Материалдар / Баршаның мәңгі жадында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баршаның мәңгі жадында

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлағатты ұстаз Абдурахманов Есенгелді Асқарұлын 70 жасқа толуына орай әріптестері мен шәкірттерінің, бауырлары мен отбасы мүшелерінің әке,аға, әріптес, ұстаз ретінде сағынышпен еске алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
441
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баршаның мәңгі жадында

(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Ұлағатты ұстаз Абдурахманов Есенгелді Асқарұлын 70 жасқа толуына орай әріптестері мен шәкірттерінің, бауырлары мен отбасы мүшелерінің әке,аға, әріптес, ұстаз ретінде сағынышпен еске алу.


Жүргізуші:
Архив жинақ, бас жібін шешері анық,
Оң самайдан самалы есері анық.
Қырсық арқан қиылып, ояу ұрпақ,
Аяғынан тұсауын шешері анық,
Көңілімнің сол шақта өсері анық, — дегендей, ұлағатты ұстаз Абдурахманов Есенгелді Асқарұлын 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отырған «Баршаның мәңгі жадында» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер демекпін.

-Бүгінгі дөңгелек үстелге орайластырылып Есенгелді ағай туралы бейне-слайд жасалған болатын. Сол слайдты назарларыңызға ұсынамыз.

(өмірбаянымен таныстыру)


-Қазақ үшін бауырлардың орны бөлек. Тас түскен жеріне ауыр демекші, Есенгелді ағай өмірден озғанда әулетіне, бауырларына, балаларына қатты батты. Қадірлі ағайды еске алу кешіне қарындасы, екі інісі, балалары, қара шаңырақтағы келіні келіп отыр. Қарындасы Гүлнар апайдан Есенгелді ағайдың ағайын-бауырларының арасындағы орны жайында біз біле бермейтін қасиеттері туралы әңгімелеп беруін өтінсек.


Кезекті тағы бір бейне-слайдқа берсек.


-Елу ердің жасы деп жатамыз, осы жарты ғасыр ғұмырында Есенгелді аға соңына ерген інілеріне қаншалықты қамқор, қаншалықты ағалық міндетін атқарып үлгерді? Мен сөз кезегін Есенгелді ағайдың інілері Момын ағай мен Омар ағайға бермекпін.


- Есенгелді ағай отбасының тірегі, балаларының асқар тауы. Отбасында үлгілі әке. Ал енді сіздер әрқайсысыңыз отбасылысыздар. Отбасылық өмірде үлгі боларлық қасиеттерін пайдаларыңызға жаратқан, бойларыңызға сіңірген қандай үлгі, өнегелері бар? Сөз кезегі Есенгелді ағайдың балаларында.


-Біздің кешімізге арқау болған, киелі шаңырақтың түтінін түтетіп отырған Қымбат келінінің атасы жайында айтары болса.


-Есенгелді ағайдың құрметіне ұйымдастырылып отырған іс-шараның құрметті қонақтары Сырдария ауданынан оқушыларымызға арнайы келген әріптестері, замандастары Медетбай, Жаңабай, Жалғас, Тілекжан, Ерғали ағайларға ел атынан алғыс айтамыз. Қошемет көрсетейік. Ағайдың кәсіби мамандығы мен адамгершілігі жайында әңгіме өрбітетін өздеріңіз. Сіздерден Есенгелді ағайдың өзге әріптестерінен озық тұстары жайында тереңірек білгіміз келеді. АӘД маманы ретінде қызықты естеліктер болса.



-Елу жылда ел жаңа демекші, осы өзіміздің №228 мектепте Есенгелді ағамен бірге қызмет атқарған, көзін көріп, ақылын тыңдаған үзеңгілес, заманы бір қадірлі ұстаздар Фарида, Құндызай, Гүлмира, Сабила, Акбар, Омар секілді ағай-апайлардың ағай жайлы айтары көп болса керек. Себебі бұл кісілер бір ұжымда қызмет атқарған, бірін-бірі жақсы білетін жандар.

Уақыт өткен бірін-бірі түсініп,

Ортамызда ардагерлер ісі нық.

Ағай жайлы естеліктер айтылсын

Өткен күнді естеріне түсіріп.

Йә, өткен қиыны мен қызығы көп сәттерден сөз ету үшін кезек ұстаздарда.


