Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сынып Дидактикалық материалдар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Бастауыш сыныптың 1-сыныбына арналған.
Орал-2012 ж.
Жетекшісі:
Қ. Ү. Жақыпова- қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Жинақтаған:
3 а ҚМБ тобының студенттері:
Көкенова В. М
Құрмашева Ұ. Н.
Халесова Н. М.
Бастауыш сыныптың 1 – сыныбына арналған ана тілінен дидактикалық материалдар оқушылардың білім сапасын арттыруға және мұғалімге көмекші құрал ретінде дайындалды.
Дидактикалық материалдардың мақсаты - оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша құрал ретінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Мұғалім мұндағы тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне, тілді игеру дәрежесіне қарай қолданады.
Дидактикалық материалдардың негізгі міндеті - оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту яғни оларға тіл туралы білімді ғана меңгеру емес қазақ тілінде сөйлесуге, пікір алысуға үйрету. Осыған байланысты мақал – мәтелдермен таныстырып, олардың қолдану аясында көрсету, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тыйым сөздер, тіл жаттығулары, мәтіндерінің мазмұны бойынша сұрақтар, шағын әңгіме, шығарма жазу сияқты лексика – грамматикалық тапсырмалар ұсынылады.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. Айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Ал тест жинағы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекітуге, сергіту сәттері оқушылардың сабақ барысында сергіп тынығуына ықпал етеді.
1 - сабақ. Сөйлеу не үшін қажет?
1. Сөзжұмбақ
л
ө
с
й
е
у
1. Жылт – жылт еткен , жылғалардан өткен. ( Су )
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. ( Өрік )
3. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. ( Қой )
4. П – дан егер бастасаң, зоопаркте тұра алам,
Т – дан егер бастасаң, ойыңды сыртқа шығарам. ( Тіл )
5. Шыр - шыр етеді, ұстасаң сөйлеп кетеді. ( Телефон )
6. Ауылда бар елде жоқ,
Дауылда бар желде жоқ. ( У әрпі )
2. Жұмбақтар
1) Күмiс қазықтың
Асы алтын.
(Тiл мен Сөз)
2) Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз)
3. Шарадалар
1) Бірінші түбір сөз-
Бояу түсі.
Екінші түбір сөз-
Үй бұйымы ескі.
Екеуін қосып оқысаң-
Уақыт мезгілі кешкі.
(Ақ-Шам=Ақшам)
2) Бірінші түбір сөз-
А узыңа алмас зат мұны.
Екінші түбір сөз-
Үлкен өзеннің бірі.
Екеуін қосып оқысаң-
Спорттың түрі.
(У+ШУ=Ушу)
4. Мақал-мәтелдер
1. Аз сөз-алтын, көп сөз-көмір.
2. Айтқан сөз, атқан оқ қайтпайды.
3. Ақ сөз ақиқат болады.
4. Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді,
Құйма құлаққа айтқан сөзді құйып алады.
5. Жаңылтпаштар
1. Бала бал арасын қуалады,
Бал арасы баланы қуалады.
2. Бақшада-алша,
Айшада-ақша.
Айша ақшаға
Алша алса бақшада.
2 – сабақ. Тіл және сөйлеу.
1. Егер жұмбақты дұрыс шешсең сөздердің басқы әріптерінен
«
Тапсырма:
1. Өзі үлкен жануар, үстінде үлкен тауы бар. ( Түйе)
2. Үзсем үзілмейді, терсем тізілмейді. ( Із )
3. Тастан тасқа секіреді, қалқып қос құлағы
Ойын болып көкірегі аула оның тұрағы. ( Лақ )
2. Жұмбақтар
1) Үңгiрдi жайлаған,
Сұйексiз, тиексiз,
Жылмаңдап сайраған.
(Тiл)
3. Логорифтер
1) Қасқыр жыртқыш-аң,
Көбейсе салар лаң,
Ел соған алаң
Қауіпті тау, далаң.
2) Болсаң нағыз ер,
Көмек бер, төк тер.
Аспалы көпірден өтер,
Жүкті бөлісіп көтер.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Тіл – тиексіз
2. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
3. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
5. Жаңылтпаштар
1) Көшен
Кешігіп
Кеш көшсе,
Көшеге дейін
Неше көшеді?
2) Олақ бала салақ па,
Салақ бала салақ па?
Олақ бала да салақ,
Салақ бала да салақ.
3 – сабақ. Д. Әбілов. «Туған тілім»
1. Сахналау
Сатушы мен сатып алушы
Мұғалім мен оқушы
Ата мен баланың бір-бірімен сөйлесуін сахналаңдар.
2. Жұмбақтар
1) Есiгiн ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есiгiн жапсаң,
Жайраған құр күл.
(Тiл)
3. Метаграмма
1) Тұтас оқысаң-
Қолыңа ұстар жылқышы.
Екі шеткі әрпін қысқартсақ-
Қылмыскер бұл кісі.
(Құрық-ұры)
4. Мақал-мәтелдер
-
Басқа пәле тілден.
-
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
-
Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.
5. Жаңылтпаштар
1) Ұқыпты бала –
Кітапты түптеп тастады,
Ұқыпсыз бала-
Кітапты бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
4 – сабақ. Қыс. Дыбыс және әріп.
1. « Кім жылдам» ойыны
Берілген әріптерден сөз құра.
А, с, м, л, р, к, ж, е
2. Төмендегі сөздерді тиісті әріптермен толықтыр.
Ал...а, өр...к, к...тап, мек...еп, сызғ...ш, па...та, көш..., ау...л.
2. Жұмбақтар
1) Қайқылығына қарамас,
Жалпақ табан қара ағаш.
Қар болмаса ауладан,
Шығуға да жарамас.
(Шаңғы)
3.Метаграммалар
1) Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әрпі ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын
(Мұз-тұз)
4.Мақал-мәтелдер
1. Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс.
2. Қыстың қамын жаз ойла.
3. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
5 – сабақ. Бұл қай кезде болады?
1. «Сөзіңді есіңде сақта»ойыны
Мұғалім балаларға бірнеше қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді мұғалім өзі айтады, балалар келесі сөзді есіне сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
1. Көктем-жаңбыр.
2. Жаз-күн шықты.
3. Күз-тұман түсті.
4. Қыс-қар жауды.
5. Аспан-бұлт.
6. Су-балық.
2. Жұмбақтар
1) Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Ү зіліп түседі.
(Жапырақ)
2) Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,
Қашады басқан ізі білінбестен.
(Жел)
3. Мақал-мәтелдер
1. Тіршілік — түзетеді.
2.
Бәле қайда деме,
Аңламасаң, аяқ астында.
4.
Жаңылтпаштар
Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма беремін.
Аппағымның атын тез
Айтқанына беремін.
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
6 – сабақ. Қар қандай? Дыбыс және әріп.
1. Дыбыстардан сөз құра.
1. р, қ, а ( қар )
2. а, л, а, қ ( қала )
3. к , е , м, п , т, е ( мектеп )
4. л, а, б, а ( бала )
2. «Қай әріпті жоғалттым» ойыны.
...есе, ан...., кем...., мекте....., шан..., баты... .
3. Мақал-мәтелдер
1. Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.
2. Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.
4. Жаңылтпаштар
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.
7 – сабақ. Боранда.
1
Көп нүктенің орнына дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды қой.
Ба...лық, қ...лам, ..урет, қай...ң, бишіл....р, мы...ық, жұл...ыз.
2. Жұмбақтар
Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әрiп,
Жер қойнынан табыламын.
(Қыс — Мыс)
3. Логогрифтер
1) Көңіліміз ақ,
Қуанатын шақ,
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал жайып құшақ.
2) Үй иесіне қатаң,
Тапсырып дедік: «Атаң»
Оятсын атпай таң,
Шығамыз аулап аң.
4. Мақал-мәтелдер
1. Қыс қыстығын қылмаса,
Жаз жаздығын қылмайды.
2. Қыс қысыларсың,
Жаз жазыларсың.
5. Жаңылтпаштар
1) Елеусіздік елеуіші елегіш емес,
Елеместің елеуіші елегіш.
2) Құз,
Құздың үсті мұз,
Құздың үсті қыс.
8 – сабақ. Аққу мамық ұлпа қар.
Мына сөздердегі дыбыстарды екіге бөліп жаз.
Айман, қыс, ауыл, сарай, малшы, қар, мамық, аяз.
Дауысты Дауыссыз
1.
2. Жұмбақтар
1) Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан.
(Мұз)
3. Омофондар
1) Бойлатып құрықты,
Тексердік құдықты.
Суы жоқ құрыпты.
Аршуға құдықты,
Ешкім жоқ құлықты.
2) Мектептен келген жанар,
Балтамен ағаш жарар,
Пешке от жағар,
Қамырды илеп, жаяр,
Табаға нан жабар.
4. Мақал-мәтелдер
1. Қыс азығын жаз жина.
2. Қыс қыстығын қылмаса,
Жаз жаздығын қылмайды.
5. Жаңылтпаштар
1) Бөркім
Сенсең де-сеңсең,
Сенбесең де-сеңсең.
9 – сабақ. Намыс. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
1. Төменде берілген сөздерді тиісті әріптермен толықтыр.
К...тап, ж...зу, оқ...лық, к...гершін, әр...п, б...ік.
2. Әріптерден сөз құрастыр.
л, г, ү; ә, і, р,п; м, к, е, т, п, е.
1.
2. Жұмбақтар
1) Менен өзі аумайды,
Менен көзін алмайды.
(Айнадағы бейне)
3. Омофондар
1) Шатастырды кебісті,
Екі қария керісті.
Бір-біріне кейісті,
Ақырында келісті.
2) Нан жауып,
Сиыр сауып,
Жемдеп тауық,
Жүс Сауық.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Аға әдепті болса,іні әдепті.
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
2. Адам болатын баланың маңдайы жазық келер.
