«Бастауышым -
балбұлағым!»
Мақсаты:
Бастауыш мектеппен, алғаш
қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында
қабылдап алатын сынып жетекшісімен таныстыру, әр баланың
ерекшелігін таныта отырып, сәт –сапар тілеу. Білім берер ордасы
–мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбикелеу.
Кіріспе сөз:
І
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар!
Ата-аналар, оқушылар!
ІІ
жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті
қонақтар!
І
жүргізуші:
Бүгінгі мерекеміз басталмақшы,
Ұмытылмай мәнгі есте
сақталмақшы.
Тілеген шын жүректен
жақсылықтар,
Төгеді жүректерге қуанышты.
ІІ
жүргізуші:
Білім бізді қызғалдақтай
гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн
жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін
құрметті,- дегендей ,бастауыш мектепті бітіруші түлектерімізді
ортаға шақырайық!
І
жүргізуші:
Балалық шақта болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен
сымбатты.
Күн
нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар,ұстаздарым
қымбатты.
ІІ
жүргізуші:
«Үлкен адам болсыншы» ,-деп
жан – жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата – аналар аманбысыз
ардақты.
ІІІ
жүргізуші:
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен
балбұлақ,
Әні
менен жырына ,тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың
шамшырақ.
ІV жүргізуші:
Біз
бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан ,білім нәрімен
сусындатқан бастауыш мектебімізбен, оңымыз бен солымызды танытқан,
жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен
қоштасқалы отырмыз.
Ендеше, «Бастауышым – балбұлағым!» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші:
Мерекелік кешімізді ашу үшін
сөз мектебіміздің директоры
............беріледі.
1
оқушы
Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы
бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Алғаш мектеп табалдырығынан
аттаған күннен бастап бір жаңа әлемге тап болғандай
сезінесің.Мектепте өзіңе дос табасың.Үлгілі,сыйлы болу,жақсы оқу-
әр мектеп оқушысының ең басты міндеті.
2
оқушы
Мектеп...Осы бір сөзден біздің
бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады.Кімге де
болса,білім берген,адалдыққа,кішіпейілділікке,мәдениетке
үйреткен,болашаққа жолдама берер алтын ұя мектебі қымбат емес
пе?
3
оқушы:
Білімнің босағасын тұңғыш
аттап,
Кірген кез есімізде гүл
құшақтап.
Қуанып, ертіп келген ата-анамыз
Қарсы алып ұстаздар да тұрды
шат боп.
4
оқушы:
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ержетіп сенде сөзім,артты
санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата
–анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
5
оқушы:
Он жетінші жас мектебім ,
сәулетті,
Алғыс айтып, бас иеміз біз
саған.
Жас шыбықтай сусындадық нәр
алып,
Әніміз боп ,қалықтай бер
жырлаған.
ӘН « МЕКТЕБІМ»
Оқушылар шығып
кетеді.
1
оқушы:
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға »,-деп
Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстап,оңымыз бен
солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,білім нәрімен сусындатқан
,мектептегі анамыз –ұстаз екені бәрімізге мәлім.
2
оқушы:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең ,сенің екі анаң
бар.
Бірі – сенің туған анаң болса
егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң
бар.
3
оқушы:
Ұстаздар!
Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар.
Жан
біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
4
оқушы:
Ұстаздарым неткен асыл
жансыңдар,
Тілегім сол, үміттерін
ақталсын.
Жүздеріңді мұң шалмасын ешқашан
Қызметіне талай ұрпақ таң
қалсын.
5
оқушы:
Ұлы
өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік, мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
6
оқушы
Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген
барлық пәндерді зер сала, зор ықыласпен оқимыз. Әрбір пән
мұғаліміне жан –жақты білім бергені үшін алғыс
айтамыз.
Хор: Бастауышта білім берген
біздерге,
Рахмет, СІЗДЕРГЕ!
7
оқушы
Көрмеген артық күліп, артық
жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті
ғып.
Қоштасамыз біз бүгін өзіңізбен
Ұстаз әнін жаңғыртып, айтып
тұрып.
ӘН «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ
»
1
оқушы:
4
жылды да міне тез-ақ өткердік,
Білім жолында өттік талай
өткелді.
Әліппені,ана тілін үйреткен,
Ұстазымызбен қоштасатын сәт
келді.
2
оқушы:
Алғашқы ұстаз ,ерекше тұлға
дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі
қалатын.
Сағына әркез суреттерді
парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
3
оқушы:
Анамыздай ақыл айтып,ұқтырған,
Қатемізді біздің талай
кешірген.
Уақытының көбін бізге ұттырған,
Ой
өріс пен санамызды өсірген.
І жүргізуші:
Бар
білгенін аямаған,
Өз
гүліндей аялаған
Мың
рахмет ұстаздарға
Қамқор әкем,аяулы анам.
ІІ жүргізуші:
4
жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған ақ тілекпен
Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,
Бәрі: Серт береміз,серт береміз шын
жүректен!
7
оқушы:
Шаттанамын мен бүгін
шаттанамын,
Ғылым сырын
түсіндім,мақтанамын.
Осы
сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып,міне, бүгін артта
қалдың.
8
оқушы:
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
І жүргізуші:
Саяңда
өстік,көктедік,
4
жыл бойы нәр алып.
Хор: Қош, алғашқы
ұстазым,
Қош,бастауыш мектебім.
ӘН « АЛҒАШҚЫ
ҰСТАЗЫМ»
ІІ
жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді
де.
Достарым, тыңдаңыздар ұстаз
сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де ,-дей
отырып,алғашқы ұстаздарымызға сөз кезегін
береміз.
Алғашқы ұстаздарға сөз
береміз
І жүргізуші:
Мектеп үшін тыным таппай үнемі,
Жан
күйдіріп, жүгірумен жүреді.
Еңбегі бар еленетін ерекше
Гүлнар апай, бастауыштың
жүрегі –дей келе сөз кезегін бастауыш сыныптар бойынша директордың
оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Назірбекқызына
береміз.
ІІ
жүргізуші:
Бастауыш мектептің озат
оқушыларын марапаттау үшін сөз мектебіміздің директоры
................................беріледі.
І
жүргізуші:
Бастауыш мектептің түлектерін
құттықтау үшін сөз директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
.........................беріледі.
І жүргізуші:
Қандай ғажап қарашы айналаңа,
Бақыттан басың сірә, айнала ма.
Ұл-қызы азамат боп есейді деп,
Құрметпен сөз берейік
ата-анаға.
Оқушы:
Ғасырлардан ғасырларға
жалғасқан,
Татулығы бар әлеммен жалғасқан.
Жер бетінде достық болу үшін
де,
Көрме өткізіп жатыр елім
Қазақстан.
Оқушы:
Тәуелсіздік нұрын төккен
шағында,
Келген бақты бағалай біл,
арылма.
Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде,
Жаса мәңгі, Қазақ елі, жалында!
ІІ жүргізуші:
Тарихымды, салт – дәстүрді
танысын,
Көрсін әлем жүйрік аттың
шабысын.
ЭКСПО – ол келешектің кепілі,
Қазақ деген атқа лайық намысын.
ӘН «Елім нұрлы
Қазақстан!»
І, ІІ жүргізушілер:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеңіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ
алғыс,
Осыменен аяқталды
мерекеміз.