Материалдар / «Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
: Қазіргі жаңа формация мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар: -Баланы оқи білуге үйрету; -Баланы ойлауға үйрету; -Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау; Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызме-тінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр.Білім маз-мұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қол-дана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1333
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»КММ






«Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда

жобалау әдісінің тиімділігі»
















Петропавл

2016 ж.

ББК-74. 200. 585.0

Т-93 (каз.2016)


Солтүстік Қазақстан облысы «БСӘЖ және АТО» КММ әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды. Хаттама №1 26 ақпан 2016 ж.


Пікір жазған:

Ильясова А.Ш."Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.

Есқұлова Қ.Қ. Озерное орта мектебінің жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



Құрастырған: А.Қ. Таныбаева- Қызылжар ауданы,Озерное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.



БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ /құрастырған: А.Қ. Таныбаева. Т-93 Петропавл-2016- 32 бет.



«Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі» атты жинақта жобалау әдісімен өткізген сабақтардың үлгілері және ғылыми жоба жұмыстары берілген.

ББК-74. 200. 585.0

Т-93 (каз.2016)

А.Қ. Таныбаева, 2016

Алғы сөз

 Заман талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жаңа білімді алу қажеттілігін туындату, пәнге деген қызығу-шылықты арттыруда бастауыш сыныптарда, әсіресе тіл сабақтарында алынған білімді ары қарай тереңдетіп, оқушылардың ғылыми түсі-нігін кеңейтуде, танымдық қызығушылығын арттыру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жаңа формация мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

-Баланы  оқи  білуге  үйрету;

-Баланы  ойлауға  үйрету;

-Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау;

Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызме-тінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр.Білім маз-мұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қол-дана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда бастауыш сыныптар-да  жобалау технологиясы пайдаланған. Осының арқасында оқушы-лардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, білім сапасы жоға-рылаған.Аталған  кітапшадағы сабақтар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта-рына, бастауыш сыныптардағы жаңа оқу бағдарламасына сәйкес келеді және практикалық сипатта қарастырылған. Осы құрал жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді деген ойдамын.

«Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда жобалау әдісінің тиімділігі»

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттар-дың бірі дүниежүзілік білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру

ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып,құрылымдық  жүйесін  жаңарту,өзгерістер  енгізу  білім  реформасын жүзеге  асыру  алғышарттарытұрғаны  баршамызға  аян.

Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізде-німпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда жеке    тұлғаға қойылатын

мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенді-лік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық 

әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Әр педагогтың міндеті оқушының шығармашылық ойына бағыт

беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның

шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге,жүйелі  зерттеулерге  тал-дау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға 

меңгерту  барысында  жобалық оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жобалау технологиясы  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.

Оның негізін  қалаған -Джон Дьюи атты психолог  және педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  Колумбия  университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша,балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек тігіп  киген бойжеткенді мысал

-ға  алайық. Егер  ол   кейін  өзі киетін көйлегі үшін  жанын  аямай, ерінбей,аса  қызығушылықпен  көйлек үлгісін өзі  ойлап  тауып, өз 

бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе бұл мысал жобалау технологиясы-

ның  нағыз типтік  үлгісі»  деген  екен  Килпатрик.

Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін мемлекет-

терде: АҚШ-та, Канадада,  Англияда,Австралияда Жаңа Зеландияда

ол  кеңінен таралып жатты.Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде ол  кең тамырын тереңге  жая  бастады. Уақыт  өте  келе  еркін тәрбие

леу  ойынан  туындаған жобалау  әдістемесі  біртіндеп  «тәртіпке  ба-ғынып», білім  беру  әдістемесі құрамына  табыспен еніп  отыр.

Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты қай кезде болса  да  қала бермек –

оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін мектеп қабырғасынан 

шыққанда  нақты проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға үйрету.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше 

проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер жүйесі. Бұл технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының іс-әрекеттері тү- бегейлі  өзгереді.





Салыстырып көрейік: 

Оқушының іс-әрекеті:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Оқушы-оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Оқушының жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашыл тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.


Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдануды төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстары жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

1.  Дайындық кезеңі. Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңі-регінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2. Жоспарлау.Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушылар- ды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделігін тексереді.Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орын-дауға дайындығын көрсетеді.

3. Зерттеу жұмысы.Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат,анкета, бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыс-тыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4.Нәтижені талқылау.Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видео-техниканы жабдықтайды.Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

5. Жұмыстың тұсау кесері.Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

6. Бағалау және жоспарлау.Жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмысты жоспарлайды.
Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды,

-олардың танымдық белсенділігі артады.

- Өзіндік  бағалау  әрекеті қалыптасады,

 -өзінің  және  басқаның  жұмысын  шынайы  бағалауға үйренеді;

- нәтижені  және  оқу  міндеттерінің  қоғам дағдылары жетілдіріледі.

- Шығармашылық қабілеттері арттырылады.

 Бастауыш  сыныптарда  жобалық  оқытуды  қолдануда

 ► Оқушының коммуникативтік  дағдылары  қалыптасады

 -сауалдар  қою(басқа  оқушының  пікірін  білу,ақпарат  жетіспегенде

мұғалімнен  сұрау)

— дауысымен  басқару;

— өз  көзқарасын  білдіру (барлығына  түсінікті  түрде  өз  ойын  ашу дәлелдеу)

—  келісімге  келу;

 ►Оқушының  ой — өрісі  дамиды, «ақыл – ойы  толығады»

 —  талдау,  біріктіру әрекеттерінің  дамуы;

 салыстырмалы  талдау  жасау;

 негізгіні  бөліп  көрсету;

 жалпы әрекет әдісін табу, оны  қолдану  шешілу  барысын  бағалау  дағдысы;

 кемшіліктерді  көру;

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

 Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар дайындау.

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

 Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары:

 Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?»

Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?»

Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»

Орындау  —  «жүзеге  асыру»

Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?»

Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?»


Комплексті және көп мақсатты әдіс ретінде оқыту жобасының түрлері де көп. Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына

қарай ол:

  • Тәжірибелік бағытты;

  • Зерттеушілік;

  • Ақпараттық;

  • Шығармашылық;

  • Рөлдік болып бөлінеді.

Қатысушылар арасындағы байланыс сипатына қарай:

  • сыныпішілік;

  • мектепішілік;

  • аймақаралық;

  • халықаралық жобалар болады.

Жобаға қатысушылар санына қарай:

  • жеке-дара

  • топтық болады.

Ұзақтығына қарай:

  • шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады);

  • қысқа мерзімді (3-4 сабақ);

  • орта мерзімді;

  • ұзақмерзімді болып бөлінеді.


Жобалау әдісін  бастауыш  сынып  сабақтарында  қолданған 

кездегі   үлгілері.

Пәні:  Дүниетану.

Сыныбы: 3 – сынып

Тақырыбы: Жануарлардың сан  алуандығы. Орамжапырақ  көбелегі. Бал арасы.

Мақсаты: 1.Жануарлардың  сан  түрлілігі  туралы  оқушыларға  ғылыми  негізі

бар  түсінік  қалыптастыру.Кейбір  бунақденелілердің  ерекшелікте-рін жобалау, зерттеу әдістері  бойынша  ерекшеліктерін анықтап,

оқушыларға  жеткізу;

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік

ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,

шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй  тапсырмасы «Өсімдіктер  тіршілігі» (  тірек-сызбалар  арқылы өсімдіктер ерекшеліктерін қорғау)

1 – топ:  «Өсімдіктер  алуан  түрлі»

2 – топ:  «Сыртқы  орта  жағдайлары»

3 – топ:  «Өсімдіктер  топтары»

4 – топ:  «Өсімдіктердің  бірлесіп  өсуі»

ІІІ. Жаңа  сабақ  («Миға шабуыл» ребус шешіліп,жаңа сабақ тақы-рыбы ашылды)

Негізгі  зерттеу  сұрақтары:

а) Жануарлардың қандай  топтарға  бөлінетінін білгім келеді.

ә) Орамжапырақ   көбелегінің  ерекшеліктері  қандай?

б) Неге бал  арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?

в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиет-терін білгім келеді.

 Презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Жануарлар  топтары»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    Реферат

Қорғау: Топ  лидері

2 – топ: 

Тақырыбы: «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

3 – топ

Тақырыбы: «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

4 – топ

Тақырыбы: «Көбелектер түрлеріжәнеолардыңерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері.

 

Венн  диаграммасы  арқылы  орамжапырақ  көбелегі  мен  бал  арасының  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  айқындау.

БҮҮ  кестесі

Не  білдім?

Не  білгімкеледі?

Не  үйрендім?

Жануарлар, жәндіктер  туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді білдім.Басқа да қызықтыратын мәліметтерді,жобалауды, зерттеу

 жасауды, коллаж  құрастыруды, жұмысымды қорғауды үйрендім.

 ІV. Үйге  тапсырма: мәтін  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын баяндау.

V. Рефлексия.

Пәні:  Ана  тілі.

Сыныбы: 1 – сынып

Тақырыбы:   «Малдың  төлін  сүюі»

Мақсаты:  1.Жануарлардың  төлдеріне  деген  махаббатын оқушыға ұғындыру.Адам мен баласының арасындағы  сүйіспеншілікті салыс- 

тыра білу.

2. Мәнерлеп  оқу дағдыларын жетілдіре  отырып, сөйлеу  қорларын

кеңейту. Зерттеу, жобалау  жұмыстарына бағыт   беру.

3.Ата-ананы  сыйлауға, құрметтеуге  баулу.

Көрнекілігі:  төрт  түлік пен  төлдерінің  суреттері, техникалыққұралдар, буклетер,рефераттар.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасы«Төрт  түлік  малдың қасиеттері мен ерекшеліктері»

Зерттеу  сұрақтары:

1. Түйе, бота, нар  туралы  білгім  келеді?

2. Жылқылар  туралы  білгім  келеді?

3. Сиырмен  бұзау  туралы  не  білесіңдер?

4. Қой  мен  ешкіні   неге  бірге  қосады?

1 – топ: «Түйе»

2 – топ: «Жылқы»

3 – топ: «Сиыр»

4 – топ: «Қой»

5 – топ: «Ешкі»

ІІІ. Берілген  тапсырмалар  бойынша  презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Түйе»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4форматты буклет

Қорғау: топ басшысы.

2 – топ 

Тақырыбы:   «Жылқы»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: топ басшысы.

3 – топ 

Тақырыбы:   «Сиыр»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:  Реферат

Қорғау: топ басшысы.

4 – топ 

Тақырыбы:   «Қой»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: топ басшысы.

5 – топ 

Тақырыбы:   «Ешкі»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: топ басшысы.

 ІV. «Әдеби  мәтін» кезеңі.

 «Малдың  төлін  сүюі» өлеңін  оқып,  түсіндіру.

 Өлеңді  оқушыларға  тізбектей  оқыту, талдау. 

V. Не  үйрендік? Не  білдік? (Оқушылар  пікірін  тыңдау)

VІ. Үйге  тапсырма: 1.«Малдың  төлін  сүюі» өлеңің  мәнерлеп  оқу,

Малдар

Төлдері

Қалай еркелетеді?

