Материалдар / БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада баланың әлеуметтік – эмоционалды дағдыларын қалыптастыру арқылы адами құндылықтарға тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік – эмоционалдық дағдылардың мақсат – міндеттері анықталып, адами құндылық ұғымына түсініктер беріледі. Мектепке дейінгі білім берудің стандартына сәйкес әлеуметтік – эмоционалды дағдыларды қалыптастыру – баланы жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға тәрбиелейіз, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2023
391
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Секция 1: Қазақстандық қоғамды жаңғырту аясында мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру


Павлодар қ., Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті

Тойлат Н.


ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Расола А.

БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Аңдатпа. Бұл мақалада баланың әлеуметтік – эмоционалды дағдыларын қалыптастыру арқылы адами құндылықтарға тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік – эмоционалдық дағдылардың мақсат – міндеттері анықталып, адами құндылық ұғымына түсініктер беріледі.

Мектепке дейінгі білім берудің стандартына сәйкес әлеуметтік – эмоционалды дағдыларды қалыптастыру – баланы жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға тәрбиелейіз, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырамыз.

Кілт сөздер: адами құндылықтар, әлеуметтік-эмоционалдық дағдылар, мектепке дейінгі тәрбие, бала тәрбиесі, тұлға.


Аннотация. В данной статье рассматривается проблема воспитания у ребенка человеческих ценностей через формирование социально – эмоциональных навыков. Определены цели и задачи социально – эмоциональных навыков детей дошкольного возраста, даны понятия человеческой ценности.

Формирование социально-эмоциональных навыков в соответствии со стандартом дошкольного образования - одна из задач всестороннего развития ребенка. Через формирование социально-эмоциональных навыков воспитываем детей в социокультурных нормах, формируем в них духовно-нравственные ценности.

Ключевые слова: человеческие ценности, социально-эмоциональные навыки, дошкольное воспитание, воспитание детей, личность.


Annotation. This article discusses the problem of introducing a child to human values through the formation of socio – emotional skills. The goals and objectives of social and emotional skills of preschool children are determined and the concept of human value is given.

The formation of socio – emotional skills in accordance with the standard of preschool education is one of the tasks of the comprehensive development of the child. Through the formation of socio-emotional skills, we educate children in socio-cultural norms, form spiritual and moral values.

Keywords: human values, social and emotional skills, preschool education, child education, personality.


Бала тәрбиесі қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала тәрбиесі жайында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің керемет сөзі бар. Бұл сөзді қағиданы әркім әр түрлі қабылдайды, түсінеді. Бұл жерде тәрбие жайлы айтылып тұрғаны сөзсіз. Тәрбие беруде басты ұстанымымыз адами құндылықтарға баули отырып тәрбие беру. Адами құндылықсыз тәрбиенің маңызы жоқ. Адами құндылықтарға тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның адами қасиеттері қалыптасады.

Адами құндылықтарды бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Сондықтан, ата- бабамыздан келе жатқан салт- дәстүрлер балаларға тәрбие беруде үлкен қазынамыз. Әрине, біз қашанда балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру – басты парыз дейміз. Бірақ сол тәрбие беруде үнемі кеш қалатынымыз ешкімді ойландырар емес. Ата-бабамыз баланың тәрбиесі бесіктен бастау алатынын айтудай-ақ айтқан. Бірақ көбіміз бүгінгі ұрпақтың, яғни ертеңгі ел тірегінің ақыл-парасаты мол, мәдениеті озық, саналы өсуі, оның кейін есейгенде жияр біліміне ғана байланысты емес, ең алдымен құрсақтан берілетін иманды әдет-ғұрып, өнегелі салт-дәстүр, ұлттық болмыспен келетін тәрбие көзінде жатқанын ескере бермейміз. Адам баласы туған елінің, халқының мүддесіне сай еліне қызмет ете алуы керек.

