«Баланы мектепке дайындауда
мектепалды даярлық
тобының
маңызы»
Еліміз тәуелсіздік алған 30
жыл ішінде әлемге танылды. Экономикамыз дамып, халықтың
әл-ауқаты жақсарды. Егемендік алған алғашқы
жылдан бастап ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне аса мән
берілді, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты
қалыптасуына, танымдық әрекетін дамытуға ерекше
назар аударылды.
Тәрбие мен білімнің алғашқы
дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Ұрпақтың
азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел,
салт-дәстүр, моральдық- этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар
көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алып, мектепалды даярлық
сыныпта жалғасады. Мектепалды даярлық - бұл ең алдымен
бүлдіршіндердің үлкен өмірге басатын алғашқы
қадамы, бірінші баспалдағы десе болады.
Өйткені бала балабақшадағы алаңсыз сәби шағымен
қоштасып, жауапкершілік сезімін қалыптастыра
бастайды. Даярлық тобындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің
бірі балалардың өмірін қорғау және
денсаулығына қамқорлық жасау болып
есептеледі.
Баланы мектепке жан-жақты
дайындау – өте жауапты әрі маңызды
іс.
Мектепке алғаш бару бала
өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға
бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы
мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін
маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген
ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп
табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса,
кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте
үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай
таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық
жағынан да қалай дайындаймыз?
Мектепке баратын бала
жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте
үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының
тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп
табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс.
Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе – жақсы! Балаға
жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап
үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы
шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің
ойын жеткізе алуы қажет. Сандарды санаумен ғана шектеліп қана
қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу
тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені
жақсы түсінеді.
Мектепалды даярлық
тобының сабақ жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартына белгіленген
санитарлық гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.
Мектепалды даярлық тобының базалық оқу жоспары Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір
бөлігі ретінде білім салалары мен пәндерінің құрамын анықтайды.
Мектепалды тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру
қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталған.
Мектепалды даярлық
бағдарламасының басты бағыты оқыту мен тәрбиелеуді оң түрде игеру,
баланың жеке басының дамуына бағытталған қарым-қатынас тұрғысынан
сапалы жағдайлар туғызып, қазақ тілінің, қазақ халқының бай
салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, бала өмірін қорғау және
денсаулығын сақтау, ақыл-ойының жан-жақты дұрыс
жетілуіне қажеттілігін
көрсетеді.
Балаларды мектепке дайындауда
бала бойындағы психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық
тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші рөлді атқарады. Оқу жүктемесіне бес білім
саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеумет».
Даярлық сынып тәрбиешісінің
міндеті бүлдіршіндерді жан-жақты дамыта
тәрбиелеу болса, мен өз жұмысымда мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеудің жаңа стандартын басшылыққа аламын. Баланың
қимыл-қозғалысы жеткілікті болғанда ғана денесі
қалыпты дамиды. Топта өткізілетін ертеңгілік жиындар,
шаттық шеңбері, сергіту жаттығулары осы
талаптарды көздейді. Ойын әрекеті барысында
балалардың ой-өрісі қалыптасып, сан қырлы
іс-әрекеттері дамып, жеткіншектердің жан-жақты дамуына жол
ашады. Балаларда өздерін қоршаған ортаға деген
қызығушылық сезім қалыптасады. Өз ойларын ашық, еркін
білдіруге үйренеді. Тәрбиеші балаларды Отанын сүюге, елін,
жерін қорғауға тәрбиелейді. Әсіресе сауат
ашу, тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін
көптеп пайдаланымын. Баланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде
қарым-қатынас мәдениетін дамыту, ана тілінің
дыбыстарын танып, дұрыс айтуды үйрету,оқуды меңгерту басты
мақсатым. Адамгершілік құндылық бағдарын, мінез-құлық нормасын,
тәртіптік ережесін халықтық салт- дәстүр үлгісінде қалыптастыру
бүгінгі күннің талабы.
Баланың мектепке дайын болу
жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
-
Дене бітімінің дайындығы –
баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі
мүшесі сау болуы керек;
-
Зиятының дайындығы – баланың
ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз
еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін
түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай
болуы;
-
Әлеуметтік-психологиялық
дайындық – баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, оқушы
жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен-кіші адамдармен
қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай
болуы;
-
Ерік аясының дайындығы –
баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз
кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете
білуі.
Баланың тұлғалық дамуын,
мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың
жан-жақты болып өсуін қадағалау. Баланың мектепке даярлық кезеңінде
болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу
мезгілі болып табылады. Даярлық сыныптың негізгі міндеті –
баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның
қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын
қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз
қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін
өзекті мәселе болып табылады, ал даярлық топ тәрбиеленушілері үшін
ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі
өзгереді, бала тап болған әлеуметтік топ өзгереді. Бала тек қана
сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ
мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. Әдетте,
бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе
отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі, Мұндай балалар үшін
жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, қиындықтардың ең
алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі
немесе психологиялық дайын еместігі. Осыған қоса
мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес,
сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер.
Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына
бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы
күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет
ететін тапсырмалар береді. Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның
негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім
ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және
оларды талдауды үйренеді.
Жалпы білім беретін
мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде
айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Алты жасар баланың
мектепке баруы оның өмірінде ерекше оқиға болып табылады.
Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-әрекетінде,
басқа адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен байланысты.
Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу
болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда
болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша
қалыптасады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Бейімделу
ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.
Даярлық сыныпта
тәрбиеленген балалар -өз Отаны мен туған өлкесіне деген
сүйіспеншілікте, Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтын,
қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік
қарым-қатынаста болады. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші
жанашыл, білімді, өз ісінің шебері
болуы керек десек, сәбиді жоғары деңгейдегі
білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің
бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс.
Мектепалды даярлық топ- балалардың қабілетін дамыта
отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және
өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін
пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны
тәрбиелейді.
Егер баланың мектептегі оқуға
дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез
бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Баланың
мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс
және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың,
мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық
шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін,
баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың
мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін
қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты
және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл
баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным
үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау
мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін
міндетті мәселелердің бірі болып қала
бермек.
Тәуелсіз мемлекетіміздің
бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты ұлттық білім беру жүйесін жаңа
арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау,бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жалпыға міндетті тәрбие мен оқыту
стандарты. 2012 .23 08. №1080
-
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
-
Подготовка детей к школе в
детском саду. // Под ред. Ф.А.Сохина, Т.В.Тарунтаевой. М.,
1978.