Бастауыш сыныпта қолданылатын
әдіс – тәсілдер.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» деп
Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр – сыры мол, қиын да
жауапты, шығармашылық еңбек екендігі баршамызға мәлім. Басқа
елдермен тереземізді тең ететін ол –
білім. Соның ішінде оқушы тұлғасының
алғашқы іргетасын қалайтын, дұрыс қалыптастыруға атсалысатын жан
әрине, «Бастауыш сынып мұғалімі».
Мұғалім бұл балалардың
тәрбиесі мен білімінде өте маңызды рөл атқаратын адам деп
есептеймін. Балаларға деген сүйіспеншілік, олармен сөйлесе білу,
оларды түсіну және үйрету – бұл шынайы мұғалімнің ең маңызды
қасиеттері. Мұғалім болу ерекше дарын.
Бастауыш сыныпта бала қандай
білім алса, ол сол біліммен үлкен өмір жолына аяқ басады. Сол үлкен
өмір жолында білімі мен тәрбиесі жеткілікті болуына, өмірідң ақ
жолдарын таңдауына бағыт бағдар беретін ол әрине ең бірінші ата –
анасы және бастауыш сынып мұғалімі деп санаймын. Бастауыш сыныпта
біз балаларды оқытып қана қоймай, тәрбие де бере алуымыз қажет.
Себебі, оқу мен тәрбие егіз ұғым, олар әркез бірге жүруі
тиіс. Біз, келешекте берген білім
мен тәрбиеміз оқушының өмірімен жалғасын табарлықтай, өз қажетіне
жарарлықтай болуын қадағалау әр ұстаздың басты міндеті екенін
ұғындым. Осы міндетті жүзеге асыруда әрине оқушыға әрбір сабақты
тиімді өткізіп, қызығушылығын арттырып, оқу тақырыптарын күнделікті
қоғамдағы өмірмен ұштастыра
білу де мұғалімнің
қолында.
Білім беру саласындағы бүгінгі басты
міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі
білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу –
тәрбие үрдісіне жаңа әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге
деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге
шығармашылық еңбек етуге жол салады. Сондықтан да әрбір оқушының
қабілетіне қарай білім беруді, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге
асыратын жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасау қажет. Ж. Аймауытовтың пікірінше: сабақ беру – үйреншікті жәй
ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер деген
екен. Білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық,
кәсіптік адамгершілік , өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс –
тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу,
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақты жоспарлау
барысында оқушылар жалығып кетпеуі үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді
пайдалану керек. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа
технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі
таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да
болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар
элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып
жүр. Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 —
астам түрлері бар екен. Қазіргі таңда ең көп қолданылып жүрген әдіс
– тәсілдерді атап өтетін болсақ: Венн диаграммасы, «Т» кестесі,
эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, дискуссиялық өрнек,
кластер, ішіне сыртына, синквейн, you tube желілеріндегі видеолар,
сайттар және де прогрмамалар.
Қазіргі кезде
егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік
білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Соған байланысты Елбасымыздың
білім саласына қойған талабы да ерекше. Нәтижесінде білім берудің
мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда
болды. Біз, ұстаздар, дүниенің
кез – келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға
қабілетті, ғылым мен техниканың кез – келген саласын меңгеретіндей
дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Бұл
орайда, біз оқушы өзі еңбек жасап, іздене отырып, өз
жұмысына өзі баға беретін, әр оқушының интеллектуалды және
шығармашылық қасиеттерін шығаратын заманауи сабақ беру үлгісін
қолдана аламыз.
Қорыта келе, бастауыш сынып мұғалімі өмірдің
мектеп атты сахнасында өнер көсететін актері деп айтсақ болады.
Оқушылардың өмірден өз нандарын тауып жей алатындай жағдайға
жетелейтін бірден – бір жауапкершілікті алатын да осы мұғалімдер.
Мұғалімдік қызмет әлемдегі ең құдіретті, ең қиын, ең ең деген
мамандықтардың бірі деп еш ойланбастан айта
аламын.
Бұл оқу тамақ болар қарны
ашқанда,
Жол табар қараңғыда
адасқанда.
Мал озбас, біле білсең білім
озар,
Ақыры керек болар бір
сасқанда.
деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып
кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды
айыра білуді үйрететін бастауыш сынып мұғалімдері
екен. Сондықтан да өз ұрпағымыздың білімді болуын
қаласақ, ең алдымен өзіміздің білім алуымызды қарастырып, жан –
жақты болын педагогикалық шеберлігі мықты болуымыз керек екен. Мен
келешекте әрбір оқушының анасындай
сырласы, ақылшысы, жанашыры болғым келеді. Себебі: ақ парақ бетіне
сызу сызғандай, алғашқы білім мен тәрбиені
бала бойына қалыптастыратын
әрине, алғашқы
ұстаз. Ол үшін біраз еңбек ету
керек. Білімді болайық, дамиық, тек
алға!
«І.Жансүгіров атындағы Жетісу
университеті»
Бқ 311 – тобының 3 – курс
студенті
Орынбасарова Аяулым
Еркінқызы.
Әдебиеттер
тізімі: