Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
1107
7 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі»




Жанпеисова Меруерт Гарифоллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі










2021 жыл





Аңдатпа

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі» бастауыш білім беру деңгейінің 3 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасынасай құрастырылған. Бұл жинақта ғылыми және тәрбиелік мәні бар мәтіндер енгізіліп отыр. Оқу-әдістемелік әзірлеме (оқыту қазақ тілінде) бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсынылады.


Аннотация

«Разработка заданий на развитие функциональной грамотности младших школьников» разработан в соответствии с учебной программой по предмету «Казахский язык» для 3-го класса начальной школы .В этот сборник включены тексты, имеющие научное и воспитательное содержание. Учебно-методическое пособие рекомендовано учителям начальных классов с казахским языком обучения.


Annotation

"Development ofthe tasks for the progress of functional literacy of primary school students» developed in accordance with the curriculum on the subject of the «Kazakh language» for the third grade of primary school. This collection includes types with scientific and educational content. The training manual is recommended for primary school teachers with the Kazakh language of instruction.























Түсіндірме жазба

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі» бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік материал ретінде ұсынылып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оның теориялық-әдіснамалық негіздері анықталуы керектігі белгілі. Ол теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған келесі мәселенің бастау көздерін танытады.

Негізінде, берілген мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген әдебиеттерді талдау барысында, көп ретте, «функционалдық сауаттылық», «функционалдық сауатты тұлға», «негізгі құзыреттер», «жалпы білімдік біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады.

Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің1 957 жылы ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортаменқарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәліметті іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені, функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

оқу, жазу сауаттылығынан;

жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

математикалық сауаттылығынан;

компьютерлік сауаттылықтан;

денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

құқықтық сауаттылығынан.

Сонымен, педагогикалық-психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде бұл ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі» деп аталады.






































Мазмұны

Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады (1-сурет):

Shape1

1-бөлім: Оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар


Shape3


Shape4

Функционалдық сауаттылық



Shape6 Shape5

2-бөлім: Жазу сауаттылығына арналған тапсырмалар



Shape7



Shape8

3-бөлім: Сөйлеу тілінің сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар



Shape9




1-сурет–Функционалдық сауаттылық мазмұны


Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме – оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «10» мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу құралы. Функционалдық сауаттылық – тілдік тұлғаның әлеуметтік–қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

Бұл әзірлеме 3 бөлімнен түрады.

1-бөлім: «Оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар» Мәтінді дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгеруі, шығарма авторының көзқарасын түсіну, мәтінді оқырман ретінде қабылдауға тәрбиеленеді, көркем-шығармашылық қабілеттері дамиды. Сөз өнеріне деген қызығушылық, тілдік эстетикалық талғамы қалыптасады. Сөйлеу әрекетінің түрлері жетіліп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілікке тәрбиеленеді.

Мәтінді оқу сапасы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады. Ауыз әдебиетінің жанрлары, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысады.

Ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары туралы, басты тақырыбы, басты кейіпкерлері және негізгі мазмұны жайлы түсінік қалыптасады. Мәтінді талдап, жанрлық сипаты туралы түсінік қалыптасады.

Шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыстүрлері: өлеңді мәнерлеп оқу, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.дағдылары қалыптасады.

2-бөлім: «Жазу сауаттылығына арналған тапсырмалар» Сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқудағдылары жетілген, шығармашылық қабілеттерімен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді.

Оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениеті туралы білім алады.

Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады. Ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, (дұрыс, түсініп,мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) дағдылары қалыптасып, дамиды. Алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгеріп, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату сауаттылықтары дамиды. Сонымен қоса оқулықпен, сөздіктермен, уақытты жоспарлау, жазба жұмыстарда қате табу, оқу әрекетінің нәтижесін ауызша бағалау дағдылары қалыптасады.

Мәтіндегі тірексөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөзтаптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркінжеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды; қоршаған ортамен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; жазба жұмыстары: сөздік диктант (3-сыныпта 9-12 сөз), диктант (3-сыныпта 35-50 сөз), көлемі 50-60сөзден тұратын шығарма (сипаттамау, әңгімелеу, пайымдау) жазуды; бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.

3-бөлім: Сөйлеу тілінің сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі –  диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпты оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, диалогты дұрыс құруға тырысады. Ауызекі сөйлесу оқушының тілін дамытады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың  берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.





































Кіріспе

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазудағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің неме сежеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.


Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлемесі»

Өзектілігі: оқушынының мәтінді сауатты түсініп, өз ойын еркін жеткізе алу, қатесіз жаза алу дағдыларын дамыту.

Әдістемелік әзірлемені жазу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.

Әдістемелік әзірлемені жазудың міндеттері:

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

  • білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру;

  • тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже:

  • оқушының бойында сөйлеу әрекетінің түрлері түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамиды;

  • оқыған мәтіннің түпкі мағынасын түсініп, ажырата алады;

  • сыни ойлау қабілеті артады;

Авторлық бағдарлама 3 бөлімнен түрады:

Бірінші бөлім:«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар» деп аталса; Екінші бөлімде «Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығына арналған тапсырмалар»; Үшінші бөлімде «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің сауаттылығын дамыту» деп аталады.

Қорытынды: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған теориялық қорытындылар мен әдістемелік ұсынымдардан тұрады.

Әдістемелік материалдағы мәтіндерді мұғалім өз мүмкіншіліктеріне қарай өзгерте алады.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!