Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында IT технологияларын пайдалану маңыздылығы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области |
Положение СМК ПП-5.3-91 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы ( проекта) |
Издание /басылым 1/2018 Стр/бет. 0 из 17 |
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында IT технологияларын пайдалану маңыздылығы.
Орындаған: Нұрмағанбет Баян
Тобы: 301
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105015 «Бастауыш мұғалімі»
Ғылыми жетекшісі: Арман Мұратқызы педагогика пәнінің оқытушысы
Семей-2020
МAЗМҰНЫ
КIРIСПЕ..................................................................................................
I.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Бастауышты сыныптарда математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
1.2
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану маңызы
II.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА IT ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
2.1
Интерактивті оқыту технологиясын математика пәнінде қолдану әдістемесі және пайдалану тиімділігі
2.2
Математика сабақтарында электронды оқулықты қолдану әдістемесі
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.........................................
КIРIСПЕ
Өзектiлiгi: Қазақстан халқына жолдауы 2030 жылға дейінгі жас мемлекеттің Стратегиялық даму жоспары негізінде жасалды. Жаңа онжылдықта Мемлекет Басшысы бірінші орынға білім беру жүйесін дамытуды, жаңа технологияларды, жаңашыл ойларды пайдалануды бірінші орынға қояды.
Математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқумен жақсы үйлесім табады. Сабаққа ақпараттық технологиялар элементтерін енгізу оқу процесін қызғылықты етеді. Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын арттырып, оқу материалдарын саналы да, сапалы игеруге септігін тигізеді. Әр түрлі технология элементтері белгілі бір тапсырманы орындау кезінде қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын да арттырады. Сондықтан мен курстық жұмысымды мектепте математика сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану әдіс-тәсілеріне арнадым.
Зерттеу жұмысының болжaмы: Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Зерттеудiң мaқсaты: бастауыш сыныпта математика сабақтарында IT технологияларын пайдалану маңыздылығы.
Зерттеудiң мiндеттерi:
Бастауышты сыныптарда математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігін атау;
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану маңызын көрсету;
Интерактивті оқыту технологиясын математика пәнінде қолдану әдістемесі және пайдалану тиімділігін сипаттау;
Математика сабақтарында электронды оқулықты қолдану әдістемесіне зерттеу жасау;
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану тиімділігі бойынша сауалнама жасау.
Зерттеу обьектiсi: математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеу пәнi: бастауыш сыныпта математика сабақтарында IT технологияларын пайдалану
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негiзi: жұмысты жaзу бaрысындa оқулықтaр, гaзет бaспaлaры, зерттеу нысaнынa қaтысты бaспa бетiн көрген негiзгi ғылыми әдебиеттер, Оспaнов Т.К., Құрмaнaлинa Ш.Х., Дүсебаев С.А., Заковряжин Д.А. т.б. зерттеулерi, сондaй-aқ ғaлымның пiкiрлерiне тaлдaу жaсaп, теориялық тұжырымдaрын дaмытқaн еңбектерiне теориялық және методологиялық негiз ретiнде пaйдaлaнылды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi: зерттеу жұмысындa жинaқтaу, сипaттaу, жүйелеу, логикaлық тaлдaу әдiстерi aрқылы қaлыптaстырудың әдiстемелiк негiзi жaсaлды.
Зерттеу жұмысының бaзaсы:
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кiрiспеден, екi негiзгi бөлiмнен, тәжiрибелiк бөлiмнен, қорытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмiнен тұрaды.
Кiрiспеде зерттеу жұмысының болжaмы, мaқсaты, көкейкестiлiгi, жaңaшылдығы, нысaны, мiндеттерi, негiзгi идеясы, зерттеу объектiсi, әдiстемелiк бaзaсы, теориялық және тәжiрибелiк құндылығы aнықтaлaды.
Бiрiншi бөлiмде бастауышты сыныптарда математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі аталды. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану маңызы көрсетілді.
Екiншi бөлiмде интерактивті оқыту технологиясын математика пәнінде қолдану әдістемесі және пайдалану тиімділігі сипатталды. Математика сабақтарында электронды оқулықты қолдану әдістемесіне зерттеу жасалды.
Тәжiрибелiк бөлiмде
I. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауышты сыныптарда математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп. саналатын пәндердің бірі – математика.
Математика – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман –математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін-мұғалім.
Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен тәсілдерді мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың танымын , шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру - оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта заманауи технологияларын қолдану қажет. Қазіргі заман технологиялары сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді [1, 5 – 10 б.].
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
а) әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
ә) оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
б) оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, қарқынды оқыту технологиясы, жоба технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ақпараттық технология тағы басқа көптеген түрлері бар.
Оқытудың жаңа технологиясының бағдарламалап оқыту мәселелері В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс табады. Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.Выготский, Л.Занковтың, ал жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.Амоношвили еңбектерінде зерттелген.Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқытудың дидактикалық ғылыми негізінің оқыту үрдісіндегі басты мақсаты - шығармашылық оқыту негізінде абстракты ойлауын дамытып шәкірттерді ғылым негіздерімен қаруландыру. Оқушылардың ғылым негіздерінің қарулануы көркем шығармадан игерген білім қоры негізінде дамып, дүниетаным үрдісі тікелей сезіп білуден абстрактілі ойға, қоғамдық тәжірибемен өмірде пайдалана білумен ұштасса ғана жемісін береді[2, 38].
Математика сабақтарында оқытудың инновациялық технологиялар қолданудың дидактикалық негіздері:
бағдарламалап оқыту;
сатыламалы оқыту;
дәстүрлі оқыту;
проблемалық оқыту;
дамытпалы оқыту;
тәрбиелей оқыту;
ірі блокпен оқыту;
даралап, саралап оқыту;
тиімді оқыту;
дифференциалдап оқыту.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып, оқушының өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген-білгенін талдап салыстырып, өз бетімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасау. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Бағдарлама бірнеше кезеңдерден тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс. Сабақтың құрылымына қарай қолданған жағдайда оқушылар белсенділігі артып, бір-біріне деген сенімі, өзінің түсінігі мен түйсінуі арқылы жаңа білім құрастыруға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды топаралық жұмыс жасауға, топтардың жұмыстарын баяндауға, нәтижені қорғауға, пікірталас туғызуға, талдау және қорытындылауға үйрете отырып білім беру өте тиімді. Оқушыларды топқа бөлгенде, топтың құрамында әр түрлі деңгейде оқитын оқушылардың болғанын ескеремін. Жақсы оқитын оқушылар сабақтың барысында үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсетеді. Жаңа сабақты өткенде жетекші оқушы өзі ғана біліп қоймай, тобының жаңа сабақты меңгеруіне де ықпал жасайды.
Математикалық терминдерді, ережелерді, анықтамалар мен теоремаларды толық айтып жеткізу үшін, сабақта математикалық сауатты сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлемін. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасымен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артады. Аталған технологияның ерешелігі: еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады, ынта-жігері артады, ұжымды іс–әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді, өз ойын жеткізіп үйренеді. Мұндай әдістер арқылы ой айту, пікірін ортаға салу арқылы табиғаты тұйық оқушылар ашылады. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, өз ойын мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ой еңбегі жетіледі,ынтасы артады [3, 86 б.].
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. АКТ-ны қолдану- заман талабы. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. АКТ-да бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру, қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету.
Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Компьютер арқылы оқу материалын беруге, оны әзірлеуге, бақылауға, қорытындылауға, көмек беруге мүмкіндік зор. Әр сабаққа құрылған флипчарт, слайд, презентациялар оқушының пәнге қызығушылығын тудырады. Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық тек теориялық материал мен тапсырмалардан құрастырылған оқу құралы ғана болып қалмай, бақылау мен бағалау функциясын да атқарады. Әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтарды сабағымда пайдаланамын.
Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технологиялардың бірі – профессор Ж. А. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы дегеніміз –оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.Өз жұмысымда профессор Ж.А.Қараевтың оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолданып келемін. Деңгейлеп оқыту математика пәні үшін маңызы зор.
Мектептегі математика оқулықтарында тапсырмалар, есептер 3 топқа бөлініп бірінші, екінші, үшінші деңгейлі етіп берілген. Білім мазмұнын деңгейлік түрде ұсыну дамыта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өйткені оқулық та тапсырмалар да деңгейленіп жасалған, оны біртіндеп деңгей бойынша меңгереді, және мұндағы білімнің кейбір жетекші элементтерін: фактілер, ұғымдар,ережелер, заңдылықтарды т.б. оқушылардың өздері ашады [4, 12 б.].
