Бастауыш сыныпта информатиканы
оқыту.
Информатика пәні баланың
техникалық құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы
үшін қажет . Кез-келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5
компоненттен тұрады. Олар :мазмұн , әдістер,керекті құрал жабдық
пен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары
жаңаруда.
Бастауыш
сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сараптауға
болады:
1.Компьютерлік
сауат ашудың бастау негізі;
2.Ойды логикалы
түрде дамыту;
3.Алгоритмдік
білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі
жүйелілік;
4.Компьютерді
үйренудің оңай жолдарын іздеу;
Информатиканы үйретуді бастаған кезде алгоритмдеу
негіздерін жоғарғы сыныптарда бердік . Бүгінде тәжірибе
көрсеткендей бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн.
Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай
информатиканы үйретуге өте қолайлы . Олардың психологиялық
өзгерістері , іске іштей жоспар құра білуі рефлексия сияқты болып
келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.
Бастауыш сыныпта информатикадан істейтін
жұмыс құрылымы
Информатикалық
қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық
ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатынасқа үйрету керек.
Психологтардың айтуы бойынша , баланың негізгі логикалық ойлауы
5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатикаы оқыту дара пән ретінде емес, орыс,
қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл
әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
-Математика мен
орыс тілі курстарымен сабақтастығы;
-Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу,
дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде
шеше білуге үйрету.
Информатика
пәнін оқытуда қолданылатын ойын компоненті
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқытудың негізгі саласы ойын
болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты
ой-өрісінің дамуда да, тәрбиесінде де әсер етеді. Сонымен бірге әр
түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы
ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне
барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей
білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік
туғызады.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін
көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан
әдіс- тәсілдерді таудауына жол ашары сөзсіз . Сондықтан біздің
мектепте 2000 жылдан бастап бастауыш сыныптарда информатика сабағы
енгізілді. Оқушылармен арнайы «Кенгуренок Ру» және «Пылесос Роби»
компьютерлік сабақ өткіземіз. Осы бағдарламалар алгоритм тілінің
негіздерімен таныстырады. Бұл ортада ойын арқылы сызызықты ,
тармақталу және циклдық алгоритм құруға
болады.
«Кенгуренок Ру»
компьютерлік оқу ортасымен танысайық
Кенгуренок Ру оң
жақтағы экранды алып тұратын төртбұрыштың ішінде орналасқан.
Алаңның көлемі көлденеңінен 15, тігінен19 қадам . Бұл бағдарламаны
тек қана 3 команда орындай алады.
F1-Секіру,
кенгуренок бір қадам алға секіреді, артынан із
калдырмайды.
F2-Қадам,
кенгуренок бір қадам алға жүреді де, артынан бір қадамға тең
кесінді сызады.
F3-Бұрылу, кенгуренок сол жағымен 90 градусқа
бұрылады.
Экранның жоғарғы жағында жағында қызметші командалар, сол
жағында бағдарлама парағы орналасқан. Бұл кенгуренок Руға беретін
командаларды жазуға арналған парақ. Парақтың сол жағында меңзер
орналасқан . Егер меңзер парақта тұрса, онда F1,F2,F3 пернелерімен
командадан кейін Enter пернесін басамыз. Осылайша кенгуренок Руға
алгоритм құрамыз. Егер меңзер бағдарлама парақта жоқ болса, онда
F1,F2,F3 пернелері арқылы кенгуренок Руға өз алаңында командаларды
орындайды. Сіздер құрған алгоритмді кенгуренок Ру қалай
орындайтынын көргіңіз келсе, онда Tab пернесін басып, функционалдық
пернелердің командаларын өзгертеміз.
F1-пуск пернесін
басып алгоритм орындалуын көруге болады.
F2-Отладка пернесі
Рудың жұмысын жөндейді.
F3-установка пернесі Руды керек жерге орналастырып
береді.
F4-разное пернесі қосымша қызметші командаларды
шығарады.
F5-результат пернесі алгоритмнің нәтижесін
көрсетеді.
F1-чтение пернесі дискадағы программаны шығаруға арналған. Бұл
пернені басып, керек программаның атын таңдап, Enter ді басамыз.
Программа бағдарлама парақтыа шығады. F2-запись пернесі арқылы
алгоритмді дискіде сақтауға болады. F3-печать программа пернесі
арқылы алгоритмді қағаз бетіне түсіруге болады. F4-печать картинки
пернесі арқылы Рудың салған суретін қағаз бетіне шығаруға болады.
Егер меңзер бағдарлама парақта тұрса, онда қызметші командалар
қатарында қосымща командалар пайда болады.Бұл командалар арқылы
тармақталу және циклдық алгоритм құра
аламыз.
<Ctrl>+<H>пернелері арқылы оқу
ортасында жұмыс істеу мәліметтерін шығаруға
болады.
<Ctrl>+<Y>пернелері арқылы орындау
процестерінің жылдамдығын өзгерте аламыз.
<Ctrl>+<F>пернелер арқылы оқу ортадан
шығуға болады.
«Пылесосик
Роби» компьютерлік оқу ортасымен танысайық
Экранның жоғарғы жағында қызметші командалар, сол жағында
бағдарлама парағы,оң жағында пылесосик Роби жұмыс орны. Жұмыс орны
көлденеңінен 6, тігінен8 қадам.
Алгоритм құру алдында пылесосик Робидің жұмұс орнына заттар
орналастыру керек. Ол үшін Tab пернесі арқылы
функционалдық пернелер командасын
өзгертеміз.
F1-пуск пернесін басып
алгоритм орындалуын көруге болады.
F2-отладка пернесі
Робидің жұмысын жөндейді.
F3-установка пернесі Робиді керек жерге орналастырып
береді.
F4-разное пернесі қосымша қызметші командаларды
щығарады.
F5-результат пернесі алгоритмнің нәтижесін көрсетеді.F3
установка пернесін басамыз. Төртбұрыштың үстінде заттар пайда
болады. Сол заттарды керек жерге орналастырамыз да пернесін
басамыз.Бұл компьютерлік оқу ортасында да сызықтық, тармақталу және
циклдық алгоритм құруға болады. «Кенгуренок Ру» және «Пылесос Роби»
компьютерлік оқу орталарда оқущылар тек қана фунционалдық
пернелермен жұмыс істейді. Ол F1,F2,F3,F4,F5,F6,F7 фунционалдық
пернелер, олар пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан.
Компьютерлік оқу орталарына қатысты мынадай екі мәселені атап
көрсетуге болады:
1.Программалау тілдерімен салыстырғанда оқу орталарында
көрнекілік өте басым және компьютермен оқушы арасындағы кері
байланыс жоғары деңгейде жүзеге асады. Қате көрсетіліп қана
қоймайды, оған түсініктеме беріледі, ол оқушының машынамен жасайтын
диалогын жандандыра түседі.
2.Ортаның жас
ерекшелігіне қарай бағдарлауы. Бастауыш сынып оқушылары оқу
орталарында жоғары ынтамен жұмыс істеп, үлкен жетістікке
жетеді.
Сабақта
компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтарын айтып кетуге
болады:
-
Оқушының дербес
жұмыс жасауына мүмкіндік мол;
-
Компьютер алдында
оқушының еркін жұмыс істей алуына болады;
-
Компьютерді
сабақта пайдалану уақытты үнемдейді және оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттырады;
-
Оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты сабақтың өту ұзақтығында ескеруге
болады.
Егер
информатиканы оқыту бастауыш сыныптан басталатын болса , онда
міндетті түрде компьютерлік оқу орталарынан бастаған
жөн.