Қой

Қозы

Қоңырым

2.  Кесте  толтыру (үлгі бойынша аяқтау)

VІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Әдебиеттік оқу. 4 сынып. Сабақ үлгісі. 
Тақырыбы: Қазіргі заманның кереметі

Проектің типі: ақпараттық,лингвистикалық. 
Дайындау уақыты: екі апта. 
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру; өз беті-мен ақпарат іздеуге, талдауға үйрету; қажетті заттардың пайдасы мен зияның түсінуге тәрбиелеу. 
Сабақтың міндеті: әр топ оқушыларының өз қызметі болу. Жұмыс жоспарын құру, көрнекілік дайындау, мәлімет жинау,талқылау. 
Жұмыс барысы: 
Оқушыларды төрт топқа болу. 
І топтың тақырыбы: «Компьютер шығаратын компаниялар» 
І топтың жоспары: 
Компьтерлер туралы шағын мәлімет 
Компьютер шығаратын компаниялар. 
Компьютердің қажеттілігі. 
ІІ топтың тақырыбы: «Ғаламтор». 
ІІ топтың жоспары: 
Ғаламтордың қызметі. 
Ғаламтордың пайдасы. 
Ғаламтордың зияны. 
Қорытынды. 
ІІІ топтың тақырыбы «Электрондық пошта.» 
ІІІ топтың жоспары: 
Электрондық поштаның қызметі. 
Оның пайдасы 
Оның зияны. 
Қолдану ережелері. 
ІV топтың тақырыбы «Ұялы телефон» 
І
V топтың жоспары
Ұялы 
телефон туралы мәлімет, оның қызметі. 
Ұялы телефонның пайдаланылуы. 
Оның пайдасы мен зияны. 
Жобаны қорғауға суреттер, коллаждар, бейнежазбалар,слайдтар қолданылады. 
Сабақтың қорытындысы. 
Жобаларды бағалау, қателерін түсіндіру, жетістіктерін айту. 


 


Әдебиеттік оқу.«Қыс» тақырыбы.

Мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы және табиғаттағы өзгерістер туралы ғылыми  негізі бар  түсінік  қалыптастыру.  Жануарлардың қысқы тіршілігіндегі ерекшеліктерін жобалау, зерттеу әдістері  бойынша 

анықтату.

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік

ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,

шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

1-ші топтың тақырыбы: «Қыс туралы»

Мақсаты: Қысқа байланысты мақал-мәтелдер,жұмбақтар,болжамдар жинап, кітапша жасау.

-Мақал-мәтелдер

-Жұмбақтар

-Болжамдар.

2-ші топтың тақырыбы: «Қысқы ойындар»

-Неліктен балалар қыс мезгілін ұнатады? (сауалнама)

-Қысқы ойын түрлері.

-Ол ойынның пайдасы.

3-ші топтың тақырыбы: «Қыстағы жануарлар тіршілігі»

-Үй жануарлары.

-Жабайы жануарлар.

Дүниетану.Тақырыбы: «Отбасы»

Түрі :Монопроект.

Мақсаты:Оқушылардың өз отбасы туралы мәліметтер жинау арқылы отбасына деген мейірімділік сезімін ояту,сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру.
Міндеттері:

Жоспары:

1-топ

-Менің отбасым.

-Отбасы берекесі.

-Отбасы құндылықтары.

2-топ

Менің әкем.

Әкемнің сүйікті ісі.

Әке мейірімі.

3-топ

Ана-өмір себуші.

Анаға арналады.

Ананың ақ сүті.

2 сынып оқушысы Еленбаев Шахруктың презентациясы.

Қазақ тілі пәні бойынша ғылыми жоба қорғату.

Қазақ тілі пәнінен “Сөйлем мүшелері” тақырыбындағы ғылыми жоба.

Жоба тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Мақсаты: Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін, құрамы мен атқаратын қызметіне қарай түрлерін анықтау.

Міндеті: Оқулықтағы теориялық білімді талдау, модульдерге салу, проектіні қорғау.

Өзекті мәселе: Сөйлемнің құрамына қарай түрлері: күрделі, үйірлі мүшелерді ажыратудағы қиыншылықтар.

Әдіс-тәсіл: Негізгісін бөліп алу, түсініктерді анықтау, сызбалар, модульдер дайындау.

Болжам: Ғылыми мағлұмат берілген тақырыпты мұқият талдап, тірек сызбалар арқылы негізгісін бөліп алсақ, білім тиянақты, жүйелі терең меңгеріледі.

Жоспар:

1. Сөйлем мүшелері сөзінің мағынасын ашу.

2. Сөйлем мүшесінің белгілеріне тоқталу.

3. Анықтама шығару.

4. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді анықтау.

5. Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлерін ажырату.

6. Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай жіктелуі.

1. Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

2. Сөйлем мүшесінің белгілері.

1. Толық мағыналы сөз болуы керек.

2. Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек.

3. Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.

3. Сөйлем мүшелері дегеніміз –

сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беретін, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын толық мағыналы сөздер.

4. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер:

Одағай сөздер, шылау сөздер, қаратпа, қыстырма сөздер.

5. Сөйлем мүшесі құрамына қарай

Shape1 Shape2 Shape3

дара күрделі үйірлі

мүше мүше мүше

Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз.

Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Мысалы: Көп балалы үй – базар. Екі немесе

одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынас-тан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобын үйірлі мүше дейміз.

Мысалы: Жаны сұлу жан ешкімге жамандық жасамайды.

6. Атқаратын қызметіне қарай:

Shape4 Shape5 тұрлаулы тұрлаусыз

Shape6


бастауыш баяндауыш анықтауыш

толықауыш

пысықтауыш



Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, 

ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді әңгімелерді кейіптендіре біледі. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.


     Бастауыш  сыныптар  үшін  жобалау  әдісі  арқылы

 Ауа  райы  және  оны  болжау.

 Табиғаттағы  су  айналымы.

—  Күн, су , ауа – біздің  достарымыз.

— Табиғат құбылыстары.

 Жаңа өсімдік қалай пайда болады ?

 Ертегілер елінде деген  тақырыптар  бойынша  сабақтар  өткізуге  болады .


«Қардың қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жоба.

Зерттеудің басты мақсаты:

Қар дегеніміз не және оның қандай қасиеттерге ие екенін анықтау.

Болжам:Қар мен мұздың жақындығы екеуінің ортақ физикалық ұқсастығымен анықталады деп болжауға болады.

Зерттеу әдістері:

Теориялық (тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу)

  • Тура және қосымша бақылаулар,

  • Тәжірибелер жүргізу.

  • Салыстыруларарқылыалынғаннәтижелердісараптау.

  • Эмпирикалық (кездесу, сұхбат)

  • Социологиялық (сауалнама жүргізу.)

Зерттеудің өзектілігі:Ешқай жердеҚазақстанның ұлан-ғайыр және теңіз-мұхиттардан алыста орналасқан далаларындағыдай қардың маңызы жоғары емес.Өйткені континентік аймақта әрдайым ылғал тапшылығы сезіліп тұрады.

Кіріспе

Зерттеудің тақырыбын таңдаудағы негіздеме.Биыл қар өте ерте түсті. Бір күні мектепке келе жатыр едім, жапалақтап үлкен, ұлпа қар жауа бастады.Сондай әдемі! Осы кезде маған мынадай ой келді: «Қар деген не? Ол қайдан пайда болады? Неліктен ол ақ? Қандай қасиет-терге ие?

Біздің қысымыз ұзақ (солтүстікте Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзім) жатады.Барлық оқушылар қысты қар үшін жақсы көреді , ойнайды, сырғанайды бірақ қардың пайдалы қасиеттері мен құрамын көпшілік білмейді. Сондықтан мен ғылыми жобамда қардың қасиеттері мен пайдасы жайлы айтпақпын. Жұмыс барысында қар жайлы көптеген қызықты ақпараттарды анықтауға тырысамын.

Мақсатыма жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

-Қардың қайдан пайда болатынын білу.

- Оның құрамын зерттеу.

-Неліктен қар сықырлайды?

-қырау мен қылауды қар деп санауға бола ма?

-Қардың пішіндерін анықтау.

-Қардың тазалығын анықтау.

Зерттеу  нысаны- қардың қасиеті

Зерттеу заты- қар.

Қар деген не? Ол қалай пайда болады?

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,

мынадай анықтама таптым:

Қар-атмосферадан түсетін әртүрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) кристалдар үлкейіп қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 -10 мм) ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда Қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар, қазан-қараша айларынан бастап түседі; қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25-30 см, оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді.

Қар неге мұзға ұқсамайды?

Қарша- бұл бір-бірінен шағылысқан майда мұз кристалдарының жиынтығы, сондықтан бұл үрдіс оған ақ түс береді . Қаршаның мұз кристалдары өте ұсақ болғандықтан ешқандай қысымды көтере алмайды , сондықтан ол борпылдақ болып келеді.

Қар сықыры.

Қарға қысым жасағанда ол сықырға ұқсас дыбыс шығарады. Ондай дыбыстар қар үстінде жүргенде, жаңа түскен қарда қозғалған шаңғы және шана табандарынан шығады. т.б. Температура -2°-тан төмендегенде қар сықыры естіледі. Одан жоғары температурада сықыр естілмейді. Сықырдың пайда болуына негізгі себеп:

-Қар кристалдарының сынуы;

Дыбыстың шығу ерекшелігіне қаршалардың пішіні де ықпал етеді.

Қар сықырына ұқсас сықырды қант пен тұзды араластыру арқылы алады. Бертінге дейін кинода қар сықырын дыбыстандырғанда пайдаланған.

Тәжірибелер.

1.Біз жуылған жейдені далаға жайып едік,оның мұз болып қатып қалғанын байқадық.Демек, аязда су мұзға айналады.Бірнеше күнде жейде кеуіп, құрғап қалды.

Қорытынды: Төмен температурада су мұзға айналады. Мұздың да су сияқты буланатынын аңғардық.Ертеңіне жейдеде су да, мұз да қалмағанын байқадық.

Нәтижесі: Суық ауада буланған ылғалдан бұлт қалыптасқан жағдайда қар жауады.

2.Мен қарды қызыл қағаздың үстіне қойып едім, астындағы қағаз көрінбей қалды.Оған ақ қағазды жақын қойып салыстырдым . Сонда байқағаным:

Қар-ақ

Мөлдір емес


3.Қарды таяқпен араластырдым. Қолыма алдым және жеп-жеңіл үрлеп ұшырдым. Яғни, қар борпылдақ және суық.

4. Сосын ыдысқа қарды салып жылы жерге қойдым . 40 ми-нуттан соң барғанда ыдыста қар емес, суды көрдім.

Қар жылы жерде тез ериді.

Нәтижесінде,қардың қасиетін анықтадым:

Қар ақ түсті ,

мөлдір емес,

борпылдақ, суық,

жылмықтау күндері жақсы жабысады,

ал жылы жерде тез ериді.


1 сынып оқушысы Берикбаева Дильнара қардың қасиетін анықтауда.

Қар жамылғысының қалыңдығын зерттеу.

30-шы қарашада ауыл маңындағы орманға барып және дамба сыртындағы ашық алаңдағы қардың қалыңдығын өлшедім:Ашық далада 15 см, орман ішінде–25 см.

Нәтижесі: Орман ішінде ашық далаға қарағанда қар көбірек жиналады.

Қардың пайдасы:

Шынында да, қар өсімдіктерді суықтан қорғайды,үсіп кетуден сақтайды.

Қардың тазалығы:

Бір шыны ыдысқа елді мекен ортасынан,ал екінші шыны ыдысқа ор-ман ішінен алынған қарды салдым . Қар еріген кезде байқағаным: бірінші ыдыстағы қар суы өте кір , ал екінші ыдыстағы қар суы таза еді.

Нәтижесі: Елді мекендегі автомобильдерден,котельнилерден және де басқа ластау көздерінен бөлінген қалдықтар қарды ластайды,ал ормандағы қар табиғи тазалығын сақтап қалады.


Қырау мен қылау деген не?