5. Жаңылтпаштар
1) Күз, Кез, Көз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды
10 – сабақ. Қыс түсті. Жуан дауысты дыбыстар.
Мына берілген сөздерге тиісті дауысты дыбыстарды сәйкестендір.
Оқуш... ө
Тасб...қа ы
К...гершін а
1.
2. Жұмбақтар
1) Қыста келген,
Көктемде кеткен.
Көрпе боп жатқан,
Жылға боп аққан.
(Қар)
3. Омофондар
1) Есен алып күректі,
Жауған қарды күрепті.
Қармен бастап күресті,
Тазалаумен күн өтті.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Қыстағы қар ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс.
2. Қыс, қыс сияқты болсын, қыз, қыз сияқты болсын.
5. Жаңылтпаштар
1) Қырық құлып, Қырық құрық.
Құлып та қырық, Құрық та қырық.
2) Ескермес те, Естемес те,
Есіл сөздерді ескермес пе?
1 1 – сабақ. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбысттар.
1.
Төменде берілген сөздерді жіңішке дыбыстармен толықтыр.
Әт...ш, ...рм...кш..., ерт...г..., к...ш, әңг...м... .
2. Жұмбақтар.
1) Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. ( өрмекші )
2) Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. ( қарлығаш )
3. Анаграмма
1) «Ж»-дан бастасаң-
Жер биігі.
«Б»-дан бастасаң-
Мал түлігі.
(Жота-Бота)
4. Мақал-мәтелдер.
1. Қайратты ерде мал тұрар, өнерлі ерде бақ тұрар.
2. Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
3. Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
5. Жаңылтпаштар.
1) Мына саяға
Қалай саялай аласыңдар?
Саялай аласыңдар ма,
Саялай алмайсыңдар ма?
1 2 – сабақ. Көңілді қыс.
1.
Өлең жолдарын әрі қарай жалғастыр.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар.
..............................
.................................
..............................
.................................
2. Жұмбақтар
1) Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер. (Қар)
2) Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)
3. Логогрифтер
1) Бізге тақай
Келіп Ақай:
-Бүгін қай,-
Деді,- ай?
2) Түсі ақ,
Үркек,сақ.
Мал ұсақ,
Бұл – тұсақ.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Қысың тұман болсын, ауруың тұмау болсын.
2. Қылышын сүйретіп қыс келеді.
3. Үркерлі айдың бәрі қы
13 – сабақ. Аяз
1.
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
Қызығы, қыс, басталды. Айбол, киінді, жылы.
2. Жұмбақтар
1) Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
(Мұз)
3. Омонимдер
1) Батқанда кеш,
Шықты үйден кеш.
2) Суға жүз,
Бір емес жүз.
3) Ет ас,
Ішеміз ас.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Сақырлаған аязда, сары қамысты сағала.
2. Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
5. Жаңылтпаштар
1) Тайғанақтап,
Қаңғалақтап,
Бұлғалақтап
Сырғанақ теп.
14 – сабақ. Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары
«Сөз құра» ойыны.
Л, к, е, ш, е (шелек)
Н, е, е, д (еден)
К, е, ж, б, е, е (кебеже)
1.
2. Жұмбақтар
1) Бояуы сан түрлi,
Түрi ұқсас тауыққа.
(Бұлдырық)
2) Қауырсыны көгiлдiр,
Кiшкене құс.
Беткейде өрiп жүр.
(Кекiлiк)
3. Метаграммалар
1) Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етiмiн – тағаммын.
(Қаз — Қазы)
2) «Қ» әрпiнен бастасаң,
Көмiрге ұқсас түрiм бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлiн бал.
(Қара — Ара)
4. Мақал-мәтелдер.
1. Сауысқан тоты боламын деп
Жүрiсiнен жаңылыпты.
2. Бұтаға паналаған торғай
да аман қалады.
5. Жаңылтпаштар
1) Шағала көл шетіне қонды,
Қара қарға жол шетіне қонды.
2)
Шымшық шымшықты шымшылады.
Шымшықтар
Тыныштықты тыншымады.
1 5 – сабақ. Жылыжайда. И, у дыбыстары.
-
Мақалды жалғастыр. У дыбысы бар сөздерді тауып, қандай дыбыс екенін ажырат.
Батыр туса - ..........................
Жаңбыр жауса - ...................
2. Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты : __________________________________
Дауыссыз : __________________________________
3. Инелік илеуде иленбейді.
Итбалық итмұрынды
иіскемейді.
2. Жұмбақтар
1) Мінезі ашық данадай,
Пейілі кең анадай.
Оған барлық тіршілік
Еркелейді баладай.
(жаз)
3. Анаграмма
1) «Т»-дан бастасаң,
Дақылдың бірі.
«С»-данбастасаң,
Бояудың түрі.
(Тары-сары)
2) «С»-дан бастасаң,
Баяулап есетін жел.
«Қ»-дан бастасаң,
Бекінетін жер.
(Самал-қамал)
4. Мақал-мәтелдер.
1. Ай жарық – қоян арық.
2. Аң таппаған, атынан көредi,
Ата алмаған мылтығынан көредi.
Ажалды киiк адырға қашады.
5. Жаңылтпаштар
1) Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
16 – сабақ. Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
1. «Әжеге гүл сыйлаймыз»!
жуан жіңішке
Ғажап алға гүл биік әнші
2. Жұмбақтар
1) Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)
2) Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?
(Әлiппе)
3) Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.
(Күнделiк)
3. Метаграммалар
1) Түп нұсқа-
Теңіз ол ірі.
Екі шеткі әрпін қысқартса-
Сандардың бірі.
(Балтық-алты)
4. Мақал-мәтелдер
1. Оқу – білім бұлағы
Білім - өнер шырағы.
2. Оқу – білім азығы
Білім – ырыс қазығы
3. Білім – ер азығы,
Ер – ел азығы.
4. Білім қымбат,білу қиын.
5. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Жаңылтпаштар
1) Тоқсан сайын,
Алғыс ағаш
Жалғыз Нарқыз
2) Күрішті екшеп,
Текшелеп ексек.
17 – сабақ. Тиін. Жіңішке айтылатын сөздер.
1. Берілген сөздердің ішінен жіңішке айтылатын сөздерді теріп жаз.
Мектеп, аула, сандық, көше, саябақ, гүл, жілік, кітап, көбелек, әйнек, отырғыш, сыбызғы.
2. Жұмбақтар
1) Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
2) Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
(Қасқыр)
3. Анагармма
1) «Б»-дан бастасаң-
Орман ішін кезген.
«Қ»-дан бастасаң-
Қорықта үркіп безген.
(Бұлан-құлан)
4. Жаңылтпаштар
1) Мінсең есек құрғыр,
Шалбар жылжыр сылбыр.
2) Маңдайың жіпсіп,
Тер шықса шып-шып.
Тереңді сықшы,
Сүртіп сықшы.
18 – сабақ. Кітап ескірмейді. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
1. Өз ойыңнан үш топқа сөз тауып жаз:
Жуан айтылатын сөз
Жіңішке айтылатын сөз
Аралас айтылатын сөз
2. Жұмбақтар
1) Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.
(Кiтап)
2) Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
(Тақта)
3. Омонимдер
1) Тар екен деп бөлме,
Ренжіп көңіл бөлме.
2) Қарап кел бос тұрма,
Машина орнында тұр ма?
3) Тазалап үйді,
Сыпырып қоқысын үйді.
4. Мақал-мәтелдер
1. Оқу – түбі тоқу.
2. Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
3. Ойнада күл
Оқыда біл.
5. Жаңылтпаштар
1) Бақшада-алаша,
Айшада ақша.
Айша ақшаға
Алша алса бақшада.
19 – сабақ. Темірағаш. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
1. «Тіршілік нәрі» ойыны.
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін, белсенділігін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: мұғалім жер, су, жануар деген сөздерді жеке жеке айтқанда балалар керекті суреттерді көрсетеді. Жаңылып, шатасып қалған бала мақал, жұмбақ айтуы тиіс.
2. Жұмбақтар
1) Жазда жасанады,
Қыста томсарады.
(Ағаш)
3. Метаграмма
1) Түп нұсқа-
Жасайсың талдап өріп.
Екі шеткі әріпін қысқартса-
Жүк таситын көлік.
(Шарбақ-арба)
4. Мақал-мәтелдер
1. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
2. Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.
5. Жаңылтпаштар
1) Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық.
2 0 – сабақ. Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
1. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Екі қоршауда берілген дауысты дыбыстардың жұптарын сызықтармен қосады. Жұп дауысты дыбыстардың әрқайсысына сөз ойлап, олардың мағынасын түсіндір.
2. Жұмбақтар
1) Көз жазбас айналғаннан,
Күш-қуатты қайдан алған,
Мәңгі-бақи пайдаланған.
(Жер шары)
3. Метаграмма
1) Тұтас оқысаң-
Тағамың жейтін,
Екі шеткі әрпін қысқартсаң,
Беретін сертің.
(Манты-ант)
4. Мақал-мәтелдер
1. Отан үшін отқа түс күймейсін.
2. Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
3. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
4. Отанды сүю – от басынан басталады.
5. Жаңылтпаш
1) Ізденгіш -ізшең.
Ізшең - ісшең.
Ізшең - іскер.
21 – сабақ. Туған өлкем. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
1. Жұмбақтың шешуін тауып, дыбыстық талдау жаса.
-
Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге,
Ш аңғы табан үйшік ол,
Тербететін, әрине.
(Бесік)
2. Мақал-мәтелдер
1. Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4. Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
3. Жаңылтпаштар
1) Бұл шалдың әр кез,
Мінезі сәл шәлкес.
2) Көзі қысық,
Бұл пұшық
Пысық пұшық.
2 2 – сабақ. Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
1. Берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір.
Сызғ.......ш
Кірп..............ш і
Өш...........рг.............ш
Қ..рғ.....ш ы
.........лг..........ш
С..........йл................қ
2. Жұмбақтар
1) Алдымен де, артымен де жүреді,
Еңбекшілін елдің бәрі біледі.
