Материалдар / Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы отбасы мен мектептің интеграциялануы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы отбасы мен мектептің интеграциялануы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алматы облысы Жамбыл ауданы














Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы отбасы мен мектептің интеграциялануы















Курмангалиева Жулдыз Талгатовна

Қайназар №1 о.м.






Ұзынағаш-2014ж.

МАЗМҰНЫ



1.КІРІСПЕ

1.1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.2.Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын отбасы мен бастауыш мектептің интеграциялануы негзінде қамтамасыз ету жүйесінің сипаттамасы


2.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ


2.1. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын отбасы мен бастауыш мектептің интеграциялануын қамтамасыз ету жолдары


3.ҚОРЫТЫНДЫ

4.ҰСЫНЫСТАР

5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

6. ҚОСЫМШАЛАР























КІРІСПЕ


Өмірдің ағымы мен қоғымның даму тынысы Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы ғылым мен білім саласындағы процестердің өзгеруіне ықпалын тигізуде.

Білімді интеграциялану - бұл салалы дамытудың негізгі тенденциялары мен болашағы болып табылады. Білім процесін интеграцияланудың мәселелерін өзектілендіру кезінде оқыту пардигмасын өзгерту, оның мақсатын әрлендіру , мазмұнын жаңарту , оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын іздеу оқу процесінің барлық компоненттерін интеграциялауды ойластырады.

Интеграция- бұл жекелеген бөлімдерді біріктіруге , соның нәтижесінде білім жүйесінің сапалы өзгерістеріне жетелейтін байланысқан жүйелер теориясы.Интеграция білім беру процесін құрастырудың басты қағидаларының бірі, оны жетілдірудің тәсілі ретінде , әлемді біртұтас тануды қамтамасыз ету құралы және оқытушының дидактикалық жүйесінің даму шарты ретіннде де түсіндіріледі. Яғни , интеграция тек пәндер бойынша білімдер қарым-қатынасы ғана емес , сонымен қатар оқыту технологиялары, әдістемелері мен формасы туралы мәлімет береді.

Педагогикалық әдебиеттерде интеграция мәселесінің педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік аспектілері бірқатар еңбектерде қарастырылыған.

Қазіргі уақытта интеграция шешуші мәнге ие болып, білім беру жүйесі дамуының басым бағытына айналды.

Біріншіден, бұл бағытта жүріп жатқан өзгерістер ғылыми талдаудың жаңа пәндерінің пайда болуы ғылымның жүйелі түрде дамуының сәті болып табылады. Пайда болған құбылыстар әртүрлі ғылымдар үшін зерттеудің жалпы пәндерін анықтай отырып, шын мәнінде ықпалдастық сипатында болады.

Екіншіден, педагогика ғылымының дамуындағы іріктеу процестері педагогикалық шынайы болмыстың жаңа феномдерін табу және зерттеу, олардың қасиеттерін белгілеу және зерттеудің ғылыми объектісіне сәйкес келетін өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш жігердің көрінісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап):

« Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата –ананың етене құқығы әрі міндеті», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 49-бап; «ата-аналар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге міндетті»,- деп жазылып жас ұрпаққа білім беру процесіне қатысушы субъекті ретінде ата-аналарға үлкен жауапкешілік жүктейді. Сондықтан «отбасы –бастауыш сынып» жүйесінде олардың бала тәрбиесі мен біліміндегі ортақ мақсатқа бірлесіп жету жолдарын ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерделеп, сараптап, жаңа қоғамдық талаптарды қайта жүйелеу қажеттігі туындайды. Сондай-ақ, қоғамдағы отбасы тәрбиесі, оның балаға білім берудегі орны, атқаратын міндеттері туралы ғылыми әдебиетте күрделі мәселе ретінде зерттеліп, оның маңыздылығы әр қырынан қарастырылып күн тәртібінен түспеуі, біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын отбасы мен бастауыш мектептің интеграциялануы негзінде қамтамасыз ету жүйесінің сипаттамасы

Орыс ғалымы В.М.Петровтың «отбасындағы білім берудің негізіне оралу үшін ежелгі заманнан бастап зерттеу – бүгінгі адам өмірінің мәселесінің тереңінен түсіну», деген пікірі қай заманда да қоғам назарында болғанын аңғартады.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын отбасы мен бастауыш мектептің интеграциялануы негзінде қамтамасыз ету жүйесінің сипаттамасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты, бұл кездейсоқтық емес- адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты.

