Материалдар / Баланың тілін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың тілін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі ең алдымен ата-ана болып табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға үлкен пайда болуы сөзсіз. Екінші тылсым күш бұл- тәрбиешілер. Демек, тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы алмасу – ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осылай бірлесе еңбектеніп қана баланың тілін, ой-өрісін кең дамыта отырып мақсатымызға жететініміз анық.
Авторы:
26 Желтоқсан 2023
145
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың тілін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі


Қазіргі жаһандану заманында оқушыларға заманауи талаптарға сай білім беруге, олардың халықаралық тілдерді білуіне, техника тілін меңгеруіне жоғары дәрежеде көңіл бөлініп отыр. Алайда оқушылардың өздерінің ана тілдерінде шешен сөйлеп, шебер жазу, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау, ана тілдің барлық қыр-сырын жетік меңгеру, ұлттық таным негізінде тәрбиелеу талабы да бұрынғыдан асып түспесе кем түспесі анық. Жаңа инновацияларға негізделген білім беру деген дәстүрлі білім негізін тәрк ету, өзге тілді білу деген өз ана тіліңді ұмыту деген сөз емес. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!!!». Міне, бұл қағидат барлық азаматтың өмірлік ұстанымына айналатындай тәрбие бергеніміз жөн. Осы ретте оқушыларға ана тіліміздің қадыр-қасиетін жете ұғындыру, сөздік қоры аса мол әдеби тілімізде сауатты жазып, шешен де мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдіру бүгінгі күнгі заман талабы ретінде күн тәртібінен жетекші орын алады. Қазіргі оқушы – ертеңгі маман. Ол қай салада жұмыс істесе де, өзінің ана тілін еркін меңгеріп, оның бүкіл мүмкіндігін толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ана тілінде, өзге ұлт өкілдері үшін мемлекеттік тілде диалог құра білу, өзгеге өзі туралы әңгімелей білу, яғни күнделікті өмірде функционалдық сауаттылықтарын дамыта білуге үйренеді. Осындай талаптарды жүзеге асыру үшін, яғни қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін, сөйлеу мен жазудағы негізгі заңдылықтарын толық түсіндіру қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәніне қосымша курстарды қажет етеді. Тәрбие басы – тал бесіктен болса, білім негізі – бастауыштан. Сол себепті бастауыш сыныпта «Тіл дамыту» курстарын өткізу аса қажет болып табылады. Бұл курс қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен алған теориялық білімдеріне қосымша тақырыптарды меңгертеді және меңгерілген мәліметтерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйретеді. Өйткені қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, яғни сабақ барысында алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу, іс жүзінде пайдалана алу мәселесі өте өзекті болып саналады.

Ұлы педагог В.И Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, ойын арқылы баланың ақыл- ойы, сөздік қоры толыға түседі.

Мектепте оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста дидактикалық ойындар арқылы қолдана білуге ерекше мән берілген.

Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде дидактикалық ойын арқылы балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып

балалардың сөздік қорларын дамытамыз;

жаңа сөздерді меңгертеміз;

үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз;

Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындар, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде дидактикалық ойындар –баланың шын тіршілігі. Дидактикалық ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Дидактикалық ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- дидактикалық ойындар арқылы тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мен балалармен дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп –есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Дидактикалық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз — баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітетін нәзік нәрсе.

Дидактикалық негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,байқампаздығын, еске сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болса, сол ойындардан үлкенде мәнді, мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандайда бір өнердің бастауы деп білеміз.

Балалардың сөздік қорларын дамытуда дидактикалық ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар.

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата»,

Баланың сөйлеу мәдениеті әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оның пайда болуы және қалыптасуы баланың қатынас қажеттілігінен туындайды. Қарым-қатынастағы қайшылықтар баланы тілді білу қабілетін ұштауға, сөйлеудің жаңа формаларын білуге жетелейді. Жас ерекшеліктерін, баланың қабілетін ескере отырып, баланың ересектермен қарым-қатынасы арқасында нәтижеге жетеді, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі ең алдымен ата-ана болып табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға үлкен пайда болуы сөзсіз. Екінші тылсым күш бұл- тәрбиешілер. Демек, тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы алмасу – ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осылай бірлесе еңбектеніп қана баланың тілін, ой-өрісін кең дамыта отырып мақсатымызға жететініміз анық. Сонымен бала тілінің дамуы сабақ барысындағы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оқытудың бұндай жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Демек функционалдық сауаттылығы жоғары ұстаздан жан-жақты дамып жетілген оқушының шығары анық. Сөйтіп, ұстаздар қауымына деген талапты күшейте отырып, оқушыға қазіргі заманға сай, бүгінгі талаптарға жауап бере алатын тұғырдан білім беру қажет.

Ұлы ойшыл Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» дегеніндей, олардың негізгі әрекеті ойынды сабақ барысында тиімді қолдану арқылы балалардың материалды игеруге деген қызығушылықтарын арттырамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007ж

  2. Дүкенбаева Ғ.С. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: Алматы. Рауан, 1992.-60 б.

  3. Л.П.Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев, Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 б.

  4. «Отбасы және балабақша» 2010 ж №5 12 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!