «Мадақтау» ойыны

Мақсаты: ойлауды, сөйлеуді, бір-бірінежақсынәрсеайтуіскерлігіндамыту.

Барысы: Балалар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады. Шеңбер бойынша көршісінің көзіне қарап, мақтау (бірнеше мейірімді сөздер) айту керек. Мадақтауды қабылдаған бала міндетті түрде алғысын айтады: «Рахмет, өте қуаныштымын!». Егер бала қиналып жатса, онда тәрбиеші көмектеседі.

Сонымен қатар сөздік қорын дамытуда жүргізілетін жұмыстың бір түрі – санамақтар. Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрету мақсатымен шығарылады. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүниені танытады, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Ал жұмбақ-баланың ойлау қабілетін арттырады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы жан-жануарлардың, киім кешек т.б. заттардың аттарын есте сақтау қабілетін күшейтеді. Жұмбақтардың жауабын табу арқылы бала ойы бірте-бірте толыға береді.

Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Балаға айтатын ақыл-насихат, өнеге, өсиет әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болады. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбі елдікке, ынтымаққа, бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа баулып, жақсы мен жаманды, ерлік пен ездікті слыстыра сөз етіп, адам өмірінде неден үйрену, неден жирену керектігін аңғартады. Тіл дамыту жұмыстары шығармашылық мәнді жүргізіліп, дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылыстарды жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білгенін ауызекі қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы-ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!