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.

Білім беру сапасы Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Т.И.Шамова,В.К.Кальней, Б.Әбдікримов т.б. ғалымдардың еңбектерінің өзегі. Оқыту сапасының өлшемдері Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Г.О.Искакова сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.

Бүгінгі таңда білім беру тарихына көз жүгіртсек , оның отбасынан бастау алатыны айқындалады. Бастапқыда білім беру тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасқаны аңғарылады.

Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты сезім байланысын орнатып,үйлесімділікке қол жеткізіуде И.П. Подласыйдың мұғалімдерге берген мына кеңесі ескеріледі. Ол «Педагогикалық үрдісте баламен тіл табыса білу, яғни балаға өз ойын талғамын айтуға мұрсат беру тәрбиенің ең шеберлігін талап етеді. Осынау қарым –қатынаста бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады,ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.Мұндай жағдайда тұтастық ,рухани бірегейлік пайда болады»,-дейді.

Қазақ отбасында баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиеленген. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер: құрсақ той, жарыс қазан, шілдехана, қырқынан шығару, бесік той, бесік тәрбиесі, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу т.б. жүйелі түрде іске асырылған. Сондықтан қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы рөл атқарған, ұлылардың отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» сөзі соған дәлел.Ана мен әке және әже мен ата- отбасының басты тәлімгерлері.

Баланың сапалы білім алуындағы ата-ананың рөліне К. Д. Ушинский ,

П.Ф. Каптеров және т.б. еңбектерінде ерекше мән берген.

Мұндағы білім , білім беру , білім сапасы ұғымдары сараланады. Олардың қатарында И.П. Подласыйдың , Л. Е. Шевчуктың пікірлері , «білім-құндылық , білім-жүйе,білім-процесс,білім-нәтиже»деп дәйектеген ойлары басшылыққа алынды.

«Көрнекті педагог А.С. Макаренко: интеграциялану негізінде идеясы өмірдің барлық салаларын қамтиды: өмір дегеніміз –әрбір ертеңгі тамаша күн үшін күрес . Бұл күрестің табыстары адамның интеграциялануы негізінде қамтамасыз ету көлеміне тура пропорционал болады. Интеграциялану негізінде тәрбиелеу – жаңа педагогиканың , соның ішінде отбасы педагогикасының да іргетасы болуы тиіс», -десе В.А. Сухомлинский : «Тек ата- аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» , дейді.

Ал «Отбасы тәрбиесі» атты ата-анаға арналған сөздікте: «Ата- ананың бірлесіп әрекет етуі- бұл отбасы тәрбиесінің заңы. Ата-ана өзара келісе отырып әрекет етсе , балаға әсер етулері бұрынғыдан да бірнеше рет өсіп отырады. Егер ата- ана өз балаларының тәрбиесі үшін шын мәнәнде қам жейтін болса, олар өзара келіспеушілікті оңай жеңе отырып, бір пікірге келіп, бірлесіп әрекет етеді», деген түсініктеме берілген.

Әдіскер –педагог Н.И. Дереклеева : «Ұстаз ,оқушы, ата-ана ,т.б. интеграциялануында іс-әрекеттің өзіндік ережесі бар.

Біріншіден , интеграциялану негізінде қарым –қатынасқа немқұрайлы қарамау.

Екіншіден , интеграциялану негізінде мақсаты үлкеннің де баланың да қызығушылығын , құштарлығын оятуы тиіс.

Үшіншіден, интеграциялану негізінде шешім қабылдауға , көмекке бағытталуы.

Төртіншіден , интеграциялану негізінде қарым қатынастың әділ болуы.

Бесіншіден, интерациялану негізінде жетістікке жетуге жағдай жасауы тиіс»,-дейді.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын отбасы мен бастауыш мектептің интеграциялануын қамтамасыз ету жолдары

Отбасы мен мектептің интеграциялану негізінде оқушының білім сапасын арттыру әрекетінде ата-ана:

1.Ата-ана инвестор- демеуші;

2.Ата-ана білім беруге тапсырыс беруші;

3.Ата-ана білім сапасының эксперттері ;

4.Ата-ана оқушының қызығушылығын және құқығын қорғаушы ретінде болды.

