Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға баулу жолдары ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2023
224
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу.

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған

сайын одан әрі жақсы оқи түседі.

Питер Клайн

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны- жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қоймай,олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, өскелең ұрпақты заман талабына сай өмірге бейімділігі өзгерісі жылдам дүниеге сай өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Бастауыш сыныпта зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйрету осы күні маңызды болып келеді, себебі, оқушыларды зерттеу әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзіреттілігі қалыптасады, ойлау тәсілдеріне үйреніп, зерттеушілік мәдениеті қалыптасуы мен таным аясын кеңейтуде мүмкіндігі зор.

Зерттеу-ізденушілік қабілет әр баланың бойында болады. Зерттеу-ізденушілік жұмыстың мақсаты: әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен ұштастыру. Зерттеу жұмысының негізін игеруде жағдай жасау. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Бұл мақсатқа жету жолында келесі міндеттер жүзеге асады:

- Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;

- Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекеті көмегімен білімді жаңа дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу;

- Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау;

- Әдебиеттерді талдай білуге, энциклопедия, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;

-Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу.

Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.

Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушысына ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету, өз бетімен сауалнама, сұхбаттасуларды жүргізіп, оларды  видеоға түсіріп, оларға талдау жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау  керек.

Оқушыларды  зерттеу жұмысын жүргізуге  үйрету үшін :

—          мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;

—          зерттеу үрдісіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;

—          зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;

—          зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;

—          шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;

—          оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.

Бастауыш сынып оқущыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту қажет.Сол әрекеті білік,білім дағдыларын қалыптастырады.Кез келген тапсырманы оқушы орындау  жағдайында іздене бастайды.Өз бетімен әрекет жасап, шешім қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. «Зерттеу» түсінігі «энциклопедияда» «жаңа білім шығару процесі және танымдық қызметтердің бір түрі болып табылады» деп беріледі. Танымдық қызмет үйренушілерге қолданғанда шығарушы «өнімсіз» және білімді қайта құру (шығармашыл, зерттеушілік) болуы мүмкін. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік – баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні. Зерттеу жұмысы  жүргізу бастауыш сынып  оқушыларынын  төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :

—           өзін  қызықтырған сұрақтарға  жауап  іздеу;

—          іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;

—          өз пікірін, ойын ашық айту;

—          өз  бетімен қорытынды жасау;

—           өзі үшін жаңалық ашу.

—          қызығушылығын  қанағаттандыру. Демек, оқушы  өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.

Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды.

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.

  • Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.

  • Интернетке жүгіну.

  • Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.

  • Тәжірибе жүргізу, (Мұражайларға немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.

  • Қорытынды жасау.

  • Бейне материалдар, слайдтар жасау.

  • Жұмысты қорғауға дайындалу

Біз оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамыз. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу  жұмыстарын жүргізіп мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық ғылыми – зерттеу байқауларына қатысып жүр.

Оқушыларға өздерін қызықтыратын, өзіне ұнайтын тақырыпты алуларын ұсынамын. Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына  көп көңіл бөлуді  қадағалаймын. Себебі, шығу тарихын зерттеп алмай  кез келген дүниенің сырын түсіну мүмкін емес.Осыдан кейін  тақырып бойынша  жан-жақта зерттеулер жүргіземіз, барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз, ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз. Сонымен қоса тақырыпқа сай қызықты деректер жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң  өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып соған кірісеміз де нәтижесі бойынша талдау, нализ  жасап,қорытынды шығарамыз. Осы жұмыстардың  барлығын орындау кезінде  дарынды, «зерттеуші» оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз байланыс  жасаймын. Бұл да өте қажет, себебі ата-ананың қолдауы  баланы  «қанаттандырады». Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:
- Тақырыптың ғылыми құндылылығы;
- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;
- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, 
аудиторияны тартуы;
- Жұмыстың безендірілуі.

Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.


Астана қаласы

«№89 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК

Кулмаганбетова Тендик Саркеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Өтеғұлова Г.Ұ.Инновациялық технолгиялар тиімділігі Бастауыш сынып әдістемесі 2011, №5

2.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»

3. Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері»

4. hpp://kazustaz/Оқушыларды ғылыми-зерттеушілікке баулу.

5. Қазақстан мектебі, 2010, №2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!