-Кез келген ұжымда, кез келген мекемеде ардагерлер құрметке бөленетіні анық. Өйткені бұл кісілер қандай марапатқа болсын лайық жандар. Өткен күндерге сәл шегініс жасап, Есенгелді ағайды сөзге арқау етіп, бүгінгі мектеп ұжымының жастарына табыс тілеу үшін сөз Рая, Күланда, Ақжарқын, Сәуле апайларға беріледі.

Ботабайдың асқақтатқан мерейін

Ақылыңнан гауһар, маржан терейін.

Есе ағаны естеріне түсірсін,

Сөз кезегін апайларға берейін.

Сөз қадірлі апайларда.


Жақсы адамды жақсы дейміз қалайда

Жақсы атану оңай емес абайла

Есенгелдім ескерусіз қалған жоқ

Қанша жас жүр ұқсайық деп ағайға.

Ел атынан сөйлейтіндей бопты ағам,

Естуімше өте зерек отты адам.

Тірі болса жетпіс жасын тойлар ек

Қайран жүрек елу жаста тоқтаған.

Елу жыл өмір сүріп ел есінде қалған қадірлі ағайдың ізін басқан бір топ ұстаздар осында. Бұл кісілер Бақтыгүл, Бақтияр, Сейіл, Нұрипа, Ғани, Гүлнар, Ләззат, Гүлсім тағы басқалары осы залда. Сөз кезегі сіздерде беріледі.

-Білім беру мен тәрбие ісіндегі тәжірибелерімен бөліскен сәттері болды ма?

-Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, жетістіктері естеріңізде ме?


Ал енді Есенгелді ағайдың әріптестерімен, оқушыларымен түскен естеліктеріне назар аударайық.


Арнап жазған өлеңі бұл ақынның,

Арадагерлер төрағасын шақырдым.

Әкім менен ақсақалым толғанып

Ерім жайлы Ерім айтар ақылдың.

Сөз ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерім ағайға беріледі. Ерім ағай сіз замандасы, ата-ана ретінде қандай баға берер едіңіз?


-Осы кешіміздің өтуіне атсалысқан қадірлі ана, Есенгелді ағайдың жары Райхан апа ортамызда. Сіздердің қошеметтеріңізбен өмірге 3ұл, 3қыз әкелген ардақты анаға кезек берсек. Райхан апай Есенгелді ағайдың жанын сізден артық түсінген адам жоқ десем артық емес. Ол кісінің іскерлігі, адамгершілігі жайында өзге де қонақтар әңгімелеуі заңдылық. Біз сізден ол кісінің өте жақын жанашыры ретінде ел біле бермейтін қарапайым ғана сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз.

1)Есенгелді аға үшін әр баланың орны бөлек. Десекте қай баласының қай қасиетін ерекше бағалаушы еді?

2)Есенгелді аға өмірде қай түсті ұнатады?

3)Есенгелді ағаның ең сүйікті асы?

4)Оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жүріп, ағайдың ренжіген, қамыққан сәттері есіңізде ме?

5)Есенгелді ағаның қатты қуанған сәті есіңізде болса сол жайында әңгіме өрбітсеңіз.


Бізбен бірге ұлағатты ұстаз жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге бар өмірін арнаған Есенгелді Асқарұлы туралы қойылған сұрақтар төңірегінде ойларыңызды айтып, пікірлеріңізбен бөлісіп, дөңгелек үстелге қатысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Ағайдың көзін көрмесекте үлкендердің, сіздердің айтуларыңыз бойынша Есенгелді Асқарұлының адамгершілігі мол, білімді тұлға болғандығына көз жеткізудеміз. Осындай кісілер жайлы бүгінгідей іс-шаралар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жүргізіліп тұрса, біз сияқты жастарға тигізер пайдасы зор болар еді. Біз аға буынға қарап бой түзейміз.

Жас қартаймақ, жоқ – тумақ, туған - өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек,-деп ұлы ақын Абай айтпақшы, дүниенің бәрі фәни өткінші, адамның өмірі қамшының сабындай қысқа өмірде келер ұрпаққа көп жасағаннан емес, мәнді, мағыналы өмір сүріп, халқының қалаулысы бола білген тұлға ғана мәңгі жасамақ.

























Ақылды жан арқау болар өлеңге

Ел қолдаса ел басқарып көремде

Дәурен ағай аты естілер алыстан

Ботабайда кім бар қазір дегенде.
































Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз,
Деп тілеймін таусыла, оза шауып,
Жүйріктерден суырылып шықса шаңсыз!,
— дей отырып, ортаға шәкірттерін шақырамыз.