Оқушының білім сапасын осы үш тіректің интеграциялануының тиімді әдістері арқылы арттыру көзделеді. Ең бастысы үйдегі ата-ана мен мектептегі ұстаздың іс- әрекетінің тығыз үндесіп жатуы ескеріледі. Ол отбасы мен мектептің қарым –қатынасына байланысты болғандықтан баланың әке-шешесінің бастауыш мектептің тұрмыс-тіршілігімен таныстыра отырып, іс-әрекетке жұмылдыру мақсатында отбасы мен мектептің интеграциялану негізіндегі қарым–қатынасының бағыттары нақтыланады.

Мұғалімдер мен ата-аналар бір-бірінің сенімінен шықпаса баланың білім алуына бірлесе көмектесе алмайды. Оқу және тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің , педагог қызметкерлерінің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету , моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді . Отбасы мен мектептің интеграциялануындағы субъектілердің құқықтық арақатынасының теңдей сақталуына септік ететін шарттарды анықтадық.

Отбасы мен мектептің интеграциялануына оқушының білім сапасын арттырудың мақсаты мен міндеті және ортақ мақсатқа деген көзқарасы, қызығушылығы , белсенділігі анықталады. Өз тәжірибеме тоқталатын болсам сыныпта ата-ана, ұстаз оқушыны бірлесе отырып, түрлі іс шаралар өткізіліп жатады. Мысалы: .«Дөңгелек стөлдер»

Дөңгелек стөлдің тақырыбы: «Менің арманымдағы сынып»

Мақсаты:

1.Сыныптың іс-әрекетәмен ата-аналарды таныстыру.

2.Ата-ана –оқушы- ұстазық ойларын ортаға салу,бір-біріне деген көзқарасын айқындау.

3.Бастауыш сынып пен отбасының қарым –қатынасын жақсарту.

4.Үш тіректің армандаған тілегінен шығатын сыныптың негізін жасау.

Қатысушылыр: сыныптың ата-анасы, пән мұғалімдері, оқушылар, мектептің басшылары.

Барысы:

1.Сынып жетекші тәлім-тәрбие сабағының мақсатын өту барысымен таныстырады. Ата-ана, пән мұғалімі, оқушыларды бөлек-бөлек отырғызады. Әкімшілік мүшелері пікірлерге қортынды жасап, сарапшы міндетін атқарады.

2.Сынып жетекшісі: Кейде қиялымыз шарлап, болашақ өмірімізді армандаймыз. Оқушы –менің білім алатын сыныбым , ата-ана- менің баламның мектебі ,пән мұғалімі менің сабақ беретін сыныбым осындай болса ғой деп қиялдайтын кездеріміз болады. Әр топ осы армандаған сыныбы туралы пікірін ортаға салсын.

Ойларын жинақталуына 3- минут уақыт беріледі. Өздері армандаған сыныбы туралы алдымен оқушылар пікірін айтады. Содан соң ата-аналарға , ұстаздарға сөз кезегі беріледі. Әкімшілік мүшелері ортақ пікірді шығарып отырады.

3.Сынып жетекшісі: Осы сыныптың оқушысы қандай болуы керек?(Мұғалім – оқушы – ата-ана).

4.Сынып жетекшісі : Осы армандаған сыныптың ұстазы қандай болуы керек екенін ойланайық ? (оқушы –ата-ана-мұғалім)

5. Сынып жетекшісі : Осы сыныптың ата-анасы ше? (Оқушы-мұғалім- ата-ана).

Нәтиже:Сынып жетекшісі сынып өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастырғанда көпшіліктің пікірін пайдаланады. Армандаған сыныптың ата-ананың , мұғалімдердің үлгісі қандай болу керектігін еске алынады. Осыдан ата-ана ұстаз,оқушының міндеті айқындалады.

Отбасы мен мектептің интеграциялануында ата-аналардың көмегімен төмендегідей істер атқарылды.

