Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Бастауыш сыныппен қоштасу кеші
Материал туралы қысқаша түсінік
4 -сынып ұстаздарына қоштасу кешінің сценарийінің бағыты көмек болады деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Маусым 2018
769
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті бастауыш!Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Барысы:Данагүл: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата-аналар,қадірлі қонақтар!Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн,оның ерекшелігі неде екен Айнара?Айнара: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби- балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Данагүл: Ақырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далаға,Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай жыл бойы білім нәрімен сусындатқан, хат танытып, еңбек ете білуге үйретіп, білімге жетелеген ұстазымыз Диана Ерсұлтанқызын ортаға шақырамыз.Мұғалім:Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,Жол табар қараңғыда адасқанда .Мал озбас біле білсең білім озар,Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол, сүйікті бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық4- сынып оқушыларын ортамызға!Билейді кейде айнала,Ақылына көркі сай ғана.Томирис бізде биші қыз,Сөйлейді күліп жай ғана. Уталиева Томирис
Өзі жайлы, бірақ пысық,Сөйлегені сондай қызық.Санжар деген жігітіміз,Терең ойлы, әрі жақсы – ақ. Кайыргалиев Санжар
Өнерлінің нағыз өзі деп білетін,Арадағы Айнараны кім білмейді?Сөзге шешен, өзі пысық, ақылды,Әрқашан жарасымды боп жүретін. Сапашева Айнара
Өзі тентек, ақылды,Ұнатады ойынды,Таксист болу арманы,Жетем дейді жақында.Бекнұр біздің сыныптың,Көңілді, тапқыр баласы! Гадилшиев Бекнур
Шыр айналып, би билеп,Ән салуды ұнатқан.Өнерлі қыз Данагүл,Көпті аузына қаратқан. Утепова Данагул Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Бұл күнге жайдан-жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз болмаған шығар. Бір сәт елестетер болсақ, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бірігіп кітап оқу, пікірталас ұйымдастыру, мерекелік ән шашуларға қатысып, өз өнерлерін шыңдау жақсы жолға қойылған. Әрине, осындай іс-шаралар бала жанына игі әсерін тигізбей қоймасы анық. Осы жолдағы менің ұстаған бағытым - тек кітаби білім беріп қана қоймай, еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды. Ол жағдайға бүгін толық жетпесе де, ертең жететініне сенемін. Сондықтан, алдымнан ұшқалы отырған шәкірттеріме: «Бірінші байлық - денсаулық»- демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл, қыз болыңдар дегім келеді. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Алдымен «Шуағын төккен 4 жыл» бейне монтажды көруді ұсынамын. Бұл слайдта 4 жыл бойы біздің осы мектепте бірге өткізген күндерімізден естеліктер көрсетілген.Ой қозғау.Ана тілі:- «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылуым керек». Қай мәтіннен алынған үзінді. Компас- «Сен қырдың жас түлегісің. Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?» деген сөзлер кімге арналып айтылған? Қырдан келген түлек- Абылай ханға Төле бидің қойған аты? (Сабалақ)- Қабанбайдың шын аты (Ерасыл)- Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ыбырай Алтынсарин)Қазақ тілі:- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(қатаң, ұяң, үнді)- Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі не деп аталады? (Түбір)- Сөйлем мүшелеріне талда. Балықшылар шалқар көлге жақындады. - Шылауды тап. Есептің бәрін дұрыс шығарған Мұрат қана. - Қазақ тіліндегі септкітерді ата.Математика:- Ұзындық, уақыт, массаның өлшем бірліктерін ата.- х+120= 400 не деп аталады?- Ең кіші төрт таңбалы санды ата.Қосымша сұрақтар:- Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп? (Ф)- Көкжиектің неше тұсы бар?- Үш жұртты ата (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)- Жыл басы не? (Тышқан)- Қазақстан неше елмен шектеседі? (5)- Барыс септігінің сұрақтарын ата (кімге?неге? қайда?)- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ені мен ауданын көбейтеміз)- тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ені мен ұзындығын қосып, екі еселейміз)- Текшенің көлемін қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз) Жарайсыңдар, балалар! Енді тақтаға бір сәт көңіл бөлейікші. Сіздер бастауышта оқыған кезде қандай оқиғалар, мерекелер, ашық сабақтар естеріңізде қалды? Бұл суреттер мен естеліктер сіздердің естеріңізде мәңгі қалары сөзсіз. Себебі, сіздер менің алғашқы шәкірттерімсіңдер. Сендермен өткізген әр күнім қызықты болды деп есептеймін. Болашақта сіздерге тек сәттілік тілеймін. Олай болса, мерекені бастайық. Данагүл: Бала шаққа болашақты жырлатып,Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!Санжар: Армысыздар әжелер мен аналарҰрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабаларАйнара: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Санжар: Ең алғашқы ұстазымБалабақша жанындаЖұпаргүл, Замзагүл апайларМәңгілік менің жадымда.Құттықтау сөзді алғашқы тәрбиешілеріміз Жұпаргүл Амангосқызы мен Замзагүл Қанатқалиқызына береміз.Ән: «Бала тілегі»Томирис: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Санжар?Санжар: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!Айнара: Гүлсім Телжанқызына:Қанша жыл бұл мектепті басқарады,Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.Үлесі бар мектепті көркейтуге,Гүлсім апай сізге алғыс жолданады.Данагүл: Айнұр Маратқызына:Үйреткен табиғаттың қыр сырларын,Гүлденткен үлес қосып бала бағын,Айнұр апайға арналар шексіз алғыс,Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.Бекнұр: Марина Дмитриевнаға:Өзге тілді үйреткен,Қызықтырып біздерді,Ағылшынша сөйлеткен,Марина апай сабағы.Санжар: Аспазшы апайларға:Дәмді етіп дайындап,Ас мәзірін ұсынған.Галя, Жумазия апайлар.Сіздерге алғыс жолданар.Бекнұр: Дина Рахметуллаевнаға:Орыс тілді оқытып,Тілімізді ширатқан.Дина Рахметуллаевна Қабыл ал, алғыс балаңнан.Санжар: Гүлжан Гелимовнаға:Ауырсақ дәрі беретін,Шақырсақ жүгіріп келетін.Медбике Гүлжан апайға,Шексіз алғыс арналған.Томирис: Ұстазым Бибігүл апайға арнаймынАдалдыққа жақын қонған ауылы.Сағынамын сабақ берген апайды,Қайдан табам енді одан тәуірін.Айнара: Сонымен қатар олар оқытқан пәндер де есімізден кетпейді. Бастауышта оқыған әр пәннің біз үшін алар орны ерекше.Данагүл: Анашымдай сыр шерткен,Ақыл- білім үйреткен.Ана тілін оқыдық ,Ерекше зор құрметпен.Ана тілін сүйеміз,Құрметпен бас иеміз.Ана тілмен қоштасамыз,Әдебиетпен достасамыз.Бекнұр: Ойланып есеп шығартып,Төрт таңбаны білдірген.Ғылымдардың патшасы,Математика данасыТомирис: Қазақ тілі пәнінен,Білім алды балалар.Сөйлемді, сөз таптарын,Етістіктің шақтарын,Жалғаулар мен жұрнақтар.Ережесін жаттадым.5-шіге барған соң,Оксана апай бағалар.Санжар: Ой жіберсең бәріне ,Дүниетану пәніне.Өмір сырын үйретер,Пәннің жақсы бірі де.Жер байлығы көп екен,Игеруді қалайды.Осының бәрін білдірген ,Дүниетану сабағы.Айнара: Үйренеміз жалықпай,Ағылшын тілін шарықтай.Тіл сындырып,ән айтып,Шаттанамыз қалықтай,Марина апай тәліміСәулесін шашқан жарықтай.Данагүл: Хат танытып, үйреткен әріптерді,Бекнұр: Ұстатып алғаш қолға әліппені.Айнара: Рахмет ұстазыма дәріс берген,Санжар: Үйреткен ғылымдарды өнерменен.Томирис: Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,Бекнұр: Сізден алған біліммен біз өсеміз.Данагүл: Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз,Санжар: Көрініп әлі талай биіктерден.Барлығы: Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады .Мың алғыс сізге біздей түлектерден,Мың алғыс мына отты жүректерден! Ән: «Аяулы мектебім» Данагүл: Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.Сол пәндердің құпиясын жеткізгенӘр ұстаздың жадымызда үні бар.Құттықтау сөз пән мұғалімдеріне беріледі.Айнара: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ ,көйлегіміз көк болып жүрүі де сол кісілерлің арқасы.Данагүл: Иә, дұрыс айтасың Айнара. Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?Бекнур: Олай болса келесі ән-жырларымыз ата-аналарға арналады.Ән: АйналайынМұғалім: Биылғы жыл біз үшін көптеген өзгерістер болды. Соның бірі біздің сыныбымыз «People stars» КВН командасын құрған болатын. Олай болса, оқушылардың дайындаған әзілдерін тамашалайық. «Есеп». Томирис (Бекнур мен Данагүл)Баласы:Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!Баласы:Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.«Ең қиын сұрақ» Айнара (Санжар мен Томирис)Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.Анасы:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…«Емтихан» Данагүл (Санжар мен Бекнур)Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.«Балабақшада» Томирис «Қазақша алфавит» Санжар«Хит әндер» Томирис«Бірін – бірі коре алмайтын таксисттер» Айнара«Орыстар балаларын қалай тәрбиелейді?» Санжар«Қазақтар балаларын тәрбиелейді?» Санжар«Түнгі уақытта жаңа жыл мерекесін тойлап отырған оқушылар» Санжар (Айнара, Данагүл, Томирис)Мұғалім: «Мектеп – білім» кемесінБасқарып бүгін келесіз.Ата-ана, ұстаз, балағаАқ жарқын сәлем етесіз.Шақырып едік, келдіңіз,Сөз кезегін береміз.Құттықтау сөз мектеп директоры Гүлсім Телжанқызына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мария Ивановна Бабичке беріледі.
Мұғалім: Тойымызға бүгінгіАқ тілегін арқалапКелді ата – анамыз.Кезек беріп соларғаСөзіне құлақ саламыз.Сөз кезегін 4- сынып оқушыларының ата- аналарына береміз.
Мұғалім: Өтті сенде қызық шағым,«Бастауышым - балбұлағым»,Қоштасар күн жетті міне,Қимастықпен қол бұлғаймын.«Қоштасу вальсі» Мұғалім: Бастауышты тауыстың, Жоғарғыға ауыстың. Құтты болсын қадамың, Озаты бол заманның. Биік болсын білімің, Біреуі бол ірінің. Лентаны табыстау. Дипломдарды табыстау.Осымен бүгінгі ертеңгілікті аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)