БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АРАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕНІҢ
ӨЗЕКТІЛІГІ
Э.Н.Айтжанова
п.ғ.м.,аға оқытушы, Қазақ
ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы
қаласы
Ж.Б.Әлімжанқызы,
Е.Н.Нурболатовна
6В01301 – Бастауышта оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2-курс студенті, Қазақ
ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы
қаласы
Аннотация: Бұл мақалада бастауыш сынып
оқушыларына гендерлік тәрбие берудің өзектілігі айқындалады.
Мектептердегі гендерлік тәрбиенің мақсатын қарастырып,
стереотиптерді еңсеру жолдары көрсетілген. Гендерлік теңдікті
ілгерілетуге көмектесетін кеңестер мен идеялар
ұсынылады.
Кілт
сөздер: гендерлік тәрбие, гендерлік
теңдік, стереотип, ұл, қыз, тәрбие, бастауыш
сынып.
Педагогикадағы қазіргі заманғы
үрдістердің бірі — түрлі жыныстағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу
ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми білімнің жаңа саласын — гендерлік
педагогиканы қалыптастыру. Мектепте гендерлік тәрбие оқушының
жынысына байланысты әлеуметтендіру процесін түзетуге әсер етеді.
Бастауыш сыныптың балалық шақ кезеңі - мұғалімдер мен ата-аналар
балаға жынысы бойынша берілетін бірегей мүмкіндіктерді ашуға
көмектесуі тиіс кезең. Мұғалімдердің
міндеті – бұл мәселелердің мәнін
өздері түсіну және ата-аналарға белгілі бір жағдайларда қалай
әрекет ету керектігін түсіндіру. Бастауыш сыныптағы гендерлік
тәрбиенің мақсаты баланың, ұл мен қыздың тұлғасының табысты дамуына
кедергі келтіретін гендерлік стереотиптерді еңсеру болуға тиіс.
Бастауыш мектептерде гендерлік тәсілдерді енгізу жыныстар
арасындағы серіктестіктің дамуына және оларды толеранттылық рухында
тәрбиелеуде ықпал етеді.
Гендерлік
стереотиптер - ерлер мен әйелдердің екі
жынысты да шектейтін қандай болуы керектігі туралы көзқарастар.
Гендерлік стереотиптер біздің күнделікті өмірімізде көп кездеседі.
Мысалы, «технологиялар» ұл, ал «гуманитарлық» қыздар деген пікір
бар, ал егер жас жігіт поэзия жазатын болса, онда ол «қыз сияқты
екен!» деген пікірлерді көп естуі мүмкін. Қазіргі жағдайға қарайтын
болсақ, мектептегі гендерлік тәрбиенің жағдайы мәз емес. Мысалы,
көптеген мектептерде “спорт секторы” ұл, ал “тазалық секторы” қыз
болу керек деген стереотип қалыптасқан. Осыған байланысты
оқушыларда әртүрлі жыныс өкілдеріне байланысты түсінік пайда
болады.
Бастауыш сынып оқушыларына
гендерлік тәрбие беру – ұлттық құндылықтарымызды
дәріптеумен өрнектеледі. Бастауыш сыныптағы ұл балаларды
тәрбиелеуде Отанын қорғаудың, әскерге барудың, отбасына қамқорлық
көрсетудің маңыздылығын түсіндіруіміз қажет. Ұл баланың бойына
патриотизм, қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін дарыта білуіміз
қажет. Ол қасиеттерді дарыту үшін, түрлі сыныптан тыс іс-шаралар
ұйымдастырамыз. Мысалы, “ардагерлер үйіне” бару, ардагерлермен
сұхбат, кездесулер ұйымдастыру, музейлерге апару, әскери парадқа
шығу. Тарихтан мысал келтіре отырып, еліміз үшін тер төккен, елді
қорғаған батырларымыз туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, оларды
үлгі көрулеріне себепкер болуымыз керек. Еліміздің өркендеуіне,
көркеюіне әрбірінің қосатын үлесі, маңызы зор екенін түсіндіруге
тиіспіз. Осы құндылықтарды бойына сіңіріп, жауапкершілік сезімін
оята білген бала ел үшін пайдалы ұрпақ болмақ. Ал бастауыш
сыныптағы қыздарды өз құндылықтарын білуге, көркем мінезге,
мейірімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу – басты мақсатымыз. Қыздар
үшін өздерін және айналасын ретке келтіру, тазалықты сақтау, үйдің
ішіндегі атмосфераны қалыптастыру қалыпты жағдай болып саналады.
Оларды табиғат-Анамыз нәзіктілікпен, әсемділікпен, қамқорлық
қасиеттерімен марапаттаған. Үйді тазалықта ұстау, өзін ретке
келтіріп жүру, тамақ жасау секілді істермен айналысу қыздардың
табиғатынан қалыптасқан міндеті екені жайлы түсінікті қыздардың
бойында мектеп табылдырығын аттаған сәтінен бастап қалыптастыру
қажет. Осыған байланысты мектепішілік іс-шаралар ұйымдастыруға
болады. Мысалы, “Қыз сыны” секілді байқауларда қыздар тамақ
жасауға, қамыр жаюға, яғни, үй шаруаларына бейім бола бастайды.
Осыған ұқсас бастауыш сыныптағы ұлдар арасында өткізілетін “Жігіт
сұлтаны” сияқты байқауларды ұйымдастыруға
болады.
Мұнда біз сіздерге
бастауыш сыныптағы гендерлік теңдікті ілгерілетуге көмектесетін 10
кеңестер мен идеяларды ұсындық:
1. Оқу материалдарының
гендерлік стереотиптерден таза болуын қамтамасыз
етіңіз.
2. Әдетте белгілі бір жынысқа
байланысты мамандықтарға, мысалы, құрылысшы әйелге сондай-ақ ер
хатшыға немесе медбикеге қатысты күтулерге қарсы
тұрыңыз.
3. Бастауыш сынып оқушылары
өздерін шеттетілгендей сезінуі мүмкін "жігіттер" терминінен аулақ
болыңыз, "барлығы" сияқты гендерлік бейтарап есімдіктерді
қолданыңыз.
4. Гендерлік рөлдерді түсінуді
шектейтін "ұлдар жыламайды" немесе "қыздар ұрыспайды" сияқты
стереотиптік сипаттамаларға сілтеме
жасамаңыз.
5. "Сіз қыз сияқты ойнайсыз
"немесе" ер адам сияқты ойнайсыз " сияқты сөз тіркестеріне назар
аударыңыз және осы мәлімдемелердің гендерлік салдарын көрсетіңіз
және балама сөз тіркестерін табуға
көмектесіңіз.
6. Бастауыш сыныптағы ұлдар
мен қыздарды бөлек қатарға, бөлек спорттық іс-шараларға бөлуден
және сыныптағы орындарды араластырудан аулақ
болыңыз.
7. Пайдаланылған кез келген
оқу материалдарының жыныстарды бірдей көрсететініне көз
жеткізіңіз.
8. Жобаларда бірге жұмыс істеу
үшін ұлдар мен қыздарды араластырыңыз.
9. Әртүрлі қауымдастықтардағы
гендерлік ұғымдар мен рөлдерді зерттеңіз.
10. Бастауыш сынып оқушыларына
ақпараттық-түсіндіру жұмыстары немесе тарихи оқиғалар, заңдар мен
мәдени өзгерістер арқылы гендерлік бейімділік жағдайларын анықтауға
көмектесіңіз.
Осы сөзімізге дәлел
ретінде, бастауыш сынып оқушыларына келесідей сынып сағаттары
өткізілді:
Тақырыбы: “Отбасындағы
ұлдар мен қыздардың міндеттері”
Мақсаты: балаларға гендерлік тәрбие
беру. Ұл мен қыз баланың жағымды мінез-құлықтары сияқты ұғымдарын
қалыптастыру.
Ең алдымен оқушыларды “шар”
әдісімен екі топқа бөліп алдық.
1-топ.
“Тәрбие” 2-топ.
“Білім”
Топтарға “миға шабуыл” әдісі
арқылы сауал қойылды.
-
Отбасындағы ұлдардың қандай
міндеттерін білесің?
-
Отбасындағы қыздардың қандай
міндеттерін білесің?
-
Сен отбасыңда қандай
міндеттерді атқарасың?
-
Сен ағаңның (әпкеңнің)
отбасында өз міндеттерін дұрыс орындап жүр деп ойлайсың
ба?
-
Отбасындағы проблемаларды кім
шешеді?
-
Отбасындағы қыз бен баланың
міндеттерінің айырмашылығы неде?
Сауал бойынша топтар
отбасындағы ұлдар мен қыздардың міндеттері жайлы өз ойларымен
бөлісті.
Топтар арасында мақал-мәтелдер
жарысы ұйымдастырылды.
1-топ. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе
жердің көркі
2-топ. Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше
тұрып қыз сөйлегеннен без.
1-топ. Әкені көріп ұл өсер, шешені
көріп қыз өсер.
2-топ. Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер.
1-топ. Қызға қырық үйден тыю, қала
берсе қара күңнен тыю.
2-топ. Қызға бергенді қыдыр
өтер.
1-топ. Қыздың жолы
жіңішке
2-топ. Қыздың қабағында құт
бар.
1-топ. Ұлың үйленсе – ырысың, қызың
үйленсе – өрісің.
2-топ. Жеті атасын білмеген ұл
жетесіз.
1-топ. Ұлы бардың – ұрпағы
бар.
Интерактивті тақтаны қолдану
арқылы қыздар мен ұлдарға керек қасиеттерді
топтастырды.
Қыздарға тән
қасиеттер: мейірімділік, ұқыптылық,
сыпайылық, инабаттылық, ибалылық, байқағыштық, нәзіктік, қамқорлық,
кішіпейілділік
Ұлдарға тән
қасиеттер: ержүректік, жауапкершілік,
тазалық, ұқыптылық, сыйластық.
Сыпайылық, адамгершілік
қасиеттері жайында нақыл сөздермен бөлісіп, “қыздың жолы жіңішке”
деген дана сөзбен ұлдар қыздарға қошемет сөздер айтты. Сабақ
соңында “шаттық шеңбері” құрылып, балалар бір-біріне ыстық
лебіздерін білдірді. Осылай сынып ішінде достық атмосферасы
қалыптасты. Балалар отбасындағы өз міндеттері туралы және
басқалардың міндеттерін сыйлау керектігі туралы көп мәліметтер
алды.
Қорытындылай келе, мектептерде
гендерлік тәрбие берудің маңызы зор. Тәрбиенің бастауы – бастауыш
сыныптарынан басталады. Сондықтан, біз болашақ бастауыш сынып
мұғалімдері ретінде гендерлік тәрбие беру тәсілдерін меңгеруіміз
керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Әбенбаев, С.Ш.Тәрбие теориясы
мен әдістемесі. Алматы, 2004 – 152 б.
-
Бендас, Т.В. Гендерная
психология / Т.В. Бендас. – СПб. : Сфера, 2005. – 494
с
-
Герасимов, К.Е. Гендерный
подход в образовании. 2013. – 28 с
-
К.Р.Калкеева, Ж.А.Агабекова.
Гендерный подход в педагогике. 2016 – 148
с
-
“Kitapkhana.edu.kz” сайты