Қырау деп шыныға, темірге және басқа заттарға қатқан буды айта-мыз. Суық күндерде терезеде пайда болған сиқырлы ою-өрнектер де-қырау. Ұсақ бұтақтарда, электр желілерінде, шөптерде пайда болған мұз құрылымдарын-қылау дейміз.



Қардың пішінін зерттеушілер.

Халықаралық классификациялау бойынша қарды он класқа топтастырады. Олар:жұлдызшалар, пластинкалар, бағаншалар, инелер , бұршақтар және т.б. Көлемдері кішкентай нүктешеден

7 мм-ге дейін жетеді.

Қарды бірінші болып 1550 жылы Швед елінің Упсала қаласының архиепископі Олаф Магнус зерттей бастады. Бірақ оның суреттері-нен қаршалардың алты тармақты екеніне көңіл аудармағанын бай-қауға болады. Ал неміс астрономы Иоганн Кеплер қардың бұл ерекшелігін бірден аңғарған.

1635 жылы француз философы әрі ғалымы Рене Декарта қардың пішіндері жайлы сызбалары мен бақылауларын жазды.

17 ғасырда микроскопты ойлап табуына байланысты қардың пішіндері жайлы одан да көп мәліметтер мәлім болды. Ағылшын жаратылыстанушысы Роберт Гук қардың құрлысын анықтағасын, келесі шешімге келді: қардың тармақшалары бір-біріне дәл қарама-қарсы және симметриялы болып орналасқан.

АҚШ-тың Вермонт штатының фермері Уилсон Бентлидің еңбек-терінен кейін қардың пішіндеріне деген ғалымдар арасындағы қызығушылық ерекше арта түсті.

Микроскопқа орнатылған фотоапараттың көмегімен қардың пішіндерін анық түсіруге мүмкіндік туды.Осындай әдіспен бір қыста 300 суретке дейін түсірген фермер еңбегін жарты ғасыр бойы жалғастырған.Сәтті түсірілген фотосуреттерінің жалпы саны екі жарым мыңға жетті.

Қардың пайдасы.

Қардың арқасында мен дөңнен шанамен сырғанап, шаңғы теуіп, аққала жасап, түрлі ойындар ойнай аламын. Қар ауаны ылғалдан-дырады. Қар жердің жамылғысы.Өсімдіктерді суықтан қорғап, үсуден сақтайды.Қар топыраққа қажетті газдарды бойына сіңіруші, әрі жинаушы.Ал көктемде еріген қар суы , топырақты бойындағы газдармен әрі ылғалмен тойындырады.

Ұсыныстар:

Жасанды қарды үлкен көлемде қалай жасауға болатыны үйрену.

Қардан және мұздан жасалған мүсіндерді ұзағырақ сақтауға жол іздеу.

Қар туралы қызықты мәліметтер.

Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған.

Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді (0,9 км\сағ).

Қар түсінің ақ болуы себебі  ауаның көптігіне байланысты.

Тарихта өзге де түсті қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969 жылы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған.

Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары түсті қарлар кездеседі.

Қарды суға салғанда біртүрлі қызық дыбыс шығарады. Ғалымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су мекендеушілері суға түскен қардан қашатын көрінеді.

Қыстыгүні қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды да, жерге қыздырынуға мүмкіндік бермейді.

Әлемдегі ең алып қар 1987 жылы 28 қаңтар күні АҚШ-тан табылды. Оның диаметрі 38 мм-гежеткен.

Қардың сықырын -2 температурада аяқпен басу арқылы естуге болады.

Жер планетасының жартысына жуық елдері қарды өмірлерінде көрмеген.

Болжамдар:

Қыста киік, қарақұйрық өзеннің мұзын басып, солтүстік қапталына шықса, кешікпей күн жылынып, сең жүреді.

Қыста киік, қарақұйрық сексеуілді паналаса, боран болады.

Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады.

Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады.

Жылқы ішінтартса, ауарайы бұзылады.

Жылқы оқыранып жусаса, боран соғады.

Жылқы қыста оқыранып, ерінін жыбырлатса, кешікпей күн жылынып, қар суын ішеді.

Жылқы жазда қырға шығып үйездесе, қыс қатты болады.

Қотандағы қой бір бағытқа қарап жусаса, кешікпей ту сыртынан боран соғады. Өрістен қайтқан қойдың езуінде шөп келсе, қыс қытымыр болады.

Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.

Қой тұяғымен төсін қасыса, қар қалың түседі.

Қой тісін қайраса, кешікпей боран соғады.

Ит пен мысық иіріліп жатса немесе тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса, боран болады.Мысық үйден шықпай бұйыға берсе, күн суытады.

Тауық қораланып, жерді қопсытса, күн суытады.

Керек дерек:

Алақанат қар - бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.

Жапалақ қар - ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Жылбысқы қар - ери жауған қар.

Күпсек қар - қалың жауған ұлпа қар.

Көбік қар - жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Қасат қар - ұзақ жатқан қалың қар.

Күртік қар - беті қатқан, жаяу жүргенде ақсаң ойылатын қалың қар.

Қиыршық қар - жентектелген түйіршік қар.

Қырбық қар - жұқа жауған қар.

Омбы қар - ат бауырлайтын қалың қар.

Сонар қар - алғаш жауған жұмсақ қалың қар.

Сүрі қар - ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.

Сіреу қар - ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу болатын қатты, қалың қар.

Үрме қар - жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.

Қорытынды

Қар – жер бетіне атмосферадан түсетін жауын-шашынның бір түрі. Ол ұсақ мұз кристалдарынан тұрады. Бұлттағы ұсақ су тамшылары бір-біріне тартылуы және қатуы нәтижесінде қар қалыптасады. Осылайша пайда болған мұз түйіршіктері төмен құлдилағанда ауадағы ылғалдың жабысуы арқылы үлкейеді және әр түрлі пішінді қаршаларға айналады.

Қар ақ түсті , мөлдір емес,борпылдақ, суық, жылмықтау күндері жақсы жабысады, ал жылы жерде тез ериді.