(Құмырсқа)
3. Шарадалар
1) Алғашқы буын-
Ұя ішіне жиағн,
Екінші буын-
Шөпке тұнған
Екеуін қосып оқысаң-
Илеп кірпіш құйған.
(Бал+шық=балшық)
4. Мақал-мәтелдер
1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Еріншектің ертеңі бітпес.
3. Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
4. Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
5. Ырыс алды – ынтымақ.
6. Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
23– сабақ. Елің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар .
1. Жуан буынды жіңішке буынға айналдыр.
Мысалы: от – өт
Ал – әл
2. Мақал-мәтелдер
1. Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
2. Елшінің қылышы – тіл.
3. Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
4. Аталар сөзі –
Ақылдың көзі
5. Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
3. Жаңылтпаштар
1) Ықылас пен Ыбырай
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай
2 4– сабақ. Жусанда туған жердің иісі бар. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
1. «Алма жинау « ойыны.
Тақтаға бұтақтарына сөздер қыстырылған алма ағашының суреті ілінеді. Оқушыларға алма ағашындағы жуан дауысты дыбысты сөздерді бір себетке, жіңіншке дауыстыларды екінші себетке жинау тапсырылады.
2. Мақал-мәтелдер
1. Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
2. Ел не демейді,
есек не жемейді.
3. Ел болам десең, бесігіңді түзе.
4. Үйде оңбаған,
Түзде де оңбаған.
3. Жаңылтпаштар
1)
Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана
Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада
ойнайды.
25 - сабақ. Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
1. « Адасқан әріптер» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: балалар адасқан әріптерден мағыналы сөз жасауы тиіс. Кім тез, әрі дұрыс орындаса сол жеңімпаз атанады.
-
Қ, у, о, ы, ш оқушы
-
Т, п, і, к, а кітап
-
І, і, б, м, л білім
-
М, м, а, ғ, ұ, л, і (мұғалім)
2. Мақал-мәтелдер
1. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
2. Отанды сүю – от басынан басталады.
3. Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
3. Жаңылтпаштар
1)
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
26 – сабақ. Қазақстан байрағы. Буын.
1. Екі бағандағы буындарды сәйкестендір.
Бал лам
Дәп ға
Қа тер
Ша но
Ки на
Сыр ла
Су ға
2. Омонимдер
1) Малға бай,
Бұл бір бай.
2) Ағарып таң атты,
Суғарып кел атты.
3. Жаңылтпаштар
1)
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
27 – сабақ. Ата насихаты. Буын.
1. « Жоғалған буын»
Ас - ... – на, оқу - ... – лар, ө-...-паз, ас-...-шы, кі-тап-...-на
1
2. Логорифтер
1) Артуға бармас ар,
Көтере алмас нар,
Мейіз, алма, анар,
Қанар-қанар.
2) Алдына ап,
Табаққа сап,
Жеді асап,
Палау жасап.
3. Жаңылтпаштар
1)
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
2) Вова Васяның вагон ойыншығын
алып,
Васяға вагон ойыншығын Вова
бермеді.
3
) Электр шамы жанады,
Этаждар жымың қағады.
Электр жарық бермесе,
Экран сөніп қалады.
28 – сабақ. Біздің елтаңба. Буын.
1. «ҒА» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.
ТА |
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
|
ҒА |
Жалпы атауын ата
Мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңына заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шашаңдыққа баулу.
Көрнекілік: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.
Ойын шарты: тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.
Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар – жеміс ағаштары.
29 – сабақ. Мемлекеттік тіл. Буын.
« Буынға бөле білесің бе?» ойыны.
Мақсаты: балалардың сөздерді буынға бөлу дағдысын қалыптастыру.
Шарты: оқушылар үш топқа бөлініп, көрсетілген суреттерді атаулары бойынша буынға бөледі.
-
Та – уық
-
М а-са
-
Те-рек...
2. Анаграмма
1) «Б»-дан бастасаң-
Жейтін тамақ.
«Б»-ны алып тастасаң-
Байтақ аймақ.
(Бөлке-өлке)
3. Жаңылтпаштар
1)
Хан баласы ханзада
Болды ғашық ханшаға.
Алып ханнан хабар,
Ханшайымж\ды табар.
3 0 – сабақ. Әнұран. Буын.
1. Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып, төмендегі баспалдақты толтыр. Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.
ЕК |
|
|
|
|
|
|
АЙ |
НА |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Метаграммалар
1) Түп нұсқа-
Лас жер сасық.
Екі шеткі әрпін қысқартсаң,
Қырынан тұрған асық.
(Шалшық-алшы)
2) Түп нұсқа-
Мезгіл жарық.
Екі шеткі әріпін қысқартсаң-
Мұхит алып...
(Күндіз-Үнді)
3 1 – сабақ. « Өз Астанам – өз ордам». Тасымал.
1. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді тасымалдап жаз.
Көкектің айы – көктемім,
Күлімдеп күмбез, көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға
Қарашы нұрын төккенін!
Жер, су, ауа
Мақсаты: балаларға берілгентапсырманы тез шешуге, жылдам жауап беруге, жерде, ауада, суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Шапшаң жауап беруге баулу.
Көрнекілік: асық
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып, балалардың кез келгеніне асықты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады. Егер бала «жер» десе, асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, аһөсімдіктерді атайды. Ал «су» сөзі айтылса, балық, балдырдың аты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.Осылай ойын жалғаса береді.
2. Жаңылтпаштар
1)
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
3 2 – сабақ. Алматы. Тасымал.
1. Тасымалдау белгісін қойып жаз: кітапхана, терезе, кітап, балық, алыс, әдебиет, газет, Айнұр, көзілдірік, журнал, балдырған.
2. Жұмбақтар
1) 1) Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған. ( Домбыра)
2) Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай ұүя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс)
3 ) Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (Бесік)
3. Метаграммалар
1) Түп нұсқа-
Халықтың аты.
Екі шеткі әрпін қысқартса-
Ауылдың қарты.
(Татар-ата)
3 3 – сабақ. Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сыз.
-
Ана – өмір шырағы.
-
Ит – адамның досы.
-
Су – тіршілік мәні.
-
Қыз – елдің көркі,
Гүл – жердің көркі.
«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
3 4 – сабақ. Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал.
Аға
Қалам
Тасымалданатын Іні Тасымалданбайтын
сөздер Дәптер сөздер
Кітап
Әже
Қайсысы ұнайды?
Мақсаты: суреттен көргензаттарының аттарын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны,не үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлеңдерін білетін өлеңдерін айтқызуға болады.
3 5 – сабақ. Балаларыма. Тасымал.
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
1) Айша, барды, анасымен, базарға. 2) Күн, бүгін,ойнауға, шықтым, жақсы, болғасын. 3) Радиодан, ән, тындадым, тамаша.
2. Жұмбақтар
1) Кең байтақ туған жерiме,
Кетпесiн деп жат iз өтiп.
Тыныштық тiлеп елiме,
Отанды кiм тұр күзетiп?
(Жауынгер)
2) Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кiм дейдi,
Қайраттыны кiм дейдi?
(Балуан)
3. Жаңылтпаштар
1)
Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
2)
Инелік
илеуде иленбейді.
Итбалық итмұрынды
иіскемейді.
3 6 – сабақ. Әліпбиді біліңдер. Әліпби.
1. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ә) __________________________________________
Б__________________________________________
2. Анаграммалар
1) «М»-дан бастасаң-
Ай аты.
«Қ»-дан бастасаң-
Илеп оны жаяды.
(Мамыр-қамыр)
2) «Ұ»-дан бастасаң-
Көлігің қанатты.
«О»-дан бастасаң-
Даярлар жер тамақты.
(Ұшақ-ошақ)
3. Жаңылтпаштар
1) Бұл буралардан,
Ол буралар
Бурылырақ емес,
Ол буралардан
Бұл буралар-Бурырақ.
2) Бар шалбарлары
Сары шалбарлар боп шықты.
Сары шалбарлары
Тар шарбарлар боп шықты
3 7 – сабақ. Ә. Табылды. «Әдепті қыз». Тасымал.
1. Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар.
Шешуі _ь_
Өлеңнің ұйқасын тап.
ф) Шағатұғын қалақай,
Өлең айтшы ...
ә) Айналайын торпақ,
Бола берме, ...
б) Тысқа шықты заула,
Тар болып тұр ...
2. Метаграммалар
1) «Т»-дан бастап оқысаң,
Төлi болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.
(Тай — Ай)
2) Жайнаған жер үстi,
Мекенмiн келiстi.
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңiстiк.
(Қала — Дала)
3. Жаңылтпаштар
1) Бұл шалдың әр кез,
Мінезі сәл шәлкес.
2) Көзі қысық,
Бұл пұшық
Пысық пұшық.
38 – сабақ. Т. Қоңыратбаев. "Ұланы еркін елімнің". Тасымал.
1. Тасымалдау белгісін қойып жаз: кітапхана, терезе, кітап,
балық, алыс, әдебиет, газет, Айнұр, көзілдірік, журнал, балдырған.
2. Мақал-мәтелдер
1. Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.
2. Айыр пішен басында,
Кісені кереге басында.
3. Орақшының жаманы орақ таңдайды.
4. Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.
5. Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.
6. Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер.
3. Жаңылтпаштар
1) Сабақты Айдар айтар,
Білсе айтар,
Білмесе Айдар қайдан айтар?
3 9- сабақ. Е. Сәрсенбаев. «Бір атаның ұрпағы». Тасымал.
1. РАФТ стратегиясы
Р – рөл
А – аудитория
Ф – форма
Т – тақырып
2. Мақал-мәтелдер
1. Тәрбие – тәлімнен.
2. Өнегелі отаудың өрісі кең.
3. Баталы сөз – балаға азық.
4. Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
5. Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
3. Жаңылтпаштар
Майға нан бұлғар
Жай бұлғар
Жай бұлғамаса
Қол бұлға
40 – сабақ. Ы. Алтынсарин «Сәлем берем үлкенге». Тасымал.
1. Ұйқасын тап.
Жемісі бар тәтті,
Дәні болса қатты,
Аулаға беріп көрік,
Жайқалып тұр ......
Босқа түр оны демеңдер,
Ағаштар бұлар кемеңгер,
Қарағ,йлар, теректер,
Ақ қайыңдар, ......
Көктем
Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге, тапқырлыққа, төзімділікке баулу.
Ойын барысында жәндіктер, құстар, аңдардың атын дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: жәндік, құс, аңдардың суреттері.
Ойын шарты: теледидардан көктем мезгілінің суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады. Балаларға құс, жәндік, аңдардың суреті таратылады. «Жәндіктер» кімде дегенде, жәндіктердің суреттері бар балалар орнынан тұрады. Онан кейін құстар да, аңдар да топтасып орындарынан тұрады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар тіршілік ететін жерін, немен қоректенетіндігін айтқызу.
41 – сабақ. Ы. Алтынсарин «Бәріненде жақсы». Мәтін.
1. « Анама» атты өлең құрастыр.
______________ сүйемін,
______________баламын.
______________көремін,
______________барамын.
2. Мақал-мәтелдер
1. Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без.
Анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без.
2. Ананың ізін қыз басар.
Атаның ізін ұл басар.
3. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
4. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3. Жаңылтпаштар
1.
Доп
деп,
Дөп теп.
2.
Сұрап
Мұрат
Коньки тап.
Байлап майлап,
Аттай шап.
3. Юра Юля ойшылы,
Юла Юляның ойыншығы
4 2 – сабақ. Ы. Алтынсарин «Бала, бала, бала!». Мәтін.
.
Суретке қарап мәтін құрастыр, оған ат қой.
2. Метаграммалар
1) Шеге қағар шеберге,
Ең қажеттi құралмын.
«Б»-ны өшiрсең егер де,
Жiгер берер ұранмын.
(Балға — Алға)
2) Қатты соғып жүрегiм,
Қорқып, үркiп жүремiн,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар бiлегiм.
(Қоян — Ноян)
4 3 – сабақ. Ж. Әлмашев «Нұртай аға!». Мәтін.
Не артық?
Мақсаты: балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттердің ненің артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын атайды. Неліктен артық екенін кеңінен түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғымы түсініктерін бекітеді.
44 – сабақ. Ж. Аймауытов «Жәндіктер қысқа қалай қомданады?». Мәтін.
1.
Суретке қарап мәтін құрастыр. Мәтінге ат қой.
2. Жұмбақтар
1) Қарақұрым нөпiрi,
Егiн шөптiң жебiрi.
(Шегiртке)
2) Өзi кiлем түрiндей,
Құдды қырдың гүлiндей.
Гүлге қонса кетедi,
Айырмасы бiлiнбей.
(Көбелек)
3. Метаграммалар
1) Қыста суды қаптаймын,
Бiрақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әрiп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.
(Мұз-Тұз)
45 – сабақ. Әдептілік-әдемілік. Мәтін.
Мәтінге байланысты мақал – мәтел жазыңыз.
Көктемде, мамыр айы болғанда тауға шығып, көгалға аунап, гүл теріп, таупияз жеген қандай қызық. Ал, қалада да жан – жағы қоршаулы көкмайсалы алаңқайға ойнағың – ақ келіп тұрады. Бірақ, бұл кезде енді – енді көтеріліп келе жатқан шөп те, жапырақ та жас сәби сияқты. Әлі буыны қатпаған бала сияқты ғой.
1) Мәтінде не туралы айтылған?
2) Мәтіннің мазмұны қандай?
3) Жас ұрпақты неге тәрбиелейді?
4) Мәтін қалай жалғасуы мүмкін?
5) Айналаның әсемдігін сақтау үшін сіз не істер едіңіз?
1. «Жалғастыр» ойыны.
Үлкендердің алдынан...
Құстардың ... болмайды,
Кішкене баланы ...
Оқулықты ...
Сыныпта ....
1 . Суреттерге қараңдар. Балалардың орнында болсаңдар, не iстер едiңдер?
2. Мақал-мәтелдер
1. Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2. Әдепсізге қарап әдептілікке үйрен.
3. Адамдықтың белгісі иеліп сәлем бергені.
4 6 – сабақ. Әдепті балалар. Мәтін.
1. Суреттерге қарап, әңгіме құраңдар.
Мен әдепті баламын
А сханада
Кітапханада
2. Метаграммалар
1) Екi сөзден тұрады,
Құстың аты – құрамы.
Сызсаң егер «Бiз» сөзiн,
Ас пiсiрем, көр өзiң.
(Бiрқазан — Қазан)
2) Алғашқы буыным,
Көштi бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бiрiмiн.
Екеуiн қоссаң iрiмiн –
Көп аңдардың дүрiмiн.
(Жол – Барыс – Жолбарыс)
3. Жаңылтпаштар
1) Балаларды
Байлаулы ит
Қалай қабар?
Қалай талар?
Байланбаса ит
Талар, қабар.
47 – сабақ. Е. Өтетілеуұлы «Нағашы жұрт». Мәтін.
1. Сөзге мағынасы жуық сөз тауып жаз.
а) мұғалім, ...
ә) ірі, ...
б) тұнық, ...
Нағашы жұрт
2. Мақал-мәтелдер
1. Ақ шашты ана:
«Жастығын – балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай күнім – анам» дейді.
2. Ата‑ананың қадірін
Балалы болғанда білрсін.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсін
3. Жаңылтпаштар
1)
Съезд, разъезд, подъезд.
Подъезд, съезд, разъезд.
Жаттап ал тез.
48 – сабақ. М. Сейфуллин «Қолғанат». Сөйлем.
1. Өлеңнің ұйқасын табу.
Батырларға ... (ұқсаймыз)
Отанды біз ... (қорғаймыз)
Жерді, елді ... (қорғайтын)
Біз болашақ ... (батырмыз)
2. Мақал-мәтелдер
1. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
2. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.
3. Жаңылтпаштар
1) Көлікті адам
Жаяулаушы ма еді?
Көліксіз адам
Жаяулаушы ма еді?
4
1. «Ойна да ойла».
«Төртінші артық» ойыны.
1) сағат, минут, бейсенбі, жыл.
2) аққу, қаз, үйрек, ит.
3) қар, жаңбыр, найзағай, бұршақ, боран.
4) құлын, оқзы, лақ, балапан.
2. Жаңылтпаштар
Болсаң егер ізшіл сен,
Түз кезіп ізге түсші сен.
Болсаң ұшқыр, ұшшы сен,
Ұсташы жетіп құсты сен
Болсаң жүзгіш, жүзші сен,
Жүзіп судан ішші сен.
50 – сабақ. М. Төрежанса «Шие тергенде». Мәтін.
1 .
Суретпен сөйлем құрап жаз. (Қонып, ағашта, отыр, торғай).
2. Жұмбақтар
1 ) Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.
( Қарлығаш)
2) Әуеде бiр ноқат
тапжылмай қалқып тұр,
Әдемi бiр ырғақ
аспаннан шалқып тұр.
( Бозторғай)
3) Әлденеше қап,
Толтырдық неден қақ?
(алмадан)
3. Логорифтер
1) Ел бұған қанық,
Талас жоқ анық,
Бекітсе нық,
Борасынға Шарбақ-ық.
4. Мақал-мәтелдер.
1)
Кішіпейілдік —
Кішілік емес,
Кісілік.
2)
Ісім
жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.
5. Жаңылтпаштар.
1) Шаңдатса шаң,
Мандымас маң,
Болмас мән.
2) Ас асқаннан
Аспаз қашпас.
Ас асса,
Аспаз саспас,
Қазан таспас.
51 - сабақ . Қ. Сегізбаев «Телу». Мәтін.
1. Ребусты шеш.
,,, , ,,,
У
2 . Жұмбақтар.
1) Қайнатты тосап,
Жатыр неден жасап?
(Жеміс-жидектен)
2) Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.
(Асқабақ)
3. Метаграмма
«К» әрпінен бастасаң,
Ұ станың құрал-сайманы,
«К»-ны алып тастасаң,
Жеміс-жидек пайдалы.
(Көрік-өрік)
4. Мақал-мәтелдер
1)
Жайлауы жақсының
Әр бұтасының түбі бір кесек ет.
2)
Аш отырып,
Ас таңдайды,
Жаяу отырып,
Ат таңдайды.
5. Жаңылтпаштар
1) Жаға жай,
Жағажайда –
Қамажай.
2) Ащы жеген Тазша баланың
аузы ашыды,
Тазша бала тұщы сумен
аузын шайды.
5 2 – сабақ. Т. Молдағалиев «Көктем». Мәтін.
1 .
«Көктем келбеті» шағын эссе жаздырту.
2. Жұмбақтар
1) Желді күні желеміз,
Қуаласып келеміз.
Кезек-кезек жағаға,
Жетеміз де өлеміз.
(Толқын)
2) Биіктен алтын алманы,
Ешкім ала алмады.
(Күн көзі)
3. Шарадалар
1) Айдалада жортып жүрмін,
Аңшылардан қорқып жүрмін.
Алдыма бір әріп қоссаң,
Бастауымын әрбір күннің.
(Аң-таң)
2) Бірінші буыны-
Шаңды суырып шашқан.
Екінші буыны-
Жер астынан қазған.
Екеуін қосып оқысаң-
Қайыққа керіп жазған.
(жел-кен=желкен)
4. Мақал-мәтелдер.
1. Сәуiр болса, күн күркiрер,
Күн күркiресе, көк дүркiрер.
2. Көктем, көктем нұрын төккен.