1.Ата-аналарды бастауыш мектептің білім және тәрбие беруіне үнемі араластырып отыру мақсатында әжелер мен аталардың кеңесі ұйымдастырылды.

2. Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған «Ата –аналар тағлымы» курсы ұйымдастырылды. Оқушының ерекшелігін ескере отырып, тікелей әкімшіліктің немесе сынып жетекшісінің көмегімен ата-аналар ұйымыменбірлесе арнайы тәрбие сабақтар өткізілді.

Отбасы мен мектептің бірлікте атқарған іс-әрекетінде келесі шарттар орындалды.

  1. Ұрпақ тәрбиесінің қазіргі өмір талабына сай болуы.

  2. Бала алдында отбасының беделін арттыру.

  3. Бала тәрбиесінде әйел –ананың , әкенің , атаның, әженің орнын жауапкершілігін тәрбиелеу мүмкіндігін арттыру.

  4. «Қарттары бар үйдің-қазынасы бар», дегендей жасы үлкеге құрмет етіп,туысқандық қатынастарды бағалауға үйрету.

  5. Ата-аналардың баласының сабағына, тәлім-тәрбие сабағына т.б. сабақтарға қатыстырып, баланың бастауыш мектепте немен немен айланысатынына ата-ананың көзіе жеткізу.

  6. Балының атасы кім, оның әкесі кім болған , қандай туыстары бар, анасы қайдан шыққан, нағашы жұрты кім болған , яғни отбасының тарихын жан-жақты білуге үйрету.

Ата-аналардың көмегімен «Ата-аналар алдындағы борышың» атты пікір талас ұйымдастырылды. Оқушылыр «Менің анама деген сыйым», «Отбасым», «Менің әкем» деген тақырыпта сурет салып, шығарма жазды, «Әке мен немере», «Ана мен бала», «Жеті ата», «Менің ата-бабам», т.б. сахналық қойылымның көмегімен пікір-талас, ойын сауық, сайыстар өткізіп тұрамын.

Мұғлім оқушының отбасымен жақын танысып , мүшелерінің өмір салтын , дәстүрін , рухани байлығын , тәрбиелеу мүмкіндігін , оқушы мен ата-ананың өзара қарым – қатынас танып, анықтап, түсіне білуге міндетті. Ең бастысы бастауыш сынып пен отбас мүшелерінің өзара тікелей қарым –қатынаста ортақ мәмілеге келуіне мән беруге ,ата-ана өнегесінің бала үшін ықпалының қуатты әсерін назарда ұстауға тиіс.

Мұндай жұмыстардың бастауыш мектептің алдына қойған мақсат, міндетін анықтауда үлкен көмегі болды. Қазақ : «Келісіп пішкен тон келте болмас», -деп тегін айтпаған. Олардың көзқарасы үш түрлі болғанымен , алдарында ортақ мақсат , міндет-бір. Оған бірлесе ұмтылып, кездескен мәселені бірге шешеді . Ортақ нәтижеге қол жеткізудегі интеграциялану негізінде түсіністікке жол бермейді. Әр жақ өз міндетін орындап, шамасы келгенше бір-біріне көмектеседі, өзара сыйластықта болады. Бастауыш мектептің оқушыларының білім деңгейінің , тәлім-тәрбиесінін , қалыптасуы ұстаз, бала, ата-ана еңбегінің нәтижесі . Бірлікте жұмыс істегенде ғана іс оң нәтижесін береді деп ойлаймыз

«Отбасы мен мектептің интеграциялануында оқушының білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары» атты арнайы семинар бағдарламасының мазмұны

Тақырыптар

Сағат саны

Ескерту

1

«Отбасы мен мектептің интеграциялануында оқушының білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары»атты арнайы семинар бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

1

Арнайы семинар мазмұнын талдау

2

Отбасы менмектептің бірлігіндегі отбасының орны .

