Бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға баулу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне және жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН

МӘНЕРЛЕП ОҚУҒА БАУЛУ





М.Е.Маханова

«№12ЖББОМ» КММ Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы

Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауат ашуға ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбыстың таңбасын жазып, оқып дағдыланады.

Бастауыш сынып мұғалімдері алдындағы оқушының оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саналы түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде мәтінді қиындықсыз, біршама жылдамдықпен оқиды. Мәтіндегі сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекет-тер бірден оқылмайтынын түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптанады. Оқу үлгісінің түрлерін мұғалім көрсетіп, үйретеді.

XIX ғасырда көптеген лингвисттер дауыс ырғағына көп көңiл бөлген. Кейiнiрек, мәнерлеп оқу өте ерекше өнер деп қарастырылды.

Мәнерлеп оқу дегеніміз - қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс – тіршілігімізде бір - бірімізбен қарым - қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әртүрлі оқиғалар, хабарлар, көріп - білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді.

Дауыс ырғағының кідірістері:

  • логикалық кідірістер;

  • психологиялық кідірістер;

  • грамматикалық кідірістер болып бөлінеді.

Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу - осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің жеке - жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет.

Сауатты оқи білу – сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.

Ұлттық тәрбиемізде ұлағатты бабаларымыз балалары тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін тілі шығар - шықпастан – ақ өлең мен жырға, ертегі мен аңызға, жұмбақ пен жаңылтпашқа құлақтарын қанықтырып өсірген. Сонда дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады деген.

Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру – оқу пәнінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқулықтағы материалдар оқу дағдысының түсініп оқу, дұрыс оқу, тұтас оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу сияқты негізгі сапаларын жүйелі жүргізуге, сонымен бірге тыңдай білу, түсінгенін айта алу, ауызша және жазбаша тіл дамытуды жетілдіруге кең мүмкіндік жасайды.

Сонымен баланың ішкі дүниесін дамытуда басты құралдардың бірі – әр түрлі тақырыптарға жазылған әдеби, тарихи т.б. кітаптар.

Кітап – білімнің қайнар көзі. Балалар кітап арқылы халықтың бостандығы мен бақыты үшін күрескен қажырлы адамдардың, батырлардың ерлік істерімен танысады. Ақыл – ой елегінен өткізеді. Кітап жас ұрпаққа өткен шежірелерден сыр шертіп, оның болашағын анықтайды. Кітап оқуға, білімге деген сүйіспеншіліктің негізін қалайды.

3-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінде «Құстар айтысы» деген сыныптан тыс оқуға арналған үнді ертегісін сыныпта мәнерлеп оқуға даярлау үшін мұғалім не істер еді...

1.Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады.

2.Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психология-лық кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.

а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін оқу;

ә) психолагиялық кідірістерді құсбегінің жүгіріп келе жатып ойлаған ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;

б)грамматикалық кідірістерді тиісті тыныс белгілерінің мағыналарына қарай отырып дұрыс қоя білуді қамтамасыз ету.

3.Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жұмысын жүргізу:

Құсбегі – жыртқыш құстарды аң аулауға баулып үйрететін аңшы немесе құс аулайтын адам.

Ынтымақ – бірлік; Жанжалдасу - таласу, керісу.

Алауыздық - бірінің айтқанына бірі көнбеу.

4.Шығарма мазмұнын мәнерлі оқу мен әңгімелеу арқылы балаларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аудару.

5.Балаларды ойландыру үшін проблемалық сұрақтар қою.

Мәнерлеп оқу, сауатты жазу икемдiлiгi мен дағдылары оқушылардың белгiлi бiр теориялық бiлiмi негiзiнде дамиды деп қарастырылған.

Атап айтсақ, өз мектебімізде бастауыш 2-4сынып оқушыларымен «Оқу шаттығы» жобасы аясында өткен «Арайлы, алтын күз!» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы, «Кітап - өмірлік серігің» атты жарнама, «Шешендік сөздер» сайысы тартысты, өте қызықты өтті. Мұндай ісшаралар оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында көп өткізілуде.

Сонымен қатар 3- 4сынып оқушылары арасында өткен мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалауға арналған I қалалық «Бәріміз кітап оқимыз!» байқа-уына 3«а» сыныптан Марланқызы Сабина қатысып, жоғары жетістік көрсет-кені үшін I дәрежелі Дипломмен және жоғары дәрежеде дайындағаны үшін сынып мұғалімі Грамотамен марапатталды.

3-4сынып оқушылары арасында негізгі пәндерден ұйымдастырылған қа-лалық олимпиадада қазақ тілі пәнінен жоғары жетістік көрсеткен 4«а» сынып оқушысы Зайтов Әбілқайыр «Тіл білгірі»номинациясын иеленді.

Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдысын арттыруда К.Бозжанова мыналарды ескеру қажет дейдi.

Бiрiншiден, оқушының дұрыс және мүдiрмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтiндi толық түсiнуiн қамтамасыз ету мүмкiн емес. Сонымен бiрге, сабақта қолданылатын әдiс, тәсiл оқудың техни-касын жетiлдiрумен бiрге баланың кiтапқа, оны оқуға ынтасын арттыратын-дай, ал көптеген жағдайда бiр мәтiндi әлденше рет жалықпай оқуға дағдылан-дыратындай болуы керек.

Екiншiден, оқу сабағында оқушының ойлау қабiлетiн, қызығушылығын, бiр затты екiншiсiмен салыстырып, бiрiн екiншiсiне қарама - қарсы қойып байқаушылығын, т.б. қасиеттерiн дамыту керек.

Үшiншiден, оқушының шығармашылық қиялына әсер ете бiлу керек.

Ғалым педаготардың пiкiрiнше, мәнерлеп оқуды меңгерту арқылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнерi екендiгiн, ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан - дүниесiн тебiрентерлiк құдiреттi күшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып, бағалай бiлуге үйренедi.

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.«Педагогика» Ж.Б.Қоянбаев 2004ж 2. «Әдебиеттік оқу» әдістемелік құралы А.Т.Мадиева 2006ж 3. «Мәнерлеп оқу әдістері»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
2173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі