Бастауыш сыныптарда диалогтық оқытудың
маңыздылығы
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында
қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер
енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың
шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бастауыш саты – бұл оқушы
тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын
кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың
бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен
айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны
дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы
нәтиже деген ұғыммен егіз. Мемлекеттік білім стандарты
деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың
білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол
салу.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге
негізделген оқыту басым болып тұр. Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы
алынған білім оқушылардың еркін
ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып,
өмірде қолдана алатын дағдылар
игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы
мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім
дағдылары аясында ғана жүзеге
асырылады . Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны
қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен
мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді.
Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының
мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің
барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің
түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын
дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім
-тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас
барысында еркін, ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру
керек.
Кей
жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе,
оқушылар-дың көпшілігі еркін ойлауда, ойларын жеткізуде біршама
қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына
оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап
диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса жоғары
сыныптарда қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе
оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы тұсында
байқалады.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты
болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін
модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс
жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен
қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер
т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке
тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға
септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену
маңызды болып табылады.
Психологиялық алаңдамаушылық
ұстаным
Диалог барысында әр адамның ойларын мен
идеяларының, пікірлері мен көзқарастары мұқият тыңдалып, олардың
сенімсіздік және күлкіден қорғалатынын білсе, онда ол өзін
қарым-қатынастың тең дәрежелі екендігін
сезінеді.
Танымдық
ұстаным
Егер әр адам «Жаңа түсінік бірлескен жұмыс
нәтижесінде ғана қалыптасады» деген қағиданы ұстаса, онда ол
әрқашан да өзінің идеялары мен туындаған сұрақтарын басқаларға
жеткізіп, оларды талқылауға дайын
болады.
Қызығу
ұстанымы
Әр
адам диалогтің қызық екенін түсіну керек.Диалог барысында әр адам
өзін басты кейіпкер ретінде сезінеді. Сондай-ақ диалог
интербелсенді әдістерді қолдану арқылы диалогке қатысушылардың
пікірлерін ортаға салып, талқыға салады.Осылайша диалог тиімді әрі
нәтижелі болып, қатысушылардың танымдық мүдделеріне сәйкес
келеді.