Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, «Балдырған» ясли бақшасы, педагог – психолог
Кыстаубаева Жанат Жумагелдиевна
Баланың психологиялық
дамуындағы денешынықтыру іс – әрекетінің
рөлі
Баланың дамуына
қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән
ерекшеліктерімен,
оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың
жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім
мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық
ерекшеліктердің жиынтығымен
сипатталады.
Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі
механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин анықтаған. Олардың құрған
теориясы бойынша жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас
жасаудың даму деңгейі бөлімдерің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі
арасындағы
байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің
осы екі
түрліше жақтарының арасындағы
өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте
маңызды ішкі негізін «қозғаушы күшін» құрайды. Мысалы, баланың ерте
сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге
қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым-қатынастар
жүйесі негізінде
бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі
ұғымдар қарастырылады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері
байиды, тілі жетіледі т.с.с. Осының барлығы баланың дербес іс-әрекеттер
жасау мүмкіндігінің кеңейюіне, демек, айналасындағылармен қарым-
катынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы осы
кезеңіндегі
психикалық даму барысының жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала
енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын
болады). Бала өз
бетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу барысында көптеген
заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін терең және жан-жақты меңгере
бастайды.
Баланың мектепке даярлығын
анықтайтын 5 бағыт: танымдық, қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға
ынтасы, көңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы – мектептік кемелді
құрайды [46, 48].
Жалпы дене
дамуына баланың дене бітімінің -
бойы, салмағы, бұлшық ет толысуы, көкірек қуысының көлемі, тері
жамылғысы т.т. қалыпты мөлшерге сәйкес келуі және көз жанары,
естуі, қымил-қозғалысы, әсіресе қолы мен саусақтарының нәзік
қимылы, жүйке жүйесінің қозу мен тежелу жағдайы, сондай-ақ жалпы
денсаулығы жатады (Р.В. Овчарова, М.Р. Битянова, А.Л. Венгер)
[47].
Баланың өсуі және
биологиялық жетілуі – баланың физикалық және психикалық дамуы деп
аталады.
Баланың физикалық
дамуын бағалау үшін төмендегілер
қажет:
Баланың физикалық
дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының
өсуі.
Физикалық дамуы
қалыпты болуы және қалыс қалуы
мүмкін.
1 жасқа дейінгі
балаларды горизонтальды
таразыда, 2жастан жоғары
вертикальды
таразыда
жүргізеді
1-жасқа дейінгі балалардың
бойын горизонтальды.
1 жастан үлкен балалардың
бойын вертикальды
бой өлшегішпен
анықтайды.
Денсаулық
топтары.
Балалар денсаулығының жағдайына
байланысты 5 топқа
бөлінеді.
І топта денсаулығында ауытқулары жоқ,
бақылау уақытында ауырмаған
балалар.
ІІ топта – жиі ауыратын балалар,
морфологиялық жетілмегендігіне байланысты функциональды ауытқулары
бар балалар.
ІІІ – V
топта – созылмалы аурулары немесе ақаулары бар
балалар компенсация, субкомпенсация,декоменсация
жағдайларында.
І топтағы балаларға келесі алдын алу
шараларды жүргізіледі:
А – күн тәртібін
сақтау.
Б – тамақтану рационын
кеңейту.
В –
шынықтыру
Г –
егулер.
Д- календарлы
диспансеризация
Е – лабораториялық
тексерулер.
ІІ – топтағы балаларға арнайы сауықтыру
шаралары жүргізіледі.
ІІІ – V
топтағы балалар диспансерлік есепке алынады. №
30Форма толтырылады, педиатр және басқа мамандармен
бақыланады.
Қоршаған ортаны жас бала сезім
органдары арқылы тани бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін ми
қабыршығының жетілуімен қатар сезім мүшелерінің жақсы дамуы
шартты. Олар, иіс тану, көру, сезу, есту, дәм
түйсігі.
Жаңа туған баланың
иіс тану қабілеті
жақсы дамыған. Әртүрлі иіске ол түшкіріп, бет
әлпетін құбылтады. Нәрестенің туа салысымен көру қабілеті болады.
Бірақ, көз қозғалысы үлеспеген және жиі қыли болып келеді. Бұл
қылилық бала әртүрлі әсем жылтырақ заттарға көзін тіге бастағанда
кетеді. 6 айдан бастап түрлі-түсті
ажыратады.
Есту
қабілеті. Туа сала нәресте тек қатты
дыбыстарды естиді, 2 жұмадан бастап өз анасының дауысын ажырата
бастайды, ал 6 айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп
ұрысқанға жылайды, жылы сөзге
күледі.
Дәм айыру
қабілеті туғаннан бастап жақсы дамыған
(қант қосқан суды жақсы
ішеді).
