Атырау
облысы
Қызылқоға
ауданы, Тасшағыл ауылы,
Тасшағыл
орта мектебіні педагог- психологы Төкеш Жаңагүл
Әжігерейқызы
Тақырыбы: «Баланы танып, білу - ғажап
әлем!»
Мақсаты: Психология ғылымының құдіреті арқылы
адамды жан-жақты тануға, қоршаған ортаны , айналаны танып білуіне
мүмкіндіктердің шексіз екеніне көз жеткізу. Жеке тұлғаның
мінез-құлқының қырларын диогностикалау жолдарын меңгеру.
Кіріспе:
І.Жасөспірімдердің аутодеструктивтік
мінез-құлқының алдын-алу
Мінез-құлықтың бұзылуы немесе әлеуметтік
бейімдеушілік деп мінез-құлықтың әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған
формаларының пайда болуын атайды. Бұл формалар, соншалықты
әр алуан болғанымен, олар басқа
жасөспірімдермен және үлкендермен жағымсыз қарым-қатынастармен
сипатталады. «Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бәріне ортақ
негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың
өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік
айту, қатыгездік, тәртіпсіздік және т.б.),
-
Оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар
(жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық
қызығушылықтың болмауы және т.б.)
Бұл - медициналық және психологиялық
стандарттардан ауытқыған мінез- құлық.
ІІ. «Психолог та адам
баласы:
өзін –өзі танудан өзгеге көмекке
дейін..»
-
Жоспарлау
-
Зерттеу
-
Мәліметті өңдеу
-
Қорытындылау
-
Ұсыныс
-
Кері байланыс
-
Нәтиже
І. Кіріспе:
Әрбір адам - өмірге келген
қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана
сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта
болғанына не жетсін!Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда
күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара
жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға
қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады.
Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал,
кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай
құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір.
Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне
және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу
керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған
мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде
мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін,
тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді
танимыз деп ойлаймын.
Олай болса,мен бүгінгі
тренингті Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.
Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы
жырлаған мұқият
тыңдау.
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы
жырлаған?
Ендеше 2 топқа бөлінейік:
1)
Өмір 2)
Бақыт
Сұрақ:
1 топ
-Ал «өмір» деген сөзді қалай
түсінесіндер?
-Өмірдің мәні неде?
-Өмір адамға несімен қымбат?
2 топ
-Ал,бақытты қалай
түсінеміз?
-Бақыт адамға не үшін керек?
-Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта
аламыз?
Видео ролик
«Что-то
больше Ник Вуйчич», «Бақыт қайда барасың?»
ІІ. Л.Л. Шанның
суреттемесі:
«Менің жанымда кішкентай әдемі қыз ұстаған
бір еркек кісі отырды, оның жанында ер бала тұрды, ол қайтадан суға
түскісі келетінін, әкесінің доп алып беруің талап етіп, қыңқылдап
тұрды. Кетіп бара жатып, бала көзінің әкесінің тізесіне қадалып
тұрғанын байқадым.....
Ары қарай , Сіз қандай қорытындыға келер
едіңіз...
Қорытынды :
“ бала ойыншықты немесе бассейінге барғысы
келіп тұрғандығынан емес, ол өзінің қынқылымен әкесінің көңілін
өзіне аудармақшы, бала қарындасы сияқты еркелікке, махабатқа құқығы
бар екендігін көрсеткісі келіп тұр.”
Қарастырылып отырған бұл жағдайдан біз
балада - белгі-бір қажеттілік болғанын , мінез-құлқының үйлеспеу
себептерін түрлі диагностикаолық тәсілдер арқылы ашамыз. Олар -
бақылау әңгіме, проективті методикалар, мысалы «Отбасы суреті»;
аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер т.с.с. Ол ата-аналармен
Л.С.Спиваковсканың суреттеуінше «менің баламның суреті»; «мен
ата-ана ретінде»; т.с.с әдістер қолданылады. Сонымен қатар
балалардың эмоционалды бұзулыуының пайда болу себебіне, оны білуге
ата-аналардың балаларына әсері отбасылық тәрбиесі мүмкіндік
береді.
ІІІ. Сіздің аяушылық қабілетіңіз. «Итке
көмектесейік»
Мақсаты: Сіздің
жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді
анықтау.
Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның
бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не?
Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның
көңіл-күйін қалай көтересіз.
Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек
емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар,
соны салыңыздар.
Тестінің кілті.