3. Күн күркіресе, жер иір, жер иісе мал иір.
4. Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жел-дауылдың шақырушысы.
Жаңбырмен дер көгереді, алғыспен ер көгереді.
Мезгілсіз таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды.
Нөсер алдында найзағай ойнар.
5. Жаңылтпаштар
1) Аспанда күндіз жұлдызсыз,
Жұлдызсыз жоғалған із-түссіз.
2) Көкорай көк шөп,
Көкорай көк шөпті,
Жағалар көбелек көп.
5 3 – сабақ. «Негеш» кітабынан «Кемпірқосақ». Мәтін.
1
«Ойна да, ойла»
Берілген әріптерден сөз құра.
К М П Қ С
Е І Р О А Қ
.2. Жұмбақтар
1) Көз жазбас айналғаннан,
Күш-қуатты қайдан алған,
Мәңгі-бақи пайдаланған.
(Жер шары)
3. Анаграммалар
1) «Т»-дан бастап оқысаң,
Төлi болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.
(Тай — Ай)
2 ) «С»-дан бастасаң-
Сұйық мөлдіреген.
«Т»-дан бастасаң-
Маңдайшада желбіреген.
(Су-ту)
4. Мақал-мәтелдер.
1) Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық.
2) Сәуір болмай, тәуір болмас.
3) Сәуір болса күн күркірер,
Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.
5. Жаңылтпаштар
1) Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма беремін.
Аппағымның атын тез
Айтқанына беремін.
2)
Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
5
1
К
.
Ө
К
М
Е
Т
К,ө,к,т,е,м-берілген әріптерден сөз жаса.2. Жұмбақтар
1) Ақ қонақ,
Қара қонақ, –
Бірін-бірі қуады,
Кезек келіп тұрады.
(Күн мен түн)
2) Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп, марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.
(Жер)
3. Анаграмма
«Қ»-дан бастасаң-
Ағза мүшесі.
«Б»-дан бастасаң-
Су ішесің.
(Құлақ-бұлақ)
4. Мақал-мәтелдер
1) Мезгілсіз таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды.
2) Нөсер алдында найзағай ойнар.
5. Жаңылтпаштар
1) Қара қарғаларға
Ала қарғалар үйір.
Ала қарғаларға
Қара қарғалар үйір.
2) Бұл құр емес, бұл-шіл,
Бұл шіл-сұр шіл.
5 5 – сабақ. М. Қазыбеков «Көктемдегі өзгеріс».
1. Ребусты шеш.
,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,,
,, , ,, ,, ,
2. Жұмбақтар
1) Үстіндегі көйлегі
Т үрлі-түсті, не керек.
Қызықтырар көргенді,
Мұның аты...
(Көбелек)
2 ) Дәмі де жоқ, түсі жоқ.
Пайдаланбас кісі жоқ.
(Су)
3. Шарадалар
1) Алғашқы түбір сөз-
Қай сан? тап.
Екінші түбір сөз-
Сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң-
Жерге қойған ат
(Жеті+су=Жетісу)
4. Мақал-мәтелдер
1) Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
2) Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
3) Жаңбырмен жер көгереді, алғыспен ер көгереді.
5. Жаңылтпаштар
1) Көшеде суды кешсе,
Есер кеше.
Көше кезер-
Кеше кезер.
2) Құр шылбыр,
Жүн шылбыр.
Қыл шылбыр,
Шын шылбыр.
5 6 – сабақ. Ә. Табылды «Наурыз тойы». Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
1
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1. Мен, бардым,дүкенге, кеше. 2. Айгүл, ойнадық, екеуміз. 3. Анам, алып берді, көйлек, маған. 4. Сансызбай, домбыраны, тартады, тамаша. 5. Мен, ұнатамын, әңгімелер, қызықты, оқыған.
.2. Жұмбақтар
1)
Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге,
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін, әрине.
(Бесік)
3. Омофондар
1) Көшеге шал шықты,
Кешті шалшықты,
Жаңбырға малшықты,
Алдынан мал шықты.
2) Барып суатқа,
Берген су атқа,
Ризамыз Суатқа.
4. Мақал-мәтелдер.
1) Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той
2) Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
3) Батыл жігіт қол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
5. Жаңылтпаштар
1) Шыңға шынар өскен,
Шынар сыңар өскен.
Сыңар шынар-шымыр шынар,
Сыңар шынар деме сынар.
5 7 – сабақ. Қ. Әбіш «Ұзынсары». Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.
Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
1.
2 . Жұмбақтар
1) Жұмсаң – жұдырық,
Ашсаң – алақан.
Ыстықта, жауында
Серігің, балақан.
(Қолшатыр)
2 ) Жымыңдатып көздерін,
Түнде алыстан жанады.
Таң атқанда өздері
Жасырынып қалады.
(Жұлдыздар)
3. Омофондар
1) Сіріңке шағып,
Шамды жағып,
Есікті жауып,
Дем ал жатып.
2) Үйде Санақ,
Болмай салақ,
Есептеп, санап,
Оқыды сабақ.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Бала тәрбиесі – бесіктен.
2. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
5. Жаңылтпаштар
1)
Бала бал арасын қуалады,
Бал арасы баланы қуалады.
2)
Ащы жеген Тазша баланың
аузы ашыды,
Тазша бала тұщы сумен
аузын шайды.
58 – сабақ. Б. Қозыкеев «Құс келді». Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
с өййлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.
1
Бүгін қар жауды. Қардың жауғаны жақсы. Жердің беті жаңа қармен тазарады. Балалар қар лақтырысып ойнайды.
2. Жұмбақтар
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап.
(Қарға)
2) Кұндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады.
(Үкi)
3. Анаграммалар
1) «Б»-дан бастасаң-
Жейтін тамақ.
«Б»-ны алып тастасаң-
Байтақ аймақ.
(Бөлке-өлке)
2) «Т» -дан бастасаң,
Дақылдың бірі.
«С»-дан бастасаң,
Бояудың түрі.
(Тары-сары)
4. Мақал-мәтелдер
1. Қазы жоқ көл жетім,
Батыры жоқ ел жетім.
2. Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
5. Жаңылтпаштар
1) Тал тік,
Тіп-тік қып тік.
Түбін түпте,
Нық қып түпте.
2) Бір қызық құс-
Қызғыш құс.
Көл қызықсыз, қызғышсыз.
59 – сабақ. «Жыл он екі ай» кітабынан «Наурыз таңы».
1. «Сөйлемді аяқта» ойыны.
А) Мен далаға ... (шықтым)
ә) Қалың қарды ... (күредім)
б) Төңіректі қараңғылық ... (басты)
в) Аспанда жұлдыздар ... (жымындай бастады)
2. Мақал-мәтелдер.
1. Жаңа айдан жақсылық.
2. Ай-айдың аты бас, әр айдың аты басқа.
3. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
3. Анаграммалар
1) «Қ»-дан бастасаң-
Суға толы іші.
«Д»-дан бастасаң-
Тілі мүкіс кісі.
(Құдық-дұдық)
4. Жаңылтпаштар
1) Есікті ашса ашсын,
Жерге су шашса шашсын.
60 – сабақ. Ауыз әдебиетінен.(А.ә.) Мал баласын сүйеді. Сөз.
1. «Сөз құра» ойыны.
Е, р, т, е, к (терек)
Д, м, б, о, ы, , а, р (домбыра)
Н, а, й, а (айна)
К, т, п, і, а (кітап)
Қ, л, а, м, а (қалам)
2. Мақал-мәтелдер
1. Мал – адамның бауыр еті.
2. Ата‑анадан мал тәтті,алтын үйден жан тәтті.
3. Ағайын – ащы, мал – тұщы.
4. Мал бітпес деп ерден түңілме.
Шөп бітпес деп жерден түңілме.
3. Жаңылтпаштар
1) Сегіз көк өгізіміз де,
Өз өгізіміз.
Семіз көк өгізіміз де,
Өз өгізіміз.
Өзге көп өгізіміз де,
Өз өгізіміз
61 – сабақ. (А.ә.) «Қой». Сөз.
1. «С»-дан басталатын сегіз сөз.
Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1.Сұйық зат
2.Зат немесе құбылыс атауы
3.Дақыл атауы
4.Жеміс аты
5.Қарудың аты
6.Жоғары оқу орнының оқушысы
7.Өсімдік атауы
8.Аналар мерекесі болатын күн
-
С
С
С
С
С
С
С
С
-
Жұмбақтар
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
-
Мақал-мәтелдер
1.Қой үріккен жағына жүрмейді.
-
Қой егіз туса, шөптің басы айыр туады.
-
Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді.
-
Қойшының қызы қой келгенде іс қылады.
62 – сабақ. (А.ә.) «Жылқы». Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
1. Антонимін тауып жаз.
К Е Ң
А Р А З
Ж А Қ С Ы
Ж А Й П А Қ
Е Л Г Е З Е К
63 – сабақ. (А.ә.) «Бөрте лақ». Ботақаным-бөбегім.
1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.
Жылы ____________ Биік___________________
Ақ ________________ Үлкен__________________
Жуан _____________ Ойық__________________
64 – сабақ. Құлыншағым-құндызым.
1. Сөз жұптарын құра.
Тау-..., тұз-..., тол-...,
Ор-..., ұш-..., мал-...,
Сан-..., ұн-..., қол-....
6 5 – сабақ. З. Мирқонова «Түйе». Сөз мағынасы.
1. Ребутыс шеш.
,, ,, ,,
,,
й ,, ,
1. Атан түйе жүк астында қартаяр
6 6 – сабақ. Ө. Тұрманжанов «Малдың пайдасы». Сөз.
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.
1. Мирас … .2. Анасы жұмысқа …3. Балалар… жүр екен. 4. Назира … келді.
Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.
-
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
67 – сабақ. Абай «Адам болам десеңіз». Заттың атын білдіретін сөздер.
1. Берілген сөздерді кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді
екі топқа бөліп жаз.
Ата, тоған, үй, ана, батыр, бала, балта, кітап, аға, кәсе, айбатты, бөрік, жаңбыр, сәукеле, немере.
3. Жаңылтпаштар
1) Аға бала ағаламағаны-
Бала ағаны бағаламағаны.
Ағаны бала бағаламағаны-
Әдепті бала бола алмағаны.
6 8 – сабақ. Ә. Бөриев «Бауыржан Момышұлы». Заттың атын білдіретін сөздер.
6 9 – сабақ. Б. Ысқақов «Кішілерге қамқор бол». Заттың атын білдіретін сөздер.
7 0 – сабақ. С. Асқаров «Шығыс жұлдызы». Заттың атын білдіретін сөздер.
71 – сабақ. Н. Оразалин «Үш би». Заттың атын білдіретін сөздер.
72 – сабақ. Ж. Әбдірашев «Жануарлар». Заттың атын білдіретін сөздер.
73– сабақ. Қ. Тоқморзин «Ыбырай». Заттың атын білдіретін сөздер.
74 - сабақ. Н. Әләмқұлса «Малта». Заттың атын білдіретін сөздер.
з аттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.
75 – сабақ. Суретші ата Қастеев. Заттың атын білдіретін сөздер.
7 6 – сабақ. Не тәтті? Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың атын білдіретін сөздер.
1. Дидактикалық ойын
Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.
77 – сабақ. Тұңғыш қазақ ғарышкер. Бас әріппен жазылатын сөздер.
1. Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі тор көзге
лайықты сөз жаз.
к |
ө |
м |
е |
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
К |
|
|
|
К |
2.Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
7 8 – сабақ. Мақтаншақтар. Бас әріппен жазылатын сөздер.
бас әріппен жазылатын сөздепдің астын сыз.
7 9 – сабақ. Жусан. Бас әріппен жазылатын сөздер.
8 0 – сабақ. Жайлауда. Бас әріппен жазылатын сөздер.
81 – сабақ. Бәсіре. Бас әріппен жазылатын сөздер.
8 2 – сабақ. Өзендер. Бас әріппен жазылатын сөздер.
2. Мақал-мәтелдер.
1. Ағын суда арамдық жоқ.
2. Ағын су бал татыр, балығынан май татыр.
3. Жаман өзен өткел бермес.
4. Өзен жағалағанның өзегі талмас.
83 – сабақ. Бозша торғай. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
1. Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаз.
Оқушы..... Дәрігер..... Әнші өлең ..... Домбырашы күй....... Ұшқыш....... Бағбан жеміс...... Құстар аспанда....... Көктемде ағаштар........
84 – сабақ. Шуақ. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
8 5 – сабақ. Қайдан келдің, бауырсақ?. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
заттың қимылын білдіретін сөзерді теріп жаз.
Қыркүйек келді –
Күз келді.
Ырысын сыйлап бізге енді.
Алғашқы қоңырау соғылып,
Достарын мектеп іздеді.
86 – сабақ. Кел, балалар оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар. Балалардың бір-біріне
қалай көмектескенін сахналап беріңдер.
87 – сабақ. Ара адамды неге шағады?. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
8 8 – сабақ. Бәйшешек. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
4. Мақал-мәтелдер
1. Гүл өссе-жердің көркі,
Қыз өссе-елдің көркі.
89 – сабақ. Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Суреттерге қарап, жақсы іс пен жаман істі ажыратып,
әңгімелеп беріңдер.
ЖАҚСЫ
ЖАМАН
9 0 – сабақ. Ләйлігүл. Заттың сынын білдіретін сөздер.
9 1 – сабақ. Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер.
9 2 – сабақ. Ынтымақ күні. Заттың сынын білдіретін сөздер.
93 – сабақ. Алтын шеттеуік. Заттың сынын білдіретін сөздер.
94 – сабақ. Көктем. Заттың сынын білдіретін сөздер.
4. мақал-мәтелдер.
1. Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Малы жоқ деп ерден түңілме.
2. Сумен Жайық әдемі, ескегімен қайық әдемі.
3. Жерден жердің несі кем, егін шықса, гүл өссе,
Ерден ердің несі кем, уәдесін үдетсе.
95 – сабақ. Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Г үлім гүлге қарапмм
күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған
аралар гуілдеді.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады.
2. Гүлсіз жапырақ тұл, көксіз топырақ тұл.
3. Тікен гүлін қорғайды, ара балын қорғайды.
96 – сабақ. Гүл жамылған өлке. Заттың сынын білдіретін сөздер.
4. Мақал-мәтелдер.
1. Тікеннен гүл, заһардан бал.
2. Қамысты жаққанмен шоғы болмас,
Көк суды ішкенмен тоғы болмас.
3. Шөп жаманы қоға, құс жаманы қарға.
9 7 – сабақ. Төрт мезгіл. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Суреттерге қарап, жазғы демалысты қалай өткізгілерің келетінін айтыңдар.
2. Мақал-мытелдер.
1. Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.
2. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.
3. Мезгіл жетсе, мұз да ерір.
4. Қыста қысыл, жазда жадыра.
98 – сабақ. Тіл қатады шөптерде. Заттың сынын білдіретін сөздер.
2. Мақал-мәтелдер.
1. Шөп те басынан қурайды.
2. От орнына шөп шықпас.
3. Егініне қарай қырманы, күтіміне қарай түсімі.
99 – сабақ. Он саусақ. Заттың санын білдіретін сөздер.
-
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
4. Мақал-мәтелдер.
1.
1 00 – сабақ. Піл. Заттың санын білдіретін сөздер.
2. Мақал-мәтелдер.
1. Тіл көтермегенді, піл көтереді.
2. Бір оқты бұлан көтереді, екі оқты ұлан көтереді.
3. Батырды намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1 01 – сабақ. Санамақ. Заттың санын білдіретін сөздер.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.
1 02 – сабақ. Мамыр. Заттың санын білдіретін сөздер.
Суретке қараңдар. Өзіңе табиғаттың қандай көріністері ұнайды? Неліктен?
103 – сабақ. Жаңаша санамақ. Заттың санын білдіретін сөздер.
1 04 – сабақ. Алты түлкі. Заттың санын білдіретін сөздер.
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
1 05 – сабақ. Қатемен жұмыс.Жыл бойы өткенді қайталау
«Ұйқасын тап»
1.Өзінше ноян,
Қорқақ кім... (қоян)
-
Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
1 06 – сабақ. Ақылшым- мұғалім
« Менің алғашқы ұстазым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
1 07 – сабақ. Жекпе- жек
Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?
1 08 – сабақ. Ұшқыш болам
1 09– сабақ. Аңдардың өзіндік белгілері
110– сабақ. Жау, жаңбыр
Түсіндірмелі сөздік
1. «Қыс» Ж. Аймауытов
Қылаулатқан-қардың ұшқындап жаууы.
Мүсін-дене
Қызы шұнақ қызыл-бет қаратпайтын аяз
2. «Бұл қай кезде болады?»Шеген Ахметов
Омбығып-күртік қарға малтығып зорға жүру
Домбығып-білеулену, ісіну.
Ұлып-боран, желдің гуілдеп қатты соғуы.
Ысқырып-ерінді шүйіру арқылы не тілді қайыру арқылы алысқа естілетін дыбыс шығару.
3. «Қар қандай?» М. Гай
Мұнтаздай-тап-таза, кіршіксіз.
Шарлаған-аралау, кезу.
4. «Боранда» Нұрхан Жанаев
Тымақ-аң терісінен тігілген, қысқы баскиім.
Саптама-қонышы ұзын етік.
Бейне-кескін, келбет, тұрпат.
5. «Аққу мамық ұлпа қар» Мұзафар Әлімбаев
Қырқа-белес-белес болып келгенбиік жер.
Ширақтық-шапшаңдық, ұшқырлық, сергектік, жинақылық, пысықтық.
Тыста-сырт жақ, дала.
6. «Намыс» Ермек Өтетілеуұлы
Намыс-ар, абырой.
Зымырау-зулау, зырқырау.
Құлди-шыңырау құздың құлайберіс төменгі жағы.
Абдырап-асып-сасу, абыржу, әбіргерлену.
7. « Жапалақ қар себелеп» Қадыр Мырза Әли
Себелеп-жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу.
Далақтап-алды-артына қарамастан бей-берекет шабу.
8. «Көңілді қыс» Шәміл Мұхамеджанов
Алап-аймақ, атырап, өлке.
Өбекте-аялау, әлпештеу, бәйек қағу
9. « Аяз» Құрманбай Толыбаев
Аяз-қыстағы ызғарлы суық.
Күреп-күрекпен бір жерге жинау, ысыру.
Сусыған-жылпылдап көлгіру.
Қалтырап-мұздау, тоңу, тіс-тіске тимеу.
Тітіркене-1) дене түршігу, шімірлену; 2) Сескену, шошыну, тіксіну.
10. «Пингвиндер неге ұша алмайды?»
Мамық-құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.
11. « Жылыжайда». «Негеш» кітабынан
Үйшік-аласа, шағын, кішкене үй
Жылыжай-қыстыгүні өсімдіктер өсіретін, ішіне жылу жүйесін орнатқан кеңдігі әр алуан жай
Таңғажайып-керемет, ғажап.
Шоқы-төбенің ең биік жері.
12. «Біздің елтаңба» Оразақын Асқар
Пырақ-ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар.
Аңыз-халық қиялынан туған оқиға.
Ая-ауқым, көлем.
Көмкерген-қоршау, орау, сәндеу
13. «Тиін» А. Синявский
Қонақжай-қонақуар, меймандос
Қамсыз-жайбарақат, бейқам
14. «Құмырсқа мен көгершін» Спандияр Көбеев
Бейшара-байғұс, мүсәпір, сорлы
Жиек-теңіздің, өзеннің жағасы жағында. Бір нәрсенің шеті.
