Материалдар / Бастауыш білім беруді дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш білім беруді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының ой – өрісі мен білімін арттыру әр мұғалімнің қолында. Баланы жаттықтырып оқуға деген құштарлығын арттырумен ғана шектелмей, баланың мотивациясы мен қызығушылығын ұстап тұру ол да бір ауыр процесс. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш білім беруді дамыту


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері

1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыта теориясының тарихнамасы.

1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері


КІРІСПЕ

Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.

Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.

Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.

Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру үлгіні, көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі қателіктер бастауыш мектеп оқушыларының абстрактілі ойланудағы мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтежесінде мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр.

Бастауыш сынып оқушыларының ой – өрісі мен білімін арттыру әр мұғалімнің қолында. Баланы жаттықтырып оқуға деген құштарлығын арттырумен ғана шектелмей, баланың мотивациясы мен қызығушылығын ұстап тұру ол да бір ауыр процесс. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады.

І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері
1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыта теориясының тарихнамасы.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонмен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігін саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл – ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым — қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің көзін ашып, шығармашалығын дамытады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл – ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған.

Біз оқытудың формалары туралы айтқанымызда, оқушылардың белгілі бір оқу әрекетін ұйымдаструын еске аламыз. Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытудың ұйымдастырудың формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Оқытудың кейбір формалары, мәселен, Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке – дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттің көрінісі ретінде оқытудың сыныптық сабақтың жүйесі келіп туады.

Мұның сыныптық деп аталатыны мұғалім белгілі бір жастағы мықты қоғамы бар, сынып делінетін оқушылар тобымен сабақ жүргізеді. Сабақ делінетіні – оқу процесі қатаң белгілі бір уақыт шегінде – сабақта өткізіледі. Әрбір сабақтан кейін үзілістер жасалады.

Сыныптық — сабақтық жүйесі өмір сүргелі үш жүз жылдан асып барады. Оның теориялық тұжырымын тұңғыш рет Я. А. Коменский берді. Ол оқытуды жыл бойынша шектеуді, әр жылға өз программасын беруді, жастарына қарай оқушыларды сыныптарға бөлуді, бір күннің шебінде оқытуды сағатпен жүргізуді ұсынды.

Коменскийдің ойы бойынша әрбір сабақ — сағат сабақтардың ұйымдастырылуы мен мазмұны қақысында тұтас бір бүтін болып келуге тиісті еді. Ол сабақтың төмендегідей құрылымын белгіледі:

а) мұғалімнің жаңа материалды оқып қайталауы;

ә) мұны кітап бойынша оқушылардың кезекпе–кезек пысықтауы;

б) кітапсыз пысықтау.

Сабақтың соңында ол мұғалімге оқушылардың сұрақ беруіне мүмкіндік жасау қажет деп есептеді.

Коменский сабақтың сапасы мұғалімнің оны өткізу шеберлігіне байланысты деп дұрыс пайымдады.

Сабақ теориясын жасауда К. Д. Ушинский едәуір үлес қосты. Ол сабақты сан алуан етіп құруды, оларға мұғалімнің кіріспе әңгімесін, алғашқы және жаңаны пысықтай оқуды, бастысын табу, фактілерді салыстыру, ережелер мен қортындыларды тұжырымдау мақсатымен оқылғандар жайында әңгімені енгізіп отыруды ұсынып, мұғалім сабақты өткізгенде балалардың ойлауын, есінде сақтауын дамытуға үлкен көңіл бөліп, сабақты ұйымдастырудың көптеген мәселелеріне терең ғылыми негіздеме берді.

К. Д. Ушинский сабақтың басты ойын оқушыларға көрсете білуді, сабақта оқушының белсенді жұмыс істеуі жолымен оны мықты орнықтыруға жетуді, оқып үйрену тәсілдерін игеруді әрбір педагогтың қажетті қасиеті деп санады.

ХІХ ғасырдың аяғында америка мектебінде оқушылардың толық дербестігіне есептелген оқыту формасы қолданыла бастайды. Бұл формалар әуел баста бір мұғалім бірінеше сыныптармен жұмыс істеген шағын село мектептерінде туды. Бұдан кейін бұларды белгілі жүйеде Долтон қаласының қалалақ мектептерінің біріндегі мұғалима Елена Паркхерст қолданады. Жеке – дара тапсырмалар бойынша оның жұмыс жүйесін американ педагогі Джон Дью мақұлдады да, бұдан арғы жерде дальтон – жоспар деген атпен кеңінен таралды.

Оқушылардың оқу сабақтары оқу кабинеттерінде, лабораторияларда, кітапханаларда жеке – дара өткізілді. Мұғалімдер тапсырмаларды жете тексеріп, оқушыға қажетті көмек көрсетті. Тапсырмаларды орындау есебі жеке – дара карточкаларда жүргізілді, бұлар әрбір оқушыда және сыныптың жалпы карточкасында болды.