-
Егер сіз иттің жанынан басқа жануарды
салсаңыз онда сіз ең негізгі көмек деп адамның айтқанын ең соңына
дейін тыңдайсыз, ішіндегісін шығартып жеңілдетесіз. Сіз әрдайым
араласатын адамдарыңыздың қиындыққа түскенін сезесіз және өз
ақылыңызбен көмектесесіз.
-
Сіздің салған жануарыңыз иттен үлкен
болса, онда сіздің менмендігіңізді көрсетеді. Сіз елге көмек беруге
қарсы емессіз, оның санасыздығы мен тоғышарлығын өзгертуге
ұмтылмайсыз.
-
Егер сіздің салған суретіңіз иттен кіші
болса, онда сіз ешқандай көмек бере алмайсыз. Әрине сіздің
жанашырлығыңыз шынайы, бірақ қажетсіз.
-
Егер де иттің жанына сіз адамның
суретін салсаңыз, онда сіздің салқынқандылығыңызды және
бірыңғайлығыңызды білдіреді. Сіз өзгенің күйзелісі мен мәселесіне
барынша кірісіп кетесіз, бұл әурешіліктің сізге керегі
жоқ.
-
Егер сіз иттің жанына үйшіктің немесе
ұяшықтың суретін салсаңыз, онда сіз қиындыққа түскен адамның
барлық адамдарды қорғап пана бола аласыз. Сіз жауапкершіліктен
қорықпайсыз және берген уәдеде тұрасыз. Айналаңыздағылар кез-келген
жағдайда сіздің көмегіңізге сүйенеді.
-
Егер сіз иттің мойнына, иегіне, тұмсығына
көңіл бөлсеңіз, онда сіз қиындыққа түскен адамның шаруасына
араласпағанды ұнатасыз. Өзгенің мәселесі сіздің өміріңізді
қиындатпауы керек және адам өзіне-өзі көмек көрсету арқылы қиын
жағдайдан шығуы оның жеке ісі деп есептейсіз. Ал сіздің жалғыз
берер көмегіңіз бұл ақшалай, әрине қарызға бір-ақ рет.
-
Тамақтың (сүйектің, қалдықтың) суретін
иттің жанына салатын болсаңыз, онда қиындыққа тап болған адам
сізден көмек сұрамаса да, сіз оған көмек көрсетесіз.
Айналаңыздағылардың азаптанып, қиналғанын көре тұра қол қусырып
қарап отыра алмайсыз, қайткенде де көмек көрсетуге тырысасыз.
Кейде сіздің көмегіңіз түкке де аспай қалады, әрине қарап тұрғаннан
бұл да жақсы. Иттің айналасына көп заттардың суретін саған өте
жақсы. Онда сіздің көмегіңіз жан-жақты болуы мүмкін.
ІV.
«Ине
мен жіп» жаттығу
Мақсаты: Өзіне деген
сенімділігі артады,мазасыздану күйінен
арылады.
Нұсқау: Қатысушылар арасынан
жүргізуші таңдалады.Ол «иненің» ролінде болып, орындықтардың
арасымен жүреді.Ал басқалары «жіптер» «иненің» артынан жүріп
отырады.
( Бұл ойында топта
тұйық,қысымда жүретін бала болса, сол баланы ине етіп
қоямыз,Себебі,ол балаларды өзінің ізінен ерту арқылы бойында
коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілетін дамуына әсер
етеді)
V. «Тазару» жаттығуы
Мақсаты: сананы тазарту, өзіне деген
сенімділікті арттыру.
Стақанға су құйып төбемізге қойып, Мен өмір сүруіме кедергі
келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық ескі
реніш , өкпелерден құтылғым келеді .Мен өз қалпымдамын . Өз өмірім
өз қолымда. Өкпені ұмыттым , кештім деп суды төкпей әрі-бері
жүру.
VІ. Қорытынды
Шыдамдыны мына өмір
ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия
шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей
отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды тілек музыкамен
аяқтайық.
Психолог әлемі- ізгілікке,
адамгершілікке қозғалып, ұмтылады. Психологтар әлемінің
кейіпкерлері болып – жақсылық пен жамандықтың күресінде саналы
таңдау мүмкіндігі бар, текетірестен өзінің қалауымен шешім
қабылдайтын, өзін еркін сезіне алатын адамдар табылады.
Балалармен жұмыста әр баланың жан дүниесін
ескеріп,оларды тұлға деп танитын, ол қандай-солай
қабылдайтын,
ТҮСІНІП, ҚАБЫЛДАП , КЕШІРІП, МАХАББАТҚА
бөлейтін адам- ПСИХОЛОГ!