1.Оқушылық деңгейде оқушы мұғалім көмегімен әрекет жасайды алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Жаттап алуға лайықталған анықтамалар, жеңіл есептер, тұжырымдамалар, т. б. тапсырмаларды орындай алу.
2. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті жағдаят анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген логикалық тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды талап етеді;
3.Эвристикалық деңгейде мақсат ашық, жағдаят түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді, яғни бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен өздігінен есептер шығару, ребрус, сөзжұмбақтар құрастыру, диаграмма салу, өлшем жасау, проблемалық жағдайларды шешу, белгілі дағдыларды қалыптастыруға арналған сұрақтар.
4. Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару; әр деңгейде есептер шығару; берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама, ізденіс жұмысы, ғылыми жобалар қорғау.
Деңгейлік тапсырмалардың алғашқы үш деңгейі мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін құрайды. 4-ші деңгейде шығармашылық тапсырмаларын оқытушы жеке баланың қабілетіне қарай өзі құрастырады, оқушы онымен танысады, жаңа нәрсе табады, дәлелдейді. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені оқушының ойлау, елестету, есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Әдетте 1 - деңгейді орындаған оқушы одан жоғары деңгейлерді орындауға ұмтылады, өзіне - өзі сенім білдіріп, бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге іздене талпына отырып, өз білімін толықтырып жетілдіреді, себебі «4»және «5» бағаларын алу үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажет.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған жұмыс түрлері: математикалық диктант, тест-тапсырмалар, жеке оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар, логикалық тапсырмалар. Сабақ барысында сыныптың әрбір жеке оқушысымен іс-әрекет жасау. Сабақтың құрылымы және оның әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жайында:
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ішкі, сыртқы психологиялық дайындығы анықталып, психологиялық құзіреттілігі қалыптасады.
Өткенді қайталау кезінде оқушының жеке тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады.
Тестік жұмысты орындау кезінде оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады.
Ауызша жаттығулар орындау кезінде оқушының коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктері қалыптасады.
Тақтада жұмыс кезінде ойлау және мәдени құзіреттілігі қалыптасады.
Өздік жұмысын орындау кезінде оқушының ойлау, тұжырым жасау, сараптау құзіреттілігі қалыптасады.
Сабақ қорытындысын жасағанда оқушы психологиялық жеңілдік сезінеді.
Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы жұмыссыз қалмайтындай етіп құрастырылды. Жеке тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай құрастырылып, барлық оқушылар қамтылды. Деңгейленген тапсырмалар арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуге , әр оқушының интеллектуалдық даралығын анықтауға мүмкіндік берді.Өтілген тақырыптар жүйелі түрде қайталанып, еске түсірілді. Оқушылардың бағдар бетінде барлық тапсырмаларға қатысуы туралы белгілер қойылып отырды.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай және бір кезеңнен екінші кезеңге өту еш қиындық туғызған жоқ. Сабақта психологиялық климат өте жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе білді.
Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей, шығармашылығын шыңдап, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі шарт. Заман талабына сай педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерді қабылдай отырып, өз пәндерімізге тиімді қазіргі заман педагогикалық технологияларын пайдалануымыз керек. Осы үдеріспен бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейді.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады [5, 36 б.].
1.2 Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану маңызы
Білім – болашақ бағдары, сарқылмайтын қазына, мызғымайтын қорған, өмірлік азық. Білім – Отанымызды көркейтудің сан мың жолының ең тиімдісін таңдап алуға қызмет ететін ғажайып күш. Сонымен бірге ол үнемі қолдауды, жарнамалау мен насихатттауды қажет етеді. Болашақ ертеңі жастар, оларға сапалы білім беруге байланысты Елбасымыздың «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген сөзі, қазіргі қоғамда ақпараттық технологияға білім беру жүйесінің терең бет бұруы болып отыр.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (Мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиколық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-комуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететініндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор болды.
Математика – ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Педагогикалық оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше жолдары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі қолданып жүрген әдіс- тәсілім мынадай: күнделікт дәстүрлі сабағымда; оқулық, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтартарды; компьюторлық құрылғыдан: презентация, дисктер, мультимедиа құралдарын, интернет-технологиясынан: интернет дербес ақпарат көзі ретінде, е-mail – ақпарат алмасу құралы ретінде, т.б. жиі пайдаланамын.
Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігімен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар, әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың, не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практика