Материалдар / Бас қатырғыш тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бас қатырғыш тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігі жыл артқан сайын маңызы да зор екендігініе көзіміз жетті .Осы орайда біздің айтар ойымыз мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау мақсатында Қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын яғни І,ІІ, ІІ,ІІІ деңгейлі бағдарламалары бойынша оқытқан болса, қазіргі таңда мектеп тренерлері әлеуетін пайдалану қарастырылуда. Осы мақсатта «Педагогика шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын әзірлеп мектеп трененерлерін оқытуда.мұндағы бағдарламаның негізгі мақсаты:педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық және проблемаларды шешуге дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс тәсілдерді меңгерту болып табылады.Бағдарлама материалдарымен танысу барысында мұғалімдер кәсіби даму бағдарламасына негіз болған әдіс- тәсілдерді қарастырып, әріптестерімен ынтымақтаса отырып, оларды талқылайды.тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында мұғалімдерге өз сабақ жоспарларына бағдарлама барысында танысқан тақырыптарды кіріктіріп,оларды тәжірибе жүзінде іске асырып көруге және әріптестері мен мектеп трененрлерінен сындарлы кері байланыс алуға мүмкіндік беріледі.мұғалімдердің кәсіби даму бағдарламасының негіздерін түсіну деңгейін жетілдіруге бағытталған өз тәжірибесі туралы өзіндік және рефлексия жсау үдерісі курстың ажырамас бөлігі болып табылады.Кәсіби даму бағдарламасы сындарлы оқыту ьеориясына негізделген.Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақталған өзге біліммен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау , үстір білім алу жағдайлары орын алары сөзсіз. Бағдарлама аясында мұғалімдер мынадай мәселелерді қарасырады.

Диалогтік оқыту

Оқушы уәжі

Метатану

Сын тұрғысана оқыту

Оқу үшін бағалау

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану

«Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру» бөлімінде мастер класс, коучинг ұйымдастыру, менторлық жүргізу арқылы шығармашылық топтардың жұмысын дамыту үшін  іс-тәжірибесімен бөлісу, тренингтер өткізу, менторлық жүргізу шаралары, мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру бағытында сауалнамалар,  сабақтарға қатысу, талдау, талқылау,  рефлексия жасау, кәсіби сайыстарға қатысу, жас мамандардың жұмысын басқару, оларға жан-жақты әдістемелік көмек беру, тәлімгерімен тығыз байланыс орнату, кәсіби сайыстар ұйымдастыру, апталықтар өткізу, жаңа үлгідегі жабдықталған кабинеттердің (мультимедиалық құрылғылар, интербелсенді тақтаны қолдану т.б.) мүмкіншіліктерін пайдалана білуді үйрету үшін       теориялық семинарлар, мастер класс, практикумдер өткізу сияқты жұмыстар қарастырылған.  Сондай - ақ сыныпта оқушыны және сабақты зерттеу іс-әрекеттерін жүзеге асыруға үйрету бағытында тақырыптық сауалнама, «Lesson Study» тәсілін енгізу, сабақтарға қатысу жұмыстарын жүргізу  көзделген. Мектептің дамыту бағытына байланысты жаңаша оқыту тәсілдері бойынша мұғалімдермен өткізген коучинг сессияларын қадағалап, ақыл-кеңестер беру және мұғалімдер коучинг бойынша топтарға бөлініп, жаңаша сабақтың ОМЖ және ҚМЖ сабақ жоспарларын жасап, ол сабақтарда мүмкіндігінше  Lesson study түрінде жоспарлауға машықтандыру жолдары қарастырылды.

























Коучинг  – мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек етеді.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болып табылады.

Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!