 ағаймен бірге жұмыс атқарып, қызметтес болған бүгінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Аймаханов Сәулебай ағайға, ардагер ұстаздар Жәукебаева Күлжан апай, Сейтенова Баян апай, Бәкіров Асанбек ағайларға сөз беріледі.



ағаймен сан жылдар бойы білімнің қыр мен сырға толы қиын жолда бірге жүрген ел ағалары - Дүйсеманов Қали және Әби ағайлар, Палмағанбетов Кенжетай ағай, Ахметов Марал ағай, Махамбетов Тахир азамат ағаларға сөз ұсынамыз.



жас бақытты шақтарын бірге өткізген, сырлас, замандас, группалас достарын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:Отбасының тірегі, балаларының асқар тауы, немерелернің қамқоршысы, елге аға, ағайынға жанашыр бола білген ағайдың әр жақсылығын қайғырғанда қасыңнан табылып, жұбата білген, қуанғанда қуанышыңды бөлісе білген Жанайдар ағайды бізбен бірге еске алуға туған-туысқандары да келіп отыр. Ендеше, сөз кезегін туған-туысқандарында.



Жас қартаймақ, жоқ – тумақ, туған - өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құддайдан басқаның бәрі өзгермек,-деп ұлы ақын Абай айтпақшы, дүниенің бәрі фәни өткінші, адамның өмірі қамшының сабындай қысқа өмірде келер ұрпаққа көп жасағаннан емес, мәнді, мағыналы өмір сүріп, халқының қалаулысы бола білген тұлға ғана мәңгі жасамақ.





-«Болмасаңда ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай әрқайсысыңыздың есіңізде бір бейне ретінде сақталса, сол бейне ретінде қандай қасиеттері бар еді? Яғни, ағайға тән қасиеттер қандай еді?

-Өмірлік ұстанымы қандай?

- Ағайды бір сөзбен қалай сипаттар едіңіздер? Қандай ұстаз еді?

-Ағай сіздердің естеріңізде кім ретінде сақталды?

-Ағайдың өмірінен қызықты сәттер туралы айтып берсеңіздер.

Ұстазсыз жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.





















































Әбдірахманов Есенгелді Асқарұлы 1946 жылы Өзбекстан Республикасы Ферғана облысындағы Рыштан ауданына қарасты Задиян ауылында ұстаздар жанұясында дүниеге келген.

1952-1962 жылдар аралығында №2 А.Жданов атындағы орта мектебінде орта білім алды.

1967 жылы Ферғана қаласындағы Ұлықбек атындағы педагогикалық институттың физика- математика факультетінде оқып, жоғары білім алды. Сол жылдары әскери кафедрада оқып, аға лейтенант шенін алған.

1967 жылдан ұстаздық еңбек жолын бастаған.

1967-1968 жылдар аралығында Совет Армиясының қатарында қызмет атқарған. Қарулы күштердің зениттік - ракеталық бөлімінің запастағы капитаны шенін алды.

1969 жылдан Ферғана облысында №33 мектепте физика пәнінен сабақ жүргізген.

1977 жылы Жаңажол ауданындағы Тимирязев сохвозына көшіп келіп, орталығындағы Бируни атындағы №54 орта мектепке физика пәнінің мұғалімі болып орналасты.

1982 жылдан бастап Сырдария ауданы Тартоғай совхозының 3-фермасындағы №228 орта мектебіне алғашқы әскери пәнінің мұғалімі болып орналасады.

Өз жұмысына жауапкешілікпен қараған, педагогикалық, методикалық шеберлігі жеткілікті ұстаздың оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру ісі жөніндегі жазған мақалалары аудандық,облыстық республикалық басылымдарда жарық көрген.

1989-1990 оқу жылында өз жұмысы бойынша мектепте аудандық, облыстық семинар ұйымдастырып, онда қатысқан әскери жетекшілері,әдіскерлер жетекшінің жұмыстарын, әскери дайындықтың материалдық базасының жабдықталуын «өте жақсы» деп бағаланған. Осы жылы облыстық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1982-1990 жылдары бірнеше рет аудандық оқу бөлімінің грамотасымен марапатталған.

1992-1993 оқу жылы мектепте ұлттық мұражай ұйымдастырды.

1995 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің майоры атағы берілді..

1990-1996 жылдарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1996 жылы қыркүйек айында алғашқы әскери дайындық жетекшісі болды.

1996 жылы 15 қазанда бір жылға созылған ауыр науқастан қайтыс болды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!