Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Бастауыш сыныптағы жобалық-зерттеу жұмыстары"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ
Тақырыбы: «ТІС КҮТІМІНҢ ҚҰПИЯСЫ»
Бағыты: Медицина, психология
Орындаған: Қайролда Алижан Ринатұлы
ШҚО Өскемен қ., «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейінің»
2 «Г» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі- Даутбекова Нәзерке Ақжолқызы
Өскемен, 2022
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА...............................................................................................................3
КІРІСПЕ....................... ..........................................................................................6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................................8
ЭКСПЕРИМЕНТ. ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ..........................................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................23
Аннотация
«Тіс күтімінің құпиясы» атты ғылыми жобада тістің құрылысы, топтары, олардың анатомиялық және физиологиялық ерекшелері, эволюциясы сипатталып, ауыз қуысына қойылатын гигиеналық талаптар анықталып, оларда пайда болатын аурулардың себептері көрсетіліп, емделудің тиімді жолдары ұсынылған.
Научный проект «Секрет стоматологической помощи» описывает строение, группы, анатомо-физиологические особенности зубов, их эволюцию, определяет гигиенические требования к полости рта, показывает причины возникающих в них заболеваний, предлагает эффективные способы лечения.
Экспериментальные работы и их результаты также представлены в связи с темой исследования.
Данная работа может быть использована учащимися в качестве дополнительного материала на уроках и внеурочной деятельности.
-
КІРІСПЕ
«...Дүниеде адамнан қызық ештеңе жоқ»
В.Ф.Гумбольд
Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И.П.Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі күрделі де нәзік жүйе» - деп, қорытынды жасаған болатын [1].
Адамзат біздің денеміздің жұмыс істеуінің сырын ұғуға 4000 жылдан аса уақыт әрекеттеніп келеді, бірақ бүгінде көп құпиялар әлі ашылмай қалып отырғаны мәлім.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің, ұлттың саулығы әр жеке адамның саулылығымен анықталады. Осы себепті халықтың денсаулығын сақтау ол қайратты, экономикасы дамыған, әлемде салмағы бар, даңқты мемлекет болу үшін күрес. Осыған жетуге болады және жетуге міндеттіміз деп атап көрсеткен. Осы тұста денсаулықтың механизмдерін ашу, оны қолдану тәсілдерін білу, жеке денсаулықты сақтау үшін әр адам өз ағзасына ауруды енгізбеуге бағытталған білімі болуы тиіс. Сондықтан, зерттеу жұмысымның тақырыбын адам ағзасымен, оның денсаулығымен байланыстыра отырып «Тіс күтімінің құпиясы» деп таңдадым.
Жобаның мақсаты: тістің құрылысына, топтарына, олардың анатомиялық және физиологиялық ерекшелеріне, эволюциясына теориялық талдау жасап, ауыз қуысына қойылатын гигиеналық талаптарды және оларда пайда болатын аурулардың себептерін зерттеп, емделудің тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: адам ағзасы
Зерттеу пәні: ауыз қуысындағы тұрақты тістер
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер адам тістердің құрылысын, қызметін және оларға қойылатын гигиеналық талаптар туралы теориялық материалды жақсы біліп, оны күнделікті өмірде қажетіне қарай пайдалана алса, онда адамдардың денсаулығы жақсарып, ұзақ өмір сүру ұзақтығы артар еді.
Зерттеу базасы: Өскемен қаласындағы, балалар стомотология емханасы.
Зерттеудің әдістері: болжамдар жасау, салыстыру, сараптау, түйіндеу, әңгіме, сауалнама, бақылау, математикалық әдіс, сызбалар.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: бірінші кезең зерттеу тақырыбы және оның мақсаты мен міндеттері анықталды. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми еңбектермен танысып, материалдар жинақтап, теориялық талдау жасалынды, олар бойынша қорытындылар мен тұжырымдамалар берілді.
Екінші кезең тіс күтімінің құпиясын анықтау мақсатында эксперименттік тәжірибе жұмыстары жасалынды. Зерттеу нәтижелері айқындалып, қорытынды жасалып, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалды.
Зерттеудің дереккөздері: отандық және шетелдік дәрігерлердің, биологтардың, валеологтардың еңбектері, денсаулық сақтау саласындығы ресми материалдар мен құжаттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, мерзімді басылымдар.
Зерттеудің әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер жүйесі қолданылды: болжамдар жасау, салыстыру, сараптау, түйіндеу, әңгіме, сауалнама, бақылау, математикалық әдіс,сызбалар.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Тістің құрылысы және қызметі
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және тубірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бұдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Курек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%-ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс-тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.
Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларга ұксас жеке топтарға бөлінген. Тістер курек, сойдақ, кіші және улкен азу тістер деп бөлінеді.
Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді курек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
2.2.Тіс эволюциясы.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сөбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сут тістер деп аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұракты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұракты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне коректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жаксүйекте тұрақты тістер шығады. 12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18-20 (одан да кенгірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде, олардың акылға ешбір катысы болмайды.
-
Тіс аурулары
Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі (абцесс, флекмона) байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс – жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.
Стоматологтар не дейді? Стоматологтар арасында «Адамның тісі кішкене мүше секілді. Оның бір шеті ауыз қуысында тұрса, екінші ұшы жүрекпен жалғасады» деген теңеу бар. Бұл сөз текке айтылмаған. Себебі тістің дұрыс қалыптаспауы, түсіп қалуы ағзада бір нәрсенің жетпей тұрғанын көрсетеді. Өйткені адам баласының бойындағы сырқаттың басым бөлігі ауыз қуысынан тарайды. Мәселен, ауыз қуысындағы тістер түгел болмаса адам өзін ыңғайсыз сезінеді. Мұндайда тамақ та дұрыс шайналмайды. Содан асқазанға салмақ түседі. Ол өз кезегінде жүйкеге әсер етеді, ұйқыны бұзады. Тіс болмаса бездерден бөлініп шығатын ауыз суының қасиеті де төмендейді. Оның да ағзаға елеулі зияны бар. Ауру тістің төңірегіне қатерлі микроб пен бактериялар көп жиналады. Осылай көпшілік елеусіз санайтын тіс ауруы басқа дерттерді «түртіп оятып» жатады. Отыз екі тістің маржандай тізіліп тұрғанына не жетсін! Бірақ бізде мәселе олай болмай тұр. Қазақстан стоматологтар қауымдастығы бүгінде тіс аурулары жастар арасында да өршіп бара жатыр деп дабыл қағады. Олардың айтуынша, елімізде 7-12 жас аралығындағы балалардың 96% қызыл иек ауруынан зардап шегеді екен және әрбір оқушының кемінде 4 тісіне құрт түскен. «Оны осы кезден емдемесе жас баланың ағзасында әртүрлі ауру қозуы мүмкін. Ал көптеген отандасымыз 50 жасқа жетпей-ақ 32 тісінен түгелдей айырылып қалуы ықтимал» дейді мамандар.
-
Тіс күтімі - денсаулық кепілі
Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау кажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю, содан соң арнайы мәсуекпен тазалау, алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұкият тазалау. Мөсуекпен тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ыскылау, тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет.
Әрбір адамның жеке басының арнайы мәсуегі болуы тиіс. Оны пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда мәсуектің сабынын жууды естен шығаруға болмайды.
Қазақ халкының көрнекті ғалымы, әрі алғашкы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузынды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жаксылап тазала. ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалал шайып отыр». Ғалымның бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.
Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының казіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады. Соңғы жылдары Жапонияда «тістің саулығы - ұлттық саулығы» деген ұзак мерзімді «8020» атты шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның мәні 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін алдымен мәсуекті таңдай білуге ерекше мән береді. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау - ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай болса, бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық–физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар, фермениттер, биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және Ғ, Са, хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген емдік–профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.
Тіс щеткасын қалай пайдалану керек?
-
Тісіңізді кем дегенде күніне екі рет тазалау қажет.
-
Таңғы астан кейін таңертең.
-
Түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты қабылдаған соң.
-
-
Тазалау барысы:
-
Тіс тазаларда міндетті түрде