Материалдар / «Балықтар әлемі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Балықтар әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балықтар әлемі» биология сабағына дайын өңдеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
1604
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Балықтар әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінік бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сүйекті балықтардың таралу аймақтарымен таныстырып, ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері.


DrawObject1

С абақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.

ІІ. Мақсат қою кезеңі
Балықтарға жалпы сипаттама
Шеміршекті балықтардың ерекшелігі
Сүйекті балықтардың класс тармақтары мен отрядтары
:

Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) — омыртқалылар класы. Қазбақалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы:тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.


Тапсырма№1 . Тақтаға жазылған сұрақтар бойынша эстафеталық жарыс.



Сұрақтар

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Денесі (пішіні)



2

Жамылғысы (терісі)



3

Жүзбе қанаттары



4

Желбезегі



5

Торсылдағы



6

Бүйір сызығы



7

Көбеюі



8

Түрлері




Тапсырма№2 . Биологиялық жұмбақтарды шешу.

1.Көздері бар ,қабағы жоқ, 2. Пайдаланып тұрғанда

Әсте кірпік қақапайды Тастайсың суға лақтырып.

Ол қай жәндік суға салсақ Пайдаланып болған соң,

Тұншықпайды, батпайды. Арқалайсың сорғытып.

(балық) (ау)

3. Желілер ішінде, 4. Қай мүшесі балықтың,

Балықтан ғана болатын. Су түбіне батырар.

Қандай сезім мүшесі, Қанат болса егерде,

Көзбен шолып табатын. Су бетіне шығарар.

(бүйір сызық) (торсылдақ)

Интерактивті тақтамен жұмыс:Тапсырма№1. Венн диаграммасын пайдалану.

DrawObject3 DrawObject2

DrawObject4





















Шеміршекті балық : денесі плакоитпен қапталған, торсылдағы болмайды,

іштей ұрықтанады.

Сүйекті балық : денесі қабыршақпен қапталған ,торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.

Балықтардың ортақ белгілері : суда тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады, жүзбе қанаттары болады.

Интерактивті тақтадан «Балықтар әлемі» туралы видеоролик көрсетіледі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:\Мұғалімнің түсіндірмесі 
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)  Сурет№1

  • Балалар, тақтаға қарасақ балықтардың көптеген түрлері бар екенін байқаймыз. Өздерің айтқандай балық түрлері: сазан, бекіре, алабұға, май шабақ, жалпақ балық, тұқы, көксерке, жайын, шортан, табан балық және т.б. Сурет№2



Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте- бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық- кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал, ең кішкентай балық- итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де әр түрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақ балық, табан балық, жылан балық. Сурет№3



1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады. 
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. 
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. 
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады 
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. 
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды. 
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар уланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі. 











Сурет№4



Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Осы уылдырықты біз біз «патшалар тағамы» дейміз. Мынау міне осы балықтардың уылдырықтары.


Сурет№5



ІҮ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
І. Балықтың ішкі құрылысы жайындағы сурет – тапсырманы интерактивті тақтадан орындайды. Онда ішкі құрылысындағы мүшелері бағыттауыштармен ғана беріледі, оқушы атауларын өздері жазады.







ІІ. Тірек – сызбаларды орындайды.
Жүзбеқанаттар:
(Арқа қанат, құйрық қанат, жұп көкірек, жұп құрсақ, аналь қанаты)

ІІІ. Сүйекті балықтардың класс тармағы

Сәулеқанаттылар
Қалаққанаттылар
Қостыныстылар
Саусаққанаттылар


ІҮ. Сәйкестендіру тесті
Патша балық ----------------------- бекіре
Өрістегіш ---------------------------- бахтах
Бір рет уылдырық шашады ---- мөңке
Марқакөл балығы ---------------- латимерия
Торсылдақ -------------------------- теңіз алабұғасы
Қосжынысты балық -------------- сүйекті балықтар
Саусақққанатты балық ---------- жеңсік албырт


Ү
. Балықтарға байланысты айтылған халықтық ұғымдарды, мақал - мәтелдерді талдап түсіндіру.
1. «Бекіренің бал татыған еті»
2. «Бекіренің бес кеспесі»
3. «Бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды»
4. «Балдырлы көлде балық көп»
5. «Балық басынан шіриді»

Ү. Бекіту кезеңі
«Балық аулайық!» ойыны.
Артында сұрақтар жасырылған әртүрлі балықтардың суретін таңдау арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, балық ауланады.
• Құрамында «Д» витамині мол май алынатын балықтарды ата
• Қызыл уылдырықты балық
• Ауыздары иттің аузына ұқсайтын жыртқыш балықтар
• Уылдырығын қыста шашатын балық
• Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық
• Балық патшасы
• Екі көзі де денесінің бір ақ жағында орналасқан балық

«Кім жылдам?» ойыны
Оқушылар ауланған балықты қайтадан суға жібереді.
Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
Сүйекті балықтардың қандай класс тармақтары бар?
Сүйекті балықтарда алғаш рет не пайда болған?
Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
Майшабақ тәріздестер отрядына жататын балықтардың түрлерін ата


«Кім көп біледі?» ойыны.
Бір оқушы тақтаға шығып, сынып оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім тақтаға бір сөз іледі, ал оқушылар сол сөзге анықтама береді. Тақта алдында тұрған оқушы оның қандай сөз екенін табады.