20 – шы жылдардың аяғында мектеп балаларының дербестік идеясын совет мектебінің оқу жұмысын ұйымдастыруда пайдалануға әрекет жасалды. Біздің мектептерімізде оқу тапсырмалары жеке оқушыларға емес, бригадаға немесе звеноға берілді. Тапсырма беруге дейін мұғалім оқушылармен кіріспе сабақ өткізді, содан соң тапсырманы орындауға байланысты жұмыс түрлерін өз ара  бөлісіп алып, бригада дербес жұмыс істеді. Жаттығуларды орындау барысында оқушылар мұғалімнің консультациясын ала алатын, тапсырмаларды орындағаны үшін бригадир немесе звено жетекшісі есеп беретін. Оқу жұмысының мұндай формасы бригадалық — лабораториялық әдіс деп аталды.

Шамамен осы кезде біздің мектептерімізде жұмыстың басқа формасы – жобалар әдісі де пайдаланады. Мұның мәні мынада еді: оқушылар өзінің жұмысы үшін әйтеуір бір жобаны (істі) белгілеуге тиіс болды және осы жобаның айналасында бұлардың таным – білімдік әрекеті құрылатын еді. Бірақ бұл істер (астықты жинау, кәсіпорының жоспарын орындауға қатынасу) жиі кездейсоқ сипатта болды, ал істі орындаумен байланысты оқу сабақтары оқушыларға сындарлы жүйелі білім бермеді.

Оқу жұмысының бұл формасы оқу процесінде оқушылар дербестігінің молдығымен педагогтардың назарын аударды. Алайда бұларды пайдалану барысында оқу жұмысын осылай ұйымдастырудың осал жақтары да табылды: оқу жұмысында ұйымдастырылу нақтылығы болмады. Мұғалім оқушылардың тәрбиешісі ретіндегі өзінің негізгі функциясынан айырылды, ол консультатқа, бақылаушыға айналып кетті. Барлық негізгі жұмысты оқушылар кәсіпорында, колхозда, кітаппен жұмыс істеу үстінде өткізді.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада “мақсат” “әдіс” және “тәсіл” сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Сондықтан оларға біз тоқталмаймыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайлы осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субьектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс — әрекет жасау ролін атқармайды.

Тәрбие баланы өздігімен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.

Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан біржақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Бұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша, тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді. Сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбие құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп жеке мағына бере бастайды.

Білім беру – бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.

Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми техникалық прогрестің құдіретті факторы болып отыр.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс — әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным міндетін жеке түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталды. Олар:

  1. Білім, іскерлік, дағды. Білім – обьективті дүниені бейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлікке есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т.б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топырақ құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып орындалатын практикалық жұмыстардың нәтижелері.

  2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқу-шылармен қарым — қатынасы.

  3. Оқушылар ұжымы.

  4. Оқыту әдісі.

  5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.

Сонымен оқыту – оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т.б.) дамыту, қалыптастыру процесі.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан – жақты білім беруге шақырды.

Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе – Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер – білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер – білімді толық меңгергенше жүргізу керек”, — деген өте орынды пікір айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды”.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына әріктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т.б.). Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан – жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада көру, есту және т.б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата – анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді. Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци санымен буржуазиялық — демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін  арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.

Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұшырастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты.

А. Дистервергтің педагогикалық ой – пікірі. Педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп түсінді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Песталоцци сияқты Дистверг те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл – ойын, қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан – жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Дистерверг бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қостады. Орта мектептерде өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады. Дистерверг әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады. Дистерверг сезім мүшелерін әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды таныстыруға зор мән берумен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болу өте қажет деп түсінді.

Дистерверг оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші – негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол “Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға  оқытпа” немесе “Уақтынан ерте ешнәрсеге оқытпа” деген ережені ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтерді бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі — өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы деді.

Матералды пысықтауға Дистерверг үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың мынадай: “Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек” деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыру қажет деді.

Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл – ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, мінез — құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. “Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді”, — деп тұжырымдады ол.

Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл – ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте жоғары бағалады. Әңгіме балардың ақыл – ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.

Иоганн Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ол оның маңызды құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.

Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар  айналасын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болды. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген акылой қызығушылығы; этикалық қызығушылық — оқушыларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетті. Қызығушылықтардың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара — қатынасын анықтайды; дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді. Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенменде оқушылардың әрсалалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.

Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. Оның ойынша оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп  те  атайды.  Олар:  1)  анықтық — айқындық,   2) ассоцация,  3) жүйе, 4) әдіс.

Бірінші – анықтық  айқындық сатысында оқытылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалдарды хабарлап, көрнекілікті қолданады.

Екінші саты — ассоцацияда жаңа материал оқутудың мұнан бұрынғы өткен сабағында алған мәліметтері өмірден алған елестетулерімен ұштасады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!