Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Бақыт гүлін терген күн" тәрбие сағаты 3 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастыру кезінде көмегі тиеді. Ішінде сахналық көріністер, тақпақтар, өлеңдер бар. Ардагер атамен кездесу өткізіп, видеоролик көрсетуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Қырқүйек 2018
806
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған тәрбие сағатыМақсаты:Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді).
Радио:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Әкесі:
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
- Оралсын аман жеріне,
- Көріссін туған елімен! (Немересімен қоштасып шығарып салады)
1.Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
2. Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
3. Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,Оған несін жармасты?!Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?4. Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген, соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
І жүргізушіДәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. ІІ жүргізушіРеспубликадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.ІІІ жүргізушіОтан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы ән тыңдайық.Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар». Орындайтын Сәрсенбай Батыржан
І жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабуыл жасады.ІІ жүргізуші Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.ІІІ жүргізушіСоғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының есімі соғыс тарихынан мәңгілік орын алады
Көрініс «Отан үшін отқа түс»
5.Тастар көкке атылды, Орман шулап, тау құлап,28 батырды жеңе алмады жау бірақ. Жамылды жер тұманды, Өрт ішінде қалды бақ. 28 қыранды жеңе алмады жау бірақ. 6.Оқ астында зулаған, Туған жермен бір болып, Жау алдында тұр олар 28 мың болып, Жау жеңілді ақыры,Атты бейбіт таң күліп.Жиырма сегіз батырдыҰмытпайды ел мәңгілік.
І жүргізушіҰлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес.
ІІ жүргізуші «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ».Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған.
ІІІ жүргізуші Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иіп, еске алайық. (1 минут еске алу)
Хор «Бейбіт күн тілегі»
І жүргізуші:Жеңіс деген шат күлкісі баланың,Тыныштығы жер мен жаһан даланың.Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз кем емес. Енді ортаға сыныбымыздың бишілерін тобын «Вальс» биімен ортаға шақырамыз.ІІ жүргізушіСоғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Осындай ерлердің бірі – сыныбымыздағы Нұрмухамедтің атасы,Жазылбеков Тұтқабек.Жеңіс күнінін қарсанында біздің сыныптың балалары Тұтқабек атамен кездесу өткізіп, сұхбат алды. Видеоға назар аударыңыздар. (видеоны көру)
ІІІ жүргізушіБіздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.
7.Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.8. Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.9.Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса,
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса.10.Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық11.Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.12.Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз-бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.13.Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!14. Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Ән «Бейбіт күн жасасын әлемде» Мамыт АйяІ жүргізуші73 жыл көктем таңы атқалы,73 жыл шуақты күн таратты әніЕсімде содан бері қаншама ретАшылды Жеңіс күннің парақтары.
- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)