1

Өз бетіне жұмыстарды ұйымдастыру

3

Отбасы мен сынып бірлігінің нормативтік –құқықтық негіздері

1


4

Отбасының балаға білім беру мүмкіндіктерін пайдалану

1

Іс-тәжірибе видео көрсету

5

Оқушының білім сапасын арттыруда отбасының әрбір мүшесінің өзіндік орны мен тәрбиеләк мүмкіндігі

1


6

Отбасы тәрбиесінде оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдары

1

Семинар сабақ

7

Отбасы мен сынып интеграциялануында оқушының білім сапасын әлемдік тәжірибеде

1


8

Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру

1

Тренинг

Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне , осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс- әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге , ізденуге , таңдауға ,т.б үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып ,ең озық тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбырақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологисын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеу дағдысын дамыту»деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

Әрбір ұстазың мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай –ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұнын жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі –«Ойын арқылы оқыту» технологиясы.

«Егеменді еліміздің тірегі –білімді ұрпақ» десек , білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да , қазір де қарастырылып келеді.

Алдыңғы қатарлы педаготардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да еңбекте болып табылады. Ойын айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды , ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С. Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе , үлкендердің қайратерлігі , жұмысы, қызметі, қандай маңызды болса , балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса ,өскен кезде жұмыста да, көбінесе , сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер , ең алдымен ,тәрбиені ойын арқылы алады»,-деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Кез-келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.


ҚОРЫТЫНДЫ


Ендеше қорта келгенде,жас ұрпақты тәрбиелеудегі отбасымен мектептің интеграциялануының қайнар көзі мен негізі ежелгі заманнан жалғасып келеді. Сол кездің өзінде білім баланың жеке қабілетіне қарай, сараланып, деңгейленіп берілгеніне көз жеткіздік. Оқу сол кездегі бастауыш мектептерде үлкен отбасы қауымының дәстүрі негізінде ұйымдастырылған. Педагогикалық мақсаттағы интеграциялану негізінде – белгілі топ, ұжым, халық немесе жалпы адам баласының бала тәрбиесі мүделері тоғысынын туындайтын әрекеттестік деп тұжырымдауға болды. Интеграциялау негізінде -қазақ халқының дәстүрлі дүние танымындағы маңызды этикалық ұғым. Интеграциялау негізінде дегеніміз –адамдардың мақсат, мұрат, мүделер тоғысынан туындаған ынтымағы, ұйымдасуы деп білеміз.

Ал бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің интеграциялану дегеніміз- оқушының білім сапасын жақсарту мақсатына бағытталған , келісілген , үйлестірілген, әсер ететін іс шаралардың бір жүйеге бірігуі. Яғни отбасы мен мектептің интеграциялануының құрылымын төмендегідей ұғымдар арқылы анықтауға болады: ортақ мақсат, көзқарас, түсіністік, бірлескен әрекет, серіктестік, бірін-бірі демеу, қуаттау, өзара келісім көмек. Отбасы мен мектептің интеграциялану құрылымы өзара байланысты және бірден орнай қалмайды. Біз отбасы мен мектептің интеграциялануының анықталған құрылымының іске асуын интеграциялануының сапасы ретінде қарастырдық.


Өзім тиімді санаған мәселелерді сіздерге ұсыныс ретінде жаздым.

1.Отбасы мен мектептің интеграциялануға ықпал жасау -нагізгі міндет.

2.Оқушы сабағын өз бетінше ізденіп орындау іскерліктеріне жетелеу.

3.Оқушы мен мұғалім интеграциялануы негізінде қамтамасыз ету баланың ата-анасының әрекеттестігімен үйлестіру.

4.Ата –ана мен мұғалім интеграциялану негізінде оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруды , сақтауды,ұмытпау.

5.Ата-ана мен мектептің интеграциялануында баланың оқу үлгерімінің даму процессін үнемі бақылауға алу.

6.Оқушының өз бетінше білім жинауына қажетті материалдарды табу мүмкіндігін ұйымдастыру , оқушы тарапынан сабаққа қатысуын қадағалау қажет.

7.Мұғалімнің оқушының білім сапасын арттыру әрекетінде отбасының жауапкершілік мүмкіндіктерін ескерілуі тиіс.

8.Мұғалім мен ата-ананың интеграциялануында өзара айтылған ой-пікірлерді ата-ананың ескеруі қажет.

9.Мүмкіндігіне,тиімділігіне қарай әрекеттестік әдістерін өзгертіп отыру қажет.

10.«Оқушы-мұғалім-ата-ана» жүйесінде дентологияның сақталуын қамтамасыз ету керек.

