Материалдар / "Баланың бас ұстазы ата-ана!"тренинг-сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Баланың бас ұстазы ата-ана!"тренинг-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымының ата -аналарына арналған тренинг-сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2024
268
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тренинг-сабақ

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы – ата - ана!»

Педагог-психолог: ______________________









«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазалы ауданының оқушылар үйі» коммуналдық мемлекттік қазыналық кәсіпорны»

Педагог – психологы Сарқыт Матай Құрманғалиқызы

Тренинг тақырыбы: «Баланың бас ұстазы – ата - ана» атты тренингі

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Сәлемдесу» жаттығуы; Табан іздерін басу арқылы, балаңыздың жақсы қасиетін айтып кіру, әр түрлі жесттер мен амандасу

  2. «Шаттық шеңбері» танысу

  3. Бейнероликтер тамашалау

  4. Coffee break (сұрақтар тарату)

  5. «Қызықты сұрақтар» әдісі аналар балалары туралы қызықты сұрақтарға жауап береді. (додэкатор)

  6. «Анама хат» әдісі бойынша балаларының жазуын тану және балаларының аналарына деген махаббаттарын білу.

  7. Сиқырлы қағаз әдісі: Баланың өзін-өзі бағалау дәрежесін жоғарлауын көтеретін сөздер. ( А4 параққа жазу жазып, Ас содо су араластырып ақ параққа сөз жазамыз,Спирд пен куркума қосылған сұйықтықты дайындап алып кистичкамен жаңағы ақ парақты бояймыз. Сонда ол жазу шығады) Сен мейірімдісің!

Сен ақылдысың!

Сен құндысың!

Менің Алтыным!

Сергіту сәті.

  1. Берілген әріптер бойынша балаларын еркелету

  2. «Ашық айтсам…» жаттығуы;

Рефлексия; (кері байланыс) дисктер

Қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Баланың бас ұстазы – ата – ана!» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер!

1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

Психолог сөзі: Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. Мектеп қабырғасындағы «Ата-аналар жиналысы» деген ұғым әрбір оқушы мен ата-ана үшін жақсы таныс. Дегенмен қазір ата-аналар жиналысы десе, үйдегілердің шеке басы тырысып, қаша бастайды. Ол ата-ананың баласына деген селқостығы емес, мектептегі жиналыстың өз деңгейінде өтпеуі.

Ата-аналар жиналысы не үшін керек?

балалар туралы қысқа әрі нақты ақпарат алу үшін;

үйірме ішімен таныстыру, оқушылардың қандай кеңістікте білім алатынан көрсету;

ата-аналарға балалары туралы толық ақпарат беру. Оның ішінде денсаулығы турасында, тәртібі, білім сапасы, сөйлеу мәдениеті мен өзін ұстау дағдысын айту үшін;

демалыс кезінде бос уақытты тиімді пайдалану үшін пайдалы кеңестер алу үшін;

оқушылар арасында орын алған қатыгездікке жол беретін жайттарды айта отырып талқылау, алдын алу үшін;

балалардың жетістігі мен шығармашылығы туралы айту үшін;

психологиялық тренинг ретінде өткізе отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін;

Баланың бас ұстазы ата – ана! Аналар балаларына жауапкершілікпен қарау керек. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ата – ананың міндеті. Енді сол үшін ата – ана мен мұғалім бірігіп жұмыс жасауымыз қажет.

3. Бейне роликтер тамашалау. (Мотивация, бала қауіпсіздігіне байланысыты )

4. Coffee break (сұраққа жауап) ой жинақтау:

  • Ата –аналарға сұрақтар беріледі, сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

  • Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайларды атаңыз.

  • Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлерін атаңыз

  • Бала үшін жетекші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  • Оқушылар үйінде қандай үйірмелер ашылғанын қалайсыз?

  • Үйірмеге баланы қызықтыру үшін не істер едіңіз?

  • Балаңыз үйірмеге енді қатыспаймын десе, не айтар едіңіз?

  • Балаңыз үйірмедегі апайын жамандап келді, сіздің әрекетіңіз...

  • Оқушылар үйінде сіздің көңіліңізден шықпайтын нәрселер барма?

  • Балаңыз үйірмеден кешігіп келді...сіздің әрекетіңіз...

  • Басқа да қосымша үйірмелер бар екенін білесіз, алайда оқушылар үйінің ерекшелігі қандай?

5.Сиқырлы қағаз әдісі: Баланың өзін-өзі бағалау дәрежесін жоғарлауын көтеретін сөздер. ( А4 параққа жазу жазып, Ас содо су араластырып ақ параққа сөз жазамыз,Спирд пен куркума қосылған сұйықтықты дайындап алып кистичкамен жаңағы ақ парақты бояймыз. Сонда ол жазу шығады)

Сен мейірімдісің!

Сен ақылдысың!

Сен құндысың!

Менің Алтыным!

6. «Ашық айтсам…» жаттығуы:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Тренингтің жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________

Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________

Қолы__________________

8. Рефлексия: (кері байланыс) дисктер

Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан даосы тренинг-сабақта айтылған психологиялық кеңестермен бейнероликтерден тамашалаған сюжеттерді есімізде ұстайық.


Тренингтен суреттер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!