15. «Қазақстан байрағы» Мұзафар Әлімбаев
Зіңгір-заңғар аспан, зәулім көк
Тамылжып-маужыраған тыныштыққа бөлену, тымық болу
16. «Ата насихаты» Ахмет Байтұрсынов
Араздасу-көңіл қалып өкпелеу, ренжісу
Шыбық-ағаштың жапырағы жоқ жіңішке, солқылдақ жас өркен
17. «Ағайынбыз бәріміз»
Тосқауыл-бөгет, кедергі.
18. «Сәлем берем үлкенге» Өтепберген Ақыпбекұлы
Ассалаумағалейкум-Алланың нұры жаусын.
19. «Нұртай ата» Ж. Әлмашев
Мәпелеу-аялап күту, бағып-қағу, әлпештеу
20. «Әдепті балалар» Әдібай Табылды
Өркен-үрім-бұтақты бол, өсіп-өн
ізетті-сыпайы, биязы, әдепті
21. «Жылқы» Ауыз әдебиетінен
Қыл-жалдың, құйрықтың жіңішке, ұзын талы.
14. «Бәсіре» Әдібай Табылды
Бәсіре-балаларға меншіктеген, арнайы ен салынған мал.
15. «Алтын шетеуік» Ыбырай Алтынсарин
Шеттеуік-жеміс сүйегі.
16. « Дүкенде»
Елтірі-сойылған қозы-лақтың терісі.
Сөйлеу
Тест
1.Сөйлеу не үшін қажет?
а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту
2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
а)тіл ә) ауыз б) көз
3. Тіл арқылы не үйренуге болады?
а) білім алады, ғылымды үйренеді
ә) ойнайды, жүгіреді, көреді
4. Сөз неден құралады?
а) дыбыс ә) сөз б) буын
5. Дауысты дыбыстарды тап.
а) а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,э,е,и,(у),ю,я
ә) б,в,г,ғ,д,ж,з,й,л,м,н,ң,р
б) к,қ,п,с,т,ф,h,ц,ч,ш,щ,(у)
6. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,ү,і,е б) е,и,у,ю,я
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,е,ү,і б) и,у,ю,я
8. И дыбысы жуан естілетін сөзді тап.
а) сақина ә ) инелік б) икем
9. И дыбысы жіңішке естілетін сөзді тап.
а) тиін ә) жиын б) қиын
10. У дыбысы жуан естілетін сөзді тап.
а) жусан ә) серуен б) дәуіт
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар
Тест
1.У дыбысы жіңішке естілетін сөз
а) әуен ә) қауын б) жауын
2. У дыбысы қай сөзде дауысты дыбыс қызметін
атқарады?
а) саулық ә) жуан б) дәуіт
3. У дыбысы қай сөзде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады?
а) ауа ә) ту б) жу
4. Жуан айтылатын сөзді тап.
а) жолбарыс ә) түлкі б) елік
5. Жіңішке айтылатын сөзді тап.
а) бүркіт ә) қоян б) құлын
6. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды
тап.
а) а-ә,о-ө,ұ-ү,ы-і
ә) ұ-у,ү-і,ы-ұ,ү-у
б) ұ-і,ү-ы,у-ы,у-і
7. Сөз неге бөлінеді?
а) әрі ә) дыбыс б) буын
8. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген.
а) оқу-шы ә) о-қу-шы б) о-қ-у-шы
9. Қай сөз дұрыс тасымалданған?
а) құ-рылысшы, құры-лысшы, құрылыс-шы
ә) шебер-хана, ше-бер-хана, шеберха-на
б) кітап-хана, кі-тап-хана, кітапха-на
10. Жақсылық сөзін қалай тасымалдауға болады.
а) жақ-сылық, жақсы-лық
ә) жа-қсы-лық, жақс-ылық
б) ж-ақ-сы-лық, жақс-ылық
Тасымал
Тест
1. Тасымалдауға болмайтын сөзді тап.
а) күн,әже,емен,түн,ата
ә) оқушы,бала,тиын,жүрек,ұстаз
б) толқын, қала, бақыт, еңбек,өрмекші
2. Бір буынды сөзді тап.
а) жер ә) кітап б) күнделік
3. Екі буынды сөзді тап.
а) тал ә) Отан б) жауқазын
4. Үш буынды сөзді тап.
а) қала ә) балалық б) ақын
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
а) 40 ә) 42 б) 39
6. Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?
а) 10 ә) 15 б) 12
7. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
а) 20 ә) 22 б) 25
8. Мәтін неше түрге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3
9. Сөйлем неден құралады?
а) әріп
ә) буын
б) сөз
10. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай
жазылады?
а) бөлек
ә) бірге
б) жұптасып
Сөйлем
Тест
1. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?
а) нүкте, сұрақ, леп белгісі ә) үтір,дефис,қос нүкте
2. Хабарлы сөйлемді тап.
а) Оқушылар мектепке келді?
ә) Сендер жарысқа қатыстыңдарма?
б) Ауа райы қандай тамаша!
3. Сұраулы сөйлемді тап.
а) Атам ауылдан келді
ә) Сен сабағыңды оқыдың ба?
б) Алақай, ауылда той болады!
4. Лепті сөйлемді тап.
а) Балалар мұражайға барды
ә) Олар қай үйде тұрады?
б) Бүгін күн қандай жақсы!
5. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай
білеміз?
а) оқу ә) жазу б) сұрақ қою
6. Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?
а) Қыс келді ә) Қалың қар жауды
б) Балалар қардан аққала жасады
7. Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?
а) Оқушылар концерт көрді ә) Сабақ басталды
б) Мұғалім жаңа сабақ түсіндірді
8. Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?
а) Күн жылынды ә) Балалар далада ойнады
б) Балалар құстарға ұя жасады
9. Оқушылар аулаға гүл… сөйлемді аяқта.
а) отырғызды ә) су құйды б) шашты
10. Тиісті сөзді тап. Бақта … сайрады.
а) қарлығаш
ә) бұлбұл
б) аққу
Заттын атын білдіретін сөздер
Тест
1. «Биік» сөзінің қарсы мағынасын тап.
а) қашық ә) аласа б) жақын
2. «Жақын» сөзінің қарсы мағынасын тап.
а) алыс ә) таяу б) төменде
3. «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) әлсіз ә) батыл б) момын
4. «Әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) сұлу ә) көріксіз б) жуас
5. Әр түрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап.
а) түс ә) тамақ б) кел
6. Әртүрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап.
а) таң ә) жаз б) кітап
7. Заттың атын білдіретін сөзді тап.
а) оқушы ә) әдемі б) оқыды
8. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай
сұрақтар қойылады?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? қайтті? неғылды?
9. Адамдарға қандай сұрақ қоямыз?
а) кім? кімдер?
ә) не? нелер?
б) қандай? қай?
10. Кез-келген заттарға қандай сұрақтар
Қоямыз?
а) кім? кімдер?
ә) не? нелер?
б) не істеді? қайтті?
Бас әріппен жазылатын сөздер
Тест
1.Көп затты білдіретін сөзді тап.
а) кітап ә) балалар б) киім
2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) мұғалім ә) парта б) киім
3. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) дәптерлер ә) әншілер б) күйлер
4. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) оқулық ә) бала б) көрші
5. Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзі тап.
а) ойыншықтар ә) аталар б) әжелер
6. Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап.
а) Асылхан ә) мектеп б) жер
7. Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап.
а) Астана ә) қала б) ауыл
8. Үй жануарларының аттарын білдіретін
сөзді тап.
а) Құлагер ә) түйе б) сиыр
9. Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап.
а) Абай Құнанбаев ә) көпір б) сағат
10. Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап.
а) Алатау ә) жайлау б) өзен
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Тест
1. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.
а) компьютер ә) оқыды б) жиырма
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай
сұрақтарға жауап береді?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? неғылды? қайтті?
3. Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) жазды ә) жеті б) жұмсақ
4. Қимылды білдіретін сөзді тап.
а) жаттады ә) ауа б) қатты
5. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тауып белгіле.
Сәуле гүлге су …
а) алды ә) берді б) құйды
6. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тап.
Оқушылар сабаққа …
а) ойнады ә) жүрді б) дайындалды
7. Заттың сынын білдіретін сөзді тап.
а) мемлекет ә) көркем б) үйретті
8. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа
жауап береді?
а) кім? кімдер? нелер?
ә) не істеді? қайтті? неғылды?
б) қандай? қай?
9. Қандай? сөзіне жауап беретін сөзді тап.
а) сүйкімді ә) балапан б) берді
10. Қай? сөзіне жауап беретін сөзді тап.
а) кешкі ә) телефон б) он бес
Заттың сынын білдіретін сөздер
Тест
1. Заттың сапасын білдіретін сөзді тап.
а) ақылды ә) өсімдік б) жүрді
2. Заттың түсін білдіретін сөзді тап.
а) жануар ә) қызыл б) жеті
3. Заттың дәмін білдіретін сөзді тап.
а) тәтті ә) тамақ б) жүзді
4. Заттың көлемін білдіретін сөзді тап.
а) үлкен ә) сусын б) көлік
5. Заттың пішінін білдіретін сөзді тап.
а) қарындаш ә) сопақ б) түсінді
6. Заттың сынын білдіретін сөзді тап.
а) қайратты ә) наурыз б) тоқсан
7. Тиісті сөзді тауып белгіле.
Біз … оқушымыз.
а) ақылсыз ә) әдепті б) нашар
8. Тиісті сөзді тауып белгіле.
Біздің туымыздың түсі …
а) қызыл ә) ақ б) көгілдір
9. Тиісті сөзді тауып белгіле.
… тау
а) биік ә)алыс б) жақын
10. Тиісті сөзді тауып белгіле.
… алма
а) қызыл ә) ақ б) қоңыр
Заттың санын білдіретін сөздер
Тест
1. Заттың санын білдіртетін сөзді тап.
