Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын балаларының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық,анатомиялық,физиологиялықмаңызы зор қызметтер атқарады.Ойын баланың даму құралы таным көзі,тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып,адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
286
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

Иманбаева Г.К. Бастауыш сынып мұғалімі

С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Абай облысы Семей қаласы Қайнар ауылы

Ойын балаларының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық,анатомиялық,физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады.Ойын баланың даму құралы таным көзі,тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып,адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп.А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор,ересек адам үшін еңбектің,жұмыстың қызметтің қандай маңызы болса,нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса,өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын-баланың қажетті әрекетінің бірі.Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі,оқуы ойыннан басталады.Ойын арқылы оқушы білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы,математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып,есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Өтілен тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып,тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз.Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары,оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақтыойластырылуы керек.Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі,осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңабілім игеріледі.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарынсанау арқылы оқушылар сан үйренеді,санға аты ұқсас заттарды танып біледі.Санамақтар сан үйретеді,әрі дүние танытады,әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.Санамақтың түрлері өте көп.Ойында балалар әр нәрсеше жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға,айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала зейін талабына көңіл қойғысы келмесе,ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші метеп жасындағы балаларды көргендерін,байқағандарын,айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналасындағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды,өзінің күш-жігерін жұмсап,адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиеленудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті,яғни,ойын-баланың жетекші әрекеті. Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді,себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы туындайды,осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып,тапсырмаларды өзінше зерттеп,орындау,өзінше шешім жасау өз ойындағын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,өзіне сенімді,ерік-

жігерлі, дүние танымыкеңейген,сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес,жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету және тағы басқалар. «Ойы саяздың,тілі саяз»деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған.Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады. Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді ізденуден басталады. Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру,жалпылау,қорытынды жасату керек. Ойлау дегеніміз мәселені шешудегі толғану процессі. Ойлану-дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі.Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу.Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырылады, Ой туралы зерттеулер,олардың процесс күйін емес,ойлану қалайша жүзеге асып,реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.

Ойлаудың дамуы дегеніміз-оның мазмұны мен формасының өзгеруі,ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады.

Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

Практикалық-қимылдық

Күрнекті көркем

Сөйлеу-логикалық

Ең алғашқысы(3жасқа дейінгі балаларда болатын) практикалық-қимылды ойлау.4-7 жас аралығында көрнекі-көркем ойлау басым болады.Мектептің алғашқы жылдарында сөйлеу-логикалық ой көрнекі-көркем ойлаумен қабаттаса дами бастаса,орта және жоғарғы сынып оқушыларында бұл маңызды орын алады. Тапсырма сөйлеу арқылы орындалады.Ойлауды дамытудың негізі-сөйлеу тілі. Ойлаудың даму барысында кейінгі ой алдыңғысын мүлде жоққа шығармайды. Ойымызды қорытындылай келе,баланың логикалық ойлау қабілетін түрлі ойындар арқылы жүзеге асыру негізінде балаға сабақтарда ерекше назар аударылады.Ол өз ретінде,балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары.2019ж авторлық бағдарлама

2.Әлімқұлова А.Б Бастауыш сынып оқушыларының жобалық*зерттеу әрекетін ұйымдастыру. 2014ж

3.М.Жұмабаев Педагогика

4.Атамұра 1998ж Құрманалина Ш.Н

« Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар»
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!