Материалдар / Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің басқа пәндермен байланысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің басқа пәндермен байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бастауыш сыныпта Жаратылыстану пәнінің басқа пәндермен байланысы жазылған. Себебі, қазіргі такңда жаңартылған бағдарлама бойынша кіріктіре оқыту қолға алынуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Тамыз 2024
243
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің басқа пәндермен байланысы



К.Д.Ушинский айтқандай, «Қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек». Яғни, білім өмірмен байланысқан, жан-жақты зерттеліп берілуі тиіс. Қазіргі таңда бұл білім берудегі басты мәселелердің бірі және пәнаралық байланыс ретінде қарастырылуда. Яғни, жаңа білімнің гуманитария бағытында да, жаратылыстану-математика бағытында да, мәдениет саласында, ғылым саласында да өзіндік алар орны болуы керек. Әрине, бұл жерде мұғалімнің шеберлігі басты рөл атқарады.

Пәнаралық байланыс арқылы білім алу барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік, зерттеулік әрекеттер орындайды. Соның арқасында іскерлік қалыптасады.

Бәріміз білетіндей, берілетін білім оқушылардың жас ерекшеліктеріне тікелей сай құрылады. Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады. А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерліктің ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын, екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды.

Пәнаралық байланыстың маңызы: оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты; диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді; педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді; жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды; педагогикалық еңбектің ғылыми негізде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Пәнаралық білім беру негізінде бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқытуды қарастырып көрейік. Алдымен бастауыш мектептегі жаратылыстану негіздері пәнінің міндеті мен ұстанымдары тірі табиғат негіздерін, өсімдіктерді және олардың құрылымын мен түрлерін, жануарларды және олардың түрлерін, физиологиясын, заттар мен олардың қасиетін, аспан әлемі мен ғарыш денелерін, физикалық-географиялық жаму жолдарын оқыту. Жалпы математика, көркем еңбек және қазақ тілі пәндерімен тікелей байланысады. Қосымша тарих, география пәндерімен де байланыс жасауға болады.

Қазақ тілі біздің туған ана тіліміз болғандықтан, білім беруде тікелей маңызы бар, яғни тақырып түсінікті болу үшін қазақ тілімен байланыс жасалады. Жаратылыстану сабағы барысында зерттеу жұмыстары кезінде, сарамандық тапсырмалар кезінде мөлшер, көлем, салмақ сияқты математикалық қлшем бірліктері қолданылады. Бұл өлшемдер жаратылыстанудың математикамен байланысын көрсетеді. Осы орайда мен биылғы оқу жылының түлегі ретінде мемлекеттік іс-тәжірибе барысындағы өз тәжірибемнен де мысал келтіріп өтсем болады. 4 сынып бойынша «Архимед заңы қалай ашылды?» тақырыбы берілген. Тақырыпқа сай зерттеу тапсырмасы да қарастырылған. Зерттеу тапсырмасы барысында алдымен стаканға су құйып алып, су деңгейін сызғыштың көмегімен өлшеп алдық. Кейіннен су толтырылған стаканға тас салып, тас салғаннан кейінгі судың деңгейін қайта сызғышпен өлшедік. Нәтижесін сантиметр және миллиметр өлшемдері арқылы жазып салыстырдық. Яғни, бұл жерде мен жаратылыстану пәнінің математикамен байланысын көрсеткім келді. Сонымен қатар, оқушыларды Архимедтің кім екендігі туралы мәлімет беріп, міндетті түрде таныстырып өтуім қажет болады. Бұл жерде оның грек ғалымы екендігін, б.з.д 287ж.-б.з.б. 212 ж.өмір сүргендігін және оған қатысты ғылыми аңыздарды тарихқа сүйене отырып айта аламын.

Бұдан өзге «Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?», «Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар?» деген сияқты тақырыптарды оқу барысында дүниетану пәнімен байланыстыра отырып, өлкетану мұражайларына барып, сыныптас тыс сабақ түрлерін де өткізуге болады.

Қорытындылай келгенде, пәнаралық байланыстың мақсаты білімде іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде жан-жақты алу. Пәнаралық байланыстың тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттыру болып табылады. Соның ішінде жаратылыстану пәнінің де басқа пәндер сияқты пәнаралық байланыс негізінде оқушыларға берер білімі кең, ауқымды екендігіне көз жеткіздік деп ойлаймын. Сонымен қатар:

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталуға;

2. Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасауға;

3. Білімді сапалы түрде алу;

4. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдылануға;

5. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуына өз септігін тигізеді.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.М. Бим-Бад. Психологическая атмосфера урока.

2.Артамонова Е. Компетентностный подход к формированию педагога в условиях модернизации образования // Воспитание школьника. - 2008. - №1.

3.Байхонова С. З. Управление качеством образования на основе компетентностного подхода // Менеджмент в образовании. - 2010. - №4.

4.Деятельность методической службы в системе повышения квалификации педагогических кадров. (Алматы, 2009 - РИПКСО)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!