Сүйекті балық ----- Латимерия
Торсылдақ --------- Сетінектер (треска)
Шоғал --------------- Қызыл кітап
Уылдырық --------- Жеңсік албырт
Бекіре --------------- Табан

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра:
Хабхат
Батан
Кеңөм
Азанс
Ісбрек
Нартош


Тест жұмысы 1-нұсқа
1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты миының қай бөлімі жақсы дамыған?
A. Алдыңғы ми.
B. Аралық ми.
C. Ортаңғы ми.
D. Мишық.
E. Жұлын.
2. Алабұғаның қай жүзу қанаттары бас сүйегімен жалғанып жатады?
A. Құйрық қанаттары.
B. Құрсақ қанаттары.
C. Көкірек қанаттары.
D. Арқа қанаттары.
Е. Аналь жүзбе қанаты.
3. Балықтың омыртқаларының үстіндегі доғасынан түзілген омыртқа жотасының каналында не орналасқан?
A. Хорда.
B. Жұлын.
C. Арқа ортасы.
D. Құрсақ ортасы.
E. Қуыс көктамыр.
4. Қандай балықтарда желбезек қақпағы болмайды?
A. Сүйекті балықтарда.
B. Шеміршекті балықтарда.
C. Саусаққанатты балықтарда.
D. Қостыныстыларда.
E. Бекірелерде.
5. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?
A. Алабұғада.
B. Шортанда.
C. Акулада.
D. Трескада.
E. Жайын балықта.
6. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?
A. Мальпиги түтіктері.
B. Бүйрек.
C. Жүрек.
D. Ішек.
E. Өкпе.
7. Алабұғаның желбезек жапырақшалары қай жерінде орналасқан?
A. Желбезек қақпақшаларында.
B. Желбезек доғасында
C. Дене қуысында.
D. Жүзу қанаттарында.
E. Бас сүйегінде.

2-нұсқа
8. Қандай сезім мүшесі балықтарға тән?
A. Есту мүшесі.
B. Көзі.
C. Бүйір сызығы.
D. Дәм сезу.
E. Иіс сезу.
9. Алабұғаның желбезек қақпақшасы қандай қызмет атқарады?
A. Тірек қызметін.
B. Зәр шығару.
C. Дәм сезу.
D. Нәзік желбезектерді сырт жағынан қорғап, жауып тұрады.
E. Кез - келген газдарды өткізеді.
10. Алабұғаның ас қорыту жүйесінің қай бөліміне бауыр мен ұйқы безінің жолдары ашылады?
A. Өңеш.
B. Қарын.
C. Ащы ішек.
D. Клоака.
E. Артқы ішек.
11. Балықтың жүрегі неше камералы?
A. Үш камералы.
B. Екі камералы.
C. Төрт камералы.
D Бір камералы..
E. Көп камералы.
12. Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық – шоғал, ол не?
A. Жұмыртқа жасушасының өнімі.
B. Аталық бездің ұрығы.
C. Уылдырықтар.
D. Нәжістер.
E. Шабақтары.
13. Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне жалғасады?
A. Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйірінде.
B. Омыртқаның құйрық бөлігіне.
C. Үстіңгі доғаға.
D. Астыңғы доғаға.
E. Көкірекке.
14. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?
A. Бекіре.
B. Акула.
C. Алабұға.
D. Латимерия.
E. Сом.
15. Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталды?
A. Бассүйек.
B. Омыртқа жотасы.
C. Жүзбеқанаты
D. Жұлын.
E. Құйрық жүзбеқанаты.
16. Латимерия алабұғадан қай мүшелерінің құрылысы арқылы ерекшеленді?
A. Көздерімен.
B. Жұптасып орналасқан жүзу қанаттарымен.
C. Желбезек қақпақшасымен.
D. Жақтарымен
E. Дара жүзбеқанаттарымен.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі


ҮІІ. Бағалау кезеңі:

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі «Балықтар әлемі»

1 тапсырма: Берілген суретке қарап сөйлем құрау



2 тапсырма «Қызықты деректер жинақтау»


Акулаларда ракқа қарсы иммунитет бар.




































Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы















Тақырыбы: « Балықтар әлеміне саяхат»






Биология пән мұғалімі: Абдрахманова.А


















Түркістан

12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!