Ата бабамыздан біздердің ұғымымызда «адал кәсіп», «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді. Ұрпақты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, иманды болуға адамгершілікке баулу. Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек. Азаматқа қойылатын басты талап-адамгершілік пен адалдық. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және азаматтың ең биік мұратына жетелейді. Бұл ізгі адамгершілік қасиеттері адамды мейірімділікке, Отанын, жерін, жанұясын құрметтеуге бағалауға сүюге үйретеді. Адам баласының бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттер болмаған жағдайда, адам өз-өзінің құнын білмейді, сыйламайды. Адам бойында жағымды иманды қасиеттер көп болса, ол адамның жолы ашық болмақ, оған бақ та, дәулет те қонады деп жатамыз, жастарды жақсы қасиеттерге үйрету жағымсыз қасиеттерден арылту қажет. Кез келген адам өзіне қымбатты болып танылатын, өзі үшін өте құнды деп есептелетін нәрсесін қаншалықты бағаласа, құрмет тұтса, барынша жақсы көріп сүйіспеншілік танытса ғана бұны нағыз намыс екенін түсінеміз. Ар-намыс абырой – бұл адамның беделі, қадір қасиеті. Азамат әркез өзінің қасиетін жоғары қойып, бағалап қастерлей білуі, қорғауы қажет. Адам өз бойына ар-намыс, ұят, адалдық, әділдік, сыпайылық сияқты құндылықтарды сіңіре білуі қажет.

Мектеп жасына дейігі балалардың бойында адами құндылықтарды қалай қалыптастырамыз деген мәселеге келетін болсақ, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру стандартындағы берілген балалардың бойында қалыптасуы тиіс білім, білік, дағдыларды саралап алуымыз қажет. Яғни, осы адами құндылықтарға баулу дағдылары стандарт бойынша «Балалардың әлеуметтік – эмоциялық дағдыларын қалыптастыру» міндеттеріне жатқызылған.

Әлеуметтік – эмоциялық дағдыларын қалыптастыру – қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.

Мектепке дейінгі білім берудің стандартына сәйкес дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру – баланы жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі. Бала бойына сіңдіріп алған дағдылар ұзақ уақыт сақталып, халық даналығы айтқандай, екінші табиғатына айналады. Олардың көбі мектепке дейінгі жаста қалыптасып, бүкіл өмірге қалады. Басында айтып өткендей балаларды адами құндылықтарға тәрбиелеу үшін әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру керек.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу; өмірдегі жағдайларды шешу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз отбасының мүшесі екенін сезіну, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру; тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды, моральдық нормалардың талаптарына жауап беретін іс-әрекеттерге; Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, заттар, жанды және жансыз табиғат құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейту, креативтік ойлауды дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.

Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту:

  1. балалардың сезімдері мен эмоцияларын қабылдау, тану және қолдау;

  2. баланың және айналасындағы адамдардың сезімдерін сөзбен жеткізу;

  3. өзіне және айналасындағы адамдарға қамқорлық танытуға қолдау көрсету;

  4. балалармен мәнді өзара қарым-қатынас орнату;

  5. командада жұмыс істеу;

  6. балалардың түрлі іс-әрекетінде топтағы қарым-қатынасты, бастаманы және дербестікті қолдау;

  7. балалармен мазмұнды диалог жүргізу;

  8. еркін ойын кезінде балаларға пікірлерін айтуға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылады[1].

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

Мақсаты жалпы адами нормалар мен ережелер және экологиялық білім негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

-ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

  • отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

  • құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;

  • туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;

  • танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;

  • табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру;

  • қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтау[2].

Құндылық— белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады[3].

Ар-намыс, қадір-қасиет, абырой және адамның беделі – адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары. Көне заманнан адамның бойындағы адалдық, әділдік, азаматтық, ауызбіршілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттердің бағасы жоғары болған.

Біздің қазақ халқы қанға сіңген табиғатында көпшілдік, дарқандылық, кеңдік сияқты қасиеттермен ерекшеленеді, балаға, жас буынға талбесіктен бастап адамгершілік, адалдық, әділдік, намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп, тәрбиелеген. Отбасындағы ұл мен қыздың бойындағы адами құндылықтар болып табылатын адалдық, ар-намыс, қадір-қасиет, ұят, жомарттық, әдептілік сияқты асыл қасиеттердің барлығы тәрбие түсінігімен байланысып жатқандығын байқаймыз.

Баланың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыру арқылы адами құндылықтарға тәрбиелеуде халық педагогикасының қарастыруға болады.

Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

Қорыта айтқанда, адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік, адал болу, алдамау, шыншыл болу сияқты адами қасиеттерді ұжымдық ортада бойына сіңірген, тәлім-тәрбиесіне, ішкі жан дүниесіне, біліміне, таза жұмыс істеуіне, еңбек етуіне байланысты ұштаса отырып қалыптастырған балаларды тәрбиелеу Қазақстандық қоғамды жаңғырту аясында өнегелі ұрпақ тәрбиелеудің міндеттерінің бірі болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі — болашақтың тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды» демекші, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 3 тамыз 2022 жыл, № 348. // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031

  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. 2016 жыл 12 тамыз, №499. // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