Материалдар / Бақыт деген-сенің бала күндерің
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бақыт деген-сенің бала күндерің

Материал туралы қысқаша түсінік
"Балалық шақ-патшаның тағы",-деп М. Жұмабаев айтқандай, барды бағалап, үйлесімді өмір сүруге ұмтылу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2022
395
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақыт деген-сенің бала күндерің...

Бақыт деген не өзі?! Менің пікірім, бақыттың нақты анықтамасы жоқ. Ол туралы ұлы тұлғалар да, небір ғалымдар да адамдар да нақты теориясын жасаған жоқ. Өйткені, бақыт әр адамның санасында өзінше көрініс табады. Ауырған адам үшін бақыт-деннің саулығы. Жоқшылықта жүрген адам үшін бақыт-мол байлық, былайша айтқанда ақша. Сәби сүйе алмай жүргендер үшін бақыт-бала. Міне осылай кете береді. Алайда мен дәл қазіргі таңда біз үшін, яғни бүлдіршіндер үшін нағыз бақыттың не екендігіне тоқталғым келеді. Ол – бақытты балалық шақ. Еш уайымсыз, ата-әжеңе еркелеп, құдды бір қиял-ғажайып әлемде жүргендей сезінесің. Бәрі саған мейірлене қарайды, тәтті қылығыңа тамсанады. Әттең, соның бағасын біле бермейміз. Тезірек ер жетуге асығамыз. Мүмкін, ешкімге тәуелді болмай, қанатымызды кең жайғымыз келетін шығар. Бірақ бәрібір ананың ыстық ықыласы, отбасыңның саған төгетін нұрына жетпейді. Мен қазір жас жеткіншек емес, жасөспірім деген сатыға өттім. Адам шынымен есейе келе айналасына сын көзбен қарап, бәрін тануға ұмтылады екен. Бірде автобус аялдамасында бір әже немересінің басынан сипап, денінің саулығына, аман жүргеніне шүкіршілік айтып отырғанын құлағым шалды. Кенет өз-өзіме «Ал мен үшін бақыт деген не?» -деп сұрақ қоя бастадым.. Ол сұрағымның жауабын енді түсінгендеймін. Нағыз бақытым-балалық шағым. Бірақ оны өкінішке орай, бәріміз кеш түсінеміз. Әр ересек адамнан еститініміз «сендерге рақат, уайым жоқ, не ішем, не кием деп бас қатырмайсыңдар»-деген сөздер. Бұл сөздің құнын, маңызын енді біліп жатырмын. Осыны ертерек түсінуге болмас па еді? Еш уайымсыз тек қана ойын әлеміне сүңги батқан балаға қарап нағыз бақыттың кілті балалық шақта екеніне көз жеткізесің. Адамның санасында мәңгілік өшпестей із қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол-балалық шағымыз. Балалық шақ-бір-ақ рет келетін, қайтып оралмайтын, сағына еске алатын ғажайып әлем іспеттес. «Балалық шақ-патшаның тағы» - деп Мағжан атамыз қалай дөп басып айтқан десеңізші?! Сол тақтан түсетін де уақыт жетеді. Сол кезде оның сенің өміріңде сондай құнды сәттер болғанына көз жеткізесің. Біз адамдар барды бағаламай, жоқ нәрсеге зар жылаймыз. Ал бұл бақыт па? Әр күнің өкініш-өксікпен өткені бақыт па? Басымызға қонған бақты бағалай білсек қана ол-мәңгілік болады. Білмегендер үшін бұл өмір – сор ғана болады. Елбасы Тоқаев бастау алған 2022 жылды «балалар жылы» деп жариялады. Себебі, өскелең ұрпаққа жол ашып, олардың үйлесімді өмір сүріп, бақытты балалық шақ өткізуіне жағдай жасау үшін. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастар-ел болашағының сенімді кепілі екендігін айтты. Сондықтан еліміз үшін, өзіміз үшін балалық шағымызды өз өмір парағымызға керемет етіп қалдырайықшы! Сөзімнің соңын Қ. М. Әлидің Бақыт жөнінде жырлаған өлеңімен аяқтағым келеді:

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.

Біз өмірді түсінбейміз,

Сол-қайғы.

Туа сала таудай бақыт күтеміз,

Ал шынында бақыт үлкен болмайды.

Бақыт өзіне ауқымды ой, алпауыт мағына үстемейді.Бақыт-сәт.Біздің осы сәттегі байлық та,бақыт та – балалық шақ.Сол сәттерді ұмытылмастай, тәтті естелік қылу тек – өз қолымызда!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!