Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының ерік сапасын арттырудағы ойынның рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының ерік сапасын арттырудағы ойынның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен ғана шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру, ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесінде қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сабақ үрдісінде олардың танымдық қызығушылықтарын және ойлау, ес, қабылдау, зейін сияқты психикалық қасиеттерімен қоса, психикалық кейіп соның ішінде ерік – жігер сапаларын дамыту қажет. Ұлы педагогтар Н.К. Крупская, Е.А. Аркин, В.А Сухомлинский, А.С.Макаренко, А.А.Люблинская, К.К.Платон, Г.Ш.Шингаров, А.В.Шмаков, П.Я.Гальперин және т.б. педагог — психолог ғалымдар ерік — сапа қасиеттерін ойын іс - әрекеті арқылы қалыптастыруды қарастырған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕРІК САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ


Әзімхан А.И

68 МИББ кешенінің педагог-психологі


Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен ғана шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру, ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесінде қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сабақ үрдісінде олардың танымдық қызығушылықтарын және ойлау, ес, қабылдау, зейін сияқты психикалық қасиеттерімен қоса, психикалық кейіп соның ішінде ерік – жігер сапаларын дамыту қажет.

Ұлы педагогтар Н.К. Крупская, Е.А. Аркин, В.А Сухомлинский, А.С.Макаренко, А.А.Люблинская, К.К.Платон, Г.Ш.Шингаров, А.В.Шмаков, П.Я.Гальперин және т.б. педагог — психолог ғалымдар ерік — сапа қасиеттерін ойын іс - әрекеті арқылы қалыптастыруды қарастырған.

Ерік – ойланып істелінетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді, жеңе білуден көрінетін қимыл - қозғалыстарды атаймыз. Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі - сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады [1].

Сонымен қатар, оқушылардың ерік - жігер қасиеттері сан қилы. Іс- əрекеттің нақтылы жағдайларына, орындалу тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар, олар: тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, батылдық, шыдамдылық, тəртіптілік, жинақылық жəне т.б. [1, 245]. Сондай - ақ, əдебиеттерде еріктің психологиясы бойынша жеке тұлғаның ерік сапалары туралы əр түрлі тізімдер көрінеді. Олар өзінің құрамы мен ерік белгілерінің саны бойынша əр түрлі болып келеді. Оның негізгі себебі ерік сапасының құрамы, əдетте, ойша анықталады, яғни эксперименталды өңдеусіз, жəне де семантикалық ұқсастық негізінде ерік сапаларының мынадай түрлері де ажыратылады:

- табандылық;

- жауапкершілік;

- беделді;

- қайраттылық;

- тəуелсіз;

- сенімді;

- зерделілік;

- қайсарлылық;

- жігерлік [2]. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының сабақ процесінде олардың жоғарыда айтылған ерік сапаларын қалыптастырудың маңызы өте зор болып табылады.

Сол себепті ерік сапаларын қалыптастыру ерікті іс - əрекет мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) даярлық кезеңі ( шешімге бағыттау, ниеттер күресі)

2) орындалу кезеңі (бұл кезеңде істі табандылықпен меңгеру, істі жеңе білуден тұрады);

3) істің қалай жəне қаншалықты орындалғанын тексеру кезеңі[3].

Ерік сапаларының көріну белсенділігі іс-әрекет түрткісіне немесе жағдайға ғана емес, осы ерік əрекетінің кезеңдеріне де байланысты болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының ерік сапасын арттыруда ойынның рөлі маңызды, себебі сол уақытта оқушылардың негізгі іс- əрекеті ойын болып табылады. Сол ойын арқылы олардың психикалық процестері, психикалық кейіп жəне психикалық қасиеттері дамып жетіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының ерік — сапасын қалыптастыруға арналған ойын түрлері көп. Олар: «Бақшадағы қояндар», «Косманавт», «Ақ аю» , «Компас», «Сиқырлы кесте», «Ірікте», «Кімнің картасы күштірек» және т.б. Сонымен қатар оқушылардың ерік сапасын арттыратын ойындар арқылы баланың ерік –жігерлік қасиеттері, танымдық қабілеттері, өздігінен ойлау және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру қажет.

Сонымен қорыта келе, ерік - тұлғалық құрылымының ядросы бола отырып, алыс болашаққа мақсаттар қоюды, мақсатқа жетудің құралдары мен жолдарын саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді жəне осы жағдайда максимум дербестік танытуды іске асырады [4]. Сол себепті де бастауыш сынып оқушыларының ерік сапасын ойын арқылы дамыту оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, сөз іскерліктерін меңгеруіне əсер етеді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Сабақ үрдісінде оқушылардың ерік – сапасын дамытудағы ойынның маңызы, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен қатар, бастауыш сыныпта сабақ үрдісінде оқушылардың оқу үрдісіне зейінін аударып, белгілі бір тапсырма орындауға қажетті ерік сапаларын арттыру қажет.

Қазіргі заманға сай жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – ол басты мақсат. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларының ерік сапасын арттырудағы ойынның рөлі маңызды және де жек тұлға қалыптастыруды ерік сапасын арттыру өз әсерін тигізеді.




Пайдаланған əдебиеттер тізімі:

1. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология». Алматы 2004. 238 б.

2. Чумаков М.В. «Диагностика волевых особенностей личности». //Вопросы психологий// № 1.2006. Б 169.

3. Алдамұратов Ə. «Қызықты психология». Алматы 1992. 90 б.

4. Купцов И.И. «Психология характеристика интелектуально - волевых действий школьников в учебной деятельности». Учебное пособие. 1992. 118 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!