Материалдар / Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуі. Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуі. Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуі



Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі.

Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі - білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының негізгі міндеті - отандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет. Критерий дегеніміз грек тілінен аударғанда, орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.

Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады Бұл жерде мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға емес. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, жинаған ұпайы арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз.



Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

анық, айқындылығы;

бағаның әділдігі;

өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.



Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

оқушылардың білім сапасын арттырады;

оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

Критериалды бағалау барысында, қалыптастырушы және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады. Қалыптастырушы бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.



.Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу — жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы бойында өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өз мүмкіндігін бағалап, жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын табуға әректтенеді. Бағалау парағы арқылы ата-аналармен байланыс орнатылады. Бұл жерде ата-ана да баласының жетістіктері мен олқылықтарын көріп. оны жоюға жұмыс жүргізеді. Бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушыны сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқудың әдіс-тәсілдері, формалары талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.



Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады

. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!