«Бастауыш сынып оқушылырының
тілдік түзету әдістерінің тиімді
жолдары»
(жұмыс тәжірибесінен
үзінді).
(Практикалық жұмыс мектепке
дейінгі мекеменің педагогтарымен)
Жауапты: Гүлім Ерболқызы
Танкеева
Өткізетін
түрі: слайд, мәлімдеме жасау,
педагогтармен практикалық жұмыс.
Мақсаты:
а) тілдік түзету әдістерін түзіндіру;
ә)тілдік түзету әдістерді пайдалана
отырып сөйлеу тілі бұзылған
балалардың сөйлеу тілін
дамыту.
Слайд, мәлімдеме
жасау.
1
слайд–Қазіргі кезде түрлі
дәрежедегі тіл кемістіктерінің көбеюі – шешімі табылмай келе жатқан
өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл – қарым-қатынас құралы
болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген
қиындықтар туындайды. Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі
бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – дыбыс
айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде
де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да
мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де
«кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» – деп жайбарақаттықпен
қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз
тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі
мүмкін.
Сөйлеу тілінің дұрыс дамымауы
– есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық,
мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық
компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі
тіл кемістіктері болып табылады. Дыбыстарды айтуының бұзылуы,
фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен
грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы, жалпы сөйлеу тілі
дамымаған балалардың барлығына тән кемшіліктің
түрі.
Мен өз жұмыс тәжірибемде
осындай кемшілектері бар балалармен тілдік түзету әдістерін қолдана
отырып, жұмыс жүргіземін.
Мен өзімнің жүргізілген жұмыс
тәжірибесімен қысқаша бөліскім келеді. Бүгінгі тақырыбым:
«Мектепке дейіңгі балалардың
тілдік түзету әдістерінің тиімді жолдары».
2
слайд–
Түзету – педагогикалық
процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер
арқылы жүзеге асады. Ерекше білім алу қажеттіліктері адамға білім
беру процесінде арнайы педагогика әртүрлі оқыту, тәрбиелеу, түзету
тәсілдерін пайдаланады.
Қазіргі заманғы логопедиялық
тәжірибе өз арсеналында уақытылы диагностикалау мен тіл
кемшіліктерін түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету –
дамыту технологиялары бар.
Педагогика, психология және
медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде
логопед – мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын, ең тиімді, логопедия
үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз
қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады. Бұл әдістерді логопедияда
дербес қарастыруға болмайды, олар көпшілік мақұлдаған
технологиялардың бөлігі болып табылады, және педагог пен баланың
қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін
енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны
тудырады.
3
слайд- Өз тәжірибемде
қолданылатын логопедиялық түзету
әдістері:
4
слайд- Артикуляциялық жаттығулар –
сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның
мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып,
жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар. Артикуляциялық
жаттығулардың екі түрі болады: Активті, бала барлық тапсырманы өз
бетімен орындайды; Пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға
үлкен кісі көмектеседі. Қазір маған өз Жоспарланған жұмысым үшін
бала ретінде 3 педагог қажет ( 3 қонақ орындықтарға отырады).
Педагогтармен айнамен жұмыс (Артикуляциялық жаттығулар
жасау).
5
слайд-Өз жұмыс тәжірибемде
жүргізілген артикуляциялық жаттығулар айна
алдында.
6
слайд- Ұсақ қол моторикасы - термині саусақтар
қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ
моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ
қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын
орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып,
көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта
аламыз.
Ата-аналар мен тәрбиешілердің
ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн. Ойындар, жаттығулар, түрлі
тапсырмалар беріліп отыруы керек. Сурет салу, қайшымен жұмыс
жасау, мозайка, пазлы жинау, түймелерді тағу, шешу секілді
әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.
7
слайд-
Ұсақ қол моторикасын дамыту
мақсатында өз жұмыс
тәжірибемде түрлі әдіс – тәсілдер
қолданамын:
- Пирамида,
мозаика, матрешка құрастыру.
- Қағазға
түйме, жіп,замок әртүрлі ұзындықта жапсыру
жұмысы.
-
Саусақ
гимнастикасы.
- Жарманы
жинау.
-
Сірінкемен жұмыс.
- Қағазбен
жұмыс.
- Бау
байлау.
-
М. Монтессори
әдісі
- Кіші заттармен
ойнау
- Ермексаз және табиғи
материалдардан жапсыру жұмыстарын
мүсіндеу.
- Жуан
жіппен түйіншек жасау.
- Құммен,
сумен ойнау.
-
Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.
- Конструктор, кубиктер ойнау.
-
Ауада сурет салу.
-
Қолөнері.
Педагогтарға өз жұмыс
тәжірибемде ұсақ қол моторикасын дамытуда қолданатын бір тәсілді
көрсетемін. (М.Монтессори әдісі) немесе Құм терапиясы (құмды
алмастыратын манная каша)
8
слайд- Тыныс алу жаттығулары – сөйлеу
тілін қалыптастыру үшін тыныс алу жаттығулары өте маңызды. Дұрыс
тыныс алу дыбысты шығару, артикуляциялық аппаратқа, дауыстың
дамуына әсерін тигізеді.
Тыныс алу – адам тәнінің аса
маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының
балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала
отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен
қалыптасады.
9-10
слайд-Өз тәжірибемде өткізілетін
тыныс алу жаттығулары:
Қазір сіздерге өз жұмыс
тәжірибемде қолданатын «Кіші футбол» жаттығуын
көрсетемін.
11
слайд- Лого-ырғақ жаттығулары бұл –
әуен ырғағымен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Түзету
жұмыстарында лого–ырғақтың атқаратын маңызы зор.
Себебі музыка оқу қызметінде үнемі лого–ырғақтың
элементтерін енгізу тілді, жалпы моториканы және
үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді.
12
слайд- Лого-ырғақ жаттығуларының
жалпы міндеттері:
-
Сауықтыру;
-
Оқыту;
-
Тәрбиелік;
-
Коррекциялық
13
слайд- Өз жұмыс тәжірибемде
жүргізілген лого-ырғақты жаттығулар.
14
слайд- Назарларыңызға рахмет!
Келген педагогтарға буклет тарату.