Материалдар / Баллдық жүйе мен жұмыс жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баллдық жүйе мен жұмыс жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабаққа қолдануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2024
168
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баллдық жүйемен жұмыс жасау.

Ұсынған:

Зайтова Рабиям Аюпжановна - № 156 ЖББМ география пәні мұғалімі.


Бұл жүйені әсіресе ауылдық мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытуда қолданған өте тиымды. Бұл жүйе барысында оқушылардың барлық жұмыстары тиянақты рет ретімен жүргізіледі. Сабаққа деген қызығушылығы пайда болып, сынып арасында бәсекелесіп сабақ оқиды. Мен география пәнін мысал ретінде ұсынып отырмын.

Жүйе 5 этаптан тұрады:

  1. Оқушылардың кітап, дәптер, атлас және контур картасы тексеріліп балл қойылады. Мысалы кітап негізгі оқу құралы болғандықтан 2 балл, дәптер 1, атлас 1, контур карта 1 балл. Яғни 1- этап бойынша 5 балл жинау керек.

  2. Өткен тақырып бойынша жазылған қысқаша конспект, сүрет, таблица, схема және контур картамен жұмысы тексеріліп балл қойылады.

  3. Сабаққа қатысуы ( тақтаға шыққан оқушыға сұрақ қояды немесе мұғалімнің қосымша (өткен тақырып бойынша) қойған сұрақтарына жауап беріп балл жинайды.

  4. Үйге берілген тапсырма бойынша жауабына қарай балл қойылады. ( параграф бойынша)

  5. Тәртібіне балл қойылады. ( «тәртіп жоқ жерде білім жоқ» демекше осыны да ескерген дұрыс, әсіресе ауылдық мектептерде)

Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында оқушылардың дәптерлері де тиянақты болады. Мысалы 1-ші апта тек дәптердің бар жоқтығына балл қойылса одан кейін дәптердің қапталуы, тазалығы, беттердің түгелдігі ескеріледі. География пәнінде қалың дәптер арналғандықтан тоқсан аяғында беттерінің жұқарғаны көп байқалатын оқиға. Мұғалім тарапынан беттері саналып дәптер ортасына қол қойылады яғни оқушы қол қойылған бетті алмайды.

Енді сабақта кітапсіз отыру үлкен сыныптарда көп байқалады. Кітап дәптер жүйелі тексерілсе оқушы соған дағдыланады. География пәнінде сүрет, таблица, схемалар көп беріледі. Яғни біз оларды салып немесе таблица,схема сызып келуді айтамыз. Себебі «Мың көргеннен бір естіген жақсы» демекші оқушылар есінде мұғалім айтқаннан көрі салған сүреті немесе сызған таблица, схема, диаграмма барысында көп есінде сақталады. Адам баласында есту қабілиетінен көрі, көру қабілиеті жақсы дамыған. Егерде баланың жасаған жұмысы ескеріліп бағаланбаса бала кейінгі сабақта орындамай келеді. Салған сүретіне, сызғын жұмысына баға қоюға болмайды. Сол себепті біз балаға балл қою арқылы оның еңбегін ескереміз. 3- этапта бір біріне сұрақ қою арқылы барлық бала сабаққа қатысады, және де өзі қойған сұрағын міндетті түрде білу керек. Тақтадағы оқушы жауап бере алмаған жағдайда өзі жауап береді. Қойған сұрағына қарай балл қойылады. Сұрақ өткен сабақтардан да қойылып тұрғандықтан өткен сабақты еске алып, білмеген сұрағына жауап алу арқылы есіне түсіреді.

Бұл жүйені қолдану барысында оқушылардың біріншіден оқу құралдары тиянақталады. Сабаққа деген қызығушылығы артады балл жинау мақсатында бәсекелесіп оқиды. Балл қою әр этап бойынша 1 ден 5-ке дейін бағаланады. Апта соңында баллдары саналып, сыныпта лидер және ең нашар оқушы анықталады. Лидер оқушыны сынып ішінде қол соғу арқылы құттықтайды. Лидер оқушы 1 аптада 45-50 балл жинау керек. Сабақ аптасына 2 рет болған жағдайда, яғни 1 сабақта әр этап бойынша 5 балл, жалпы 25 балл жинау керек. 4 ке оқитын бала 35-40 балл жинау керек. 3-ке оқитын бала 30 балл. Одан төмен болса бағасы 2. Сыныптағы ең нашар оқушы деп жарияланады. Ондай жағдай өте сирек кездеседі. Себебі ол оқушы оқу құралдарын әкелмеген, тәртібі нашар, дәптерінде жазулар жоқ оқушы деген сөз.


Балл қою төмендегідей таблицаға түсіріледі.






Оқушының

Аты жөні

Кітап, дәптер,

атлас

контур карта

Схема,

таблица,

сүрет,

конспек-та,

контур картамен

жұмыс

Сабақ-

қа

қаты-суы.

Үй тапсыр-масы

(пара-граф

бойынша)



Тәр-

тібі

Балл

есебі

апта

бойын-

ша.

Күні

Күні

Күні

Күні

Күні

Күні

3қырк

5қырк



3қырк

5қырк



3қырк

5қырк



3қырк

5қырк



3

қырк

5қырк



1апта




1

Алаев Е

3

5



5

5



5

5



5




5

5



43




2


























3


























4


























5


























6


























7



























Таблицада мысал ретінде алынған оқушының жинаған балдарына тоқталсақ:

3- қыркүйек күні оқу құралдарының бар жоқтығына қойылған баллы 3, себебі атлас және контур картасы жоқ. Келесі сабақта бәрі бар.

Жалпы 43 балл жинаған яғни жалпы баллдан 7-ге төмен, себебі 2 балл атласпен контур картаға қойылмаған, 5-қыркүйекте үй тапсырмасын айпаған.

Баллдық система бойынша жұмыс жасау барысында :

Күтілетін нәтиже:


  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады,

  • бәсекелесіп сабаққа дайындалады, ( лидер болу үшін)

  • барлық оқушылар сабаққа қатысып отырады,

  • тәртібі реттеледі,

  • оқу қуралдары түгелденеді,

  • дәптеріне әр сабақ тиянақты түрде жазылып отырады.

Мен өзімнің жұмыс тәжірибемде қолдандым. Өте нәтижелі. Сол себептен ұсынып отырмын.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!