Дене
сезімі өте жақсы дамыған шымшу,
түрту, жоғары температура тағы басқа факторларға тыжырынып,
қозғалып, жылап жауап қайтарады. Баланың орталық нерв жүйесі тез
қозғыш және тез тозғыш. Жаңа ортаға, жаңа жүздерге бала әсершіл
болады, бірақ, біраздан кейін бала шаршап мазасызданып кетеді.
Баланың бірқалыпты жайбарақат нерв жүйесінің қалыптасуы үшін
сабырлы орта керек.
Мектептік оқуға жетілу баланың
физикалық және психикалық дайындығынан анықталады. Әлеуметтік
жетілу – бұл қоғамдық жүйеде орнының ауысуына баланың дайындық
дәрежесі, яғни оқушы жағдайын қабылдауы. Бала алғаш рет өзін оқушы
сезініп, әлеуметтік қоғаммен қарым-қатынас жасайды. Мектептегі
сынып оқушыларымен және мұғаліммен тіл табысу белгілі – бір
қоғамдық мәселені өзі шеше алуы болып табылады. Нақтырақ айтсақ,
қоршаған орта қоғамымен қарым-қатынас жасай отырып, оқу
процесіндегі өзіне қатысты мәселені
шешеді.
Танымдық
даярлық мазмұнына баланың сөздік
қоры, көзқарас деңгейі, арнайы іскерліктермен қоса, танымдық
процестерінің даму деңгейі, олардың «жақын арадағы даму аймағына»
бағытталуы, көрнекі-бейнелік ойлаудың жоғары деңгейлері, оқу
міндетін ерекшелеп бөле алуы мен оны әрекеттің дербес мақсатына
айналдыра алу іскерлігі жатады. Оқу үшін танымдық жақтар барабар
және өзіндік ерекшеліктерге сай болатын болса, оқуға деген
коммуникативті дайындық үлкендермен араласудың мотивтерімен
қамтамасыз етіледі деп айтуға болады
[48].
Еріктік
даярлық – бала алдына мақсат
қойып, шешім қабылдап, іс-әрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыруға
күш жұмсай алса, осы жолда кездескен кедергілерді жеңсе –
қалыптасқан деп есептелінеді. Ерік-жігердің басты
мәселелерініің бірі болып адам өз өмірінің түрлі кезеңдерінде
қабілетті болатын нақты еріктік әрекеттер мен қимылдардың
мотивациялық шарттылығы туралы мәселе табылады. Сондай-ақ мектеп
жасына дейінгі баланың еріктік регуляцияларының интеллектуалдық
және моральдық негіздері туралы мәселе де шешуді талап
етеді.
Көңіл-күй
даярлығына «оқушының ішкі жағдайы»
деп аталатын жаңа әлеуметтік қатынастың; оқу әрекеті үшін қажетті
адамгершілік қасиеттер тобының; сондай-ақ баланың құрдастарымен,
үлкендермен қарым-қатынас сапасының қалыптасуы
жатады.
Баланың оқуға ынтасы, ықыласы
мектепке психологиялық даярлық диагностикасы бағыттары
мазмұнындағы мотивтік
даярлықты құрайды.
Баланы мектепке психологиялық
жағынан даярлығы міндетті түрде баланың биологиялық жасымен тығыз
байланысты. Мектептік кемелді анықтайтын бағыттар ішіндегі баланың
дене күші даярлығы бағыты тікелей жас мөлшеріне тәуелді. Білім
игеру барысында аса қажет жазу –сызуды меңгеру үшін қолдың
саусақтарының нәзік қимылы, икемділігі, тісеу барысы, бойы мен
салмағының мөлшері – осының бәрі баланың нақты жасын көрсететін
биологиялық жетілу белгілері
[40].
Мектепте оқуға
жетілуге әсер ететін жағдайлар
қандай?
Біріншіден, даралық ерекшелік.
Оған жас мөлшері тәуелді
емес.
Екіншіден, мектепке дейінгі
даярлық. Ол жүйелі түрде жүргізілген жағдайда баланың танымдық
белсенділігі мен оқуға деген ынтасы, мінез-құлқын игере алу, ерік
күшін бағыттай алу іскерліктері
қалыптасады.
Үшіншіден, жас ерекшелігі. Жас
мөлшері биологиялық кемелдің көрсеткіші, сондықтан да бүгінгі таңда
мемлекетімізде бірінші сыныпқа қайтадан жеті жастан қабылдау, алты
жасарларды жаппай мектеп алды даярлығынан өткізу
ісі жүргізілуде.
Қорыта келе, спорт нұсқаушысы,
медбике және психолог баланың дұрыс дамуына өте тығыз байланысты
болуы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы.
2015.
-
Выготский Л.С. Сөйлеу мен
ойлаудың дамуы. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 1 т.
Алматы: 2005.
-
Нұрмұхамбетова Т.Р.
Тәжірибелік психология. 4 томды. Шымкент:
2006-2009.
-
Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана.
Тұлға. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т.
Алматы, 2005.