Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдердің тиміділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдердің тиміділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдердің тиміділігі тақырыбындағы баяндама бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі болар деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдердің тиміділігі

Мақсаты: Қысқа мерзімді жоспар құруда 7 модульді ықпалдастыру

Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған(Hattie, 2009).

Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден,мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге

негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:

жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;

оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады

Мұғалімнің көмекшілері

Құзырлы мұғалімге тән белгілер

Бас

Кәсіби түсінік


Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралытұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, амыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді

көздейді.

Қол

Оқытудың тәжірибелік дағдылары


Бұл мамандық техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету,түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,идеяларды түсіндіре білуді талап етеді. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген сабақтар мен

тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау әдістемелерін меңгеру қажет.

Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлыорта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

Жүрек


Кәсіби-өнегелілік тұтастық


Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.

Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі.


Сабақты «Ханталапай» топқа бөлу, «Кубизм» үй тапсырмасын тексеру, «Бірге ойлаймыз» ( сын тұрғысынан ойлау) топтастыру жұмысында белсенді болды. Осы сабақта «Бірге ойлаймыз немесе ДЖИГСО» әдісі СТО бойынша. оқушыларға «Сөз таптары» туралы кластер құру ұсынылды. Оқушылар сөз таптары не білетіндігін А3 қағазға топтастыру түрінде түсіріп, оны талдап айтып береді. Осы орайда оқушылар топтық жұмыстың маңыздылығын біледі. Топ мүшелерінің пікірін тыңдап, бірлесе жұмыс істеп үйренді және топ жұмысын талқылауда қайсысы не айтатындығын да келісіп талдап отырады. Уақытты тиімді пайдалануда әр жаттығуды орындау кезінде құмсағат пайдалану, олар екі, үш минуттық, құмсағаттар. Олар құмсағатқа қарап тапсырманы жылдам орындауға жұптық, топтық орындау кезінде байқалды және оның пайдасы мол болады.

Әр тапсырма сайын өздерін бағалауды талап етіп отыру қажет, олар өздерін смайликпен, басбармақпен бағалап отырады.

Ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда оқушылардың бойында көңіл күйлерінің көтерілгенін, бойларында сенімділік, ұялшақ, тұйық балалардың ашыла бастайды.
Жас ерекшеліктеріне байланысты сабақты әдеттегідей психологиялық ахуал орнатып, топқа бөлуден бастаған жөн. Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі, нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді, оқушылардың қызығушылығын артады, көңіл күйлерін көтеріліп және сабаққа деген белсенділігін артады дегім келеді. Өйткені, дәстүрлі сабақта үлгерімі төмен оқушылар артқы партада жыл бойы отырып қалатын, ал қазіргі жаңаша оқуда күніне бірнеше рет ауысады және сыныптастарымен қарым - қатынас жасауға, әрекет жасайды. Оқушыларға ұнады, келесі сабақта қандай топтастыру болар екен? - деп сұрап күтіп отыратын кездері де болды. Топқа бөлу кезінде бір топта тек жақсы оқитындар, бір топта нашар оқитындар болып бөлінуі мүмкін. Бұл жағдайды топқа бөлгенде ескері керек. Оқушылардың тиімді оқыту кезінде сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі бар екендігі көрінеді. Топ өзара пікірлесіп сыныптағы ұялшақ, орташа оқитын оқушылардан да топ ережесін құруда, тапсырмалар орындау барысында олардың пікір ұсынуын, өз ойын айтуын талап етіп отырды. Ондағы мақсат нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке тарту, ұялшақтықтан, өзіне деген сенімсіздіктен арылту болды. Кейбір жаттығулар мәтін түрінде кездессе оған 2 сұрақтан тұратын тест немесе сұрақтар дайындап, сағат тілімен көршісіне беріп, сол сұрағына жауап алып отыру әдісі жақсы болды. Оқушылар сұрақ қоюды, сұраққа жауап беруде ізденуге үйренді, жауаптың дұрыстығына мән берді, сол бойынша бағалап отырды.

Жалпы « Өрмекші торы», «Ыстық орындық», «Карта ойыны», «Кубиз» әдісі, сонымен қатар жаңа тақырыпқа көшу кезеңінде «Он сұрақ», «Кір жайғышта не артық?», « Сиқырлы ұяшықтар» әдістерін пайдаландым. Оқушылар қандай да бір жаңа әдіс- тәсіл қолданғанда қызыға жарыса тақтаға шығып, сол бойынша қалай әрекет ететіндігі қызықтырып отырды. Бүкіл оқушының ой пікірін тыңдау арқылы оларға көп нәрсе үйретуге, оқытуға болады. Мен оқушыларға сыни ойлануға дағдыландыратын жоғары мәртебелі сұрақтар қоюға біртіндеп қалыптастым десем де болады, және осы сұрақтар арқылы оқушыларда да еркін ой, әлеуметтік көзқарас қалыптаса бастады. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді.

Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Оқушыларымның жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 56-бет.) Мен өз сабағымда формативті бағалауды оқыту қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушының бойында диалогтік оқыту арқылы жүзеге асты. Оқушылар арасында өзара бірін –бірі бағалау және бақылау парағын толтыруда оқушылар ұсыныс жұлдыздарын білдірді.

Сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізеді

Болашаққа болжам:Семинар сайыстарға қатыса отырып, өз тәжірибемді үздіксіз жетілдіру, зертеушілік әңгіме арқылы талқылауға үйрету, тиімді кері байланыс беру, бағалауды жетілдіру талантты және дарынды балаларды оқытудың арнайы әдістерін қолдану, АКТ сауаттылығымды арттыра отырып, пайдалануды дамыту, Теориялық білімімді жетілдіру

Қорытынды.

Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушылары үшін сабақты жаңа әдіс –тәсіл және ойын түрінде қызықты да,мазмұнды етіп,жүргізу мұғалімнің өзіне , шығармашылық әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты.жаңа әдіс арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп,ойлау қабілеті дамып,,өздігінен қорытынды жасай алатын болады

Еллитон айтқандай «Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек» (Elliot,1991) [МАН,82-бет]

















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

«Мұжықсу» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына жаңа-әдіс тәсілдердің

тиімділігі.





Бастауыш сынып мұғалімі: Ахмадиева Кымбат Бахытбековна















2018 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!