Отбасы мен мектептің бірлестігіндегі субъектілердің құқықтық арақатынасының теңдей сақталуында біріншіден ұстаз бен ата-ананың тең құқылы екенін білу және оны сақтау, екіншіден ұстаздың оқушыға ата-анасындай қарым- қатынасы және ата-анасының өз баласына ұстаз көзімен қарай білуі сияқты парыздарымен оқтын-оқтын өзара алмасып отыруы ескерілуі тиіс.















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Қ. Р. «Қазақстаг -2050» истратегиялық даму бағдарламасы. –Астана ,2012.

2. Үлкен кеңес энциклопедиясы «Совет энциклопедиясы» (қазір «Үлкен Ресейлік энциклопедия» баспа үйі .) 1979-2001.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы : Юрист, 2006.

22-36 б.

4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заң –Алматы: Юрист,

2003.22 б.

5. Коменский Я. А. Великая дидактика .- М. Прсвещение. 1875.-42 с.

6. Сухомлинский В.А. Родительская педагогика.

7. Макренко К. С. Ата-аналар кітабы.- А.: Бастауыш сынып, 1968-43 б.

8. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие . –Алматы : Бастауыш сынып. 1988

9. Қоңыратбаева Т. Халықтық педагогика және оны оқу процесіне ендіру жолдары.-А., 1992-132 б.

10. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдердің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау.- Алматы: Нұрлы Әлем ,2004 .-304 с.






























Дөңгелек стөлдің тақырыбы: «Менің арманымдағы сынып»

Мақсаты:

1.Сыныптың іс-әрекетәмен ата-аналарды таныстыру.

2.Ата-ана –оқушы- ұстазық ойларын ортаға салу,бір-біріне деген көзқарасын айқындау.

3.Бастауыш сынып пен отбасының қарым –қатынасын жақсарту.

4.Үш тіректің армандаған тілегінен шығатын сыныптың негізін жасау.

Қатысушылыр: сыныптың ата-анасы, пән мұғалімдері, оқушылар, мектептің басшылары.

Барысы:

1.Сынып жетекші тәлім-тәрбие сабағының мақсатын өту барысымен таныстырады. Ата-ана, пән мұғалімі, оқушыларды бөлек-бөлек отырғызады. Әкімшілік мүшелері пікірлерге қортынды жасап, сарапшы міндетін атқарады.

2.Сынып жетекшісі: Кейде қиялымыз шарлап, болашақ өмірімізді армандаймыз. Оқушы –менің білім алатын сыныбым , ата-ана- менің баламның мектебі ,пән мұғалімі менің сабақ беретін сыныбым осындай болса ғой деп қиялдайтын кездеріміз болады. Әр топ осы армандаған сыныбы туралы пікірін ортаға салсын.

Ойларын жинақталуына 3- минут уақыт беріледі. Өздері армандаған сыныбы туралы алдымен оқушылар пікірін айтады. Содан соң ата-аналарға , ұстаздарға сөз кезегі беріледі. Әкімшілік мүшелері ортақ пікірді шығарып отырады.

3.Сынып жетекшісі: Осы сыныптың оқушысы қандай болуы керек?(Мұғалім – оқушы – ата-ана).

4.Сынып жетекшісі : Осы армандаған сыныптың ұстазы қандай болуы керек екенін ойланайық ? (оқушы –ата-ана-мұғалім)

5. Сынып жетекшісі : Осы сыныптың ата-анасы ше? (Оқушы-мұғалім- ата-ана).

Нәтиже:Сынып жетекшісі сынып өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастырғанда көпшіліктің пікірін пайдаланады. Армандаған сыныптың ата-ананың , мұғалімдердің үлгісі қандай болу керектігін еске алынады. Осыдан ата-ана ұстаз,оқушының міндеті айқындалады.

Отбасы мен мектептің интеграциялануында ата-аналардың көмегімен төмендегідей істер атқарылды.

1.Ата-аналарды бастауыш мектептің білім және тәрбие беруіне үнемі араластырып отыру мақсатында әжелер мен аталардың кеңесі ұйымдастырылды.

2. Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған «Ата –аналар тағлымы» курсы ұйымдастырылды. Оқушының ерекшелігін ескере отырып, тікелей әкімшіліктің немесе сынып жетекшісінің көмегімен ата-аналар ұйымыменбірлесе арнайы тәрбие сабақтар өткізілді.

Отбасы мен мектептің бірлікте атқарған іс-әрекетінде келесі шарттар орындалды.

  1. Ұрпақ тәрбиесінің қазіргі өмір талабына сай болуы.

  2. Бала алдында отбасының беделін арттыру.

  3. Бала тәрбиесінде әйел –ананың , әкенің , атаның, әженің орнын жауапкершілігін тәрбиелеу мүмкіндігін арттыру.

  4. «Қарттары бар үйдің-қазынасы бар», дегендей жасы үлкеге құрмет етіп,туысқандық қатынастарды бағалауға үйрету.

  5. Ата-аналардың баласының сабағына, тәлім-тәрбие сабағына т.б. сабақтарға қатыстырып, баланың бастауыш мектепте немен немен айланысатынына ата-ананың көзіе жеткізу.

  6. Балының атасы кім, оның әкесі кім болған , қандай туыстары бар, анасы қайдан шыққан, нағашы жұрты кім болған , яғни отбасының тарихын жан-жақты білуге үйрету.

Ата-аналардың көмегімен «Ата-аналар алдындағы борышың» атты пікір талас ұйымдастырылды. Оқушылыр «Менің анама деген сыйым», «Отбасым», «Менің әкем» деген тақырыпта сурет салып, шығарма жазды, «Әке мен немере», «Ана мен бала», «Жеті ата», «Менің ата-бабам», т.б. сахналық қойылымның көмегімен пікір-талас, ойын сауық, сайыстар өткізіп тұрамын.

Мұғлім оқушының отбасымен жақын танысып , мүшелерінің өмір салтын , дәстүрін , рухани байлығын , тәрбиелеу мүмкіндігін , оқушы мен ата-ананың өзара қарым – қатынас танып, анықтап, түсіне білуге міндетті. Ең бастысы бастауыш сынып пен отбас мүшелерінің өзара тікелей қарым –қатынаста ортақ мәмілеге келуіне мән беруге ,ата-ана өнегесінің бала үшін ықпалының қуатты әсерін назарда ұстауға тиіс.

Мұндай жұмыстардың бастауыш мектептің алдына қойған мақсат, міндетін анықтауда үлкен көмегі болды. Қазақ : «Келісіп пішкен тон келте болмас», -деп тегін айтпаған. Олардың көзқарасы үш түрлі болғанымен , алдарында ортақ мақсат , міндет-бір. Оған бірлесе ұмтылып, кездескен мәселені бірге шешеді . Ортақ нәтижеге қол жеткізудегі интеграциялану негізінде түсіністікке жол бермейді. Әр жақ өз міндетін орындап, шамасы келгенше бір-біріне көмектеседі, өзара сыйластықта болады. Бастауыш мектептің оқушыларының білім деңгейінің , тәлім-тәрбиесінін , қалыптасуы ұстаз, бала, ата-ана еңбегінің нәтижесі . Бірлікте жұмыс істегенде ғана іс оң нәтижесін береді деп ойлаймыз













«Отбасы мен мектептің интеграциялануында оқушының білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары» атты арнайы семинар бағдарламасының мазмұны

Тақырыптар

Сағат саны

ескерту

1

«Отбасы мен мектептің интеграциялануында оқушының білім сапасын арттырудың педагогикалық шарттары»атты арнайы семинар бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

1

Арнайы семинар мазмұнын талдау

2

Отбасы менмектептің бірлігіндегі отбасының орны .

1

Өз бетіне жұмыстарды ұйымдастыру

3

Отбасы мен сынып бірлігінің нормативтік –құқықтық негіздері

1


4

Отбасының балаға білім беру мүмкіндіктерін пайдалану

1

Іс-тәжірибе видео көрсету

5

Оқушының білім сапасын арттыруда отбасының әрбір мүшесінің өзіндік орны мен тәрбиеләк мүмкіндігі

1


6

Отбасы тәрбиесінде оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдары

1

Семинар сабақ

7

Отбасы мен сынып интеграциялануында оқушының білім сапасын әлемдік тәжірибеде

1


8

Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру

1

Тренинг














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!