Қырау деп шыныға, темірге және басқа заттарға қатқан буды айтамыз. Суық күндерде терезеде пайда болған сиқырлы ою-өрнектер де-қырау. Ұсақ бұтақтарда, электр желілерінде, шөптерде пайда болған мұз құрылымдарын- қылау дейміз.

Қар өсімдіктерді суықтан қорғайды, үсіп кетуден сақтайды.

Қар жылы температура мен желдің әсеріне тығыздалады.


Жеңістің 70 жылдығына арналған мектепішілік,ұзақ мерзімді жобалау жұмысы.

Тақырыбы: «Отбасылық альбомдағы суреттер.»

Мақсаты: Прибрежный ауылының Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлері туралы мәліметтер жинау арқылы Жеңіске қосқан үлестерін дәріптеу.

Міндеттері:

  • Әлеуметтік сұхбат жүргізу.

  • Прибрежный ауылының ардагерлер кеңесі мен оқушылардың кездесуін ұйымдастыру.

  • «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің жанұям» атты шығармалар байқауын ұйымдастыру.

  • Соғыс жылдары туралы фотоақпараттар мен құжаттарды жинау.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Ұлы Отан соғысы жылдары алыстаған сайын, сол соғысты көрген,ащы дәмін татқан адамдарымыз да азаюда. Ол жайлы естеліктер де ұмыт бола бастады. Біздің ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы тарихтың бір кезеңі ғана болып келеді. Ал сонау 41-ші жылдағы соғыстың зардабы тимеген отбасы жоқ шығар. Қазір біз бұл жойқын соғыста ата-бабаларымыз, әжелеріміз қанша қайғы, қанша қиыншылық пен қасіретті бастарынан өткізгенін елестете де алмаймыз.

Осындай бақытты өмір сыйлаған адамдарды ұмытуға біздің қақымыз жоқ. Әрбір адам өз елінің тарихын білуі тиіс. Бірақ тарих, қарапайым адамдардың тағдырларынан құрылады. Сондықтан ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің қандай болғандарын түсіну үшін, ұрпақтар арасында байланыс болу үшін, адам өмірінің нәзік екендігін және одан қымбат ештеңе жоқ екендігін түсіну үшін, олар жайлы білу, біз үшін үлкен міндет.

Зерттеу кезеңдері:

1.Дайындық кезеңі.(қыркүйек айында)

а) Оқушылар арасында сауалнама өткізу.

ә) Зерттеудің мақсат,міндеттерін, болжамын анықтау.

2.Ұйымдастыру. (қазан айында) оқушылар

а) Ұлы Отан соғысы туралы бар мәліметтермен танысты.

ә) Қызығушылықтарына қарай топтарға бөлінді (тарихшылар,суретшілер, программистер)

б) Топтардың міндеттері мен жұмыс жоспарлары құрылды.

3.Іс-шараны жүзеге асыру. (қараша-сәуір айларын қамтиды.)

а)«Менің отбасым Ұлы Отан соғысы жылдарында» шығарма жазу.

ә) соғыс уақытындағы фотоақпараттар мен документтер жинақтау.

б) ардагерлермен кездесулер ұйымдастыру.

в) жиналған деректерді талдап, жүйелеу.

4. Презентациялау.

Ұлы Отан соғысы жылдары алыстаған сайын, сол соғысты көрген,

ащы дәмін татқан адамдарымыз да азаюда. Ол жайлы естеліктер де ұмыт бола бастады. Біздің ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы тарихтың бір кезеңі ғана болып келеді. Ал сонау 41-ші жылдағы соғыстың зардабы тимеген отбасы жоқ шығар. Қазір біз бұл жойқын соғыста ата-бабаларымыз, әжелеріміз қанша қайғы, қанша қиыншылық пен қасіретті бастарынан өткізгенін елестете де алмаймыз.

Осындай бақытты өмір сыйлаған адамдарды ұмытуға біздің қақымыз жоқ. Әрбір адам өз елінің тарихын білуі тиіс. Бірақ тарих, қарапайым адамдардың тағдырларынан құрылады. Сондықтан ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің қандай болғандарын түсіну үшін, ұрпақтар арасында байланыс болу үшін, адам өмірінің нәзік екенді-гін және одан қымбат ештеңе жоқ екендігін түсіну үшін, олар жайлы білу, біз үшін үлкен міндет.

Дайындық кезеңі:Биылғы Жеңістің 70 жылдығына байланысты оқу жылының бірінші күнінен бастап,оқушылар кеңесінде жылдық жұмыс жоспары талқыланды.

Сол уақытта оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.

-Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстарымның өмірі жайлы мен не білемін?

Бәрін білемін- 6 %

Өте аз білемін- 80%

Ештеңе білмеймін-14%

Сауалнама нәтижесі бойынша,оқушылардың көбі жалпы соғыс тура-лы естіген, біледі.Бірақ, нақты өз отбасына соғыстың қаншалықты қатысы барын білмейді екен. Әңгімелесе келе, оқушылардың 96 %-ының көп білгісі келетіні анықталды және зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша ат салысатындарын айтты.

Ұйымдастыру кезеңін Мектеп мұражайындағы ауылымыздың Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлері туралы мәліметтермен таны-судан бастадық. Бірақ, ауылымызға көшіп келіп жатқандар саны көп болғандықтан, жаңа тұрғындардың ата-бабалары жайлы мәліметтер жинауды да жөн көрдік.

Сол себепті «Ұлы Отан соғысы туралы немерелер мен шөбе-релер баяндайды» тақырыбында зерттеу жұмыстарын бастадық.

Бұл зерттеудің 3-ші- Іс-шараны жүзеге асыру кезеңі болатын.

Осы уақытта мектепте:

а)«Менің отбасым Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім» тақырыптарында шығарма жазу байқауы өтті.

Оқушылардың жазған шығармалары. (50 шақты шығарма)

Шығармалар әрқилы болды: бірі қысқа, екіншісі түбігейлі, келесісі толқуға толы болса, ал кей бірі ақпараттық қана. Бірақ бізге бәрі де қымбат, өйткені осылай ғана сұрапұл соғыс жылдарындағы қайғы мен қасіретке, қорқыныш пен ерлікке, күдік пен үмітке толы Ұлы Отан соғысына әр жанұяның қатысы бар екендігін түсінуге, жүрегімізбен сезінуге мүмкіндік болды.

ә) соғыс уақытындағы фотоақпараттар мен документтер жинақта-дық.Жиналған шығармаларды, деректерді талдап, жүйелеп жинақ жасадық.

б) Ардагерлермен, тыл еңбеккерлерімен кездесулер ұйымдастырыл- ды. в) Суреттер байқауы өтті.

Мектебімізде басқа да көптеген іс-шаралар өтті. Солардың бірі «Батыр-пионерлер», «Солтүстік Қазақстандық батырлар», «Ауылдағы тыл еңбеккерлері» тақырыптарында өткен жобалар байқауы.




Жеңіс күні.

Жылда Жеңіс күнін нағашы әжемді құттықтаудан бастаймыз.

Себебі, атамның әкесі Кеңбейілов Қапез - Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңімпаз жауынгер атанып келген. Ол 1941 жылы со- ғысқа аттанып, бірінші күннен бастап алдыңғы шепте барлау-шылар взводында болған. Оңтүстік Украина, Кавказ майдан-дарында болып, жаумен жан аямай соғысқан. Венгрия, Австрияны жаудан азат етуге қатысқан. Берлинді алған жауынгерлердің ішінде асқан табандылықпен ерлік көрсетіп, 1945 жылы елге аман оралған екен. Көрсеткен ерліктері үшін «Майдандағы ерлігі үшін», екі мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медалдармен марапатталған. Соғыстан келген соң үйленіп, балалы - шағалы болған атамыз зейнет жасына жеткенше жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұстаз болып еңбек еткен екен.

Осы Қапез атамыздың жұбайы - Құсни әжеміз де соғыс ке-зінде бойжеткен қыз болған, колхоздың қандай жұмысы болса да аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосқан. Қазір Құсни әжеміздің жасы тоқсаннан асты.Немере, шөбере-лерінің тілегін тілеп, аман-есен Жұмабек атамыздың шаңырағын-да өмір кешіп келе жатқан жайы бар. Біз барғанда қуанып: -Е, Дамир келіп қалды ғой, амансыңдар ма? Даниял қайда, Әлихан аяғын басты ма? – деп құрақ ұшып жатады.

(Қапезов Дамир 4-сынып оқушысы)


Ерасылдың әңгімесі.

Менің атамның әкесі Таскулов Шынтемір бір мың тоғыз жүз бесінші жылы Қостанай облысы Преногорьков ауданында туған.

1941 жылы ел шетіне неміс – фашист басқыншылары шабуыл жасағанда Отан қорғауға аттанған. Соғыста ол кісіні атқыштар полкына бірден пулеметчик қылып алған екен.Атамыз фашистерді жеңеміз, елге аман – есен ораламыз деген тілекпен жүргенде, 1945 жылдың басында жау қолына тұтқынға түседі. Жеңіс күні туғанға дейін фашистердің тұтқынында болыпты.

1945 жылы тамыз айында елге аман келіп, үйлі-баранды болып, қартайып, біз туғанға дейін қайтыс болыпты. Қазір біздің үйде Шынтемір атамыздың соғыс кезінде алған медалдары, құжаттары сақтаулы.

(Есім Ерасыл 3 – сынып оқушысы)


Әжемнің әңгімесі.

Мен қазір Озерный орта мектебінің 4– сыныбында оқимын. Қызылжар қаласының жанындағы Есіл өзенінен алыс емес жерде орналасқан Прибрежное селосында тұрамын. Отбасында әкем, шешем және екі бауырым бар. Менің әкемнің аты – Мерген. Ол әжемнің ең кіші баласы. Осыдан тура бір жыл бұрын жасы тоқ-санға жақындап қалған Мәдина әжем қайтыс болды. Әжем өткен өмір туралы, басынан кешкен оқиғалар туралы әңгімені көп айтушы еді.

-Әже, Ұлы Отан соғысы деген не? – деп сұрағанда, әжем терезеге қарап,алыстан бір нәрсені көре алмағандай ұзақ отырып:

-Бұл қу соғыстың біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама! Сол жараның зардабы ешуақытта ұмытылмас. Бой жетіп желкілдеп өсіп келе жатқан шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да салмағын салды ғой,- деуші еді әжем.

Ия, бұл алапат соғыстың бүкіл елімізге де, біздің ауылымызға да, шаңырағымызға да әкелген қасіреті аз емес екен.

Біздің ата жұртымыз Балуан деген ауылдан қан майданға 100 -ден аса жас жігіттер кеткен екен. Кейбіреулері соғыста офицер болыпты, танк жүргіушісі, атқыштар полкінде, жаяу әскер құрамында бо-лып кескілескен ұрыстарда өліспей – беріспеген.

Сол жігіттердің 86 – сының денесі ұрыс даласында қалыпты. Ауылдан кеткен жігіттердің оншақтысы аман келіпті.Ғаббас және Букан атайлар бір аяғынан айырылып келіпті.Соғысқа 20-ға толмай аттанған Мұстафаның Қажытайы, Есенжолдың Наушасы қан майданда танк жүргізіпті. Жағыпардың Нәбиі Кеңес Армиясының офицері болған. Олар соғыстан келген соң Балуан сегізжылдық мектебінде біздің әке – шешелерімізді оқытыпты, талай рет майдан-дағы шабуылдар, кескілескен ұрыстар туралы айтып отырады екен.

( Дюсен Сабина 4 – сынып оқушысы)

Қорытынды

Осы жоба жұмыстарынан кейінгі сәуір айында жүргізілген Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы мынадай болды: 45% оқушылар соғыс кезіндегі туыстарының өмірі жайлы көп нәрсені білді. 51%  - тағы білгілері келеді.

Бұрынғыша ештеңе білмейтін- 4% оқушылар.(алдында 14% болған).

Осы мәліметтерді тұжырымдай келе, әр оқушы өзінің ата-баба-ларының өмір-тарихын тереңірек білді. Отаншылдық сезімдерін, ардагерлерге деген шынайы құрметін қалыптастырды, ел тарихы жайлы көп мағлұматтар алды .

Біз аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін ұмытпай, одан әрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Жадымызда жатталған бабалар ерлігі бізге жер бетінде бейбітшілікті сақтап, балаларымызды тәуелсіз Қазақстанның патриоттары етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Май-дан далаларында қаза тапқан батырларды ұмытпау, қазір арамызда жүрген ардагерлерді барынша құрметтеп, жәрдемдесу – біздің қаси-етті парызымыз.


4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау мақса-тында төменгідей тест пайдаландым: Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау.

1
5- иә
4 - көбінесе
3- кейде, сирек
2 - білмеймін
1 - жоқ, сәйкес келмейді.

1. Мен білуге тырысамын.
2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.
3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.
4. Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын .
5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.
6. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.
7. Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.
8. Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.
9. Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.
10. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.
11. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.
12. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін
13. Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.
14. Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге жетемін.
15. Жауапкершіліктен қорықпаймын.
Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.
Егер сізде
45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз;

36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған; 14-35 ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылық-пен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың дамуына көп көңіл бөлге-ніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий бойынша әрекет етуге тырысыңыз.
Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48 %-і 36-44 ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жинады.
Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест пайдаландым:
Тест №2Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыздар:
5-иә
4-көбінесе
3-кейде
2-білмеймін
1-жоқ,қосылмайтын.

Ынталандыратын факторлар:
1. Болашақты жоспарлау
2. Алдына мақсаттар қою
3. Өзіңнің жеке дамуына талаптанушылық
4. Өз бетінше білім көтеру
5. Дербестігі мен саналылығының артуы
6. Пікірталастарға қатысу, өзінің пікірін айтуы.
7. Мұғалімді үлгі ету.
8. Оқу тапсырмасын орындауға әрдайым дайын болу.

9.Сыныптастарының өзі жайында пікірлері әсер етеді.

Жобалау технологиясын  қолдануда  әр  оқушы:

 

•  білімді  өздігінен  меңгеруге,  сол  білімді  жаңа  танымдық  және  тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  жұмсауға  үйренеді;

•     коммуникативті білік – дағдыны  меңгереді;

•     қажетті  ақпараттарды  жинауға үйренеді;

•     қорытынды  шығарып, түйіндер  жасауға  дағдыланады;

•     талдау  жасауға  үйренеді;

 

Жаңа  жобалап  оқыту  технологиясы   оқу- тәрбие   үрдісінде  жоғарғы  нәтижелер  береді:

Сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі.

Оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туады.

Оқушылардың  әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың.

Оқушыларды  түгелдей  бағалау  мүмкіндігі  туады.

Оқушыларды  ізденіске  баулып, өз  бетімен  жұмыс  істеуге

     дағдыландырады.

 Оқушылардың   қабілеттері, сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, шығармашылық  белсенділігі  артады.

 Жеке  шығармашылығын  шыңдауда,өзіне  деген  кәсіби  сенімін  қа-лыптастырады.

Қорытынды

Сонымен, оқушыларға  дайын  өнімді  қабылдайтын  ғана  емес,өз

бетімен  ізденетін,дербес  ісәрекет  жасай  алатын  тұлға  ретінде  қарау жобалау  технологиясының  негізі.

Оқушының  зерттеу  және  жобалау  мүмкіндіктерін бағалай  келіп, баламен  жұмыс  барысында жобалау  әдістері  мен зерттеушілік оқыту   әрекеттерінің  пайдасын түсіне  білу. Жобалаумен  қатар  зерттеушілік  жұмыстар   да  атқарылады. Зерт-теу  жұмыстарының  барлық  кезеңдерінде негізгі күтілетін нәтиже-

баланың  жаңадан  алған  білімін игеру  қабілетін, алған материал-ды  талдау,өңдеу  және  зерттеу  әдісінің  дағдыларын  дамыту.








Мазмұны:

Алғы сөз.

Жобалау әдісі.

Жобалау әдісінің кезеңдері.

Жобалау әдісінің түрлері.
Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері.

 Жоба   жұмысының  негізгі  сатылары.

Жобалау әдісін  бастауыш  сынып  сабақтарында  қолданған  кездегі   сабақ үлгілері.

Дүниетану. «Жануарлардың  сан  алуандығы», «Орамжапырақ  көбелегі», «Бал арасы»

Ана тілі. «Малдың төлін сүюі»

Әдебиеттік оқу. 4 сынып.  « Қазіргі заманның кереметі»

Әдебиеттік оқу. «Қыс»

Дүниетану. «Отбасы»

Қазақ тілі. «Сөйлем мүшелері»

Рөлдік ойындар жобасы.

«Қардың қасиеті» ғылыми жоба.

Жеңістің 70 жылдығына арналған : «Отбасылық альбомдағы суреттер» ғылыми жоба.

«4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау» тест .
Нәтижелері.

Қорытынды.












Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. 12 жылдық білім беру Тұжырымдамасы, 2010 ж.

2. Әсімбетова Л.К. «Білім беру жүйесіндегі кәсіби дамудың жаңа технологиялық жүйесі»

3. Өстеміров К. «Кәсіптік педагогика», - Алматы, 2006 ж.

4. С.Көшімбетова. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары» - Алматы, 2008.

5. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с.

6.Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) – цит. по   «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 .

7.Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004 – с. 42.

8.Білім берудегі менеджмент журналы №3/2008ж, №2/2010ж





31


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!