Бар байлықтың басы - нан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бар байлықтың басы - нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Шш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Күтілетін нәтиже: Шш дыбысы мен әрпімен танысады. Айту барысында дауыссыз дыбыс екеніне көздерін жеткізеді. Берілген сөздерді оқиды, жаза алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды. Сабақтың түрі, әдістері: «Дәстүрден тыс сәлемдесу» «Топтастыру», «Айналым бекеті», «Сөздер банкасы»,
Материалдың қысқаша нұсқасы




АНА ТІЛІ




Ашық сабақ


Тақырыбы:

«Бар байлықтың басы - нан»



















САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Бар байлықтың басы-нан» (Қайталау, бекіту сабағы).


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

1. Оқушыларға нан, дән туралы мағлұмат беру. Нанның үлкен еңбекпен келетіндігін түсіндіру. Оқушының сөздік қорын молайту.

2. Топтық жұмыс арқылы нан туралы тақырыпты ашу, сұрақ қоя отырып оқушылардың ойларын жетелеу, дамыту.

3. Оқушыларды нанды қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.


САБАҚТЫҢ ТҮРІ: аралас сабақ.

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: топтық жұмыс, сахналық көрініс, талдау, әңгімелеу. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Сабақтың тақырыбы жазылған плакат, нанның суреті, нақыл сөздер, нанның түрлері, құмыраға салынған бидай масағы, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар, күн сәулесі.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, ана тілі сабағына дайындығын тексеремін.

Мұғалімнің сөзі. Бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ. Орнымызға отырмас бұрын шеңбер жасап бір - бірімізге жақсы тілек айтайық (әр оқушы бір - бір тілектен айтады).


II. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің түсіндірмесі: Балалар сабақтың тақырыбына назар аударайық «Бар байлықтың басы - нан». Яғни нанға байланысты болмақ.

Осыған байланысты қандай әңгіме, ертегілер оқыдық ?

Кім айтады ?

Оқушы: «Жалғыз дән», «Егінші мен қасқыр», «Қатқан нан».

Мұғалім: Сол тақырыптарды қорытындылауға ашық сабақ өтеміз.

Сабақты жүргізу үшін мен сендерді 5 орталыққа бөлемін.

1 -ші орталық - Әдебиет орталығы

2-ші орталық - Бейнелеу орталығы

3-ші орталық - Оқу орталығы

4-ші орталық - Шығармашылық орталығы

5-ші орталық - Өнер орталығы

Әр топқа түсіндіре отырып, тапсырмаларын таратамын.

1-ші. Әдебиет орталығы.

Тапсырма: Өлең шұмақтарын толықтыр.

...................................асыл ас,

...................................кәрі жас.

...................................үстінде,

...................................ұстамас

2-ші. Бейнелеу орталығы.

Тапсырма: Дастарқан көрінісін жапсырмалау.

3-ші. Оқу орталығы.

Тапсырма: Нан қайдан шығады? ертегісін мағынасы бойынша ретімен орналастыр.

Сұрақ.

- Ертегі нелер жайында ?

- Тышқан қандай мамандық иелеріне барады ?

- Ертегінің бізге айтайын деген негізгі мақсаты не?

4-ші. Шығармашылық орталығы.

Тапсырма: Берілген мақал - мәтелдерден тақырыпқа байланысын теріп айт.

5-ші. Өнер орталығы.

Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына қарай көрініс ұйымдастыр.


Әр топтың тапсырмаға дайындалуы үшін уақыт беремін.


III. Дайын болған топтан сұрай бастаймын.

1. Әдебиет орталығының жауабы:

Нан деген асыл ас

Ұнатады оны кәрі - жас

Дастарқан үстінде.

Қолды жумай ұстамас.

2. Бейнелеу орталығы дастарқан мәзірін дұрыс орналастырды.

3. Оқу орталығының жауабы:

Оқушы: Ертегі нан жайында.

3. Тышқан сатушы, диірменші, комбайншы, егінші мамандықтарына барып нан қайдан шығатынын сұрады. Нанның үлкен еңбектен келетінін білді.

4-ші. Шығармашылық орталығы тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдерді теріп айтты.

5-ші. Өнер орталығы тақырыпқа байланысты көрініс көрсетті.

Мұғалімнің сұрағы. Берік өзінің қателігін түсінді. ме ?

Оқушылар. Түсінді.

Аталған топтағы оқушыларды марапаттап, рахмет айттым.

IV. Ал енді тақтадағы көрнекілікке назар аударайық. Өлеңді дауыстап мәнерлеп оқимыз.

Ардақты нан! Ана мінез асыл нан

Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан

Бір күлшеңді мың есе артық дер едім.

Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.

Сұрақ:

- Осы өлеңнің мазмұнын түсіндіңдер ме ?

- Нанды неге теңеп тұр ?

- Нанның дүниедегі ешбір бағалы затқа тең келмейтінін қай жолдардан білуге болады ?

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар !

V. Тақырыпқа байланысты сұрақтар.

Мұғалім:

- Еліміздің рәміздері нелер ?

- Қай белгіде, тақырыпқа байланысты сурет бар ?

1-оқушы:

Менің елімнің Елтаңбасында масақ суреті бейнеленген. Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді. Біз оны мақтанышпен айта аламыз.


2-оқушы:

Ол - биіктен төгілген мөп-мөлдір зәмзәм суынан өседі.

Нан-өмір. Жеңіспен келген кешегі

Нанға пірім деп,

Нанға жырым деп табынам.


3-оқушы:

Елімнің құдіретін асырып тұрған менің де, сенің де, оның да мерейін үстем ғып тұрған ол-нан.


4-оқушы:

«Нан туралы өлең!» Мұғалім:

Ұқ мұны сен бөбек

Нан деген дән бөлек

Жерге оның түйірін

Түсірмей жеу керек.


VI. Сабақты бекіту, қорытындылау.

Мұғалім сөзі. Сонымен нан не ?


Оқушылар:

дән – байлық, дән - молшылық

дән тіршілік, дән - маңдайтер,

дән – өмір, дән - бақыт,

дән - жеңіс, дән - береке.


XVII. Нанға байланысты тыйым сөздерді білеміз бе ?

Оқушылар:

- Нанды жерге тастауға болмайды.

- Нанды төңкеріп коюға болмайды.

- Нанды бір қолымен үзуге болмайды, ол кесір болады.


Мұғалім: Сонымен балалар нанға құрметпен қарап, оны қастерлей білейік.


VIII. Үйге тапсырма беру.

Бүгінгі сабақтан түйген ойларың бойынша «Ас атасы - нан» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі