Материалдар / Бастауыш сынып – оқушыларының шығармашылық қабілетін ұштаудың көзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып – оқушыларының шығармашылық қабілетін ұштаудың көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мақала түрінде бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал қолданады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып – оқушыларының шығармашылық

қабілетін ұштаудың көзі.

Ахметкалиева Айгул Уразаевна

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта

білім беретін мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі, Шағатай ауылы,

Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы


Қазіргі мектеп жан-жақты дамыған зиялылық деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет.

Шығармашылық негізі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді де, даму өнімі-оқуға құштарлық, қызығушылық болып табылады.

Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлардың болуы қажет.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар.

Әлеуметтік

Педагогикалық

Психологиялық

Физиологиялық

-отбасындағы әлеуметтік жағдай.

-отбасындағы шығармашылық.

-мұғалімнің бала белсенділігін қолдауы.

-әдістемелік көмек.

-бағалау әділеттілігі.

-ойлау тереңділігі, қиялдың ұшқырлығы.

-өз күшіне сенуі, ынталылығы.

-бала денсаулығының жақсы болуы.


Сонымен қатар қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикадан кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет.

Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.

І – Жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік танымдылық қызығушылық.

ІІ – интуиция, шығармашылық қиял, әдемелікті сезіну білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.

ІІІ – өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.

Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады.

-бастауыш сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды.

Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын.

Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін.

-бастауыш сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенімен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек.

-бастауыш сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан педагог міндеті баланы үздік создық фантазия элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетелеуі тиіс.

-бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы. Олар үлкендік сын ой пікіріне қатты сүйенеді. Міне осындай ситуацияларда көреген көзбен қабілет керек. Оқушының қателескен жерін дәл тауып айта білуі және оқушының көзін жеткізе білуі керек. Осы орайда шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруда сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады.

-тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

-белгілі бір тақырыпта пікірталас тудыру;

-сөзжұмбақ құрау, шешу;

-шығарма, шағын әңгіме, мәтін құрау;

-әңгіменің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, бөліктерге бөлгізу, тақырып қойғызу;

-қиялдау арқылы суретін салдыру, рөлге бөліп оқыту;

-ұнатқан кейіпкерлеріне мазмұнына кері әңгіме құрату;

-мазмұндама түрлерін жазу;

-адасқан сөзді орнына қойдыру;

«Білім негізі-бастауышта» -деп тегін айтылмаған. Өйткені, бастауыш сатысы – оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Бұл кезеңдегі мақсатты жүзеге асыратын оқу пәндерінің бірі-дүниетану.

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір білім, білік-дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Соның бір көрінісі оқушының өз ойындағысын ашық айтуы және соны шағын шығарма және эссе түрінде жазуы. Мысалы: дүниетану пәнінен табиғат пен адамның байланысы туралы жазған жұмысы.

Табиғат пен адам – егіз. Тіршілікке қажетті ауа, су, азық-түлікті табиғаттан аламыз. Айналаға ағаштар отырғызып, суарып-баптаймыз. Ауылымыздың маңайында ағаштар көп. Ағаштар мол болса, ауа сондай таза болады. Таза ауамен дем алып өскен адамның денсаулығы да мықты болады. Табиғат аясында адамдардан басқа жан-жануарлар, хайуанаттар, құстар, жәндіктер де өмір сүреді. Табиғаттаы тіршіліктің бәрі бір-бірімен байланыста. Сондықтан табиғаттың қадірін біліп, оны қорғауымыз керек.

Жұмаш Еңлік 3 –сынып

Туған жер

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.

Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер – Шағатай ауылы. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жердің қадірін әр адам әр қалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жердің қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара –пар. Себебі, ол -менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстазым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер.

Мен өз жерімді жақсы көремін.

Кеңес Ақбота 3- сынып

Қорыта келгенде:

Шығармашылық тапсырмаларды орындаудан алынатын нәтиже: Жауапкершілігі артады, қажет болса көзқарасын өзгертеді., басқаларды таңдай біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!