а) көгілдір ә) тоқсан б) биледі
2. Заттың санын білдіртетін сөздер қандай
сұраққа жауап береді?
а) кім? не? кімдер? нелер?
ә) қандай? қай?
б) неше? қанша? нешінші?
3. Есептік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?
4. Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?
5. Нешеу? сұрағын қандай сандарға дейін қоюға
Болады?
а) 5 ә) 6 б) 7
6. «Қос» сөзі қандай санды білдіреді?
а) біреу ә) екеу б) үшеу
7. Заттың санын білдіретін сөзді тауып белгіле.
Құстың қанаты, аяғы …
а) біреу ә) екеу б) төртеу
8. Заттың санын білдіртетін сөзді тауып белгіле.
Бір аптада … күн бар?
а) 5 ә) 6 б) 7
9. Сен нешінші сыныпта оқисың?
а) бірінші ә) екінші б) үшінші
10. Бір жылда неше ай бар?
а) 10 ай ә) 12 ай б) 15 ай
Жыл бойы өткенді қайталау
Тест
1. Жуан айтылатын сөзді тап.
а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер
2. Жіңішке айтылатын сөзді тап.
а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар
3. Мына сөйлемде неше сөз бар?
а) 2 ә) 3 б) 4
4. Біз саяхатқа шықтық ( тиісті тыныс белгісін
тауып белгіле).
а) . ә) ? б) !
5. Сен тетарға барасың ба ( тиісті тыныс белгісін
тауып белгіле).
а) . ә) ? б) !
6. Бүгін күн қандай тамаша
а) . ә) ? б) !
7. «Татулық», «ынтымастық» сөздерінде неше
буын бар?
а) 2 ә) 3 б) 4
8. Заттың атын білдіретін сөзді тап.
а) дүкен ә) жасыл б) сексен бес
9. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.
а) секірді ә) машина б) сары
10. Заттың сынын білдіретін сөзді тап.
а) үлгілі ә) шұбат б) көмектесті
11. Заттың санын білдіртетін сөзді тап.
а) жетінші ә) атамекен б) тәрбиеледі
1.Орынымаздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып ,бір тұрып
Біз тынығып алайық.
2.Қазым-қазым қаңқыда
Суда жүзіп саңқылда
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит беренін деисің бе?
Жо-жоқ,жо-жоқ
Кәмпит тәтті болмайды
Ас,арпамен бидай шаш!
3.Оң қолымыз алға
Содан кейін артқа
Содан кейін алға
Сәл кішкентай қозғаймыз
Біз билейміз буш-буш
Дөңгелене жиналап
Қолымызды ұрамыз
Сарт-сұрт,сарт-сұрт.
4.Көбелектің көбін –ай
Қызылын-ай,көгін-ай
Бәрін ұстап алар ем,
Қармағымның жоғын-ай.
5.Пеш түбінде мысық отыр
Аздап көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп
Тісі оның қышып отыр.
6.Көгершін боп ұшайын
Кәне қанат қағайық
Көгершінге ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық
7.Қол соққанда балақан
Шаршамасын алақан
Балалардың қолдары
Қанат болып ұшады.
8.Күндей боп күлеміз
Гүлдей боп өсеміз
Құстай боп ұшамыз
Көбелектей қоонамыз
9.Қаңқ-қаңқ қаздарым
Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа ұстаңдар
Қане қазға ұқсандар.
10.Жел соқты гу-гу
Жаңбыр жауды тарс-тұрс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
11.Ақ көжегім топ-топ бас
Сұр көжегі топ-топ бас
Былай-былай,топ-топ бас
Былай-былай,нақ-нақ бас
12.1,2,3 қарлығаш боп ұш
4,5,6 қарлығаш боп қалқы
7,8,9,10 өз орныңа қон.
13.Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
14.Аю қалай жүреді
Қасқыр қалай жүреді
Қоян қалай жүреді
Түлкі қалай жүреді
15.Гүлдер,гүлдер шоқ гүлдер
Қызыл гүлдер,көк гүлдер
Тұра берші ырғалып
Тұра берші нұрланып
16.Қоңыр аю қонжықтары
Басын былай шайқайды
Бал іздейді қонжықтар
Балға тойып билейді
17.Күндей жайнап алауалап
Қолымызға жалау ап
Жалауымыз жайнап
Би билейміз ойнап
18.Көжектер ұйықтайды
Көжектерім тұршы
Беті-қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй-әй көйлек киіп
Балабақшаға жүрші.
19.Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі.
20.Қорбаңдаған аюдың
Бүлдіргені көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға саалайық.
21.Добым-добым домалақ
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелкені сындырдың.
22.Күнге қарап қол созамыз бір,екі,үш,
Қызғалтақтай ырғаламыз бір,екі,үш,
Дөңгеленіп би билейміз бір,екі,үш,
Үлкен болып біз өсеміз бір,екі,үш.
1.Де, де,де
Аққу-қаздар көлде.
2.Ан,ан,ан
Ас атасы нан.
3.Ша,ша,ша
Жаңа жылдық шырша.
4.Қа,қа,қа
Қандай белді құмырысқа
5.У,у,у
Жылғалардан ағар су
6.Ай,ай,ай
Күрең қызыл құлпынай
7.Ер,ер,ер
Ыстық қой туған жер
8.Аш,аш,аш
Адам досы қарлығаш.
9.Ау,ау,ау
Сыңғырлайды қоңырау.
10.Ға,ға,ға
Қаңқылдайды қарға
11.Ла,ла,ла
Көрікті қала.
12.Ю,ю,ю
Қорбаңдаған аю.
13 Ек,ек,ек
Гүлге қонды көбелек.
14.Ыр,ыр,ыр
Сіркіреп тұр жаңбыр
15А, а, а
Мейірімді ана
16.Ыс, ыс, ыс
Жуамыз ыдыс
17.Ы, ы, ы
Сүп- сүйкімді қозы.
18.Ін, ін, ін
Қып-қызыл ерін.
19.
Пі,пі, пі
Инесі бар кірпі.
20.Ма, ма, ма
Қызарды алма.
21.Дақ,дақ,дақ
Тоқылдайды тоқылдақ
22.Лар,лар,лар
Аспанда жүр тырналар
23.Ан,ан,ан
Ішсең аппақ айран
24.Ша,ша,ша
Қызылкүрең қызылша
25.Ыз,ыз,ыз
Аспандағы жұлдыз.
26.Е,е,е
Екі өркешті түйе.
27.Ық,ық,ық
Пеш түбіндее мысық
28.Кі,кі,кі
Өзі қу түлкі.
29.Ан,ан,ан
Сап-сары балапан
30.Ап,ап,ап
Оқимыз кітап.
31.Аз,аз,аз
Айдармен қораз.
32.Ал,ал,ал
Аю асы бал
33. На,на,на
Ел ордасы Астана
34.САқ,сақ,сақ
Қызыл шелпек бауырсақ
35.Бек,бек,бек
Жалқау бала Жалқаубек
36.Ян,ян,ян
Ұзынқұлақ қоян
37.Ар,ар,ар
Жапалақтап жауған қар
38.Шақ,шақ,шақ
Жұлдызы бар құлыншақ
39.Же,же,же
Ертегі айтып бер әже
40.Гер,гер,гер
Ақ халатты дәрігер
41.Са,са,са
Ызылдайды маса
42.Ік,ік,ік
Дөп-дөңгелек өрік
43.Ақ,ақ,ақ
Сырты қатты жаңғақ
44.Ан,ан,ан
Аң патшасы –Арыстан
45.Ші,ші,ші
Өрмек тоқыр өрмекші.
46.Ық,ық,ық
Шыр көбелек айналар ұршық.
47.Кер,кер,кер
Аспанда қалықтар ғарышкер.
48.Ақ,ақ,ақ
Дала сәні-жантақ
Халық тағылымынан
Ізет танытып, әдепті сақта да
Жатқан кісінің үстінен аттама
***
Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе
***
Әрқашан әдептен жаңылма:
Киімді желбегей жамылма.
***
Беталды сөйлеп сүйреңдеп:
Біреуді алдап үйренбе.
***
Үйде де, қайда да
Пышақпен ойнама
***
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
***
Көргенді жас, жас пәк бала,
Дастарханнан аттама!
***
Ұнамасын, ұнасын,
Бұзба құстың ұясын.
***
Қарағым,түзде деме,үйде деме:
Үлкендер сөйлегенде,кимелеме.
***
Тірі жанды иықтама,
Бей уақытта ұйықтама.
***
Дүниесін берсе беру сақтауға,
Аудастырып, ақтарма.
***
Сүйсінсін жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге
Отырма беріп сытыңды.
***
Тентектіктен тиыл,ұлан,
Иттің тартпа құйрығын,
***
Ісің қалып жатса да,
Таңғы асты тастама.
***
Ұдайы ұста есте:
Үлкеннің алдын кеспе.
***
Жасыңнан әдеп сақтағай:
Есікті қатты жаппағай.
***
Ешқашан ойбайлама,
Оңбайды ондай бала.
***
Жаман әдетті таста:
Бас киімді баспа.
***
Ұқсап надан балаға,
Пышақты нанға қадама.
***
Жадыңда сақта:
Аққуды атпа.
***
Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.
***
Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма.
***
Атаң сөзі есіңде ме:
Кісіге қарап, есінеме
***
Арыңды кірлетпе,
Есеп бер ісіңе.
Үлкенді құрметте,
Қамқор бол кішіге.
***
Біреулермен сөйлессең де азған-ақ,
Керексізді сұрай берме қазбалап.
***
Үлкендерден естіген
Сөзді ұмытпай жүргейсің,
Кіргеніңде есіктен
Оң аяқ пен кіргейсің.
***
Ырза болсын “Әдепті!”-деп саған да ел:
Танымасаң да, үлкендерге сәлем бер.